Билет билет билет



бет19/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Билеты МОӘТ-2

Алтыншы мәселе әдеттегі және бейiндi сыныптарда математиканы оқыту үдерісін жетілдіру кажеттiгi мен ондағы жұмыс ерекшеліктері туралы болды.
Жетінші мәселе – еліміздегі шағын жинақы мектептерде математиканы оқыту мәселесі - арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтардың жоқтығы, сәйкес мұғалімдер дайындау және жалпы интегративті пәндерді оқытудың технологияларын қамтамасыз ету қажеттігі туралы пікірлер болды.
Сегізінші мәселе- дарынды оқушылармен, жас зерттеушілермен, математикадан аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиада және конференциялардың жеңім- паздарымен жұмыс істеуі.
Тоғызыншы мәселе-еліміздің мектептеріндегі мұғалімдер корпусы мен математик-ғалымдар өзара әрекеттестігін жолға қою. Жоғары оқу орындары жас мамандар даярлаумен ғана шектеліп қалмауы керек. Олар өз өңірлерінде барлық білім беру жүйесіне ықпал етуі керектігі.
Оныншы мәселе- e-learning - электрондық оқытуды еліміздің мектептеріне сапалы және тиімді енгізу туралы. Практик-мұғалімдер мен атақты ғалымдардың сабақ өткізуі, дәрістерін оқуға болатын интерактивті оқыту мүмкіндігі, ғылымды көпшілікке тарату материалдары қамтылған “Математика” білім беру порталының қажеттігі.
Қазақстан Республикасының математика мұғалімдерінің Ісъезі, делегаттар баяндамалары және жұмыс қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспары кабылданды:
1) мектептің математика пәнінің мазмұнын жетілдіру мен оқыту әдістемесін зерделеу;
2) жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарларындағы математиканы оқытуға бөлінген сағат санын ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыру;
3) математика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін қосымша оку жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;
4) математикадан окулыктар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу үдерiстерiне қойылатын талаптарды, олардын сараптамасын жетілдіру шараларын күшейту;
5) қазақ және орыс тілдерінде бірыңғай математикалык терминологияларды жүйелеп сәйкестендіру, әзірлеу;
6) шетелдік мамандарды шақыру арқылы жоғары оку орны мен мектеп курсындағы математика мазмундарынын сабақтастығы мәселелері бойынша республикалық семинар өткізу;
7) математикадан оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламаларының авторлары, жанашыл педагогтар туралы республикалық дерекқорларын жасау;
8) Қазақстан Республикасы математика мұғалімдерінің Ассоциациясын құру;
9) жоғары оқу орындарының бастауыш курстарында “Мектептегі математика курсының ғылыми негіздері" курсын енгізу мүмкіндіктерін қарастыру;
10) болашақ математика пәні мұғалімдерін кәсіби даярлау мазмұны мен әдістемесін жетілдіру бойынша педагогикалық жоғары оқу орындарымен тиісті жұмыстарды жандандыру.
2011 жылдың 24 қазанында ҚР “Білім туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті А.Е.Әбілқасымованың жетекшілігімен Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі ҚР МЖМБС 1.4002-2012) әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілді (бұл елімізде тұңғыш рет Үкімет қаулысымен бекітілген оку-нормативтік құжат еді) [108]. ҚР “Білім туралы" Заңына сәйкес стандартта орта білім берудің барлық үш деңгейіне негізгі ережелер мен білім беру мазмұнына қойылатын талаптар толыктай берген білімге бағытталудан оқытудың іс-әркеттік тәсіліне көшу мақсатында пәндік нәтижелермен бірге жүйелік іс-әрекеттер функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында мен тұлғалық нәтижелер көрсетілген; білім алушылардың айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Стандартта "Шетел оның мазмұндық және құрылымдық сипаттамаларына (ағылшын) тілі” 1-сыныптан; "Информатика" 5-6-сыныптан; Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу “Адам. Қоғам. Құқық” пәні 9-11-сыныптарда енгізілді. жоспары (12 ҮОЖ) деңгейлік, тілдік және бейіндік оқытуға арналып әзірленіп, ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілді. Осыған орай, 2011 жылдың мамыр айында өткен ҚР математика мұғалімдерінің I съезі жұмысының іс-шаралар жоспарының 3-тармағын орындау мақсатында 5-6 сыныптарда “Математика” пәнінен және 7-9 сыныптарда "Алгебра", 10- 11 сыныптардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы “Алгебра және анализ бастамалары” пәндерінен апталық оқу жүктемесі 1 сағатқа арттырылды. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу жүктемесін арттыру оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мектептегі білім беру деңгейіндегі сабақтастықты қамтамасыз етумен; математика ғылымның әмбебап тілі және құбылыстар мен үдерістерді модельдеу құралы ретіндегі түсінікті қалыптастырумен; деңгейлік саралап оқытуды жүзеге асырумен; оқушылардың логикалық ойлауы мен өзіндік танымдылық қабілетін дамытумен; оқушыларды шынайы практикалық іс-әрекетіне даярлаумен негізделеді. Жалпы орта білім беру деңгейінде оқу жүктемесін арттыру деңгейлік саралап оқытуды күшейтумен; математиканың практикалық және қолданбалы бағыттылығының маңыздылығымен, оқушылардың логикалық түрдегі тапсырмаларды шеше білу қабілеттіктерін дамытумен; әртүрлі саладағы үдерістерді модельдеп сипаттау ушiн математикалық әдістер мен математикалық аппаратты қолданумен негізделеді.
Сонымен қатар, съезд жұмысының іс-шаралар жоспарына терминологияларды жүйелеу және сәйкестендіру мақсатында Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың жетекшілігімен "Математикалық терминдер мен сөз тіркестерінің орысша- қазақша сөздігі” (Астана, 2011. - 2406.) жарыкка шыкты [109]. Сондай-ақ, сөздік Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы №922 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялык даму жоспары туралы” қаулысын орындау максатында қабылданған "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын” тиянақты жүзеге асыру іс-шаралары аясына да дәлме – дәл келіп, құрастырылғанын айта кету керек. Математикалық терминдер мен сөз тіркестерінің орысша- қазақша сөздігін әзірлеудегі мақсат: еліміздегі білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде математикалық терминдерді жүйелеп, терминологиялық сөздер қорын толықтыру және білім берудің барлық деңгейлерінде оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдарын даярлауда оны сәйкесінше қолданысқа енгізу. Сөздікті құрастыруға Қазақстанның белгілі математик- ғалымдары, ғалым әдіскерлері, мектеп мұғалімдері қатысты. Авторлық ұжым құрамында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, п.ғ.д., профессор А.Е.Әбілқасымова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті “Жоғары математика және математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор Н.Ә.Боқаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті “Іргелі математика" кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент Н.Е.Ақанбай, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті "Іргелі математика” кафедрасынын доценті, ф.-м.ғ.к. П.Т.Досанбай, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, ф.-м.ғ.д. А.Р.Ешкеев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ф.-м.ғ.к. А.Қ.Қоныс, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің доценті, п.ғ.к. Ғ.Ә.Баймадиева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті “Алгебра және геометрия" кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к. Т.Д.Токанаев, Павлодар мемлекеттік педагогикалык институты "Математика және оқыту әдістемесі" кафедрасынын профессоры, ф.-м.ғ.к. Т.С.Сабыров, Тараз мемлекеттiк педагогикалық институты "Математика және оқыту әдістемесі" кафедрасының доценті, ф.-м.р.к. Ә.А.Ниетбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, техн.ғ.к. С.Д.Салыбаев, Ы.Алтынсарин атындагы Ұлттық білім академиясы жаратылыстану-математикалык білім зертханасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Е.А.Туяков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті "Алгебра және геометрия" кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Д.Х.Қозыбаев болды. Бұл сөздікте білім беру жүйесінде математиканы окытуда колданылатын 8 мыңға жуық терминдер мен сөз тіркестерін қамтиды және халықаралық деңгейде қабылданған матема- тика ғылымының сөздіктерін ескере отырып жасалған. Жалпы республикамыздың егемендік алғанына 20 жыл толған кезінде бұл сөздік математикадан тұңғыш рет жазылып отырған жұмыс болып табылады. Кеңес Одағы кезінде (1970-ші жылдары) осындай сөздік Қ.Бектаевтың авторлығымен жарық көрген еді. Ол орта мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға көп көмегін тигізген жұмыс еді. Қазіргі уақытта да Қ.Бектаевтың осы еңбегі актуалдығын жоғалтпаған. 2011 жылдың 28-29 қараша күндері ҚР математика пәні мұғалімдерінің І съезінің ұсынымдарын іске асыру жоспарына сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті А.Е.Әбілқасымованың жетекшілігімен Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында “Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика курсы мазмұнының сабақтастығы мәселелері" атты республикалык семинары ұйымдастырылып өткізілді. Семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жоғары оқу орындарының, республиканың ЖОО мен ғылыми—зерттеу институттарының ғалым әдіскерлері, жалпы орта білім беретін және арнайы мамандандырылған мектептердің басшылары мен математика пәнінің мұғалімдері, педагон кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының әдіскер- лері, шетелдік ғалым-әдіскерлер және т.б. қатысты. Семинарда талқыланған өзекті мәселелер: – мектеп және жоғары оқу орындарындағы алгебра және анализ бастамалары мен геометрия курстары мазмұнының сабақтастығын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету; мектеп пен жоғары оқу орындары деңгейлерінде қолдануға арналған қазақ тілінде бірыңғай математикалык терминологияны қалыптастыру; жаңартылған білім беру мазмұнын, яғни ҚР МЖМБС 1.4002-2012 оқу процесіне енгізуге байланысты математика- лық білім беру мазмұнын қайта қарау, оқу бағдарламаларын 1 талқылау; – жоғары білім беру деңгейінің “Математика” мамандығы бойынша типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу; жоғары оқу орындарында "Математика және инфор- матика”, “Математика және физика” мектеп пәндерінің мазмұнын кіріктіру жағдайында мамандар даярлау; математиканы оқытудың тиімді әдістері мен техноло- гияларын қолдану аясын кеңейту және т.б. мәселелер. 200 - - Семинардың пленарлық мәжілісінде профессор А.Е.Әбілқасымова “Орта және жоғары мектептегі математика бағдарлы жаңа әдістемелік бағыттар мен кәсіби міндеттер” тақырыбында баяндама жасап, математикалық білім беруді жаңғыртудың жолдары туралы да бірқатар мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, Курск мемлекеттік университетінің "Математика және математикалық модельдеу” кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор В.П.Добрица “Формирование мышления как фактор преемственности обучения математике в школе и вузе”, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, ф.-м.ғ.д. М.Б.Мұратбеков “Математика курсын оқытудың жалпы мемлекеттік стандартын жасау сабақтастықты қамтамасыз етудің негізгі жолы” және т.б. баяндамалар жасады.
Семинарда аталған мәселелер бойынша келесідей секцияларда талқылау жұмыстары жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет