Былғары және бағалы терінің шикізатының Қазақстандағы қазіргі
жағдайы.
1. Тері жайлы жалпы түсінік
2. Теріні былғарыға айналдыру
3. Былғары жайлы жалпы түсінік
4. Былғарының өңдеу технологиясы
1.Тері-мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы
алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея,
техникалық бұйымдар т.б.
2.Теріні былғарыға айналдыру үшін терінің жүні жидітіледі, шелі
сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей
отырып былғары алынады. Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп
аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған
теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге
немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез
арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп
кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді.
Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура
келеді.
Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен
өңдейді. Өңдеутерінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына
да септігін тигізеді.
Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс
айларында әр 1 кг теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 гтұз пайдаланылады.
Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр
терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.Өңдеу тәсілі. Теріні
жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан
ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі
етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс.
Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз
көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта
жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді.
Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.
Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған
терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары
ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады,
құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.Бес күннен кейін оралған
тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды.
Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей
сақталады.Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға
болады.Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын
дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап
тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес,
жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне
үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бірбірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады.
Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып
кетпеуі керек.Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри
бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек.
Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді.
Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке
қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп
қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды.
Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.Тері кепкеннен кейін (қатты
кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке қаратып, соңғы рет
кептіреді.Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.Сату. Терілер
отандық жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Онда қосымша өңдеу
жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес қайта өңдеу
жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт бойынша
қатаң бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес шикізат былғары жартылай
фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына
қарай белгіленеді.
3.Былғары— мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу
арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айылтұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3
қабаттан — шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің
жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы
қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз
байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту
үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк
ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс
арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу
машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп
аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып
шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен
ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі
де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай
сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған
былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп
кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр
өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ
киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және
галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң
және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ
былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары
жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің
орташа салм. 23 — 26 кг-нан кем болмайды. Жұмсақ былғары қой, ешкі және
бұзау, тана, құнажын, шошқа, жылқы терілерінен жасалады.Қайыс немесе
айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар (қалыңд. 2,5 — 3,0 мм),
сондай-ақ, айыл-тұрмандар (қалыңд. 2,2 — 4,0 мм) жасалады. Сырт киімдік
және галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңд. 0,5 — 1,2
мм-ден аспайды. Галантереялық бұйымдар жасау үшін ірі балықтың, жылан
мен кесірткенің терілері де пайдаланылады. Техникалық былғары ірі малдың
жон терісінен жасалады, ол әрі қалың, әрі төзімді болады. Оны өндірістік
машиналардың кейбір бөлшектерін жасауға пайдаланады.
4.Былғары өңдеу. Мал терілерін илеп, бояп, өң беру ертеден келе жатқан, ең
жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су
тартпайды. Одан жасалған бұйымның тігісі ыдырамайды және тұтынуға
төзімді әрі әдемі. Ағашқа жапсырып қағылған мұндай сапалы былғарыны
шеге де мықты ұстайды. Мысалы, жиһаздардың, әр түрлі бұйымдардың
сыртына қапталады. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: көксауыр, опайке
былғары, хром, көзел, шегерін, сақтиян, ұлтан т. б.
Көксауыр – жылқы мен серке терісінің сауырынан жасалады. Көбінесе ол
көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстерімен боялып, беті жалтырап тұрады.
Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп оюластырып немесе бір түсті
көксауырды әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, түрлі бұйымдар
шығарған. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан
моншақ жүргізіп, аяқ киімнің өкшесіне, т. б. неше түрлі жарқырауық асыл
тастар отырғызып әсемдеген. Мұндай былғарыдан тігілетін бұйымдарға
ертеде тарамысты жіп ретінде қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: |