Жасанды былғары Орындаған: Болатқызы Д. Бурашева Н. Тобы: ХОМИ 14-17 Қабылдаған: Какенова Ж.К.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Алматы Технологиялық университеті
Жоспар:
- Былғары;
- Жасанды былғары;
- Киімге арналған жасанды былғары;
- Жасанды былғарыдан табиғи былғарыны ажырату;
- Қорытынды.
Былғары— мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан — шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады.
Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады.
Жасанды былғары – кәдімгі тері орнына қолданылатын полимер материалдар. Олар құрамына қарай резиналы, талшықты, жұқа қабатты және беті қапталған мата, т.б. қолданылуына қарай аяқ киімдік, галантереялық, техникалық болып бөлінеді. Жасанды былғары жасауда негізгі шикізат – каучук, полихлорвинил, нитроцеллюлоза, козеин, полиамидтер т.б. жұқа қабат түзгіш заттар.
Жалпы сапа көрсеткіштеріне былғары қалыңдығы Т және оның құрамындағы ылғал мөлшері Н жатады.
Кең қолданылатын арнайы көрсеткіштер – былғары құрамындағы илегіштер (); майлы заттар (); шайылатын заттар (); т.б.
Киімге арналған жасанды былғары иілмелі, жұмсақ, беткі ұабаты негізбен берік қосылған киімде, пішінін тұрақты сақтайтын және пішінді, сәнді көрінетін, жаңа құралдармен жеңіл пішілетін болуы тиіс. Былғарыны тігін машиналарында тігу барысында жолдан таймау керек, ал пісіру кезінде берік эласты тігістерді қамтамасыз етуі тиіс. Бұйымды қию жағдайын ескере отырып, киімге арналған жасанды былғары көп ретті иілуге берік, тұрақты, пайдаланудың, температураның және ылғалдылықтың әртүрлі жағдайында қасиетін өзгертпеуі тиіс. Киімге арналған жасанды былғары белгілі бір гигиеналық қасиеттермен сипатталады: аз мөлшерде жылу өткізгіш, жетерліктей ылғал өткізгішті және ауа өткізгіштігі.Оның бу өткізгіштігі 1/(смг) кем болмауы керек. Жасанды былғарылардың негізгі түрлері – негізгі (мата, тоқыма немесе мата емес төсеме) полимермен немесе полимер қоспасымен жабылған (сіңдірілген). Жұмсақ жасанды былғары үшін “жасанды былғары” атауы қабылданған.
Жасанды былғары кемістіктері мен сорттылығын анықтау
Әртүрлі өндіріс сатыларында өндірілетін резеңке бұйымдардың, картон, жасанды былғары өндіру процессіндематериалдардың сорттылығын және сапасын төмендететін ақаулар шығуы мүмкін. Жасанды былғарылардың сыртқы ақауларының негізгісіне ысындыру процессінің дұрыс жүрмеуі нәтижесінде пайда болған ақаулар, түсінің тегіс болмауы, бетінің былғануы, тесіктердің пайда болуы жатады.
Негізгі кемістіктерге езілгендер, жыртықтар, тегіс еместіктер жатады.
Жасанды былғары кемістіктері 2 бөлінеді:
Таза былғарыны жасандыдан ажырату
Кейде жасанды былғары етікіті таза былғары етігімен шатастырып, «қап» деп қатты өкініп қалатын кездеріміз де болады. Ендеше осындай кезде «әттеген-ай» демейтіндей, аңдап, ажырата білудің әдіс-тәсілдерімен таныс болыңыздар.
Алдымен, тігісінен бастайық, таза былғары етіктерде былғарының жабық шетінде жібі, яғни тігісі болады. Одан басқа,етікті қолыңызға алып тұрып жылытып көріңіз. Қолдың жылуынан былғары етік тез ысиды,ал қолыңыз жылу сезбесе жасанды етік болғаны. Мүлдем болмай бара жатқан жағдайда бір әдіс бар: бұл етікті жандыру. Мұндай жағдайда, жасанды былғары ери бастайды, ал таза былғарымен ешнәрсе болмады, қорықпаңыз,ал оттың астында ұстайтын болсаңыз, етік аздап бықсуы мүмкін. Негізі, бұл әдісті қолданбаған да жөн. Былғарыдан жасалған заттарды бояу жағып көру арқылы тексеруге болады. Былғарының үстінен су сеуіп те тексеріп көріңіз, таза былғары қарайып барып өзінің реңін береді, ал жасандыны бірден аңғара аласыз. Таза былғары сөмкеңіз қыртысталып қалса түкті сүлгі қойып, үтікпен үтіктеп көріңіз.Егер таза былғары болса ол міндетті түрде үтіктеледі. Бірақ үтікті қатты қыздырмаңыз!
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |