Білгірлер сайысы
Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің қадір – қасиетін ұғындыру, мәртебесін биік ұстап, тілімізді сүюге баулу; ой - өрістерін кеңейтіп, сөздік қорларын молайтып, еркін сөйлей білуге бағыштау.
Түрі : дәстүрлі
Әдісі: үш топ арасындағы сайыс.
Көрнекіліктер: тіл туралы нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар
Сайыстың барысы:
Сайыстың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті оқушылар!
Біздің тіліміз – ата – бабамыз мұра етіп қалдырған асыл қазына. Тіліміз әлі де дамып, өріс алып келеді. Келешекте де мерейін көтеру сендердің еншілеріңде.
Осы орайда бүгін біз «Білгірлер сайысын» өткізгелі отырмыз. Сайысқа қош келдіңдер! Қазір алған білімдеріңді сынайтын кез келді.
Сайысқа 3 топ қатысып отыр.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
-
Кім білгір? (сұрақтарға жауап беру)
-
Мақал – сөздің мәйегі
-
Жұмбақтар шешу сайысы
-
Кім жылдам? ( 1 минут ішінде бір сөзден бірнеше сөздер құрастыру)
5. Кім тапқыр? ( салынған суреттер бойынша тұрақты тіркестер тауып айту)
Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы сайланады.
1 - кезең
«Кім білгір?»
І топ сұрақтары
1. Ең тәтті де, ең ащы не? (тіл)
2. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері кім? (Құрмаш)
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
4. «Тіл туралы» Заңның қабылданған жылы (1989 ж.)
5. «Жаны зәр түбіне жету» тұрақты тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
7. Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің санын ата (5)
8.«Отан» сөзінің синонимін тап. (туған жер, атамекен)
9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі)
10. Абайдың шын аты (Ибраһим)
ІІ топ сұрақтары
-
Буынның түрлерін ата (ашық, тұйық, бітеу)
-
6 шілде қандай мереке? (Астана қаласының күні)
-
Жерлес сазгер-ақынымыз (Біржан сал)
4.Абайдың әжесі (Зере)
5. Екі адамның сөйлесуі (диалог)
6. Абайдың туған жылы? (1845 ж.)
7. ҚР- ның астанасы қай қала? (Астана қаласы)
8. Қазақ тілінде неше септік бар?(7)
9. ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер? (Ж.Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
10. Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
ІІІ топ сұрақтары
-
Қазақ тіліндегі жалғаулар саны (4)
-
«Абай жолы» кітабының авторы (М. Әуезов)
-
Ұлы жүздің биі (Төле би)
-
Ақан серінің жүйрігі (Құлагер)
-
Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
-
Күй атасы кім? (Құрманғазы)
-
Қарсы мәндес сөздер… (антоним)
-
1маусым қандай мереке? (Балалар күні)
-
Бірінші септік (атау)
10.Биылғы жыл атауы (мешін)
2 – кезең
Мақал – сөздің мәйегі
Оқушылар мақал – мәтелдердің жалғасын табулары керек. Әр топқа 5 мақал – мәтелден беріледі.
І топқа
1. Отансыз адам - .... (ормансыз бұлбұл).
2. Ер - елінде, .....(гүл - жерінде).
3. Отан - ....(отбасынан басталады).
4. Мектеп - кеме, .....(білім - теңіз).
5. Күш - білімде, .....(білім - кітапта).
ІІ топқа
1.Ел іші - ....(алтын бесік).
2. Ақыл азбайды, ....(білім тозбайды).
3. Жүз теңгең болғанша, ....(жүз досың болсын).
4. Кітап - ....(алтын қазына).
5. Қыз - .....(қонақ).
ІІІ топқа
1.Отан оттан . . . (да ыстық).
2. Көз қорқақ, … (қол батыр) .
3.Ел іші … (алтын бесік).
4. Қына тасқа бітеді, . . .( білім басқа бітеді).
5. Оқу- білім азығы, . . .(білім- өмір қазығы).
3 – кезең
Жұмбақтар шешу сайысы
Әр топқа 5 жұмбақтан беріледі.
І топқа
1. Бір арба келіншек,
Әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек
(сіріңке – спички - )
2. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй)
3.Үйдің ең суық жері? (сырты
4. Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды. (Сандық)
5. Түймесін бассаң,
Сәулесін шашқан. (Электр шамы)
ІІ топ жұмбақтары
1.Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз)
2. Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
3. Басы да екеу,
Аяғы да екеу. (Қайшы)
4. Темір аяқты,
Ағаш таяқты. (Циркуль мен қарындаш)
5. Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада. (Құлып пен кілт)
ІІІ топ жұмбақтары
1. Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта. (Электр шамы)
2. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
3. Асқар тауда қара орман (Шаш)
4. Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге (Кітап)
5. Күндіз бай,
Түнде кедей (Жүк)
4 – кезең
Кім жылдам? ( 1 минут ішінде бір сөзден бірнеше сөздер құрастыру)
мерекелеріңізбен
5 – кезең
Кім тапқыр? ( салынған суреттер бойынша тұрақты тіркестер тауып айту)
І топқа
Әр топқа 3 тұрақты тіркестен ойлап табу.
1. Бармағын тістеп тұрған бала (бармағын тістеді)
2. Тон (тонның ішкі бауындай)
3. Жүрек суреті (жүрек жұтқан)
ІІ топқа
1. Иттің суреті (ит өлген жер)
2. Көздің суреті (көзді ашып,жұмғанша)
3. Шашы тікірейіп кеткен баланың суреті (төбе шашы тік тұрды)
ІІІ топқа
-
Бетінен от шығып жатқан бала (бетінен оты шықты)
-
Шөп жеп тұрған қойдың суреті (қой аузынан шөп алмас)
-
Қабақтың суреті (қабағынан қар жауды)
Құрметті оқушылар! Осымен сайысымыз да мәресіне жетті.
Қатысқандарың үшін сендерге, келген қонақтарға көп рахмет айтамыз.
Әділ қазылар қорытындысын шығарады.
Марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |