Источник: ИС ПАРАГРАФ, 27.09.2013 10:01:33
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы
(2013.28.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.25.12. № 590 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 бұйрығымен бүкіл мәтін бойынша «білім департаментінің директоры» деген сөздер «білім басқармасының бастығы» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен «департаменттері», «департаменттерінің», «департаментімен» деген сөздер «басқармалары», «басқармаларының», «басқармаларымен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл мұғалімнің жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - оқушының бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейінгі бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
4) экстерн - денсаулығына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ және шетелде уақытша тұратын, сондай-ақ жалпы орта білім беру ұйымдарында оқуын уақытылы аяқтамаған тұлғалар.
2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық аттестаттауды өткізудің тәртібі
3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының негізінде аттестатталады.
1-сынып оқушылары психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияның ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе өзге де заңды өкілдердің) бойынша қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды.
Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.
Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:
негізгі мектепте (9-сыныптан кейін - оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;
жалпы орта (бейіндік) мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
6. 2-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері өткізеді.
7. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім беру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.
9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады «3», «4», «5» бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі.
Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының келісімі (және өзге де заңды өкілдердің) және медициналық-педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныптарға ауыстырылады.
3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10)-сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан;
2) 11 (12)-сыныптардың білім алушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе мемлекеттік бітіру емтихандары.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.28.06. № 241 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда
12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген бітірушілер, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
Тізбесін білім саласындағы уәкілетті орган анықтайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының, халықаралық мектептердің бітірушілері осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады.
ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер қорытынды аттестаттауды білім беру ұйымында мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында өтеді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 44 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді; ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.28.06. № 241 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда
13. Халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылар, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 261 қаулысымен белгіленген жағдайларда ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өтеді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Білім алушыларды қорытынды атестаттауды қорытынды емтихан және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - емтихан комиссиясы) жалпы білім беру ұйымдарында өткізеді.
Білім беру ұйымдарының басшылары басқаратын емтихан комиссияларының құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, пән мұғалімдері кіреді.
Емтихан комиссияларының саны мен жеке құрамы (кемінде 5 адам) жыл сайын 20 сәуірден кешіктірілмей білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы күшінде болады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Қорытынды аттестаттау өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан, 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін ҰБТ және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.
17. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушылары жіберіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2010.09.07. № 369 Бұйрығымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Жалпы білім беретін мектептердегі 5-11 (12)-сыныптар білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.
5-11 (12)-сыныптардағы тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікке енгізуге жататын барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған 9 (10)-сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі.
10 (11) және 11 (12)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары «5» болған 11 (12)-сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер ҰБТ-да бір балл жетпеуіне байланысты жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын растамаған жағдайда, оған жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
19. 1-2 пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10)-сыныптардың білім алушыларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды аттестаттау өткенге дейін қосымша бақылау жұмыстарын (жазбаша және тест тапсырмалары нысанында) орындауға рұқсат етіледі.
20. Білім алушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек және дене тәрбиесі сабақтарынан босату оларды келесі сыныпқа көшіру мен қорытынды аттестаттауға жіберілуіне әсер етпейді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі;
Тиісті оқу пәндері бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қайта қорытынды емтихандарды және 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары, сондай-ақ облыстық білім басқармаларының келісімімен аудандық және қалалық білім бөлімдері ағымдағы жылдың 25 маусымынан кешіктірмей белгілейді.
2) үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10)-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
3) үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11 (12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі туралы анықтама алған білім алушыларды білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі.
22. ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында әзірленеді.
Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған және емтихандарды қайта тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.
24. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік аттестаттаудан облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының бұйрықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарының білім алушылары Министрліктің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) І және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар;
3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысатын кандидаттардың жазғы жиынына қатысушылар.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы.
2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау хаты;
3) үлгерім табельдері және білім алушының тәртібі.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.
26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)-сыныптың білім алушылары өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі.
27. Міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары дайындайды.
28. ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29. Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімімен оның төрағасы келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері шешеді.
30. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағат ішінде республикалық білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) бөлімдері, облыстық (қалалық) білім басқармалары жанынан құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануына құқығы бар.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.
4. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.05.12. № 506 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу тәртібі
65. Емтихандар мұғалімдер мен білім алушылар емтихандардың басталуынан 10 күн бұрын танысатын білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша өткізіледі.
Кестеде:
әрбір сыныпта бір күнде бір емтиханнан артық болмауы;
әрбір оқу пәні бойынша емтихандар аралығындағы үзіліс екі күннен кем болмауы;
егер пән бойынша екі емтихан қойылса, бірінші жазбаша одан соң ауызша емтиханның өткізілуі қарастырылады.
66. Білім беру ұйымының негізгі сатысындағы 9 (10)-сыныпта диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, шығармаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 3 (3,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3 (3,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.
11 (12)-сыныпта шығармаға - 6 (6,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 4 (4,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 5 сағат) бөлінеді.
67. Жазбаша емтихандарды өткізу үшін неғұрлым үлкен сынып бөлмелерін дайындау қажет: 11 (12)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден, ал 9 (10)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден немесе екіден үстелге немесе партаға отырғызылады.
Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге емтихан комиссиясына тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқтамаған қалпында тапсырады.
68. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын емтихан комиссиясына тапсырады, емтихандық жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.
69. Жазбаша емтихан аяқталғаннан кейін емтихан жұмыстарын комиссия мүшелері білім беру ұйымының ғимаратында тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар білім беру ұйымының басшысына сақталуға тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады.
Жалпы орта білім курсы бойынша шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттағы қателер саны жеке көрсетіледі.
Шығармаға, мазмұндамаға және математика пәні бойынша жазбаша жұмыстарға «2» (қанағаттанарлықсыз) және «5» (үздік) бағалары қойылған қысқаша пікір жазылады.
Тіл мен әдебиет бойынша қайта жазбаша аттестаттау нысанын білім беру ұйымының емтихан комиссиясы белгілейді.
9 (10) және 11 (12)-сыныптарындағы шығарма екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математика пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысы - бір бағамен бағаланады.
70. Негізгі жалпы білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер 9 (10)-сынып, сондай-ақ өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептің жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттары жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер 11 (12)-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын оқу орнының емтихан комиссияcының мүшелері емтихан тапсырғаннан кейінгі бір күн ішінде, үміткерлер көп болған жағдайда екі күн ішінде тексереді.
71. Жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9-да басталады. Ерекше жағдайларда (білім беру ұйымында білім алушылардың саны көп болғанда осы ереженің талаптары мен тәртібін сақтау үшін) емтихандарды бірнеше мерзімде немесе келесі күні (ауызша емтиханды өткізу бойынша) екінші нұсқа бойынша өткізуге болады.
Шығарма тақырыптары, диктант және мазмұндама мәтіндері салынған пакеттер білім алушылар мен емтихандық комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.
Математикадан материалдар салынған пакеттер 9-11 сыныптарда емтихан комиссиясы мүшелерінің ғана қатысуымен ұсынылған есептер шартының дұрыстығын тексеру үшін емтихан басталуынан 1 сағат бұрын ашылады.
72. Ауызша емтиханды өткізу үшін 25-тен астам білім алушысы бар сынып екі топқа бөлінеді және олар емтиханды бірінен соң бірі сол күні тапсырады.
73. Жауап дайындау үшін оқушыға 20 минуттан кем емес уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, емтихандық комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда бағасы 1 балға төмендейді).
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
74. Әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихан өткізілгеннен кейін емтихандық комиссия білім алушыға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды, осы ереженің 3-қосымшасына сәйкес Жалпы орта білім берудің негізгі орта, жоғары орта деңгейіндегі емтихан және қорытынды бағалардың хаттамасына (бұдан әрі - Хаттама) енгізеді.
Хаттамаға осы пәннің емтихандық комиссиясының мүшелері қол қояды.
75. Емтихан комиссиясы қорытынды бағаларды шығарарда төмендегілерді басшылыққа алуы керек:
1) пән бойынша қорытынды баға жылдық және емтихан бағаларының негізінде ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жарты жылдық) бағаларын ескере отырып анықталады;
2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;
3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.
76. Егер бір пәннен ауызша және жазбаша емтихандар өткізілсе, екі емтиханды тапсырғаннан кейін бір ғана қорытынды баға қойылып, жазбаша мен ауызша емтихандардың тиісті хаттамасына жазылады. Жазбаша жұмысы «үздік» бағаланып, ауызша емтиханнан алған баға «4»-тен төмен болмай, тоқсандық және жылдық бағасы «5» болған жағдайда емтихандық және қорытынды бағаға «бес» қойылады.
77. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды бағаны қою кезінде, осы емдеу мекемесінің жанындағы жалпы білім беретін мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жарты жылдық) және жылдық бағалары ескеріліп қойылады.
78. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады. Білім алушыларға жазбаша өтініші негізінде оған Жұмыстарды көрсетуді ұйымдастыру білім алушының осы білім беру ұйымының емтихан комиссиясының төрағасының қатысуымен өз жазба жұмыстарының тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79. Кезекті емтиханнан «2» алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.
6. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия жұмысының тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.28.06. № 241 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 80-тармақ жаңа редакцияда
80. Негізгі орта білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер республикалық мектеп-интернаттардың 9-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын және өкілі басқаратын комиссия құрамына пән мұғалімдері, бағынысты ұйымдардың өкілдері қосылады. Комиссия мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы керек.
81. Республикалық комиссия үміткерлердің жазбаша жұмыстарын тексеру жөніндегі ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарының, ҰБТ-ға қатыспаған республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының емтихан комиссияларының қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математика пәндерінен үміткерлерге қойған бағаларын растау үшін және марапаттауға ұсынылған оқушылардың осы ереженің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1253 қаулысымен бекітілген «Алтын белгі» белгісі туралы ереженің талаптарына сәйкестігі жөнінде облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, республикалық білім беру ұйымдарының актілерін қарау жөніндегі комиссия құрылады.
82. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары типіне, түріне, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін Министрлікке жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға кандидаттар туралы (тегі, аты, әкесінің аты, оқу орнының аты және нөмірі, облыс, қаласы) бейіні мен оқу тілі көрсетілген мәліметтер береді.
Республикалық білім беру ұйымдары негізгі орта білімі туралы үздік куәлік және жалпы орта білім туралы үздік аттестаттан үміткер білім алушылардың қосымша жеке тізімін ұсынады.
83. Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының және республикалық білім беру ұйымдарының жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер бойынша (үміткерлердің құжаттарын тексеру актілері) ұсыныстары Министрлікке ағымдағы жылғы 25 мамырдан кешіктірілмей жеткізілуі керек.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 84-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84. Ағымдағы жылғы 20 маусымнан кешіктірілмей жұмыс қорытындысын шығару және «Алтын белгі» белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешім қабылдау жөніндегі ҚАРК-нің соңғы отырысы өткізіледі.
85. «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатын алуға білім алушылардың кандидатураларын бекіту туралы ҚАРК-нің шешімі Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
86. Барлық емтихандар аяқталғаннан кейін және Министрдің бұйрығын алғаннан кейін білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен оқушылардың қорытынды аттестаттауы нәтижелерін талқылайды және оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру жөніндегі нақты шараларды қабылдайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен ереже 7-бөліммен толықтырылды
7. Жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарында экстерндерді аттестаттау
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 87-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87. Негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту (бұдан әрі - экстернат нысанында оқыту) оқушылардың негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын өз бетінше меңгеруін, сондай-ақ шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары үшін қашықтан оқытуды қарастырады.
88. Экстернат нысанында оқыту кезінде аттестаттауды және қорытынды аттестаттауды жүргізу осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
89. Экстернге қорытынды аттестаттауға рұқсат беру туралы шешім білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қабылданады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.28.06. № 241 бұйрығымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Аттестаттаудан өту үшін өтінішті, ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей беруге болады.
Тұлғаны экстернат нысанында аттестаттауға жіберу туралы білім беру ұйымының бұйрығы оқу жылының аяғында қабылданады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 91-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
91. Экстерндер негізгі мектеп курсы үшін негізгі орта білім туралы куәлікте көрсетілген пәндер тізбесі, орта мектеп курсы үшін жалпы орта білім туралы аттестатта көрсетілген пәндер тізбесі бойынша аттестатталады.
Дене тәрбиесі, технология, алғашқы әскери дайындық, музыка, сызу бойынша аттестаттау өткізілмейді, ал білімі туралы құжатта «оқылған жоқ» деген жазу жазылады.
92. Экстерндерді аттестаттау нәтижесі хаттамаға «экстернат» деген белгімен түсіріледі.
93. Оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11(12) сыныпты бітірушілер, міндетті түрде Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 11 (12)-сынып үшін қорытынды емтиханнан өту қажет. Шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын есепке ала отырып, алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағалары негізінде және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.18.06. № 360 Бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.25.12. № 590 Бұйрығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық
және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне
1-қосымша
ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы
аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
№
р/с
|
Пән
|
2 (қанағаттанарлықсыз)
|
3 (қанағаттанарлық)
|
4 (жақсы)
|
5 (үздік)
|
1.
|
Қазақ тілі
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
2.
|
Орыс тілі
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
3.
|
Қазақстан тарихы
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
4.
|
Математика
|
0-3
|
4-11
|
12-19
|
20-25
|
5.
|
Физика
|
0-3
|
4-11
|
12-19
|
20-25
|
6.
|
Химия
|
0-3
|
4-11
|
12-19
|
20-25
|
7.
|
Биология
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
8.
|
География
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
9.
|
Дүниежүзі тарихы
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
10.
|
Қазақ әдебиеті
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
11.
|
Орыс әдебиеті
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
12.
|
Ағылшын тілі
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
13.
|
Неміс тілі
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
14.
|
Француз тілі
|
0-3
|
4-13
|
14-20
|
21-25
|
15.
|
Қазақ тілі орыс мектептеріне арналған
|
0-3
|
4-11
|
12-17
|
18-25
|
16.
|
Орыс тілі қазақ мектептеріне арналған
|
0-3
|
4-11
|
12-17
|
18-25
|
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 1-1-қосымшамен толықтырылды
Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттаудың үлгі ережесіне
1-1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |