Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет142/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

3. Құрмет пен сенім 
1. Құрмет пен Сенім мәдениетін дамыту үшін әрекет етіңіз, мысалы, 
мектептегі әріптестеріңізге және оқу-тәрбие процесінде және одан тыс 
жерлерде оқушылардың өміріне әсер ететін барлық адамдарға сенім мен құрмет 
көрсету. 
2. Барлық білім алушылар үшін қамқор және жанашырлық таныту, 
этностық және әл-ауқатты жағдайды түсіну арқылы қауіпсіз ортаны қамтамасыз 
ету. 
3. Білім алушылардың мотивациясы мен шабытына бейімділігін көрсете 
отырып, олардың әлеуметтік және экономикалық мәнмәтінін, оқытудың 
даралығы мен нақты қажеттіліктерін мойындай отырып, оқу барысындағы 
кедергілерді назарға алу. 
Сіздің қарым-қатынасыңыз және басқа адамдармен қарым-қатынасыңыз 
туралы ойланыңыз. 
Әріптестер мен сыртқы серіктестер: 
- Мен адамдармен қандай қарым-қатынастамын? 
- Мен бәріне бірдей қараймын ба? Неліктен және қалай? 
- Жұмыс істеу барысында менімен тез қарым-қатынасқа түсетін
адамдар бар ма? Неліктен олай? 
- Кейбір адамдармен басқаша қалай қарым-қатынас жасай аламын?
Мұның мәні неде болуы мүмкін? 
- Мен басқалардың білімі мен белсенді іс-әрекетіне сенеммен қарап, 
құрметтеймін бе? Бұл менің олармен қарым-қатынасымда қалай әсер етеді? 
Оқушыларды қолдау: 
- Мен барлық оқушыларға қолдау көрсететін адамдарды бағалаймын
ба? Қандай мағынада бағалаймын? Кімді қолдау қиын? Неліктен? Маған осы 
адамдармен жұмыс істеуге көмектесу үшін тағы бір нәрсені білуім керек пе? 
Қалай? Өзара іс-әрекетте басқаша болуы мүмкін бе? 
- Мен қандай кәсіптік білім ала аламын? Неліктен? Бұл қаншалықты
мен үшін пайдалы болар еді? 
4. Кәсіби міндет 
1. Кәсіптік практиканың барлық аспектілеріне қатысу және білім беру 
қауымдастықтарының барлық мүшелерімен ынта-жігермен, бейімділікпен және 
сындарлы сыншылдықпен алқалы жұмыс атқару. 
2. Үздіксіз зерттеуді, оқытуды, кәсіби дамуды және көшбасшылықты 
кәсібилік пен бірлескен іс-тәжірибенің негізгі аспектілері ретінде ұстану. 
Кәсіби құндылықтарды зерделеуге төмендегі сыни сұрақтар: 
- Мен бірлесіп жұмыс істеуді маңызды деп санаймын ба? Неге? Не
себепті олай ойлаймын?
- Бірлескен іс-әрекет қаншалықты тиімді көрінеді? 


313 
- Нашар іс-тәжірибе ол қандай? 
- Мен бірлескен жұмыс үшін қаншалықты жақсы мүмкіндіктер
бере аламын? 
- Мен басқаша қалай жасай аламын? 
- Әріптестеріммен бірге жұмыс жасауымды дамытуға көмектесу
үшін не істей аламын? 
- Мен бұны маңызды деп санаймын ба? Неліктен? Не себепті олай
ойлаймын? 
- Мен іс жүзінде зерттеу деген не екенін түсінемін бе? Қалай? 
- Мен зерттеуге қалай адалмын? Бұл менің іс-тәжірибемде қалай
көрініс табады? Мен басқаша не істей аламын? 
- Мен оны дамыту үшін кіммен жұмыс істей аламын? 
- Мен қандай біліммен айналыса аламын? Мен қандай кәсіптік білім
ала аламын? Неліктен? Бұл мен үшін қаншалықты пайдалы, қаншалықты
маңызды? 
Мұғалім бойындағы құндылық ол – өзінің қызметіне материалдық игілік 
ретінде ғана емес, сонымен қатар адамдардың мамандыққа рухани-
адамгершілік қатынасы мен өзінің қызметінің әлеуметтік маңыздылығын 
түсінуі болып табылады. 
Әлеуметтік әділеттілікті педагогикалық ұжымның құндылықтары ретінде 
топтық құндылықтарға жатқызуға болады, өйткені мұғалімдер ұжымдағы 
туындаған жағдайларға объективті түрде қарап, мәселелерді дұрыс шешуі 
керек. Мұғалім, білім алушыларды әділеттілікке үйретумен қатар оларға үлгі 
болуы керек. 
Педагогтің әлеуметтік құндылықтары жалпыадамзаттық құндылықтар 
ақиқат, жақсылық, сұлулық т.б. болып табылады, олар бүкіл адамзат үшін 
маңызды, қоғамның барлық мүшелері арасындағы руханилықты, еркіндікті
теңдікті дамытуға бағытталған [44]. 
Осылайша, педагог оқу-тәрбие процесінің негізгі тұлғасы және білім 
алушылардың құндылық бағдарының қалыптасуына ықпал етуші. Қазіргі 
уақытта мұғалімнің педагогикалық құндылықтар жүйесін қолдануы маңызды 
және оның қызығушылықтары мен мінез-құлқы педагогикалық қызмет 
саласындағы көзқарасы мен мотивациясына тән, өйткені олар педагогтің жеке 
тұлғасын қалыптастыруда негізгі рөл атқарады, адамның мінез-құлқын 
реттеудің жоғары деңгейі ретінде әрекет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет