Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация


Форманың өзгеруімен сипатталатын аралық бейнелеуді жасау



бет55/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Форманың өзгеруімен сипатталатын аралық бейнелеуді жасау

Flash-те объектілердің формасының айтарлықтай өзгеруін интерполяциялауға болады. Аралық формаларды тұрғызу бір формадан екіншіге біртіндеп өту иллюзиясын жасайды. Форманың өзгеруін аралық бейнелеуді тек қарапайым формалы объектілер үшін ғана пайдалануға болады. Бұл әдісті пайдалану үшін символдар экземплярларын, группаларды немесе растрлық бейнелерді жіктеу (бөлу) керек.

Қарапайым форманың өзгеруін аралық бейнелеу үшін:


  1. File→New (Ctrl+N)

  2. Жұмыс облысында шертіп, қасиеттер инспекторынан фильм өлшемдерін 400x200 қылып орнатамыз.

  3. Rectangle (Түктөртбұрыш) инструментін алып, модификатор көмегімен штрихсіз кез келген бояуды таңдаймыз. Жұмыс облысында тіктөртбұрыш саламыз.

  4. Align (Туралау) панелін ашамыз (Ctrl+K). Жұмыс облысында тіктөртбұрышты ерекшелеп, Align панелінен To Stage (сахнаға) батырмасын шертіп, түктөртбұрышты сахнаның горизонталь және фертикаль бойынша центрге орналастырамыз, ол үшін Align панелінің батырмасын пайдаланамыз.

  5. Timeline панелінен 15-ші кадрға өтіп, бос кілттік кадр (F7) қоямыз.

  6. Text инструментін шертіп, қасиеттер инспекторында жартылай қою стилін орнатып, жұмыс облысына өз атыңызды жазыңыз.

  7. Текстті Arrow инструменті көмегімен ерекшелеп, Align панелінің батырмасының көмегімен сахнаның қақ ортасына орнатамыз.

  8. Текстті ерекшелеп, Modify→Break Apart (Өзгерту→Бөлу) командасын орындаймыз, нәтижесінде тексттік блок жекелеген әріптерге бөлінеді.

  9. Modify→Break Apart командасын тағы бір рет орындаймыз, нәтижесінде әріптер суретке түрленеді.

  10. Кілттік кадрдың ортасында орналасқан кез келген бір кадрды шертіңіз. Қасиеттер инспекторындағы Tweens (Аралық бейнелер) тізіміне Shape (Форма) деп орнатыңыз.

  11. Фильмді Shape1.fla атымен сақтаңыз. Анимацияны жүргізіп көріңіз.

Форманың өзгеруін аралық бейнелеуге де реттеу параметрін пайдалануға болады. Сонымен қатар қасиеттер инспекторында Blend (сопряжение, жанасу) опциясы бар. Жанасу дистрибутивті (интерполяциялау кезінде форма жұмсартылады) немесе бұрыштық (шектері қатаң сақталады) болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет