Панорама эффектісін жасау
Web-ке ауыстыруға болатын анимацияның классикалық әдісі - панорама эффектісін жасау болып табылады. Панорама тереңдік (глубина) иллюзиясын жасайды. Фильмде бұған камераны панорамалау арқылы немесе фонды толық алу мақсатында камераны белгілі бір биіктікке орналастыру арқылы қол жеткізуге болады. Анимациялауда бұл эффект жұмыс облысы қозғалыссыз болғанда фонның орнын ауыстыру арқылы алынады.
Шынайы панорама жасау үшін әртүрлі жылдамдығымен анимацияланған фондық элементтер жасау керек. Ең алыс элементтер ең аз жылдамдықпен қозғалуы керек. Алдыңғы жақта орналасқан объектілер өздерінің артында орналасқан сахнаға қатысты қозғалғанда тереңдік иллюзиясын жасайды.
Панорама эффектісін жасау үшін:
Жұмыс облысынан кең (үлкен) болатын фондық элемент жасаймыз. Қозғалыс кезінде фон үздіксіз болатындай етіп орналастыру керек.
Фондық элементтің жұмыс облысында аралық бейнелеуін жасаймыз. Ол үшін бірінші кадрда фонның оң жақ шеті жұмыс облысының оң жақ шетінен, ал соңғы кадрда фонның сол жақ шеті жұмыс облысының сол жақ шетімен сәйкес келетіндей етіңіз. Бұл үздіксіз қозғалыс және өспелі фон иллюзиясын тудырады.
Символдар циклі
Символдар анимациясын жасаудың қарапайым жолы кірістірмелі символдарды пайдалану. Символдардың иерархиялық құрылымы күрделі анимацияны қайта пайдалануға болатын механикалық бөлімдерге бөлуге мүмкіндік береді. Объект немесе символдың қалай қозғалу керек екенін жоспарлап, әрбір қозғалатын бөлікті жеке символ ретінде береміз, оларды кейіннен негізгі символға біріктіруге болады.
Ең қиын анимация адамның жүрісін эффективті және шынайы ету үшін кірістірмелі символдарды пайдалануға болады. Жүру циклінің символы ең жоғарғы деңгейге ие. Онда бас, кеуде және аяқ қабаттары болуы мүмкін. Бас графикалық бейне болса, кеуде видеоклипі қол символдарының екі анимацияланған экземплярдан тұрады. Жүріс циклін символдар бірігіп, толық қадамды сипаттайды, оны қайта салмай-ақ бірнеше рет қайталауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |