Доплер эффектісі және оның қолданылуы аймағы. Доплер эффектісін қалай байқауға болады



бет1/5
Дата11.10.2022
өлшемі0.7 Mb.
#462387
  1   2   3   4   5
доплер

Жоспар:

Кристиан Доплер

  • Кристиан Доплер -(1803-1853) австриялық физик және астроном, Вена Ғылым Академиясының мүшесі(1848ж), Венада және Зальцбургта білім алған. 1847 жылдан бастап, Хемництағы Тау-кен академиясының профессоры, 1850 жылдан бастап Венадағы Политехникалық институтпен университеттің профессоры. Негізгі еңбектері жарықтың абберациясына, микроскоп пен оптикалық дальнометрдің теориясына, түстердің теориясы және т.б. арналған. 1842 жылы бақылаушы қабылайтын тербелу жиілігінің бақылушы қозғалысының жылдамдығы мен бағытының тербелу көзіне қатысты тәуелділік теориясын негіздеді.

Бала кезінде Доплер Зальцбургтегі бастауыш мектепте және Линцтегі орта мектепте оқып, математикадан көрнекті қабілеттерін көрсетті. 1822-1825 жылдары Зальцбург лицейінің математика профессорының ұсынысы бойынша Доплер Вена политехникалық институтында оқыды.
1825 жылы Зальцбургке оралды және Зальцбург лицейінде философия бойынша лекциялар курсына қатысады. Бір жыл бойы Доплер Ст. Руперт Колледжінде физика және математиканы оқыту арқылы өмір сүрді, содан кейін Вена университетінде озық математиканы, механиканы және астрономияны зерттеді.

Доплер эффектісінің тарихы

  • Доплер судағы толқындарды бақылай отырып, бұндай құбылыстар ауада басқада толқындармен болады деп жорамалдады. Толқындық теорияның негізін қалағанда, 1842 жылы ол бақылаушыға жарық көзінің жақындауы бақыланған жиілікті арттырады, ал алыстауы кемітеді деп есептеді. Доплер қабылаушы қабылдайтын, дыбыстық және жарықтық тербелістердің жиілігінің бақылушы қозғалысының жылдамдығы мен бағытының тербелу көзіне қатысты тәуелділік теориясын негізін қалады. Бұл құбылыс оның құрметіне Доплер эффектісі деп аталды.
  • Доплер бұл қағиданы астрономияды қолданды және оптикалық және акустикалық құбылыстар арасында қатысты зерттеу жүргізді. Ол барлық жұлдыздар ақ түс таратады бірақ түс олардың жерге немесе жерден қозғалысына байланысты өзгереді деп жорамалдады. Бірақ түстің өзгеруін ол уақыттардағы құрылғымен бақылу мүмкін емес болатын. Спектральді анализдің ашылуы ғана Доплер эффектісінің оптикада тексерілуіне мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет