Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Тіл - белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар  ортақ қабылданған таңбалар жүйесі.  Әдістемелік нұсқаулықтар



Pdf көрінісі
бет39/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Тіл - белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар 
ортақ қабылданған таңбалар жүйесі. 
Әдістемелік нұсқаулықтар: Негізгі мәселелер бойынша жазбаша конспект (шағын 
баяндама) жасаңыз және практикалық сабақ тақырыбы бойынша семинарда жауап беріңіз. 
Материалды бекіту үшін сабақ соңында тест тапсырмаларына жауап беріңіз. 
Өткізу формасы: Баяндама 
Бағалау критерийлері: 

Оқу материалын меңгеру деңгейі; 

Практикалық тапсырмиаларды орындау барысында теориялық білімін қолдана білу; 

Өтілген тақырып бойынша оқулық материалдарынан хабардар болуы; 

Берілген тапсырмалар бойынша жауабының дәл және дәлелді болуы. 
Әдебиеттер: 5, 7 
Практикалық сабақ 4. Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика. 
Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік лингвистиканың зерттелу тарихы туралы мәліметті 
толықтыру, бекіту. Этникалық тіл, мәртебелі тіл, миноритарлы тіл, мажоритарлы тіл
диаспора тілі ұғымдарына назар аудару. 
Негізгі сұрақтар: 
1. Әлеуметтік лингвистиканың зерттелу тарихына шолу. 
2. Әлеуметтік лингвистиканың метатілі. 
3. Әлеуметтік лингвистиканың ұғымдық аппараты. 
Глоссарий: 
Әлеуметтік лингвистикатілдің құрылымын, дамуы мен қызмет етуін қоғамдық 
бірлікте қарастыратын, тілдің қоғамға, қоғамның тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. 
Сондай-ақ ол тілдің қоғамдық қызметін, оның түрлері және тілдің қызмет етуінің нақтылы 
тарихи әлеуметтік жағдайда тәуелділігін зерттейтін тіл білімінің дербес саласы. 
1. Тілдің өмір сүру формалары: әдеби тіл және бейәдеби формалар: ауызекі сөйлеу 
тілі, жергілікті диалектілер, әлеуметтік диалектілер, тілдің басқа да өмір сүру формаларын 
қарастырады. 
2. Тілдің саралануының негізгі түрлерін: әлеуметтік, қызметтік, стильдік, аумақтық, 
т.б. қолданыстарын, тілдің саралануына әсер ететін факторлары: қоғамдық өмір салалары, 
әлеуметтік орта, сөйлеу жағдаятын т.б. зерттейді. 
3. Әлеуметтік-коммуникативтік жүйе, оның компоненттерін нысана етеді. 
Әлеуметтік лингвистиканың бірден-бір маңызды нысанасы болып табылатын 


этнолингвистикалық және тілдік жағдаят проблемасын, ондағы біртілділік, қостілділік
көптілділік және диглоссия мәселелерін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет