М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Кафедра «Хореография және мәдени-тынығу жұмысы»
SYLLABUS
Пәннің атауы «Бос уақытты көркемдік-бұқаралық ұйымдастыру»
Білім беру бағдарламасы 6B02104 Мәдени-тынығу жұмысы
Құрастырған:
Бактыгалиева Э.С.– оқытушы
Орал, 2019 ж.
1. Пән туралы мәліметтер:
Кредит
|
5
|
Курс
|
2
|
Семестр
|
4
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Аралас емтихан
|
Дәріс (сағаты)
|
15
|
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
|
15
|
Жеке сабақ
|
15
|
СОӨЖ (сағаты)
|
20
|
СӨЖ (сағаты)
|
85
|
Барлық сағаттар
|
150
|
Мақсаты: Студенттерді мектеп және мектептен тыс мекемелердегі мәдени іс-шаралардың формаларымен, бұқаралық жұмыстың театрландырылыған формаларының драматургиясымен, сценариилік негіздерімен, ұйымдастыру тәсілдерімен, режиссурасы және технологиясымен таныстыру болып табылады.
Курстың міндеттері:
оқу барысында студенттерге драматургия және режиссураға қатысты негізгі ұғымдарды меңгерту, драматургиялық анализ жасау дағдыларына игерту;
этюд пен әңгіме, түрлі тақырыптарға монологтар жаза білуге, көркем және деректі материалдарды идеялық-тақырыптық негіздемеге сай іріктеп, монтаждай білуге үйретеді;
әдеби-музыкалық композиция, тақырыптық кеш, театрландырылған концерт, театрландырылған қойылым, сайыс, байқаулар, бұқаралық мереке сындымәдени-тынығу жұмысының түрлі формаларын ұйымдастыру, режиссуралық, образдық шешім жасай білу дағдыларын меңгерту;
мәдени-тынығу жұмысы саласында аудитория құрамының әртүрлілігіне орай педагогикалық мақсатты тұжырымдай білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |