Курстың міндеттері:
Курстың міндеті атомдық және ядролық теорияны, заңдылықтарды, ұғымдарды, тәжірибелерді, айналада болып жатқан құбылыстарды, процестерді түсіндіру, есеп шығару әдістерін меңгерте отырып элементар бөлшектер физикасы туралы білімдерін кеңейту. Сонымен бірге студенттердің санасында дүниенің бір тұтас бейнесін қалыптастыру.
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Біледі:
Атом және атом ядросының құрлысын біледі;
Резерфорт тәжірибесі, Бор постулаттары, радиоактивтілік заңдылықтарын, элементар бөлшектер табиғатын біледі;
Атом және атом ядросы физикасының негізгі теориясын біледі.
Түсінеді:
Атом және атом ядросының физикасы заңдылықтарын тұжырымдай алады;
Негізгі заңдылықтардың арасындағы байланыстарды түсінеді;
Табиғаттағы, техникадағы, тұрмыстағы атом және атом ядросының заңдылықтардың пайдалану түсінеді.
Қолданады:
Атом және атом ядросының негізгі заңдарын практикалық тұрғыдан есептеулер жүргізе алады ;
Элементар бөлшектерді сипаттайтын негізгі шамаларды трек фотографиялары арқылы зерттей алады;
Талдайды:
Атом және атом ядросы заңдылықтарға талдаулар жасайды;
Атомдық құбылыстардың болу себептеріне талдаулар жасай алады;
Жинақтайды:
Атом, атом ядросы жəне қарапайым бөлшектердің даму тарихы біле отырып, оның әлемнің физикалық бейнесіне осы заңдылықтарының қосқан үлесін жинақтайды.
Бағалау:
Атом, атом ядросы заңдылықтардың табиғаттағы, тұрмыстағы, техникадағы жалпы адамзат өміріндегі маңызын бағалай алады.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
Пән бойынша меңгерген теориялық білімін практикада жүзеге асыра білуі;
Атом, атом ядросы негізгі заңдарының өмірдегі маңызын білуі керек.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
Атом және атом ядросының заңдылықтарын практикалық есептеулердің нәтижесінен қорытынды жүргізе алуы;
Игерілетін По окончании курса студенты должны уметь:
- Уметь делать выводы из результатов практических расчетов законов атома и атомного ядра;:
Негізгі атомдық құбылыстардың болу себептерін талауға , практикада қолдана білуге, элементар бөлшектерді зерттеулерге арналған негізгі құрылғылардың көмегімен алынған тректерді оқи және сипаттайтын дағдылар қалыптасады;
Достарыңызбен бөлісу: |