Химияның қызықты тәжірибелері



бет1/3
Дата06.12.2023
өлшемі27.95 Kb.
#485649
  1   2   3
Қызықты тәжірибелер


Химияның қызықты тәжірибелері
Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымдық көзқарасын дамыту үшін әртүрлі тақырыптарда кештер, үйірмелер, сайыстар өткізіп отыру пән мұғалімінің басты мақсаттарының бірі. Оқушылармен өткізілетін химиялық кештердің бір бөлімі қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетуге арналады.
Қызықты тәжірибелерді көрген оқушыда қызығушылықтан әртүрлі сұрақтар туады. Одан әрі сол сұрақтың жауабын табуға ынталанады.Нәтижесінде оқушының химия пәніне деген қызығушылығы артып, ынтасы дамиды. Қызықты тәжірибелердің «кілтін» немесе мәнін бірден айтудан гөрі оқушылардың өзіне ойландырып айтқызған дұрыс. Тәжірибе жасайтын оқушыларды таңдап алудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Тәжірибе жасайтын оқушы өзінің сөзімен , іс-қимылымен оқушыларды шын мәнінде «сиқыршы» тәрізді тартатындай болуы тиіс. Сондай тәжірибелердің кейбіреулері беріліп отыр . Сондай-ақ үй жағдайында жасап көруге болатын қызықты тәжірибелер де беріліп отыр.
ЕСКЕРТУ: Кез-келген тәжірибені жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпаймыз!!!
1. Ауыртпай жасалған «операция»
Үстіне ақ халат киген оқушы тәжірибе үстелінің жанына келіп, балаларға қарап: « Қазір мен сіздерге адамның денесін ауыртпай операция жасауды көрсетпекпін. Операцияның жасалуы да , жазылуы да тез. Бір батылдау біреуің осында келуіңді сұраймын. »- деп шақырады. Жанына келген оқушының білегіне «спирт» жағады да , операция пышағын дезинфекциялағыш сұйықтан алып оның білегін ары-бері кескен болады. Қолдан «қан» шығарады. Артынан қолдың қанын сүрткен болып , суланған таза шүберекпен сүртеді. Қолы жазылады, «қаны » тазарады. Бұл қызықты «операция» отырғандарды таңқалдырады.
Бұл тәжірибедегі қолданған «спирт» 5 пайыздық темір (ІІІ) хлориді ерітіндісі, ал дезинфекциялағыш зат калий роданиді болған еді. Қан болып қызарған зат ол темір роданиді болған.
ҒеСІ3+3КСNS=Fe(CNS )3+ 3KCI
2.Сіріңкесіз жағылған от
Кішкене әйнектің үстіне калий перманганатын салып, оның үстіне бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызады. Бұл қоспаны темір қаңылтырға салады. Осы қоспаның айналасына ағаш жаңқаларын салып қояды. Одан кейін бір түйір мақтаға спирт сіңіреді де саусақтың арасына қысып қояды, басқа адамдар байқамай қалатындай етіп ұстайды. Қажетті кезінде мақтаны ошақтың үстіне жақындатып қысып қалады. Ол қоспаға тиген кезде от алып, ағаш жана бастайды. Оттың жануы себебі спирттің Мп2О7 де қуатты тотығуынан болады.

3. Отсыз түтін
Тәжірибе жүргізуші : « Отсыз түтін жоқ, бұлтсыз жауын жоқ »- дейді. Міне, осы мақалды химия жоққа шығарады. Қараңдар, мен қазір отсыз түтін шығарамын. – деп екі таяқшаны бір –біріне жақындатады. Сонда будақтаған қою ақ түтін пайда болады. Содан кейін түтін шығу себебін сурап немесе түсіндіреді.
Мүсәтір спиртіне батырылған таяқшаны концентрациялы тұз қышқылына батырылған таяқшаға жақындатып тигізгенде будақтаған ақ түтін пайда болады. Онда мынадай реакция жүзеге асады:
NH4OH+ HCI=NH4CI+ H2O
Будақтаған ақ түтін- аммоний хлоридінің майда түйіршіктері . Бұл тәжірибені цилиндрде де жасауға болады не екі ерітіндіге батырылған мақталарды тиістіру арқылы түтін түзілетінін көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет