Білім беру бағдарламасы: 6В05203 «География және табиғатты пайдалану»



бет1/2
Дата28.09.2023
өлшемі0.91 Mb.
#479025
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Гип-22к Кокшетау


М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті
«Математика және жаратылыстану ғылымдары» факультеті
«География және экология» кафедрасы


Есеп
Далалық тәжірибе
(Көкшетау қаласы)


Білім беру бағдарламасы: 6В05203 «География және табиғатты пайдалану»
Орындаушы бригада құрамы: 1.Балтабек Аружан ,
2.Бекайдарқызы Ақерке,
3.Дәуренбек Елнур,
4.Жангазина Акерке,
6.Каримжанов Даниял,
7.Ораков Нұрсұлтан,
8.Талапова Қарақат
Курс: 1 курс, ГиП-22қ тобы
Жетекшісі: Искандирова Зауре Сыздыковна
Тәжірибе өту мерзімі: 05.06.23-09.06.23
Петропавл, 2023 ж.


Көкшетау
Көкшетау қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі, іргетасы 1824 жылда қаланған. Ақмола облысының экономикалық және мәдени бай шаһарларының бірі. Қазақстанның аса ірі жол торабы . Ол Бурабай мен Зеренді сияқты табиғаты мен туристік орындарымен танымал.
Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 – 1997 ж.
Көкшетау облысының орталығы болған), Қазақстанның солтүстігінде
Бұқпа тауының етегі мен үлкен Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көркем жерде орналасқан қала. Қала ауданы — 233,97 км². Қала Батыс Сібір жазығының оңтүстік-батыс бөлігінің шекарасында, Есіл жазығының оңтүстік шетінде, тау бөктері қаланы оңтүстік пен батыстан қоршап тұрған Көкшетау қыратының солтүстік баурайы шегінде орналасқан.


Тарихи-мәдени орталықтары

  • Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – ғылыми-мәдени мекеме. (қазақ және орыс тілдерінде экскурсиялар жүргізіледі). 1920 жылдан бастап жұмыс істейді.



  • Көкшетау қаласының тарихы мұражайы (2000 жылы Чапаев көшесі (қазіргі Қанай би), 32 мекенжайында орналасқан бұрынғы В.В.Куйбышев мемориалдық музейінің негізінде Көкшетау қаласының тарихы мұражайы құрылды). Музей қаланың көне тарихи бөлігінде орналасқан. Нақ осы жерде, Бұқпа жотасы баурайы мен Қопа көлі жағалауында XIX ғасырдың бірінші ширегінде Көкшетаудың іргетасы қаланған. Бөлек орналасқан бірқатар ғимараттардан тұратын музей кешені бүгінгі күні ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жергілікті ағаш сәулеті үлгісі ретінде Республикалық маңызы бар тарих ескерткіштерінің қатарына жатады.

  • Кеңес Одағының Батыры, жазушы, академик Мәлік Ғабдуллин мұражайы (1995 ж. 4 қыркүйекте ашылды). Мұражай Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 07.05.1993 жылға қарасты № 465 қаулысына сәйкес және 1995 жылдың 4-қыркүйегiне қарасты № 1-39 Көкшетау облысы әкiмiнiң жарлығына байланысты Батыр атамыздың 80-жылдығына орай ашылды. 2004 жылы 116 жыл болған мұражайдың ескi ғимараты пайдалануға жарамсыз деп танылды. Ақмола облысы әкiмдiгi мұражай ғимаратын қайта салу жөнiнде шешiм қабылдады. 2005 жылдың 19 тамызында жаңа мұражайдың салтанатты түрде ашылуына сол кезде Ақмола облысында қызмет бабымен iс-сапарда болған Республикамыздың Президентi Н. Ә. Назарбаев қатысты. Елбасы М. Ғабдуллин ескерткiшiне гүл шоқтарын қойып, Батыр аруағына тағзым еттi. «Мәлiк Ғабдуллин музейi» МКМ қызметiнiң негiзгi мақсаты — Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткерi М. Ғабдуллиннiң тұлғасы арқылы өскелең ұрпаққа Отан қорғау жауапкершiлiгiн ұқтыру, батыр бабаларымыздың ерлiк дәстүрiн насихаттау, этнопедагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру

.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет