2.
|
Пәннің сипаттамасы (50 сөзден аспау қажет)
|
Жоғары фармацевтикалық білімді мамандар дайындау жүйесінде фармакогнозияны оқытудың маңызы ерекше, себебі қазіргі заманғы дәрілік заттар арсеналында өсімдіктерден алынатын дәрі-дәрмектер үлкен орын алады. Фармакогнозия негіздері фармакогнозияны негізгі пән ретінде оқып үйренуге қажетті арнайы пән болып саналады.
|
3.
|
Жиынтық бағалау түрі
|
3.1
|
Тестілеу-✅
|
3.5
|
Курстық
|
3.2
|
Жазбаша
|
3.6
|
Эссе
|
3.3
|
Ауызша
|
3.7
|
Жоба
|
3.4
|
ОҚКЕ/ ОҚТЕ немесе тәжірибелік дағдылардықабылдау
|
3.8
|
Басқа (көрсету)
|
4.
|
Пәннің мақсаттары
|
Білім алушылардың фармакогнозияның даму тарихымен, дәрілік өсімдік шикізатын дайындауды ұйымдастырумен, дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамымен және жіктелуімен, табиғи тиімді пайдалану негіздерімен, дәрілік өсімдік шикізатын дайындау процесстерімен және оны стандарттаумен, сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді зерттеу саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі бағыттарымен таныстыру.
|
5.
|
Оқытудың соңғы нәтижелері (пәннің ОН)
|
1 ОН
|
Оқытылатын саладағы озық білімге негізделген оқытылатын саладағы білімі мен түсінігін көрсету:
- дәрілік өсімдіктердің және дәрілік өсімдік шикізаттары мен жануар тектес шикізаттарының классификациясының медициналық практикада қолдануға және өнеркәсіптік өндірісте қолдануға рұқсат етілген қазіргі заманға сай номенклатурасы;
|
2 ОН
|
Білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, аргументтерді тұжырымдау және зерттелетін саланың мәселелерін шешу:
- ДӨ-дің және ДӨШ-ның негізгі ББЗ топтарына сапалық және гистохимиялық реакциялар жүргізеді, табиғи қосылыстарды және ДӨШ-ын талдау үшін тиісті хроматографиялық әдістерді қолданады;
-АНҚ-да қарастырылған тиісті әдістермен шикізаттағы ББЗ-дың сандық құрамын, ылғалдылығын, күлін, экстрактивті заттарды анықтайды.
|
3 ОН
|
Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіруді жүзеге асыру:
- дәрілік өсімдік шикізаттарын және жануар текті шикізаттарды химиялық құрамының ерекшелігін ескере отырып оның белсенділігін және биологиялық белсенді заттардың құрамын сақтап тиімді дайындау, сақтау жағдайы мен мерзімін болжау, жабайы өсетін және мәдени түрде өсірілетін өсімдік текті шикізаттардың ресурсын анықтау жөнінде өз пікірін тұжырымдайды.
|
4 ОН
|
Оқытылатын саладағы оқу- тәжірибелік және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және тәжірибелік білімді қолдану:
ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңдарын, халықаралық стандарттарды, оның құрылымын және басқа дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды, Қазақстанның құқықтық жүйе негіздерін және т.б. жинайды және түсіндіруді жүзеге асырады.
|
5 ОН
|
Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары:
cтуденттерге /оқытушыларға/ емтихан қабылдаушыларға оқу тәжірибелерін жүргізуде және жоспарлауда өз білімі мен дағдыларын көрсете біледі, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын түсіндіреді.
|
6 ОН
|
|