Лекция. Тақырыбы: Химиялық сандық талдаудың негізгі ұғымдары. Сандық талдау жайлы түсініктер. Анализдік реакциялар және олардың сипаттамасы. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі. Жоспары



бет1/3
Дата19.09.2023
өлшемі18.2 Kb.
#478001
түріЛекция
  1   2   3
ЛЕКЦ 1 - САН ХТ


 №1 лекция.
Тақырыбы: Химиялық сандық талдаудың негізгі ұғымдары. Сандық талдау жайлы түсініктер. Анализдік реакциялар және олардың сипаттамасы. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі.
Жоспары:
1. Сандық талдау жайлы түсініктер.
2. Анализдік реакциялар және олардың сипаттамасы.
3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі.
Сабақтың жүргізілу барысы:
1. Сандық талдау жайлы түсініктер.
Аналитикалық химия – заттар мен материалдардың сапалық жəне сандық құрамын, химиялық қосылыстардың құрамын, бірдейлігін (идентификация) анықтайтын əдістер туралы ғылым.
Заттардың құрамы мен бірдейлігін сандық талдау анықтайды.
Сандық талдау заттардың белгілі бір сипаттамаларын мысалы, қорытпадағы немесе кендегі металдардың мөлшерін, таза заттардағы қоспалардың мөлшерін қарастырады. Заттардың сипаттамалары олардың қолдануға жарамдылығын анықтайды. Мысалы, жартылай өткізгіштік материалдардағы қоспалар 108÷109% пайызынан асып кетсе, олар жартылай өткізгіштік қасиетін өзгертеді, ал медицинада қолданылатын 0,9% пайыздық NaСl ерітіндісінің концентрациясы сəл ғана төмен немесе жоғары болса, аурулар үшін келеңсіз жағдайға əкеліп соқтырады.
Сандық талдаудың ғылыми да практикалық та маңызы зор. Негізгі химиялық заңдардың көпшілігі аналитикалық химияның əдістерінің көмегімен ашылған. Көптеген əр түрлі материалдардың (кен, минерал, айдағы грунт, дəрі-дəрмек, топырақ, ауа, су т.б.) құрамы сандық анализдің нəтижесінде анықталады. Аргон, германий және т.б. элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі аналитикалық химияның дəл əдістерін қолданудың арқасында ашылды.
Қазіргі химиялық зерттеулердің бірде-біреуі, жаңа заттардың синтезі болсын, жаңа технологиялық сызбанұсқа, өндірістің жеделдетілуі, заттар сапасын жоғарылату, металлургия, геология, фармакология, экология және т.б. ғылыми өндірістер салаларының сандық анализдің əдістерін қолданбауы мүмкін емес. Осыған орай, сандық анализдің пəні мен əдістерін білу аса қажеттілік болып табылады.
«Химиялық сандық талдау» пəні – заттардың сандық құрамын анықтауға арналған әдістерді зерттейді.
Химиялық сандық талдау» пәнінің міндеті – қосылыстардағы химиялық əлементтердің немесе олардың топтарының сандық құрамын анықтау. Сандық талдаудың көмегімен күрделі заттардың (қышқылдар, тұздар және т.с.с.) құрамына кіретін элементтердің арасындағы массалар қатынасы, ерітіндінің құрамы, заттардың құрамына кіретін элементтердің құрамы (мұнайдағы көміртек пен сутек) немесе біртекті емес заттардың (кен, минералдар, тыңайтқыштар) құрамындағы компоненттердің сандық мөлшерлері анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет