Білім беру бағдарламасы: «7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау»


-сурет – Молекулалық биология және биохимия бөлімі бойынша 10-сынып оқушыларының оқу үлгерімінің динамикасы



бет12/23
Дата14.06.2023
өлшемі121.05 Kb.
#475022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
автореферат

6-сурет – Молекулалық биология және биохимия бөлімі бойынша 10-сынып оқушыларының оқу үлгерімінің динамикасы



7-сурет – Молекулалық биология және биохимия бөлімі бойынша 11-сынып оқушыларының оқу үлгерімдерінің динамикасы


Қазіргі таңда жер бетінде адамдардың санының артуы және адам санасынң жоғарылауы мен технологияның дамуы қоршаған ортада басты өзекті мәселені туындатып отырған баршаға мәлім. Сондықтан да, қоршаған ортаны сақтаудың бірден-бір жолы ол табиғи ресурстарды үнемдеу, табиғатты ластамау мәселесі сияқты бірқатар өзекті мәселер жер бетіндегі елдердің алдында тұрған күрделі мәселе.
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде биологиядан логикалық есептердің көмегімен экологиялық білім беру зерттелмеген. Сонымен қатар, мектеп бағдарламасындағы биология оқулығында "Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері" атты тарауда оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында білімдеріңді тексеріңдер деген жерде ауызша сұрақтармен шектелген, логикалық есептер мүлдем қарастырылмаған.
Осыған орай, мектеп бағдарламасындағы биология пәнінің оқулығын зерттей келе, экологиялық білім беру мақсатында математикалық және логикалық есептердің бірқатарын қолдана отырып, зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы математикалық есептеулер мен логикалық есептерді шешу жолдарын игеру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. оқушылардың алынған нәтижелерді сараптап, ойларын қорытып, тұжырым жасай біледі. Оқушылардың экологиялық білім деңгейлерін көтеріп, биологиялық білімдерін шыңдай түседі.
Зерттеуге 11 "А" сыныбы - бақылау сыныбы, оқушылар саны - 25, 11 "Ә" сыныбы-эксперименттік сынып, оқушылар саны - 26 бала қатысты. Оқушылардың оқу үлгерімдері 8-кестеде көрсетілген.


8-кесте. 11-сынып оқушыларының «Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері» тарауы бойынша оқу үлгерімдері

Сыныбы

Бағалар

Оқу үлгерімі

«5»

«4»

«3»

«2»




11 «А»; бақылау тобы

11

10

4

0

4,28

11 «Ә»; тәжірибелік топ

15

9

2

0

4,50

Зерттеу нәтижелері бойынша бақылау тобындағы оқу үлгерімнің орташа балы 11 "А" – 4,28; ал тәжірибелік топта 11 "Ә" - 4,50 құрады. Биология сабақтарында логикалық және математикалық есептеулерді қолдана отырып, сабақ жүргізу кезінде оқушылардың үлгерімі 11 сыныпта 0,22 артты, яғни 10,5% - ға өскенін көруге болады (9-сурет).


Демек, оқушылардың экологиялық білімді меңгеру деңгейі мұғалімнің сабақ барысында түсіндірілген жаңа тақырыпты бекіту үшін логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын оқытудың инновациялық әдістерінің көмегімен логикалық есептерді қолдана білуіне тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет