*Этика және академиялық адалдық
Студенттер қарым-қатынаста сыпайылық көрсетіп, басқа студенттердің ар-намысы мен құқығына, меншігіне сыйластықпен қарайды, өз ортасында барлығына жайлы ахуал жасайды деп күтіледі.
Академиялық біртұтас орта өзіне және өзгелерге, азаматтық қоғам үшін аса қажет. Академиялық адалдық ақпаратты бұрмалауды, бүркемелеуді немесе алдамауды білдіреді. Адалдыққа жатпайтын деректерге алдау немесе көшіру, плагиат, басқа адамның жұмысын өзіне меншіктеп көрсету, Ғаламтордан алынған ақпаратты сілтемесіз пайдалану, емтиханды бөтен студенттің тапсыруы, басқа студенттің жұмысының көшірмесін жасап алу, академиялық адалдыққа қайшы әрекеттерге жол беру жатады.
Академиялық адалдықты бұзу құқықбұзушылық дәрежесіне қарай тапсырма/тестілеуден бастап, жалпы курс үшін «Ғ» деген баға қойылып жазаланады. Академиялық адалдықты бұзушылыққа қатысты бұлтартпас деректер және/немесе олардың қайталануы қатаң тәртіп санкцияларына әкеліп, уақытша аластату немесе босату шараларымен жазалануы мүмкін.
Оқыту философиясы мен әдіснамасы
«Қазақ тілі» курсының басты мақсаты тілдік және сөйлеу құзыретін дамыту болғанмен, оқытушы университетте білім алуға қажетті тұлғааралық және академиялық дағдыларын дамытуға да ықпал етеді.
Оқу процесі түрлі тәжірибе мен білім, сан алуан оқу стилі мен қызығушылықтар, сондай-ақ идеялармен еркін алмасу және өзіндік талдау бар жерде жақсы жүреді.
Бірлесе оқу әдісі оң әрі достық ахуал жасап, студенттердің өзара бір-бірімен білімдерімен алмасып, бірінен бірі үйреніп, білімдерін нығайтуына оң әсер ете алады.
Ал процеске бағдарланған оқыту - студенттерді оқытудың тағы бір қыры. Бұл демек, жазбаша тілді даму процесінің көрсеткіші ретінде қарастыру.
Сонымен қатар, оқытушы студенттермен өзара түсініспеншілік қалыптастырып, студенттердің назарын оқуға аудару үшін және оқуға қажетті ахуалдың ашықтығын жасау үшін өз ойының ізгі екенін көрсете алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |