Қалталық портативті компьютерлер жəне органайзерлер (ҚДК, handhelds, personal
digital assistants – PDA) – сіздің алақаныңызға немесе қалтаңызға сиятын шағын
компьютер, бірақ жылдамдығы жағынан кейде ноутбуктен кем емес. Барлық
тартымдылығына қарамастан, ҚДк-ң маңызды кемшіліктері бар – ол кішкентай экранда
ақпаратты енгізу жəне оқудың қолайсыздығы.
Мобильді құрылғылар (мобильді телефондар, коммуникаторлар) – бұл əрқайсымыз
дауыстық байланыс үшін пайдаланатын, кез келген ақпаратты жазу, өңдеу немесе
интернетке қол жеткізу үшін жиі қолданылатын құрылғылар. Мобильді құрылғының
маңызды параметрлері – дауыстық байланыстың сапасы жəне батареяның қызмет ету
уақыты.
Киілетін компьютерлер (wearable computers) – бұл күнделікті өмірде экзотикалық
құрылғы, бірақ арнайы қолданушылар үшін (мысалы, ғарышкер скафандрына немесе
кардиостимулятора орнатылған) олардың маңызы өте зор. Əрине, олардың жады мен
жылдамдығы үстел компьютерлеріне қарағанда əлдеқайда аз, бірақ өте маңызды фактор
– олардың өте жоғары сенімділігінде.
Нақты уақыттағы жүйелер (real-time systems) – түрлі техникалық, əскери жəне басқа
объектілерді нақты уақыт режимінде басқаруға арналған есептеу жүйелері. Ож-нің,
аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыздандырудың негізгі талаптарымен
сипатталады: жүйенің жауап беру уақытынан асып кетуге жол бермеу, яғни, бұл жерде
жүйенің əдеттегі жұмыс істеуінің күтілетін уақытын қадағалау.
Бақылау сұрақтары:
1.
Жұмыс үстелі немесе портативті компьютер жүйесін құрайтын негізгі компоненттерді
атаңыз.
2.
Компьютерлік жүйедегі порттардың негізгі түрлерін атаңыз.
3. Деректерді сақтаудың үздік түрі қандай?
4. Лазерлі принтерлерге қарағанда сиялы принтерлер жақсыма?
Əдебиеттер:
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы,
412 бб Алматы 2021ж.
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova,
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”,
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 .
6. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., Турганбекова М.М.,
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020
4.
Шевчук
Е.В.,
Шпак
А.В.,
Кольева
Н.
С.
ИНФОРМАЦИОННЫЕ
КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы:
Эверо, 2020.- 108 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition –
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc
Cambridge, MA, COPYRIGHT © 2014.
9. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of
Illinois at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages, Nurpeisova
T.Kaidash ICT,Almaty,Bastay2017
|