82
тек мəнін ғана емес, типін де өзгерте алады. Меншіктеу операторы мынадай түрде беріледі:
а=b мұндағы а – біз бір мəн бергіміз келетін айнымалы, b – айнымалының жаңа мəнін
анықтайтын өрнек. Сценарийде мынадай айнымалылар жазылған болсын делік: var n=3725
var x=2.75 var p=true var s="Программа орындалды" n жəне х айнымалыларының типі number,
р айнымалысының типі – логикалық, s айнымалысының типі string. JavaScript тілінде барлық
141 стандартты жəне тұтынушының өзі анықтайтын функциялар үшін function типі
анықталған. JavaScript объектілері үшін object типі бар.
Оbject типті айнымалылар
объектілерді сақтайтындықтан, оларды жай объектілер деп атай береді. Сценарийлердегі
бөлігінде жəне бөлігінде де сипатталған айнымалылар екеуінде де бірдей
жұмыс істей береді, бұларды осы құжаттағы кез келген сценарий пайдалана алады. Мұндай
айнымалылар глобальді (ауқымды)
деп аталады, ал функция ішінде анықталған
айнымалылар локальді , яғни жергілікті болып саналады.
Өрнектер Өрнектер операциялар (амалдар) таңбаларымен біріктірілген литералдардан,
айнымалылардан жəне жақшалардан тұрады. Өрнектерді есептеу нəтижесінде сан (бүтін не
нақты), сөз тіркесі немесе логикалық типте болатын бір ғана мəн шығады.
Өрнектерде
қолданылатын айнымалылар оған дейін инициалданған болуы керек. Өрнектерді есептеу
кезінде анықталмаған немесе инициалданбаған айнымалылар кездессе қате шығады.
JavaScript тілінде анықталмаған мəнді белгілеу үшін null литералы қолданылады. Егер
айнымалы null мəнін меншіктесе, ол инициалданған болып саналады. Өрнек операндтардан
(мəндер мен айнымалылардан) жəне операциялар таңбаларынан (+, -, *, /) тұрады. Мысалы,
а*b формуласында а жəне b операндтар, * таңбасы – көбейту операциясы.
Операциялар
унарлық (бірорындық) немесе бинарлық (екіорындық) болып екіге бөлінеді. Өрнек +А
түрінде жазылса, ондағы + – унарлық операцияны белгілейді, ал егер ол А + В түрінде
берілсе, ондағы + – бинарлық операцияның орындалатынын көрсетеді. +А өрнегін есептеу А
операндының мəнін есептеп, оған + операциясын қолдану дегенді білдіреді. Ал А+В өрнегін
есептеу төмендегі əрекеттерден тұрады: 1. А жəне В мəндері есептеледі. 2. Операция 1-ші
қадамда табылған операндтар мəндеріне қолданылады. Есептелген мəннің типіне қарай
өрнек арифметикалық, логикалық жəне тіркестік типтердің біріне жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: