Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет93/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Логикалық тəсіл. Логикалық тəсілдің негізі ретінде Бульдік алгебра (немесе, жалған, 
ақиқат) қызмет етеді. Логикалық принципке тұрғызылған, жасанды интеллектінің жалпы 
əрбір жүйесі теоремаларды дəлелдеу машинасын ұсынады. Соны- мен қатар негізгі 
берілгендер мəліметтер қорында аксиомалар түрінде, олардың арасындағы қатынастар 
ретінде логикалық шығарудың ережелері түрінде сақталады. Сондай-ақ, осындай əрбір 
машинаның мақсатты генерациялау блогы болады, жəне шығару жүйесі осы мақсатты 
теорема түрінде дəлелдеуге тырысады. Егер мақсат дəлелденса, онда қолданылған 
ережелердің белгіленуі – қойылған мақсатты жүзеге асыруға қажетті əрекеттердің тізбегін 
алуға мүмкіндік береді (мұндай жүйелер сараптаушы жүйелер ретінде белгілі). Мұндай 
жүйенің куаттылығы мақсат генераторының мүмкіндіктері мен теоремаларды дəлелдеу 
машиналары арқылы анықталады.
2) 
Құрылымдық тəсіл ретінде адам миының құрылымын үлгілеу жолымен жасанды 
интеллектіні тұрғызу талпынысын білдіреді. Осындай талпыныстардың бірі Френк 
Розенблатт перцептроны болды. Перцептрондардағы негізгі үлгіленетін құрылымдық бірлік 
ретінде (миды үлгілеудің басқа нұсқалары секілді) нейрон болып табылады. Кейінірек 
нейрондық желілер деп аталатын басқа да үлгілер пайда болды. Бұл үлгілер жеке 
нейрондардың құрылысымен, олардың арасындағы байланыстардың топологиясымен жəне 
оқыту алгоритмдері бойынша ерекшеленді. Нейрондық желілердің ең белгілі нұсқаларының 
ішінде Хопфилд желілерін, стохастикалық нейрондық желілерді, қателікті керу тарату 
арқылы НЖ атауға болады. Кең мағынада мұндай тəсіл коннективизм (жасанды интеллект 
облысындағы тəсілдердің бірі – когнитивтік ғылым) ретінде белгілі.
3) 
Эволюциялық тəсіл. Осы тəсіл бойынша жасанды интеллектінің жүйелерін құру 
кезінде көп көңіл алғашқы үлгіге жəне өзгере алатын ережелерге бөлінеді. Яғни үлгі əр түрлі 
əдістер бойынша құрылуы мүмкін, бұл нейрондық желілер мен логикалық ережелердің 
жиыны жəне кез келген басқа үлгі болуы мүмкін. Сосын компьютер іске қосылады жəне ол, 
үлгілерді тексеру негізінде ең жақсыларын таңдайды, оның негізінде əр түрлі ережелер 
бойынша жаңа үлгілер құрылады. Эволюциялық алгоритмдердің ішінде генетикалық 
алгоритмді нақтылы түрде деп есептеуге болады.
4) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет