Оқу деңгейі
|
Пән циклі
|
Модуль
|
Бакалавриат
|
БДВ
|
Жүйелер мен мүшелердің патологиясы
|
Міндетті пререквизиттер:
|
Қосымша пререквизиттер:
|
Жалпы патология
|
Биохимия, қалыпы физиология, анатомия, гистология
|
Пәннің мақсаты
|
Патофизиология мақсаты - негізгі жүйелердің зақымдалу синдромдарының және симптомдарының даму механизмдерінің түсіндіре отырып, пән бойынша тәжірибелік дағдылар мен шеберлікпен бірге тұрақты білім қалыптастыру.
|
Пәннің қысқаша мазмұны
|
Патологиялық физиология жүйелердің әртүрлі функцияларының бұзылуының себептері мен механизмдерін, сондай-ақ бұзылған функцияларды қалпына келтіру механизмдерін талдауды оқытады. Пән студенттерге олардың жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процестерді және негізгі клиникалық синдромдардың пайда болуының патофизиологиялық механизмдерін түсіну негізінде қалыпты және патологиялық жағдайларда адам ағзалары мен жүйелерін клиникалық тексерудің негіздерін оқытады.
|
Академиялық адалдықты қамтамасыз ету саясаты
|
Академиялық адалдық оқу үдерісіен ұйымдастырудың негізі болып табылады және университеттің Академиялық саясатымен және осы силлабуспен анықталған нақты, әділ және объективті стандарттармен қамтамасыз етіледі. Академиялық адалдықты алға жылжыту және қорғау - білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Пән бойынша барлық жазбаша жұмыстар, олардың сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, плагиатқа тексерудің автоматтандырылған жүйелері арқылы түпнұсқалығына тексерілетін болады. Плагиат анықталған, университетте қабылданған басқалардың және өз жұмыстарына сілтеме жасау ережелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Академиялық адалдық саясатында көзделген академиялық адалдықтың басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылатын болады. Сіз академиялық адалдықты сақтауға жауаптысыз.
Академиялық саясатпен және Академиялық адалдық саясатымен университет сайтында www.zkmu.edu.kz танысуға болады.
|
|