Дуальды білім беру бағдарламасы негізіндегі шетел тілін оқытудың ерекшеліктері
Г.Р.Нұрекешова – филология ғылымдарының кандидаты
Н.Қ.Жанұзақова –АЯ-11-1 оқу тобының студенті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Дуальное обучение - вид обучения, при котором теоретическая часть подготовки проходит на базе образовательной организации, а практическая - на рабочем месте.
Предприятия делают заказ образовательным учреждениям на конкретное количество специалистов, работодатели принимают участие и в составлении учебной программы. Обучающие проходят практику на предприятии без отрыва от учебы.
Тэгтар: өзіндік дүниетаным, жаһандық жаңалықтар, ғаламдық феномен.
Дуальды оқыту жүйесі колледж білім алушылары үшін таптырмас мүмкіндіктердің бірі. Дуалды оқыту жүйесін меңгеру кезінде білім алушының өзіндік дүниетанымы қалыптасады, білім алушының сабаққа деген ынтасы және жауапкершілігі артады, білім алушының өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді.
Дуальды оқыту жүйесі бойынша теориялық оқытудан гөрі тәжірибеге басымдық беріледі, яғни болашақ маманның өз кәсібін жетік меңгеруіне және де жас мамандардың жұмысқа қиындықсыз орналасуына толық мүмкіндігі пайда болып, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша маман даярлаудың дуалдық жүйесін қолдану тәжірибесі ескі жүйеден бірқатар артықшылығы бар екенін көрсетіп отыр. Дуалдық жүйемен оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістері теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты азайтатыны, дуалдық жүйенің механизмінде маманның жеке тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын қалыптастыру жатқандығы байқалады.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейімен анықталатыны белгілі. XXI ғасыр – жаһандық жаңалықтар мен білімнің дәуірлеу ғасыры, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айырықша маңызды рол атқарады.
Колледжде білім алып жатқан мамандарды кәсіби бағыттағы стандарттарға негіздей отырып даярлау және экономикалық қажеттіліктермен өзара байланыстыру қазіргі таңда орын алып отырған негізгі міндеттіліктер.
Болашақ мамандар білім сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына тікелей байланыстылығын теория мен практиканың ұштасуынсыз нағыз маманның қызметтік тәжірибесі толық қалыптаспайтынын сезінеді.
Қазіргі қоғам өз мүшелерінен тек тапсырманы орындаушы ғана емес, олардан бәсекеге қабілетті, белсенді, шапшаң, өмір өзгерістеріне тез бейімделе алатын, дұрыс шешім қабылдай отырып, мәселелерді шеше алатын мамандардың болуын қажет етеді. Ол үшін бүгінгі білім алушы өмір өзгерістеріне тез бейімделіп, әр түрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатындай тұлға ретінде қалыптастыруымыз қажет.
Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.
Қазіргі таңда байланыс пен шығармашылыққа оқытуға негізделген коммуникативті-бағдарлау әдістемесінің орны бөлек. Шетел тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің практикада кең қолданылуын, білім беру процесін жетілдіру бағытында дамыта оқыту идеяларын пайдалану, оқу процесінің озық түрлері мен әдістерін ұйымдастыру, білімді игерудің механикалық тұрғысынан өз бетімен білім алу түріне өтуін қамтамасыз ететін білім беруді ақпараттандыру қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру процесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды оқытып шығару - казіргі өзекалды міндет. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шетел тілін меңгерген білікті мамандардың қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана емес, сонымен қатар қоғамның тарапынан шетел тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы. – Алматы. – 2008. – 11 б.
2. Шетел тілін оқыту әдістемесі №5, 2007ж, 6 бет.
3. Шетел тілін оқыту әдістемесі №4, 2008ж, 27 бет.
4. Мектептегі шет тілі №3, 2006ж, 44 бет.
5. Өстеміров К. Қазіргі білім бері техникалары.-Алматы:АГТУ, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |