Білім беру бағдарламасына арналған км 01 «Әр түрлі жер пайдалану бойынша жергілікті жер аумағын жобалау, ұйымдастыру және орналастыру»


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі



бет4/4
Дата11.09.2023
өлшемі240.5 Kb.
#477205
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Силлабус 48 сагат 116 геобот

Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі

Жұмыс түрлері

Позициялар

Бағалар

Балл

Пайыз %

Аудиториялық сабақтар, соның ішінде:




Дәріс

Конспектілеуі, белсенділігі

100

100

Зертханалық сабақ

Орындауы, сапасы, белсенділігі

100

100

Тәжірибелік сабақ

Белсенділігі, үй тапсырмасын орындауы

100

100

Межелік бақылау




1) Бақылау жұмысы
2) Бақылау жұмысы

7 апта
15 апта

100
100

100
100

СӨЖ







График (апта)

Позициялар

Бағалар

СӨЖ түрлері**

Тапсырманы беру

Жұмысты қабылдау

Орындауы және мерзімінде тапсыруы

Балл

Пайыз %

1.

2.


1 аптада

8 аптада



7 аптада

15 аптада



100

100


100

100


Ағымдық бақылау – АБ1 (ағымдағы (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 7 апта

100

100

Ағымдық бақылау – АБ2 (ағымдағы (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 15 апта

100

100

Қорытынды бақылау (ҚБ)
Сынақ *С

Сынақ тапсырмалары тест түрінде болады ( 4 нұсқа 25 сұрақ).

100

100

Барлығы




100

Білім алушы әрбір пәннен алған қорытынды бағасы келесі формуламен анықталады:





Мұнда, ҚБ – пәннің қорытынды бағасы;
АБ1 және АБ2 – 1 және 2 ағымдық бақылау;
Е – емтихан бағасы (100 балдық шкаламен).
Білім алушыға сынақ кітапшасына және транскриптісіне «EduPage» бағдарламасына енгізілгеннен кейінгі қорытынды баға әріптік және сандық баламамен қойылады

Білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау





Әріптік бағалау

Сандық баламасы

Пәнді меңгерудің пайыздық мөлшері%



Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы




В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24



СӨОЖ орындау үшін әдістемелік нұсқау


Реферат – тақырып бойынша тапсырманы А4 форматқа жалпы беті 10-12 болатын көлемде, рефраттың мазмұнында кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі болуы қажет. Толық талпқа сай жазылған реферат топ ішінде талқылауға салынып, оқытушымен бағаланады.
Баяндама – тақырыпты 5-7 минутқа сыйдырып қысқаша баяндама ретінде жазып, оны аудитория алында қорғау керек.
Ауызша жауап – берілген үй тапсырмасы конспекті ретінде жазылып, ол оқытушымен білім алушы арасында пікір ретінде талқыланады. Конспект – оқытушы үйге семинар ретінде берген тапсырмаларды білім алушылар жазып, оны оқытушыға тексертеді.
Жазбаша жұмыс – бірнеше тақырып бойынша сұрақтар беріліп, оған білім алушылар жазбаша жауап береді.
Презентация - тақырыптар бойынша әрбір білім алушыға немесе білім алушы тобына тапсырма біріледі және олар жасаған жобаларын топ алдында қорғайды.


Сөздік (Глоссарий).


Геология жердің қыртысын және ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешені..
Рельеф жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы.
Генезис белгілі бір заттың, құбылыстың тууы мен онан әрі дамуын бейнелейтін ұғым.
Коллоидтар (грек. kolla – желім және eіdos – түр) – бөлшектерінің мөлшері 10–7 – 10–5 см болатын жоғары дисперстік (микрогетерогендік) жүйелер. Мелиорация — жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы


Негізгі әдебиеттердің тізімі

  1. Мирзадинов Р. А., Үсен Қ., Торғаев Ə. Ə., ж.б.-Топырақтану: оқу құралы / Алматы, 2015.

  2. Жамалбеков Е. Топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы: Алматы: Қазақ университет, 2016.

  3. Шилибек С. Қ. Топырақтану жəне топырақтар механикасы 2019 .



Қосымша әдебиеттердің тізімі



  1. Жамалбеков Е. У.; Бильдебаева Р. М., Бигалиев А. Б. Жалпы топырақтану. – Алмата, 2015

5. Тазабеков Т. Т. Топырақтың құнарлылығы. – Алматы, 2015 6. Добровольский В. В. География почв с основами почвоведения. 2017.


Әдістемелік нұскаулар

14. Геоботаника негіздері Мүхитдинов Н.М 15. топырақтану және геология негіздері оқулық Тайжанов, Ш. Т., Амралин, А. У., Қошқаров, Н. 16. Сакен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Астана 2015




Қорытынды емтихан тесттер

1. Топырақ ауасы құрамындағы көмірқышқыл газы (CO2):


A) негізінен жауын-шашын әсерінен түзіледі
B) мөлшері 10-19% болғанда, өсімдіктерге тиімді
C) негізгі қоры минералдық тыңайтқыштар енгізгенде түзіледі
D) атмосфера ауасы құрамымен салыстырғанда 10 есе көп
E) мөлшері орта есеппен 0,003%
F) атмосфера ауасы құрамымен салыстырғанда 10 есе аз
G) мөлшері орта есеппен 0,3%
H) негізінен биологиялық үрдіс кезінде түзіледі

2. Арнайы топырақтану бағытындағы салалар:


A) топырақ тарихы
B) топырақ картографиясы
C) физика
D) экологиялық топырақтану
E) инженерлік топырақтану
F) минерология
G) ауылшаруашылық топырақтануы
H) топырақты қорғау

3. Топырақ құнарлылығын қалыптастыратын топырақтың физикалық


қасиеттеріне жатады:
A) радиоактивті элементтер мөлшері
B) тотығу-тотықсыздану потенциалы
C) топырақ реакциясы
D) химиялық құрамы
E) гранулометриялық құрамы
F) микроағзалардың ферменттік белсенділігі
G) жылулық, ылғалдылық қасиеттері
H) түйіртпектілігі

4. Топырақ түзуші факторлар:


A) радиоактивті заттар
B) топырақтың қарашіріндісі
C) микроэлементтер
D) жер бедері, аналық тау жынысы
E) топырақ биотасы
F) топырақтың жаңа жарандылары
G) климат, уақыт
H) техникалық прогресс

5. Қазақстанның таулы аумақ топырақтары:


A) Солтүстік Қазақстан аумағында орналасқан
B) топырақтардың ендік таралу заңдылығына сәйкес орналасқан
C) топырақтардың тік аймақтық таралу заңдылығына сәйкес орналасқан
D) аумағы 57,4 млн га
E) интрааймақтық топырақтар ғана орналасқан
F) республика жер аумағының 13,6 %-ын алып жатыр
G) республика жер аумағының 53 %-ын алып жатыр
H) аумағы 37 млн га

6. Топырақ коллоидтары потенциал анықтаушы иондар қабатының


зарядына байланысты топырақта кездеседі:
A) органикалық-минералды коллоидтар
B) амфолитоидтар
C) гидрофильді коллоидтар
D) минералды коллоидтар
E) органикалық коллоидтар
F) гидрофобты коллоидтар
G) ацедоидтар
H) базоидтар

7. Топырақтың жылу қасиеттері:


A) жылу алмастырғыштығы
B) жылуға төзімділігі
C) жылу сіңіру
D) тоңазуы
E) жылу өткізгіштігі
F) жылу сүйгіштігі
G) жылу тартымдылығы
H) жылу сыйымдылығы

8. Қара топырақтың типшелері:


A) оңтүстік
B) күлгінденген, сілтісізденген
C) глейленген, шымданған
D) шымтезектенген
E) нағыз, кәдімгі
F) батпақты, сор
G) батыс
H) солтүстік

9.Топырақтыңтотығу-тотықсыздануқұбылымы:


A) топырақ түзілуінің жылдық мерзімі ішінде топырақ кескінінде
қалыптасқан тотығу-тотықсыздану құбылыстары қарқынының
салыстырмалысипаттамасы
B) топырақтағы тотығу-тотықсыздану үрдістерінің динамикасына
байланысты
C)6типкежіктеледі
D) 1 г топырақты 1°С-қа қыздыру үшін қажет жылу калориясымен
сипатталады
E) топырақтың ауа, ылғалдылық, жылу және микробиологиялық
құбылымдарыәсеретеді
F) топырақта болып жатқан барлық химиялық, физикалық-химиялық
үрдістердіңжиынтығы
G)тек ылғалды, батпақты топырақтарда ғана алыптасады
H) барлық топырақтарда бірдей шамада болатын тұрақты құбылым

10.Топырақ құнарлылығына биологиялық баға беру:


A)топырақтардыморфологиялық-генетикалықжіктеу
B)жербедерініңбиіктігінанықтау
C)органикалық тыңайтқыштарды өндіру мен тасымалдауда кеткен
шығыдарды есептеу
D)топырақтың өсімдік фотосинтезі өнімділігін қуаттай алатын қасиетін
көрсетеді
E)өсімдіктердің жылына орташа есеппен осы топырақта өсіп-өнгенде
қанша биологиялық өнімділік түзе алатын мәнін есептеу
F)морфологиялық белгілері мен аналық тау жыныстарын сипаттау
G)топырақта таралған жаңа жарандыларды, кірме заттарды санау
H) топырақ құнарлылығының сандық мән көрсеткішін сипат.

10.Генетикалық топырақтанудың негізін қалаған кім:



  1. Вильямс В.Р.

  2. Сибирцев Н.М.

  3. Костычев П.А.

  4. Докучаев В.В

  5. Тюрин Р.И.

11. Топырақ агрегаттарының қандай мөлшері макро құрылымды:

  1. 10 мм-ден жоғары

  2. 10-0,25 мм

  3. 0,25-0,01 мм

  4. 0,01-0,001 мм

  5. 0,001 мм-ден жоғары

12. Топырақтар қандай тау жыныстарында түзіледі:

  1. магмалық

  2. метоморфтық

  3. шөгінді

  4. интрузивті

  5. эффузивті

13. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін көрсет:

  1. құрылысы; қалыңдығы

  2. құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы, механикалық құрамы

  3. құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы

  4. құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы, механикалық құрамы, қалыптасуы, жаңа жарандылар мен кіріспелер

  5. құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы, механикалық құрамы, қалыптасуы, жаңа жарандылар мен кіріспелер, кеуектілік,

14. Өзендердің жайылуы нәтижесінде шөккен топырақ түзуші жыныстар қалай аталады:

  1. элювий

  2. делювий

  3. пролювий

  4. аллювий

  5. морена

15. Тау жыныстарының бұзылуының қандай түрлері бар:



  1. химиялық, физикалық

  2. химиялық, физикалық, биологиялық

  3. химиялық, антропогендік, биологиялық

  4. биологиялық, физикалық

  5. химиялық, биологиялық,

16. Физикалық балшыққа жататын бөлшектердің мөлшері қандай:

  1. 0,0001 мм-ден кіші

  2. 0,001 мм-ден кіші

  3. 0,01 мм-ден кіші

  4. 0,1 мм-ден кіші

  5. 1мм

17. Мөлшері қандай топырақ элементтері тастар деп аталады:

  1. 3 мм-ден ірі

  2. 3-1 мм

  3. 1-0,05

  4. 0,05-0,0005 мм

  5. 0,0005-0,0001 мм

18. Тау етегінде қысқа мерзімді күшті су және сел тасқындарынан кейін шөккен жыныстар қалай аталынады:

  1. элювий

  2. делювий

  3. пролювий

  4. аллювий

  5. морена

19.Физикалық құмға жататын топырақ бөлшектерінің мөлшері қандай:

  1. 0,001 мм-ден ірі

  2. 0,01 мм-ден ірі

  3. 1 мм-ден ірі

  4. 2 мм-ден ірі

  5. 10 мм-ден ірі

20.Мұз жылжуымен орын ауыстырған әртүрлі жыныстардың бұзылу өнімдері қалай аталынады:

  1. элювий

  2. делювий

  3. пролювий

  4. аллювий

  5. морена

21.Механикалық құрамы қандай топырақтардың су ұстау қабілеті төмен:

  1. құмды, құмайт

  2. жеңіл құмбалшық, орташа құмбалшық

  3. жеңіл балшықты, орташа балшықты

  4. ауыр құмбалшықты

  5. ауыр балшықты

22.Топырақтың органикалық заттарының негізгі көздерін көрсет:

  1. микроорганизмдер қалдықтары

  2. топырақ фаунасы қалдықтары

  3. топырақ фаунасы және микроорганизмдер қалдықтары

  4. жасыл өсімдіктер қалдықтары

  5. жасыл өсімдіктер, микроорганизмдер, топырақ фаунасы қалдықтары

23.Қарашіріктің құрамына қандай заттар енеді:

  1. фульвоқышқылдары, гуминқышқылдары

  2. гуминқышқылдары және гумин

  3. фульвоқышқылдары, гумин қышқылдары, гумин

  4. фульвоқышқылдары, гумин қышқылдары, гумин және гиматомелан қышқылы

  5. фульвоқышқылдары және гумин

24.Топырақ кеуектілігі жақсы жырту қабатын көрсет:

  1. жеңіл құмбалшықты қара топырақ

  2. жеңіл балшықты қара топырақ

  3. құмдақ қара топырақ

  4. жеңіл құмбалшықты қоңыр топырақ

  5. құмдақ қара топырақ

25.Топырақ құнарлығындағы құрылымның маңызын терең зерттеген ғалым:

  1. Докучаев В.В

  2. Костычев П.А.

  3. Вильямс В.Р

  4. Гедройц К.К

  5. Качинский П.А

26.Топырақтың кеуектілігі қанағаттанарлық жырту қабатын көрсет:

  1. 70 %-тен жоғары

  2. 65-55 %

  3. 55-50 %

  4. 50-40 %

  5. 40 %-тен төмен

27.Мегақұрылымға жататын топырақ агрегаттары мөлшерін көрсет:

  1. 10 мм-ден жоғары

  2. 10-0,25 мм

  3. 0,25-0,01 мм

  4. 0,01 мм-ден төмен

  5. 0,001 мм

28.Топырақ құрылымының жел эрозиясына төзімді мөлшерін көрсет:

  1. 1 мм-ден жоғары
  2. 0,1 мм-ден жоғары



  3. 0,01 мм-ден жоғары

  4. 0,001 мм-ден жоғары

  5. 1 мм-ден төмен

29.В.В.Докучаев топырақ түзілудің қандай факторларын атап көрсетті:

  1. климат, жер бедері, өсімдіктер

  2. климат, жер бедері, өсімдіктер, топырақ түзуші жыныстар

  3. климат, жер бедері, өсімдіктер, топырақ түзуші жыныстар, уақыт

  4. климат, жер бедері, өсімдіктер, топырақ түзуші жыныстар, уақыт, адамзаттың өндірістік әрекеттері

  5. климат, өсімдіктер

30.Топырақтың негізгі қасиетін көрсет:
а) тығыздық
b) кеуектілік
c) сіңіру қасиеті
d) химиялық қасиеттері
e) құнарлылық

31. Моос шкаласы бойынша ең жұмсақ минерал:





  1. тальк

  2. гипс

  3. апатит

  4. корунд

  5. алмаз

32.Сыртқы механикалық әсерге минералдың кедергі жасау дәрежесі:

  1. түсі

  2. жылтырлығы

  3. жымдастығы

  4. қаттылығы

  5. карбонаттылығы

33.Өзен шөгінділері қалай аталады:

  1. аллювий

  2. делювий

  3. эллювий

  4. морендік

  5. лесстар

25.Желмен жиналған шөгінділер:



  1. лесс

  2. флювиогляциальдік

  3. эолдық

  4. морендік

  5. аллювий

34.Иллювиальды немесе аралық қабат

  1. А

  2. В

  3. С

  4. Д

  5. Е

35.С.А. Захаров бойынша құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр үш ось бойымен қалыптасқан құрылым:

  1. куб тәріздес

  2. призма тәріздес

  3. плита тәріздес

  4. қабыршақты

  5. бағаналы

36.Құрамындағы физикалық балшық мөлшері 70 % топырақ:

  1. құмдақ

  2. құмбалшық

  3. жеңіл балшықты

  4. орташа балшықты

  5. ауыр балшықты

37. Топыраққа қара, күңгірт, сұр бояу беретін заттар:

  1. қарашірік

  2. темір қосындылары

  3. кремний қышқылы

  4. натрий

  5. магний

38.Топырақтың коллоидтық қасиеттерін терең зерттеп, олардың дақылдар үшін маңызын көрсеткен ғалым:

  1. Докучаев В.В

  2. Костычев

  3. Глинка

  4. Коссович

  5. Гедройц

39.Топырақтанудың биологиялық бағытын құрған ғалым:

  1. Глинка

  2. Коссович

  3. Вильямс

  4. Гедройц

  5. Прянишников

40.Жердің температуралық режимінің 99,5% жылу көзі:

  1. күн сәулесі

  2. планетаның қойнауынан көтерілетін жылу

  3. ай сәулесі

  4. вулкан

  5. химиялық реакциялар

41.Жыныспен бір уақытта жер қыртысының терең қабаттарында түзіліп, өзгеріссіз сақталған минералдар:

  1. бастапқы

  2. туынды

  3. авгит

  4. кристал

  5. аралас

42.Топырақтың дамуы неше кезеңдерден өтеді:

  1. 2

  2. 3

  3. 4

  4. 6

  5. 10

43.Механикалық элементтердің 3 мм-ден ірі фракциялары:

  1. тастар

  2. қиыршық тас

  3. құм

  4. тозаң

  5. лай

44.Топырақтың сіңірі қабілетін күшейтетін ұсақ түйіршіктер

  1. минералдар

  2. коллоид

  3. аллювий

  4. сильвинит

  5. магма

45.Коллоидтар түзілуінің неше түрлі жолы бар

  1. 2

  2. 4

  3. 6

  4. 8

  5. 10

46.Коллоидтардың топырақтағы қоймалжың ерітінді түріндегі күйі

  1. гель

  2. золь

  3. пептизация

  4. коагуляция

  5. седиментация

47.Коллоидтардың топырақтағы қоймалжың тұнба түріндегі күйі

  1. гель

  2. золь

  3. пептизация

4.коагуляция
48.Топырақ ауасының атмосфера ауасымен газ алмасу процесі

  1. пептизация

  2. коагуляция

  3. седиментация

  4. нитрификация

  5. аэрация

49.Топырақ ауасы топырақта қандай күйлерде болуы мүмкін

  1. бос, адсорбцияланған, ерітінді

  2. газ, ерітінді; қатты

  3. бос, сығылған

  4. адсорбцияланған, ерітінді

  5. байланысқан, адсорбцияланған, ерітінді

50.Ауа режиміннің тәуліктік динамикасында ауа құрамының өзгеруі қанша процент

  1. 5-10%

  2. 10-15%

  3. 15-20%

  4. 20-30%

  5. 40-50%

51.Топыраққа енген және топырақтан шығарылған жылу арасындағы айырмашылық

  1. температура режимі

  2. альбедо

  3. диффузия

  4. радиациялық баланс

  5. жылу өткізгіштік




Ф ЕАК 03.04-06.01 Оқу жұмыс бағдарламасы. Бірінші басылым


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет