Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы



бет1/4
Дата29.08.2023
өлшемі84.67 Kb.
#476293
  1   2   3   4
№ 391 бұйрық



Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11716 болып тіркелді.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 24.11.2022 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 11.03.2016 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қоса беріліп отырған жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беретін білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.


Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 24.11.2022 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:


1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрі

А. Сәрінжіпов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________________ Ә.Ө. Исекешев
2015 жылғы 2 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
___________________ М.Ә. Құсайынов
2015 жылғы 30 маусым



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 391 бұйрығымен
бекітілген

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 24.11.2022 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

1.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының мазмұны "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі - №2 бұйрық) сәйкестігі. "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрықпен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі - №348 бұйрық) Орта білім берудің (бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын ескере отырып және білім беру саласындағы салалық біліктілік шеңберін, "Педагог" кәсіптік стандартын ескере отырып әзірленген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

№ 2 және (немесе) № ҚР ДСМ-63 бұйрықтарға сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері.



2.

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 569 бұйрық) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша "Педагогикалық ғылымдар" бакалавриат кадрларын даярлау бағыты бойынша лицензияның болуы (мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда) немесе бітірушілердің Ұлттық біліктілік тестін "Педагогикалық ғылымдар" даярлау бағыттарының білім беру бағдарламаларын бітірген жылы орташа республикалық көрсеткіштен төмен емес нәтижелермен.





3.

Білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы, оқытушылар білімінің оқытатын пәндер бейініне және/немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағының (бар болған жағдайда) оқытатын пәндер бейініне сәйкестігі. Кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын оқытушылардың үлесі – кемінде 60 %;

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



4.




Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



5.

Кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі және/немесе кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санының кемінде – 50 %;

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



6.

Оқу және ғылыми әдебиет кітапхана қорының болуы: соңғы он жыл ішінде кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасы пәндерінің 100%-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында болуы;



Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша оқу және ғылыми әдебиеттердің кітапхана қоры бейіндеуші компонент пәндерін қоспағанда, соңғы 10 жылдағы білім беру бағдарламасының 100% пәндерін қамтамасыз ететін оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында болуы

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

7.

ЖЖОКББҰ оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның болуы. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында - білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі.

Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пунктінің болуына рұқсат етіледі.

8.

ЖЖОКББҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары білім алушылары үшін тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысы болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі.

9.

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер: өрт-күзет жабдығы бар (ЖЖОКББҰ өрт қауіпсіздігі жабдығының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін ұйымдармен келісім-шарттың болуы) мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 % ғимараттар (оқу үй-жайлары); білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органы берген эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның болуы.
"Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағыты бойынша – меншікті немесе шаруашылық жүргізу немесе сенімгерлік басқару құқығында, немесе ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен келісім шарт негізінде жұмыс жасап отырған денсаулық сақтау саласында аккредиттелген клиникалық базалардың, білім беру ұйымдарының клиникасының болуы, медициналық мамандықтар бойынша іске асырылатын медициналық білім беру бағдарламалары үшін жедел басқару құқығындағы аккредиттелген клиникалық базаларымен, клиникаларымен, университеттік ауруханаларымен, резидентура базаларымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымының денсаулық сақтау саласындағы практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен жасалған тиісті меморандумдармен және шарттармен расталған өңірдің денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық орталықтың құрамында болуы.
"Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мамандандырылған аудиториялардың (құрылыс материалдары және құрылыс физикасы бойынша; студиялық сабақтар үшін; гипс фигуралары, сәулет бөлшектері, мольберттер қоры бар макет шеберханасы және т.б.) және шығыс материалдары бар 3D принтерлермен жабдықталған зертханалардың болуы.
"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін дайындық бейініне сәйкес келетін полигонның және атыс тирінің болуы.
"Құқық" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін криминалистикалық полигон мен сот отырыстары залының болуы.

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері. Денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдардың келісім-шарттарының көшірмелері.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы келісім шарттың немесе актінің көшірмесі, немесе өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмелері, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар, эвакуациялау жоспары, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрықтың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 55 бұйрық) 1,2, 3 - қосымшаларына сәйкес қажетті бастапқы өрт сөндіру құралдарының ең аз тізбесі.

Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымы ескеріліп, ЖЖОКББҰ түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі.

10.

ЖЖОКББҰ ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін ғимараттарда жағдай жасауы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтеру құрылғыларымен және баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрасты бояумен бояу, мүгедектігі бар адамдардың автокөліктерін қою үшін орындар бөлу).

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

11.

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, "Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – 595 бұйрық) келетін компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы, кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, жабдықтармен жарақтандырылуы; "Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 570 бұйрық) бекітілген білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорымен (бұдан әрі - ҰБДҚ) сәйкестігі, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін ҰБДҚ жекелеген нысандары бойынша.
Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы. Медициналық бағыттар бойынша кадрлар даярлау үшін денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бекітілген № ҚР ДСМ-63 құзыретті меңгеру үшін жабдықталған симуляциялық кабинеттің (орталық) болуы.
"Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін ақпараттық модельдеу технологиясын іске асыратын мамандандырылған бағдарламалық кешендердің болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, біліктілік талабы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

12.

"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 қаулысымен бекітілген тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы құнының кемінде 30 %-ын құрайтын ақылы негізде бір білім алушыға білім беру ұйымдарының ең төменгі шығындарының сәйкестігі.

Тиісті оқу жылына арналған ең төменгі шығындардың сәйкестігі туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

13.

Оқытушыларға бес жылда кемiнде бiр рет негізгі қызметінен босатылып және көлемі 72 сағаттан кем емес біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарының басшылары үшін бес жылда кемінде бір рет менеджмент саласында біліктілікті арттыру; "Денсаулық сақтау" кадрлар даярлау бағыты бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес; "Сәулет және құрылыс" кадрлар даярлау бағыттары бойынша оқытылатын пәндер бойынша ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау және өндірістік ұйымдарда бес жылда кемінде бір рет; "Өнер" кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытылатын пәндер бойынша білім беру, шығармашылық, ғылыми-зерттеу және басқа мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарда бес жылда кемінде бір рет.

Оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер; білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілік арттыруы оқытылатын пәндердің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі.

14.

Тиісті бейіндегі оқытушылармен және (немесе) кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар даярлық бейіні бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын мамандармен студенттердің дипломдық жұмыстарына (жобаларына) басшылықты жүзеге асыру.

Кадрларды даярлаудың сұратылған бағытының тиісті бейіні бойынша оқытушылардың және (немесе) кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар даярлық бейіні бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын мамандар туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



15.

Азаматтық заңнамаға сәйкес практика базалары туралы мәліметтер, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты үшін – педагогикалық практика базалары бойынша мектепке дейінгі және/немесе бастауыш және/немесе негізгі және/немесе жалпы орта және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен шарттардың болуы.



Практика базалары туралы мәліметтер, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" кадрларын даярлау бағыты үшін-мектепке дейінгі және/немесе бастауыш және/немесе негізгі және/немесе жалпы орта және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен педагогикалық практика базалары бойынша шарттардың болуы. Кадрларды даярлаудың сұратылған бағытына сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен практикадан өтуге және стратегиялық әріптестік туралы шарттардың көшірмелері. Практикадан өту кезінде қолданыстағы шарттың болуы, онда мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

16.

"Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты үшін дуальді оқыту бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, дуалді білім беру ұйымдарымен азаматтық заңнамаға сәйкес шарттардың болуы.

Дуальды оқыту бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен шарттардың көшірмелері



17.

Кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, бұл ретте кадрлар даярлау бағыты бойынша бітірушілердің жалпы санынан бітірген жылы жұмысқа орналасқандардың үлесі – кемінде 50 %, оның ішінде кемінде үш ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілгені – 50 %; "Педагогикалық ғылымдар" кадрлар даярлау бағыты үшін – кемінде 60 %,
Бұл ретте Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда жұмысқа орналасқан түлектердің саны екінші жоғары білім бағдарламалары бойынша, күндізгі оқу нысаны бойынша, резидентурада немесе магистратурада немесе докторантурада оқуын жалғастырған түлектерді қамтиды және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметін атқарып жатқандар.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттардың көшірмесі

Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) қосымшаны алу кезінде білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

18.

Жалпы мұқтаж білім алушылар санынан басқа қаладан келген білім алушылардың кемінде 70 %-ының тұруы үшін (жатақаналар/хостелдер/қонақ үйлер) жағдай жасау

Ұлттық білім беру дектер қоры мәліметтерінің нақты деректерге сәйкестігі

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда жатақханалардың және (немесе) білім беру ұйымының басшысы бекіткен жатақханалармен/ қонақ үйлермен шарттардың болуы туралы мәліметтер.
Жатақхананың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы.

19.

ЖЖОКББҰ соңғы 2 жылда кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы.



Біліктілік талаптары лицензияны алу кезінде білім беру ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

20.

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей, сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, бөтен материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану.
№ 595 бұйрыққа сәйкес бөтен материалды анықтау жүйесінде дипломдық жұмыстарын (жобаларды) сараптамасын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығының базасында сақтау.

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, бөтен материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

2.1. "Магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

21.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № 2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламасының № 2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігі.

№ 2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері.

Білім беру бағдарламасының №2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген жағдайлар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды.

22.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа, кадрларды даярлаудың және шетелдік консультанттарды тартудың тиісті бағыты бойынша әріптес ЖЖОКББҰ мәртебесі бойынша нормаларды көздейтін тиісті даярлау бағыттары бойынша білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің болуы.

Білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен кадрларды даярлаудың және шетелдік консультанттарды тартудың тиісті бағыты бойынша әріптес ЖЖОКББҰ мәртебесі бойынша нормаларды қарастыратын ынтымақтастық туралы келісімдердің көшірмелері. Практикадан өту кезінде келісімнің жарамды болуы тиіс.

Шетел тілінде жасалған келісімдер және/немесе шарттар ұсынылған жағдайда, олардың қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен қоса берілуі талап етіледі.

23.

Кемінде штаттағы төрт оқытушыда:
- кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" және (немесе) "философия докторы (PhD)" және (немесе) бейіні бойынша "доктор ғылыми" дәрежесінің және (немесе) "философия докторы (PhD)" академиялық дәрежесінің болуы;
- "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми дәрежесі ("ғылым кандидаты" және(немесе) "ғылым докторы" және(немесе) "философия докторы (PhD)" және(немесе) бейіні бойынша "доктор" және(немесе) "философия докторы (PhD)" және(немесе) академиялық дәрежесі бар кемінде екі штаттық оқытушының болуы.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



24.

Оқытушылардың білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес қамтамасыз етілуі, оқытушылар білімінің оқытылатын пәндердің бейініне және олардың ғылыми дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағына сәйкестігі. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар сұратылып отырған кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың үлесі және/немесе кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атағы бар оқытушылар - кемінде 70 %; кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – 30 %-дан артық емес; "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" кадрлар даярлау бағыты бойынша: негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі, "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі және/немесе кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және мемлекеттік наградаларымен марапатталған оқытушылар – 50 %-дан кем емес; кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – 50 %-дан артық емес; "Денсаулық сақтау" кадрлар даярлау бағыты бойынша: кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі – кемінде 50 %; кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "магистр" дәрежесі бар және/немесе резидентура бітірген, дәрігердің жоғары/бірінші біліктілік санатты және (немесе) клиникалық практикада кемінде 5 жыл тәжірибесі бар оқытушылардың үлесі – 50 %-дан артық емес;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін: оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар оқытушылардың үлесі кемінде – 40 %;

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



25.

ЖЖОКББҰ оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызмет көрсетуге лицензияның болуы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат етіледі.

26.

ЖЖОКББҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысы болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі.

27.

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер: өрт-күзет жабдығы бар (ЖЖОКББҰ өрт қауіпсіздігі жабдығының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін ұйымдармен келісім-шарттың болуы) мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 % ғимараттар (оқу үй-жайлары); білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету.
Кодекстің 24-бабына сәйкес білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберілген эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның болуы.
"Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағыты бойынша медициналық мамандықтарды жүзеге асыратын медициналық білім беру бағдарламалары үшін – меншікті немесе шаруашылық жүргізу немесе сенімгерлік басқару құқығында, немесе ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен келісім шарт негізінде жұмыс жасап отырған денсаулық сақтау саласында аккредиттелген клиникалық базалардың, білім беру ұйымдарының клиникасының болуы, медициналық мамандықтар бойынша іске асырылатын медициналық білім беру бағдарламалары үшін жедел басқару құқығындағы аккредиттелген клиникалық базаларымен, клиникаларымен, университеттік ауруханаларымен, резидентура базаларымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымының денсаулық сақтау саласындағы практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен жасалған тиісті меморандумдармен және шарттармен расталған өңірдің денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық орталықтың құрамында болуы.

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері. Денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдардың келісім-шарттарының көшірмелері.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы келісім шарттың немесе актінің көшірмесі, немесе өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмелері, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар, эвакуациялау жоспары, № 55 бұйрықтың 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес қажетті бастапқы өрт сөндіру құралдарының ең аз тізбесі.



28.

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, № 595 бұйрыққа сәйкес келетін кітапханамен және компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жабдықтармен, материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен жарақтандырылуы. № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы. және нақты деректердің ҰБДҚ-мен сәйкестігі, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін ҰБДҚ жекелеген нысандары бойынша.
Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Сымсыз технологияларды қоса алғанда біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

29.

Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттарға сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен қамтамасыз етуі.

Техникалық ерекшелікті және жұмыстардың күнтізбелік жоспарын қоса бере отырып, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың көшірмелері. Оқу кезінде жарамды шарттың болуы.

Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

30.

Сұратылған бағыттың бейініне сәйкес келетін "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдардың тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген басылымдарда соңғы бес жыл ішінде 5 ғылыми мақаланың және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded (Сайнс Цитэйшн Индекс Экспандед), Social Science Citation Index (Сошиал Сайнс Цитэйшн Индекс) или Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюмэнитис Цитэйшн Индекс) в Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін магистранттарда "ғылым докторы" немесе "ғылым кандидаты" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі бар оқытушының немесе әскери (арнайы атағы, сыныптық шені) атағы полковниктен төмен емес, оның ішінде кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар отставкадағы полковниктен төмен емес оқытушылардың немесе судья немесе отставкадағы судья немесе негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, кадрларды даярлау бағыты бойынша кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлау бейіні бойынша отандық басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылатын ғылым саласына сәйкес келетін білікті маманның ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.
"Қызмет көрсету саласы", "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар", "Журналистика және ақпарат" кадрларды даярлау бағыттары үшін тиісті бейіндегі оқытушылардың соңғы 10 жылда 5 жыл практикалық жұмыс өтілі бар мамандардың білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына (жобаларына) басшылықты жүзеге асыруы.

Жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын көрсете отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



31.

Білім беру бағдарламасына сәйкес сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базамен қамтамасыз етілу.

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



32.

Тиісті білім беру бағыты бойынша магистранттардың практикадан өту үшін отандық ұйымдармен келісілген шарттармен және ғылыми тағылымдамадан өту үшін жасалған шарттармен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа) қамтамасыз етілуі.

Практика базалары ретінде, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. Шарт оқыту кезінде жарамды болуы тиіс.

Шет тілінде ғана жасалған шарттар ұсынылған жағдайда, олардың қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен қоса берілуі талап етіледі.

33.

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану.
№ 595 бұйрыққа сәйкес бөтен материалды анықтау жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығының базасында сақтау.

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат.

Біліктілік талабы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

2.2. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (резидентура) білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін

34.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № ҚР ДСМ-63 бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

№ ҚР ДСМ-63 бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша клиникалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының көшірмелері.



35.

ЖЖОКББҰ оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат етіледі.

36.

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер: өрт-күзет жабдығы бар (ЖЖОКББҰ өрт қауіпсіздігі жабдығының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін ұйымдармен келісім-шарттың болуы) мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 % ғимараттар (оқу үй-жайлары); білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету.
"Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағыты бойынша – меншікті немесе шаруашылық жүргізу немесе сенімгерлік басқару құқығында, немесе ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен келісім шарт негізінде жұмыс жасап отырған денсаулық сақтау саласында аккредиттелген клиникалық базалардың, білім беру ұйымдарының клиникасының болуы, медициналық мамандықтар бойынша іске асырылатын медициналық білім беру бағдарламалары үшін жедел басқару құқығындағы аккредиттелген клиникалық базаларымен, клиникаларымен, университеттік ауруханаларымен, резидентура базаларымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымының денсаулық сақтау саласындағы практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен жасалған тиісті меморандумдармен және шарттармен расталған өңірдің денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық орталықтың құрамында болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Ғимараттарға және клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдардың келісім-шарттарының көшірмелері.

Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, ЖЖОКББҰ түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі.

37.

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, № 595 бұйрықпен бекітілген кітапханамен және компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, кадрлар даярлау бағытының оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, жабдықтармен жарақтандырылуы. № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы. және нақты деректердің ҰБДҚ-мен сәйкестігі, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін ҰБДҚ жекелеген нысандары бойынша.
Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



38.

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі бар кемінде екі маманның; немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі бар кемінде бір маманның және негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, даярлау бейіні бойынша жоғары дәрігерлік санаты бар, ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес, клиникалық жұмысы 5 жылдан кем емес, сұратылып отырған кадрларды дайындау бағыты бойынша уәкілетті органмен ұсынылған отандық басылымдарда және сұратылып отырған кадрларды дайындау бағыты бойынша шетелдік басылымдарда 4 ғылыми жарияланымның авторы болып табылатын және оқу құралдары бар бір маманның болуы.

Жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын, оқулықтары мен оқу құралдарын көрсете отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



39.

Резидент-дәрігерлерді "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі немесе кадрларды даярлаудың сұралып отырған бағыты бойынша кемінде 5 жыл клиникалық жұмыс өтілі бар жетекші мамандар, оқытушылар қатарынан тәлімгерлер ретінде даярлауды жүзеге асыру.

Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдары мен оқулығын және оқу құралын көрсете отырып, ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



40.

Тиісті клиникалық даярлау мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-әдістемелік, клиникалық, материалдық-техникалық базаның болуы.

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базаның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



41.

"Клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйым клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21848 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес кадрларды даярлаудың сұратылып отырған бағыты бойынша резидентура базаларымен келісімшарттардың және жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық серіктестік туралы меморандумдардың болуы.

Резидентура базалары ретінде айқындалған толық оқу кезеңін қамтитын, ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған шарттардың көшірмелері



42.

Оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы: соңғы он жылда кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламасы пәндерінің 100 %-ын қамтамасыз ететін баспа және электрондық басылымдар форматында, оның ішінде оқыту тілдері бойынша басып шығарылған.
Дәлелді медицина бойынша халықаралық дерекқорларға қолданыстағы институционалдық жазылудың болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша оқу және ғылыми әдебиеттердің кітапхана қоры бейіндеуші компонент пәндерін қоспағанда, соңғы 10 жылдағы білім беру бағдарламасының 100% пәндерін қамтамасыз ететін оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында болуы

2.3. "Философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметі үшін

43.

Білім беру бағдарламасының №2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын сәйкестігі.

№2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері.



44.

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы немесе әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар немесе әділет кеңесшісі кластық шенінен төмен емес, немесе судья немесе отставкадағы судья оқытушылардың үлесі 100 %-дан

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



45.

Білім алушыларды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



46.

Білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау.

Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтандыру объектісі бойынша қорытындыларының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



47.

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер: өрт-күзет жабдығы бар (ЖЖОКББҰ өрт қауіпсіздігі жабдығының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін ұйымдармен келісім-шарттың болуы) мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 % ғимараттар (оқу үй-жайлары); білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

Білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыруға байланысты лицензия алған немесе лицензияны қайта ресімдеген кезде алаңды есептеу оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, ЖЖОКББҰ түрлері бойынша білім алушылардың ең аз контингентіне белгіленген нормаларға сүйене отырып жүргізіледі.

48.

Оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базалармен, кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен, кітапханамен жарақтандырылуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



49.

Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлау бейіні бойынша отандық басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдардың және оқу құралының авторы болып табылатын кадрларды даярлаудың әрбір ғылыми бағыты бойынша кемінде бір "ғылым докторының" немесе кемінде екі "ғылым кандидатының", не "философия докторларының (PhD)" не "бейіні бойынша докторлардың" болуы.

Жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын, дайындалған оқулықтар мен оқу құралдарын көрсете отырып, тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша ғылыми басшылықты жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



50.

Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы.

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



2.4. "Философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

51.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № 2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігі..
Медициналық мамандықтары бойынша іске асырылатын медициналық білім беру бағдарламалары үшін "Денсаулық сақтау" кадрлар даярлау бағыты бойынша алдыңғы деңгейлерде кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы (интернатурасы бар бакалавриат, магистратура, резидентура); білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № ҚР ДСМ-63 бұйрыққа сәйкес бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

№ 2 және (немесе) № ҚР ДСМ-63 бұйрықтарымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқудың толық кезеңіне әзірленген кадрларды даярлаудың сұралатын бағытына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесі.

Білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының № 2 бұйрықпен бекітілген және (немесе) № ҚР ДСМ-63 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген шарттар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды.

52.

Оқу жоспарының пәндеріне сәйкес оқытушылармен қамтамасыз етілуі, оқытушылар білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі, сондай-ақ олардың "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесінің немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "қауымдастырылған профессор" (доцент), немесе "профессор" ғылыми атағының оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және мемлекеттік марапаттары бар оқытушылардың үлесі кемінде 80 %.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



53.

Кемінде 5 штаттық оқытушыда:
- кадрларды даярлау бағыты бойынша "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" және(немесе) "философия докторы (PhD)" және (немесе) бейіні бойынша "доктор ғылыми" дәрежесінің және(немесе) "философия докторы(PhD)" академиялық дәрежесінің болуы;
- соңғы 5 жылда рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда кемінде 3 (үш) мақаланың және/немесе шолудың болуы:
1) 8D05 "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", 8D06 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", 8D07 "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", 8D08 "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", 8D09 "Ветеринария", 8D10 "Денсаулық сақтау", 8D11 "Қызмет көрсету кадрларды даярлау" бағыттары бойынша – Clarivate (Кларивэйт) компаниясының Journal Citation Reports (Журнал Цитайшн Репортс) деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе білім беру бағдарламасына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 50 (елу) процентиль көрсеткіші бар басылымдарда;
2) кадрларды даярлаудың қалған бағыттары үшін Clarivate (Кларивэйт) компаниясының Journal Citation Reports (Журнал Цитайшн Репортс) деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе білім беру бағдарламасына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентиль көрсеткіші бар басылымдарда;
Көрсетілген 5 штаттық оқытушының кемінде 2-уінде:
- ғылыми дәрежесі бар ("ғылым кандидаты", "ғылым докторы", "философия докторы (PhD)", бейіні бойынша "доктор") немесе "философия докторы (PhD)", бейіні бойынша "доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" дәрежесі) бар даярланған тұлғаларының болуы;
-кадрларды даярлау бағытына байланысты жоғарыда көрсетілген 1) және 2) тармақшалардың талаптарын қанағаттандыратын басылымда мақаланың және/немесе шолудың соңғы 5 жылдағы корреспондент-авторлары немесе бірінші (негізгі) авторлары болуы;
- және (немесе) соңғы 3 жылда мемлекеттік бюджеттен табысты орындалған ғылыми жобалар мен бағдарламалардың басшылары және/немесе орындаушылары болуы қажет.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



54.

ЖЖОКББҰ оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызмет көрсетуге лицензияның болуы. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат етіледі.

55.

ЖЖОКББҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін - білім алушылар үшін тамақтандыру объектісінің болуы

Санитариялық қағидаларға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысының нормаларына сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі.

56.

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер: өрт-күзет жабдығы бар (ЖЖОКББҰ өрт қауіпсіздігі жабдығының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін ұйымдармен келісім-шарттың болуы) мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 % ғимараттар (оқу үй-жайлары); білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету.
"Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағыты бойынша – меншікті немесе шаруашылық жүргізу немесе сенімгерлік басқару құқығында, немесе ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен келісім шарт негізінде жұмыс жасап отырған денсаулық сақтау саласында аккредиттелген клиникалық базалардың, білім беру ұйымдарының клиникасының болуы, медициналық мамандықтар бойынша іске асырылатын медициналық білім беру бағдарламалары үшін жедел басқару құқығындағы аккредиттелген клиникалық базаларымен, клиникаларымен, университеттік ауруханаларымен, резидентура базаларымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымының денсаулық сақтау саласындағы практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен жасалған тиісті меморандумдармен және шарттармен расталған өңірдің денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық орталықтың құрамында болуы. Кодекстің 24-бабына сәйкес білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберілген эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, ЖЖОКББҰ түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі.

Ғимараттарға және клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдардың келісім-шарттарының көшірмелері.

57.

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, № 595 бұйрыққа сәйкес келетін кітапханамен және компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жабдықтармен, материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен жарақтандырылуы. № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы. және нақты деректердің ҰБДҚ-мен сәйкестігі, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін ҰБДҚ жекелеген нысандары бойынша.
Edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



58.

Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасасқан шарттары негізінде қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен қамтамасыз ету.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың және оларға қоса жұмыстардың техникалық ерекшелігі мен күнтізбелік жоспарының көшірмелері. Техникалық ерекшелік және күнтізбелік жұмыс жоспары қосымшалары бар шарт оқу кезінде жарамды болуы тиіс.



59.

Ғылыми жетекшілікті "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі бар: - 8D05 "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", 8D06 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", 8D07 "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", 8D08 "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", 8D09 "Ветеринария", 8D10 "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыттары бойынша Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор коллекция), JCR (ЖСР) деректері бойынша 1, 2, 3-квартильге кіретін немесе СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын не Хирш индексі 2 және одан көп халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 мақаланың;
- қалған даярлау бағыттары бойыншпа ғылыми басылымдар тізіліміне енгізілген бейіні бойынша басылымдарда 5 ғылыми мақаланың және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded (Сайнс Цитэйшн Индекс Экспандед), Social Science Citation Index (Сошиал Сайнс Цитэйшн Индекс) или Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюмэнитис Цитэйшн Индекс) в Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін не СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының жүзеге асыруы.

Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын көрсете отырып, ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



60.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік және (немесе) ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық туралы және кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша әріптес ЖЖОКББҰ мәртебесі, шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша нормаларды көздейтін азаматтық заңнамаға сәйкес шарттардың болуы.

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты, шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша әріптес ЖЖОКББҰ мәртебесі бойынша нормаларды көздейтін аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың көшірмелері. Келісім оқу кезінде жарамды болуға тиіс.



Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері.

61.

Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базалардың болуы.

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



62.

Кадрлар даярлау бағыты бойынша докторанттардың практикадан өтуі үшін отандық ұйымдармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған азаматтық заңнамаға сәйкес шарттармен қамтамасыз етілуі.

Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. Шарт оқу кезінде жарамды болуға тиіс.

Шетел тілінде жасалған шарттар ұсынылған жағдайда, олардың қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен қоса берілуі талап етіледі.

63.

Зертханалармен немесе олармен жасалған шарттармен қамтамасыз етілуі (келесі кадрларды даярлау бағыттарымен байланысты: "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Денсаулық сақтау".

Зертханалардың аккредиттеу туралы куәліктерінің көшірмелері немесе осындай зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері.



64.

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану. № 595 бұйрыққа сәйкес бөтен материалды анықтау жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығының базасында сақтау.

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат.

Біліктілік талабы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

3. Онлайн-оқыту нысанында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін
("Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17513 болып тіркелген) бекітілген онлайн-оқытуға кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі бойынша жол берілмейді)

65.

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, өткізу қабілеті кемінде 500 Мбит/с болатын кең жолақты интернеттің қолжетімділігі.
Жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін және деректерді қорғауды қамтамасыз ету.

Кең жолақты интернеттің, сымсыз технологиялардың және білім беру ұйымының ақпараттық қауіпсіздік саясаттың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Кең жолақты Интернетке қолжетімділікті ұсынатын провайдер мен шарттың көшірмесі.



66.

1000 бәсекелес пайдаланушыға есептегенде сервердің ең аз сипаттамалары бар 24/7 форматында білім алушыларды сүйемелдеу үшін "Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) өзіндік цифрлық инфрақұрылымның болуы (кем дегенде 24 есептеу аулалары, 60 ГБ ЖСҚ, 1.5 ТБ дискілік кеңістік).
ЖЖОКБҰ оқытуды басқару жүйесінде цифрлық контеттің, онлайн-прокторинг жүйесінің синхронды және асинхронды оқыту функциялары бар цифрлық платформаларының (200 пайдаланушыны бір мезгілде қосу мүмкіндігі бар бейнеконференцбайланыс үшін бағдарламалық қамтамасыз ету) болуы.

Негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың болуы туралы мәліметтер, сілтемелер, тестілік қол жетімділік (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



67.

Оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы: соңғы он жылда кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламасы пәндерінің 100%-ын қамтамасыз ететін электрондық басылымдар форматында. Білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамды деректер базасының электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Цифрлық жеткізгіштердегі оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Сілтеме және тестілік қол жетімділік.



68.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының №2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігі.
ЖЖОКБҰ-ның ресми платформасында жаппай ашық онлайн-курс және (немесе) халықаралық білім беру платформаларында жазылуды (Coursera (Курсэра), EdX (Эдикс), FutureLearn (Фьючелен), Udacity (Юдасити) қолдана отырып, білім беру бағдарламасы пәндерінің жалпы көлемінің кемінде 10% - ын игеруі

№ 2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес толық оқу кезеңіне әзірленген кадрларды даярлаудың сұралып отырған бағытына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесі.



69.

Оқытуды басқару жүйесіне интеграцияланған антиплагиат жүйесінің болуы.

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынасын өзгертпей (парафраз) сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік алмастыра отырып, қарызға алынған материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның бар-жоғын растайтын құжат.



70.

ЖЖОКБҰ-ны оқытуды басқару жүйесін ҰБДҚ-мен интеграциялау.

ЖЖОКБҰ басқару жүйесін ҰБДҚ-мен интеграциялау туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)



71.

Соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат кадрларды даярлау бағыты бойынша IT-құзыреті және онлайн-оқыту әдістемесі саласында біліктілігін арттырудан өткен штаттағы оқытушылардың кемінде 80%-ының болуы
Базалық IT-білімі бар оқытушылар үшін соңғы 3 жылда кемінде 36 сағат онлайн-оқыту әдістемесі бойынша курстардан өту

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша), оқытылып отырған пәндердің бейініне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Жалпы жиынтық бойынша кемінде 72 сағаттық сертификат. Базалық IT-білімі бар оқытушылар үшін онлайн-оқыту әдістемесі бойынша кемінде 36 сағат сертификаты.



72.

Білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болатын оқытушылардың үлесі – 100% құруы

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы Біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).



73.

Кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі және/немесе кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан "Еңбек сіңірген жаттықтырушы" спорттық атағына ие оқытушылар – кемінде 70 %;

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша),



Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде пайдаланылатын қысқартулар мен белгілер:
1) "Е-Лицензиялау" МДҚ АЖ – лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын, берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған лицензиаттар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
2) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ – Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және есепке алу саласындағы мәліметтерді автоматтандырылған жинауға (енгізуге), өңдеуге, өзекті етуге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйе.


Білім беру қызметіне
қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
1-қосымша
Нысан







Педагог және оқытушы кадрлармен, тәлімгерлермен жасақталуы туралы мәліметтер
______________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (____________ жағдай бойынша)





Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы, педагогикалық қайта даярлау туралы мәліметтер, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы, өндірістік оқыту шеберлері үшін–тағылымдамадан өткені туралы мәліметтер (ұйымның, өндірістің атауы, оқу, тағылымдама кезеңі), маман сертификаты

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы, лауазымы, еңбек өтілі)

Қосымша жұмыс орны (қоса атқару)

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет

Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер

Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















кестенің жалғасы

Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы

Тану туралы куәліктің болуы туралы мәлімет

Оқытатын пәні

10

11

12

13

14

15

16

17

















Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)




Білім беру қызметіне
қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
2-қосымша
Нысан

Оқу. көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер
________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Оқу пәні, кәсіп бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының бөлімі

Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы)

Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)

Оқу-әдістемелік, көркем, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)

Саны кемінде 1 дана

1

2

3

4

5

6













Барлығы:

Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________


Білім беру қызметіне
қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
3-қосымша
Нысан





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет