Білім беру ұйымының атауы: Педагогтың аты-жөні: Күні



Дата26.12.2023
өлшемі16.71 Kb.
#488004
түріСабақ
коп


Білім беру ұйымының атауы:
Педагогтың аты-жөні:
Күні:12.10.2023 ж.
Сынып:
Тәрбие сағатының тақырыбы:Ішімдіксіз өмір ережесі.
Мақсаты:Өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты,хал-ахуалы жақсы болуы үшін зияндыәдеттерден ішімдік,шылым шегушіліктен аулақ болуын түсіндіріп,денсаулыққа,болашақ ұрпаққа деген зиянын түсіндіру.
Сабақтың барысы:
1.Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
2.Сабақ тақырыбы,мақсатымен таныстыру.
3.Кіріспе:
Қазіргі кезде елімізде темекі шегу,маскүнемдік және оларға қарсы күресу жүргізу негізгі
мәселенің біріне айналды.Темекіге әуесқойлық,әсіресе,жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.Ішімдік,темекі және нашақорлық адам организіміне қауіпті.Бірақ біз бүгінгі қысқа сабақта барлық мәселені бірдей қамти алмаймыз.Қысқаша шолу жасап тақырыпты ашуға тырысайық.
Ішімдік бұл адамға бір сәттік қана әсер беретін сусын.Кейбір адамдар оны шамадан көп қолданса,бірі мүлде өмірінен сызып тастайды.Не себепті деп ойлайсыздар?Ішімдіктің адам ағзасына алып келер қандай зияны бар?
Ішімдік тарихы. Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынына ішімдік алу сонау 5-6 ғасырларда болғаны байқалады.бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар екен.Алкоголь ес ауыстыратын зат деген мағына береді.Оның ағзаға қуат беретіні сөзсіз.Бірақ оның кесірінен мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады.Қолайсыз сезімдер пайда болады.Адам неше түрлі ойға батып,ауыр қылмыстар жасайды.
Алкоголизм себептері. Алкоголизмнің айта кетерлік себептерінің ішінде әсіресе айтарлықтай тұрмыс тұрқының сұрықсыздығы,экономикалық жағдай,әлеуметтік тұрақсыздық,психологиялық тепе теңдіктің бұзылуы,кәсіби сәтсіздік және экологиялық факторлар жатады.
Зияны. Ол барлық органдарды улайды.Ағзаның жұқпалы ауруларға тұратын қабілетін бірден жойып жібереді.Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады.Алкоголь тез сіңіріліп қаңға бірден өтеді.Қан алкогольді бірден денеге таратады.Ол ең алдымен миды зақымдайды.Адамның миы жұмыс жасамай қалады.
Адам мәселерін шешу үшін ішімдікке салынуы міндетті емес. Бар болғаны өзіне бақыт сыйлайтын энергия көзін табуы қажет. Жұмыс немесе сабақтан басқа заттармен айналысыныз,шығармашылықпен айналысу арқылы ашуыныз бен мәселеңізді шешуге тырысыңыз. Мүмкін сіз осы арқылы жаңа таланттарыңызды ашатын боларсыз.
Тапсырмалар.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар.

  1. Қоршаған орта ластығы

  2. Дұрыс тамақтанбау

  3. Зиянды заттарды қабылдау

  4. Тазалақты сақтамау

  5. Отбасындағы кері жағдайлар

  6. Адам стресс жағдайында көп болуы.

Денсаулыққы дұрыс әсер ететін заттарды атаңдар.

  1. Дұрыс тамақтану

  2. Қоршаған орта тазалығы

  3. Дене шынықтыру

  4. Медициналық көмектің жоғары болуы

  5. Зиянды заттарды қабылдамау

  6. Жеке бас тазалығын сақтау



Ситуациялық жағдайлардан шыға білу.

  1. Сенің достарын темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсын.Не істер едің?

  2. Сенің өте жақсы көретін досынның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасына айтайын десең досынның көңілің қимайсын.Сен досыңды қалай құтқарар едің?



Қорытынды: «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған.Жақсыны көріп,тыңдап,соған ұқсау керек.Жаманды көріп,зардабын сезіп,бойынды аулақ ұстау білімділік пен көрегендіктің белгіс. Өсер елдің баласына лайық салмақты,сабырлы,білімді,денсаулығы мықты азамат болып өсе берейік.Зиянды заттардан аулақ болыңдар.Сендердің болашақтарын өз қолдарында!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет