Білім беру парадигмасының мәні және педагогикалық өркениет кезеңдері



бет1/6
Дата30.09.2023
өлшемі396.52 Kb.
#479295
  1   2   3   4   5   6
Білім беру парадигмасының мәні және педагогикалық.pptx

Білім беру парадигмасының мәні және педагогикалық өркениет кезеңдері

Жоспар:

Негізгі бөлім

  • Парадигма зерттеу міндетінің шешім үлгісі ретінде қабылданған теория. Жалпы парадигма дегеніміз – ғылымдағы белгілі бір тарихи кезең аралығында орын алатын мәселені қою мен шешімін табудың, зерттеу тәсілдерінің концептуалды моделі немесе сызбасы. Ғылым философиясына бұл ұғымды нормативті методологияны сипаттау мақсатымен Г.Бергман енгізіп, ғылыми революция теориясын сипаттайтын өзінің ұғым жүйесін ұсынған Т.Кунмен дамытылды. Кунның пікірі бойынша парадигмалардың ауысуы ғылыми революцияны білдіреді.
  • Мысалы, Н.Н Еременко келесідей парадигмаларды бөліп көрсетеді.

    жалпы ғылымдық, қызмет түріне, білім саласына тәуелсіз қоғамдық масындалатын;

    ― жеке(арнайы) , білімнің әртүрлі саласына теориялық негізді қалыптастыратын және саладағы қызметте қолданылатын;

    ― локальді белгілі бір өркениет немесе елдің жеке прадигмаларын қолдану.

Білім беру парадигмасының мәні және педагогикалық өркениет кезеңдері

  • Парадигма» латын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «үлгі» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заман педагогикасында ол білім берудің концептуалды моделі ретінде қолданылады. И.А.Колесникованың айтуы блйынша «парадигмалардың көп түрлі болуы педагогикалық өркениетпен байланысты, сонымен қатар адамзат табиғи педагогика кезеңдерінен және репродуктивті- педагогикалық өркениетпен өтіп, препродуктивті-педагогикалық өркениетке өтіп жатыр.»
  • Археологиялық, этнографиялық, антропологиялық және де басқа деректерге қарағанда бірінші кезеңде «педагогикалық іс-әрекет» ересек пен бала өмірінің табиғи ағымына кетті деп болжауға болады. Адамдардың әлеммен өзара әрекеттілікке түсінуінің түрлі әдістерін игеру мөлшеріне қарай педагогикалық парадигмалардың қалыптасуы болған және қазір де болып жатыр. Қолданылатын парадигмалардың қай-қайсысы болса да, жақсы немесе жаман болуы мүмкін емес. Олардың әрқайсысы әлемді және педагогикалық объектілердің қабылдауына, оның мәнінің түсіндірілуіне, оқу-тәрбиелік процестің құрылуына жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет