«Білім беру саласындағы бренд маркетинг» пәні бойынша №11 дәріс Тақырыбы: «Басқарушылық шешім қабылдау кезіндегі брендтің дамуы»



бет1/9
Дата13.04.2024
өлшемі0.68 Mb.
#498583
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
11 лекция Брендмаркетинг каз (1)

«Білім беру саласындағы бренд маркетинг» пәні бойынша №11 дәріс

Тақырыбы: «Басқарушылық шешім қабылдау кезіндегі брендтің дамуы»

Жоспар:


1.Тауардың өмірлік циклі және брендтің өмірлік циклі.
2.Брендті корректировкалау әдістері. Ребрендинг.
3.Кобрендинг, артықшылығы мен шетеулері.
ТӨЦ тұжырымдамасын американдық ғалым Теодор Левитт 1965 жылы әзірлеген болатын. ТӨЦ-тің құрылымы бірнеше кезеңмен сипатталады. Оның саны әр авторда әрқалай 4-тен 6-ға дейiнгi арада ауытқиды. Әдетте, ТӨЦ-тің енгізу (нарыққа шығару), өсу, кемелдену және құлдырау сияқты 4 кезеңiн бөлiп қарастырады.
Тауардың нарыққа шығуы немесе оның нарыққа ену кезеңі. Бұл кезеңнiң мақсаты – тауарды өткiзетiн нарықты қалыптастыру. Енгiзу кезеңiнде технология жаңадан дами бастайды, нарық әлi анықтала қоймаған, өндiрiс қуаттылығы толық iске қосылмаған, тауар аз партиялармен шығарылатындықтан фирма шығындары өте жоғары болады.
1 сұрақ. Тауардың өмірлік циклі және брендтің өмірлік циклі.
Өсу кезеңі. Бұл кезеңде тауарды жаңғыртып, жетілдіруі ұлғая бастайды, тұтынушылар тауарды жақсы бiлiп, сатып ала бастағандықтан оның өткiзу көлемi жылдам өсе бастайды. Өндіріс толық қуатпен жұмыс iстейдi.
Тауарды iрi сериямен шығаратын кәсiпорындарда өндiрiс қуаты жетiспей қалуы мүмкiн. Жаңа тауар үлкен көлемде сатыла бастайды, бiрақ нарықта оның бәсекелестерi туындайды.
Тауар сапасы өте жоғары болғандықтан сату көлемі де, пайда да тез өсе бастайды. Жалпы нарықтағы осы тауардың тұтыну көлемінің өсуіне байланысты ТӨЦ-тің өсу кезеңiнiң соңында пайда деңгейi өзiнiң ең жоғары шегiне жетедi.
Маркетологтар пайда ала бастауды ТӨЦ-тiң енгізу кезеңінен өсу кезеңіне өту уақытымен байланыстырады. Осы кезеңнің соңына қарай бағаның төмендей бастауы барлық әлуетті нарықты қамтуға мүмкіндік береді.
Тауар шығару көлемінің өсуіне байланысты шығындар төмендейді. Бiрақ, бәсекелестер саны өсе түседі.
Нарықтың табысы жоғары болғандықтан, оған жаңа фирмалар ене бастайды. Өткізу көлемі тез өсіп, тұтынушылар көбейедi. Тауар жаппай өткізу арналары арқылы өткізіле бастайды. Жарнама акценті ақпараттықтан агрессивті, сендіруші, бұқаралық жарнамаға ауысады.
Фирма нарық лидері болғандықтан, сауда белгісіне және ерекше бәсекеге қабілеттілігіне сүйене отырып, тұтынушыны өз тауарының үздік жақтарына (артықшылықтарына) сендіруге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет