Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерiн бекiту туралы



Дата15.06.2016
өлшемі184 Kb.
#136271
Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерiн бекiту туралы

Ақтөбе облыстық әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 3 шiлдедегi № 234 қаулысы. Ақтөбе облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы 9 тамызда № 3405 тiркелдi

"Ақтөбе" 2012.08.16 № 104-105; "Актюбинский вестник" 16.08.2012, № 104-105

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» қаулысына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған бiлiм беру саласындағы мына мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерi бекiтiлсiн:
      1) Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру;
      2) Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу;
      3) Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру;
      4) Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету;
      5) Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру;
      6) Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру;
      7) Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру.
      2. «Ақтөбе облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Басқарма) осы мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн Басқарманың ғаламтор – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсiн.
      4. Ақтөбе облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 28 мамырдағы №193 «Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерiн бекiту туралы» қаулысының күшi жойылсын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкiмi                               А. Мұхамбетов

Облыс әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 3 шiлдедегi
№ 234 қаулысымен
бекiтiлген

«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Жалпы ұғымдар

      1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:


      1) Тұтынушы – мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалары бар, тиiстi бiлiм беру мекемелерi жоқ елдi мекенде, сонымен қатар жалпы бiлiм беру мекемелерiне тегiн жеткiзу мен үйлерiне қайтаруды қамтамасыз ету үшiн мектептен 3 шақырым жерде тұратын ата-ана немесе заңды өкiл;
      2) Уәкiлеттi орган – сәйкес аумақта өз құзыретi шегiнде жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн өзi басқаруды жүзеге асыратын ауыл (село), ауылдық (селолық) округының әкiмiмен басқарылатын жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк);
      3) ДЕК - дербес есепке алу карточкасы;
      4) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бiрлiктер: уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кiшi жүйелерi. 

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттiк қызметтiң нормативтiк құқықтық анықтамасы: Оқушылардың және тәрбиеленушiлердiң жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымына және қайта үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету.


      3. «Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен (ауыл, кент әкiмдерi, ауылдық (селолық) округi) (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi. Аталған мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 336 Қаулысымен бекiтiлген «Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызметiнiң стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органдардың мекен-жай тiзбесi осы мемлекеттiк қызмет Регламентiнiң 1 қосымшасында көрсетiлген.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет тұтынушыға Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319 – III «Бiлiм туралы» Заңының 6-бабы, 5- тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 «Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы» қаулысының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес көрсетiледi.
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны осы Регламенттiң 3 қосымшасына сәйкес оқушылардың және тәрбиеленушiлердiң жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымына және қайта үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету туралы қағаз жүзiнде анықтама беру немесе қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелдi жазбаша жауабын ұсыну болып табылады. 

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiнiң талаптары

      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi, және қажеттi құжаттардың тiзiмi туралы толық ақпаратты осы Регламенттiң 1 қосымшасында көрсетiлген бiлiм беру бөлiмдерiнiң және халыққа қызмет көрсету орталықтарының стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң http://www.edu.gov.kz ғаламтор - ресурсында орналастырылады.


      Уәкiлеттi органда қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 5 жұмыс күнiн (арыз түскеннен бастап 5 күннен кейiн) құрайды;
      2) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты (тiркелген жағдайда) 30 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру немесе мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту Стандарттың 16 тармағында көрсетiлген.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн тұтынушыдан сұраныс алған сәттен бастап және мемлекеттiк қызметтер нәтижелерiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдерi:
      1) тұтынушы, Стандарттың 11 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды қоса жалғап, уәкiлеттi органға арызын тапсырады;
      2) уәкiлеттi органның кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдау және тiркеудi жүзеге асырады. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға осы Регламенттiң 2 қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы, мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, барлық құжаттарды алғаны туралы, арызды қабылдаған күнi мен нөмiрi, уәкiлеттi органы маманының толық аты-жөнi көрсетiлген қолхат берiледi;
      3) уәкiлеттi органның кеңсе қызметкерi құжаттарды уәкiлеттi органның басшылығына ұсынады;
      4) уәкiлеттi органның басшысы сол органның маманына қарау үшiн жолдайды;
      5) уәкiлеттi органның маманы келiп түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттiк қызметтi ұсыну немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды;
      6) уәкiлеттi органның маманы осы Регламенттiң 3 қосымшасында көрсетiлген үлгi бойынша жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымына тегiн тасымалдау туралы немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы негiзi бар жауапты әкiмнiң қолы және мөрi қойылған анықтама бередi. Анықтама, тұтынушының жеке талаптануы кезiнде арыз тапсырған күннен бастап 5 күн өткен соң уәкiлеттi органның маманымен ұсынылады.
      11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау уәкiлеттi органнның бiр маманымен жүзеге асады.
      12. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. 

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау

      13. Кiрiс құжаттарды тiркеу тәртiбi (соның iшiнде электрондық) тұтынушының анықтама беруге ықпал жасау үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш берген күнi жасалады, ол туралы мәлiметтер өтiнiштердi тiркеу журналына енгiзiледi.


      Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде уәкiлеттi органның маманы Стандарттың 11 тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың бар болуына тексеру жүргiзедi. Құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайында, тұтынушыға құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негiзi көрсетiлген жазбаша жауабы берiледi.
      Стандарттың 11 тармағында көрсетiлген барлық құжаттарды тапсырудың дәлелi болып тұтынушыға осы Регламенттiң 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, арызды қабылдаған күнi мен нөмiрi, маманның аты-жөнi көрсетiлген қолхат табылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн тұтынушыға жеткiзу тәртiбiн белгiленген жұмыс графигi негiзiнде, осы Регламенттiң 3 қосымшасына сәйкес, уәкiлеттi орган басшысының қолы және мөрiмен бекiтiлген жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымына тасымалдауды қамтамасыз ету туралы қабылданған анықтама негiзiнде уәкiлеттi органның маманы жүзеге асырады.
      Анықтама, тұтынушының жеке талаптануы кезiнде арыз тапсырған күннен бастап 5 күн өткен соң уәкiлеттi органның маманымен ұсынылады.
      Анықтаманы ұсыну туралы мәлiмет осы Регламенттiң 4 қосымшасына сәйкес анықтамаларды тiркеу кiтабында белгiленедi.
      15. Мемлекеттiк қызмет оқу жылы iшiнде берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үрдiсiнде қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер тiзбесi және сипаттамасы (бұдан әрi - ҚФБ) осы регламенттiң 5 қосымшасында көрсетiлген:
      1) уәкiлеттi органның кеңсе қызметкерi;
      2) уәкiлеттi органның басшысы;
      3) уәкiлеттi органның қызметкерi.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдер) орындалу мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ-нiң әкiмшiлiк iс-әрекеттер (рәсiмдер) реттiлiгiнiң және қарым қатынасының мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 6 қосымшасында көрсетiлген.
      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету үрдiсiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды реттiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететiн схема осы Регламенттiң 7 қосымшасында көрсетiлген. 

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн лауазымды азаматтардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттiк органның лауазымды қызметкерi мен басшысы мемлекеттiк қызметтер көрсету барысында өздерi қабылдаған шешiмдерi мен iс - әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртiппен жауапты. 



«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi
бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына
және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету»
мемлекеттiк қызмет регламентiне
1 қосымша

Жергiлiктi атқарушы органдар, ауыл, кент әкiмдерi, ауылдық (селолық) округтар тiзiмi



п/п

Әкiмшiлiктiң толық атауы

Елдi мекен атауы

Байланыс телефоны

Мекен-жайы

Сайттың мекен - жайы

Жұмыс графигi

1

2

3

4

5

6

7

1

ММ «Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селолық округi әкiмi аппараты»

Қарабұтақ а.

8(71339)-2-17-26

464210
Қарабұтақ ауылы.
Алдабергенов көшесi, 7

Karchev.80@mail.ru

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
 
 
 
 

2

ММ «Әйтеке би ауданы Комсомол селолық округi әкiмi аппараты»

Комсомол а.

8(71339)-2-16-79

001300
Комсомол ауылы, Азат көш., 30

zhurgenovSH@mail.ru

3

ММ «Ырғыз ауданы Ырғыз селолық округi әкiмi аппараты»

Ырғыз а.
Ақшы а.
Қалалықкөш
Қалыбай а.

8(71343) – 2-16-87

инд: 030400
Ырғыз ауданы
Ырғыз ауылы
Абылхайыр хан көшесi № 28

 
 

4

ММ «Ырғыз ауданы Тәуiп селолық округi әкiмi аппараты»

Құйлыс а.
Қаракөш а.

8(71343) - 3-20-20

инд:030400
Ырғыз ауданы
Құйлыс ауылдық округi

 
 

5

ММ «Ырғыз ауданы Нұра селолық округi әкiмi аппараты»

Нұра а.
Белшер а.
Мамыр а.
Дүкен а.

8(71343) - 2-51-20

инд.030400
Ырғыз ауданы
Нұра селолық округi

 
 

6

ММ «Ырғыз ауданы Қызылжар селолық округi әкiмi аппараты»

Құрылыс а.
Шеңбертал а.
Жаныс би а.

8(71343) 3-63-39

инд.030400
Ырғыз ауданы,
Кызылжар селолық округ

 
 

7

ММ «Ырғыз ауданы Құмтоғай селолық округi әкiмi аппараты»

Құмтоғай а.
Қарақұдық а.
Қарасай а.

8(71343) - 2-43-30

инд.030400
Ырғыз ауданы
Кумтогайский селолық округ

 
 

8

ММ «Ырғыз ауданы Аманкөл селолық округiнiң әкiмi аппараты»

Күтiкөл а.
Аманкөл а.
Жарма а.

8(71343) 7-22-80

инд.030400
Ырғыз ауданы
Аманколский селолық округ

 
 

9

ММ «Ырғыз ауданы Жайсаңбай селолық округi әкiмi аппараты»

Жайсаңбай а.

871343-32114

инд.030400
Ырғыз ауданы
Жайсанбайский селолық округ

 
 

10

ММ «Қарғалы ауданы Батамша селолық округi әкiмi аппараты»

Батамша 2 а. (подхоз),
Кемпiрсай стансасы

8(71342) 2-22-38

030500, Карғалы ауданы, с.Бадамша, көш.Айтеке би 32

badamakim@mail.ru

11

ММ «Қарғалы ауданы Кемпiрсай селолық округi әкiмi аппараты»

Кемпiрсай а.,
Қарабұтақ а.

8(71342)
2-65-04

030507, Карғалы ауданы, с.Жосалы

 
 

12

ММ «Қарғалы ауданы Әлiмбет селолық округi әкiмi аппараты»

Нововведенка ауылы,
Қызылсай а.
Бөгiмбай а.

8(71342) 2-88-00, 2-98-02

030502, Карғалы ауданы, с.Алимбетовка, көш.Казахстанская 72

 
 

13

ММ «Қарғалы ауданы Степной селолық округi әкiмi аппараты»

Первомай а.
Мамыт а.
Қайрақтысай а.
Степное а.

8(71342) 2-96-23

030511, Карғалы ауданы, Степное ауылы, Қонаев көш. 3-1

Stepnoi_so@mail.ru

14

ММ «Қарғалы ауданы Велихов селолық округi әкiмi аппараты»

Велиховка а.
Ақ Жайық а.

8(71342) 2-63-10

030505, Карғалы ауданы, Велиховка а., Центральная көш. 53

 
 

15

ММ «Қарғалы ауданы Ащылысай селолық округi әкiмi аппараты»

Ақкөл а.,
Преображеновка ауылы
Ащылысай а.

8(71342) 2-92-51

030506, Карғалы ауданы, Ащылысай а., Бауыржан Момышұлы көш., 32

 
 

16

ММ «Қарғалы ауданы Қосетек ауыллық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты»

Сарыбкөшак а.
Қос-Истек а.

8(71342) 2-41- 84

030508, Карғалы ауданы, с. Кос-Истек, көш.Абая 135

 
 

17

ММ «Қарғалы ауданы Желтау ауыллық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты»

Петропавловка ауылы

8(71342) 7-15-01, 991012

030509, Карғалы ауданы, Петропавловка а. Д.Қонаев көш., 68

 
 

18

ММ «Қарғалы ауданы Жаңаталап ауыллық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты»

Жайылма а. Жанталап а.

8(71340) -7-36-10

031004, Қобда ауданы Жанаталап а.

 
 

19

ММ «Қобда ауданы Жиренқопа ауыллық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты»

Тентекқара а.
Жиренқопа а.

8(71359) 3-66-38

031008, с.Жиренкупа Қобда ауданы

 
 

20

ММ «Қобда ауданы Жиренқопа ауыллық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты»

Қаратал а.
Бестау а.

8(71340) 7-33-08

031014, Қобда ауданы,
Бестау а.

 
 

21

ММ Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Мәртөк а.
Қазан а. Құмсай а.

8 (71331)
31-4-63,
31-1-72,
32-0-07

030 00
Мәртөк а.
Есет Көкиұлы көш, 96

Martuk_so@mail.ru 

22

ММ Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Вознесеновка а.
Веренка а.
Жаңажол а.
Степной а.
Первомай а.

8 (71331) 24-1-34, 24-1-19

030603
Аққұдық а.
Первомай көш., 14

Akkuduk@mail.ru 

23

ММ Мәртөк ауданы Тәңiрберген ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Саржансай а.
Кеңсахара а.
Ақсу а.

8 (71331) 27-8-66 27-8-16

030618 Саржансай а. Достық көш., 33
030617
Кеңсахара а.

 
 

24

ММ Мәртөк ауданы Байнасай ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Байнассай а. 13 лет Казахстана а.
Ақмоласай а.
Горноводск а.

 
 

030608
Байнассай а.
Центральная көш.1
 

Bainassaiso@mail.ru 

25

ММ Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Қаратаусай а.
Коминтерн а.
Жуса а.
Линновицк а.

8 (71331) 26-6-76

030605
Қаратаусай а. Квинт көш., 20

www.Karashai_so@mail.ru

26

ММ Мәртөк ауданы Байтұрасай ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Байторы а.
Полтавка а.
Покровка а.
Дмитриевка а.

8 (71331)

030602, Байторы а. Жеңiс көш. 12 030610, Полтавка а.
030609, Покровка а.
030619, Дмитриевка а.

 
 

27

ММ Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Қаратоғай а.

8 (71331) 26-4-24, 26-0-05

030606, Қаратоғай а. А.Байтұрсынов көш. 30

 
 

28

ММ Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Құрмансай а. Шаңды а.
Ефремовка а. Черемушки а. Ново-Донцы а,

8 (71331) 26-1-85, 26-1-92

030612, Құрмансай а. Қобланды Батыр көш, 19

 
 

29

ММ Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Қызылжар а.
Бөрте а.
Шевченко а.

8 (71331) 24-4-63, 24-4-54

030613, Қызылжар а.
А.Құнанбаев көш., 8 030601,
Бөрте ауылы,
030616, Шевченко а.

Kisilshar@mail.ru 

30

ММ Мәртөк ауданы Родников ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Родниковка а.
Калиновка а.
Бұтақ а. Бөрте а.
Еңбекшi а.
Драгомировка ауылы

8 (71331) 25-0-24, 25-0-30

030611, Родниковка а. Гоголь көш., 1

 
 

31

ММ Мәртөк ауданы Жайсан ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Жайсаң а.
Көкпектi а.
Хозакөш а.
Жаңатан а.
33 разъезд

8 (71331)

030604
Жайсаң а.,
Болашақ көш., 45

 
 

32

ММ Мәртөк ауданы Хазрет ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Хазрет а.
Березовка а.

8 (71331) 98-98-40

030 615
Хазрет а., Ленин көш. 2

Shasret_so@mail.ru 

33

ММ Мәртөк ауданы Хлебодар ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Хлебодаровка ауылы, 37 разъезд

8 (71331)

030614
Хлебодаровка а., Жеңiс көш.6

 
 

34

ММ Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Тас бекетi а.

8(71342) 4-0-86

030711
Тас бекетi а.

Akimat711@mail.ru 
 

35

ММ Темiр ауданы Шұбарқұдық ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Шұбарқұдық а.

8(71346) 2-23-44, 2-31-42

Темiр ауданы, Шұбарқұдық, Желтоқсан көш. 5, 030800

 
 

36

ММ Темiр ауданы Саркөл ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Саркөл а.
Құмсай а.
Башенкөл а.
Қопа а.

8(71346) 2-71-76, 2-74-46

Темiр ауданы,
Саркөл ауылы, 030811

 
 

37

ММ Темiр ауданы Ақжар ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Ақжар а.

8(71336)-38-3-74

Акжар ауылы 031112

 
 

38

ММ Хромтау ауданы Абай ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Абай а.
Матвеевка а.
Тассай а.

8 (71336) 78-2-22

Абай ауылы 031117

 
 

39

ММ Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты"

Аққұдық а.
Хатынадык а.

8 (71336) 78-0-02

Аққұдық ауылы 031106

 
 

40

ММ Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Бөгетсай а.
Талдыбкөшак ауылы

8 (71336) 47-0-30

Бөгетсай ауылы 031103

 
 

41

ММ Хромтау ауданы Дон ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты "

Дөң ауылы,
Қызылжар а.

8 (71336) 41-1-41

Дөң ауылы 031102

 
 

42

ММ Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Құдықсай а.
Кеной а.
Жолман а.

8 (71336) 77-5-68

Құдұқсай ауылы 031107

 
 

43

ММ Хромтау ауданы Көктау ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Көктау ауылы,
Қарабаз ауылы

8 (71336) 43-0-10

Көктау ауылы 031104

 
 

44

ММ Хромтау ауданы Қопа ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Қопа ауылы

8 (71336) 46-4-71

Қопа ауылы 031105

 
 

45

ММ Хромтау ауданы Көктөбе ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Көктөбе а.
Кокуй а.

8 (71336) 77-2-75

Көктөбе ауылы 031108

 
 

46

ММ Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Қызылсу а.
Еңбекшi а.

8 (71336) 78-0-04

Қызылсу ауылы 031111

 
 

47

ММ Хромтау ауданы Никельтау ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Никельтау а.

8 (71336) 78-0-01

Никельтау ауылы 031109
 
 

 
 

48

ММ Хромтау ауданы Табантал ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Табантал а. Қоптағай а.
Жайлаусай а.

8(71330) 2-23-10

Табантал ауылы 031118

 
 

49

ММ Хромтау ауданы Тассай ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Тассай а.
Уйтас а.

8 (71336) 38-3-61

Тассай ауылы 031120

 
 

50

ММ Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Тасоткел а.

8(71330) 2-30-60

Тасөткел ауылы 031119

 
 

51

ММ Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Қайдауыл ст.

8(71349) 4-23-23

Қайдауыл стансасы 021214

 
 

52

ММ Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Раз. № 68
Раз. № 69
Раз. № 66

8(71359) 4-40-10

Тоғыз стансасы 031215

 
 

53

ММ Шалқар ауданы Базой ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Қосқақ а.
Южный а.

8(71347) 6-25-21

Бозой ауылы 031209

 
 

54

ММ Ақтөбе қаласы Қарғалы ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Лесхоз а.
Питомник а.
Жомарт а.
Акжар-2

8(7132) – 99-60-15

030013 Ақтөбе қ., Қарғалы а., Сатпаев көш, 10а

 
 

55

ММ Ақтөбе қаласы Қорайлы ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Разъезд № 39

8(7132)- 98-01-30

030043 Ақтөбе қ., Құрайлы а., Жеңiс көш, 47

 
 

56

ММ Ақтөбе қаласы Благодар ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Көшке ауылы,
Белогорский карьер комплекс,
Шиелiсай а.
Украинка а.
Солнечный а.

8(7132)- 99-43-43

1030014
Ақтөбе қаласы,
К.Нокин ауылы, Бейбiтшiлiк көш. 37

 
 

57

ММ Ақтөбе қаласы Сазды ауылдық округi әкiмшiлiгiнiң аппараты

Лесное ауылы

8(7132) – 99-17-77

003321 Ақтөбе қ. Сазды ауылы, Бейбiтшiлiк көш. 1

 
 

   
 

«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi


бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына
және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету»
мемлекеттiк қызмет регламентiне
2 қосымша

Тұтынушының құжатын алғаны туралы қолхат 

      Ауыл (село), ауылдық (селолық) округiнiң әкiмдiгi

_______________________________________________________
Елдi мекеннiң, аудан, облыс атауы 

      № _________құжат қабылдау туралы қолхат 

_________________________________келесi құжаттар қабылданды:

      1. Өтiнiш

      2. Тууы туралы куәлiктiң көшiрмесi(жеке куәлiк) кiмнен__________ N ________ берiлдi____________________________

      3. оқу орнынан анықтама 

      Қабылдаған әкiмшiлiк маманы _____________ (қолы) 

      "__" _____________ 20__ ж. 


 

«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi


бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына
және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету»
мемлекеттiк қызмет регламентiне
3 қосымша

Жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымына және қайта үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз етiлетiн оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң тiзiмге енгiзiлуi туралы анықтама үлгiсi

      АНЫҚТАМА

      ______________________________________________________берiлдi

      (бiлiм алушы немесе тәрбиеленушiнiң аты-жөнi)

Ол №_______________ мектепке тегiн жеткiзу мен үйге қайтуды қамтамасыз етiлген бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң тiзiмiне енгiзiлдi. (мектеп атауы)

      Анықтама оқу жылы бойына жарамды. 
 

      Ауыл (село), ауылдық(селолық) округ әкiмi

      Аты-жөнi _________________ (аты-жөнi мен қолы)

      _______________________


      (елдi-мекен атауы)      

      М.О. 

«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi
бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына
және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету»
мемлекеттiк қызмет регламентiне
4 қосымша

Жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымына және қайта үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз етiлген балалардың тiзiмi енгiзiлген анықтама есебi кiтабының үлгiсi

Село (ауыл), ауылдық (селолық) округ әкiмшiлiгi
_____________________
(елдi- мекен, аудан, облыс атауы)
 

Анықтамаларды есепке алу кiтабы

Кiтап__________жылы басталды

Кiтап__________жылы аяқталды

р/н


Берiлген күнi

Анықтама берiлген тұтынушының аты-жөнi

Анықтаманы берген лауазымды адамның аты-жөнi, қолы

Анықтаманы алған тұтынушының аты-жөнi, қолы

1

2

3

4

5
















Ескерту: анықтаманы есепке алу кiтабы көшiрмеленедi, тiгiледi және әкiмшiлiктiң қолы мен мөрi қойылады. 

____________________________________________________ 


 

«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi


бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына
және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету»
мемлекеттiк қызмет регламентiне
5 қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер тiзбесi және сипаттамасы

      Уәкiлеттi органның кеңсе қызметкерi (ҚФБ 1):


      1) құжаттарды қабылдайды және тiркейдi, уәкiлеттi органның басшысына ұсынады;

      Уәкiлеттi органның басшысы (ҚФБ 2):


      1) қарайды, рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды; орындау үшiн уәкiлеттi органның қызметкерiне жолдайды;

      Уәкiлеттi органның қызметкерi (ҚФБ 3):


      1) құжаттардың толық болуын тексередi;
      2) тасымалдауды қамтамасыз ететiн анықтаманы немесе бас тарту туралы шешiмдi рәсiмдейдi және ұсынады, жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымына және қайта үйге тегiн тасымалдаумен қамтамасыз етiлген балалардың тiзiмiне мәлiметтер енгiзiп, жеке есепке алу карточкасын жүргiзедi. 

«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi


бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына
және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету»
мемлекеттiк қызмет регламентiне
6 қосымша

1 кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

Негiзгi үрдiс (жұмыс барысы, ағыны)

Iс әрекеттiң (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ 3

Iс әрекеттiң (үрдiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамалары

Құжаттарды қабылдау және тiркеу, уәкiлеттi органның басшысына ұсынады

Құжаттарды қарайды, бұрыштама салады

құжаттардың толық болуын тексередi, тасымалдауды қамтамасыз ететiн анықтаманы немесе бас тарту туралы шешiмдi рәсiмдейдi және ұсынады

Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдық- өкiмдiк шешiм)

Уәкiлеттi органның басшысына ұсыну

Уәкiлеттi органның қызметкерiне жолдайды

жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымына және қайта үйге тегiн тасымалдаумен қамтамасыз етiлген балалардың тiзiмiне мәлiметтер енгiзiп, жеке есепке алу карточкасын жүргiзедi.

Орындау мерзiмдерi

30 минут

1 жұмыс күнi

4 жұмыс күнi

Келесi iс- әрекеттiң нөмiрi

2

3

 
 

2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi үрдiс.

ҚФБ 1.

ҚФБ 2.

ҚФБ 3.

№ 1 Iс әрекет

Құжаттарды қабылдау және тiркеу, уәкiлеттi органның басшысына ұсынады



№ 3 Iс әрекет

Құжаттарды қарайды, бұрыштама салады



№ 5 Iс әрекет

құжаттардың толық болуын тексередi, тасымалдауды қамтамасыз ететiн анықтаманы рәсiмдейдi және ұсынады



№ 2 Iс әрекет

Уәкiлеттi органның басшысына ұсыну



№ 4 Iс әрекет

Уәкiлеттi органның қызметкерiне жолдайды



№ 6 Iс әрекет

Анықтаманы ұсыну, ақысыз тасымалмен қамтамасыз етiлген балалардың тiзiмiне мәлiметтер енгiзедi



3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үрдiс.

ҚФБ 1.

ҚФБ 2.

ҚФБ 3.

№ 1 Iс әрекет

Құжаттарды қабылдау және тiркеу, уәкiлеттi органның басшысына ұсынады



№ 3 Iс әрекет

Құжаттарды қарайды, бұрыштама салады



№ 5 Iс әрекет

құжаттардың толық болуын тексередi, бас тарту туралы анықтаманы рәсiмдейдi және ұсынады



№ 2 Iс әрекет

Уәкiлеттi органның басшысына ұсыну



№ 4 Iс әрекет

Уәкiлеттi органның қызметкерiне жолдайды



№ 6 Iс әрекет

Анықтаманы тұтынушыға ұсыну



   
 

«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi


бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына
және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету»
мемлекеттiк қызмет регламентiне
7 қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсету үрдiсiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды реттiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететiн схема

      

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет