"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" және "Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу" мемлекеттiк қызмет регламенттерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң 2011 жылғы 19 тамыздағы № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7187 тiркелдi
"Егемен Қазақстан" газетi 2011 жыл 15 қараша N 541-542 (26934)
Қазақстан Республикасы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк қызметiнiң регламентi;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу» мемлекеттiк қызметiнiң регламентi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру комитетi (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оның Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрi С.С. Сарсеновке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрiнiң
2011 жылғы 19 тамыздағы
№ 252 бұйрығына 1-қосымша
«Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық
кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы
депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк
қызметiнiң регламентi
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы «Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздестiруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
2) ақпараттық жүйелердiң, бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың депозитарийi–бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға iлеспе нормативтiк-техникалық құжаттамалармен бiрге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеудi қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
3) ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беру – бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
4) «құрылымдық-функционалдық бiрлiк (ҚФБ)» - мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын мүдделi органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелерi немесе олардың кiшi жүйелерi (бұдан әрi - ҚФБ);
5) мемлекеттiк қызмет – жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған, бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру аясында мемлекеттiк органдар, өзге де мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет;
6) тұтынушы – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң иесi немесе меншiк иесi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
7) iшiнара автоматтандырылған қызмет - құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керiсiнше нысанға өзгерту қажет болған кезде қызмет көрсету үдерiсiнде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесу қызметi.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 38-тармағына, «Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 Қаулысына сәйкес әзiрлендi.
3. «Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк қызметi Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттандыру және байланыс комитетiмен (бұдан әрi – Комитет) көрсетiледi.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
5. Мемлекеттiк қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 25-бабы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және депозитарийдi жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi бағдарламалық өнiмдердi, ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы Депозитке берiлген бағдарламалық өнiмдердiң тiзiлiмiне (бұдан әрi – Тiзiлiм) депозитке беруге ұсынылған объектiлерге депозитарлық нөмiрлерiн меншiктеп беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
Мемлекеттiк қызметтi ұсыну нысаны депозитке беруге ұсынылған объектiлерге депозитарлық нөмiрлерiн меншiктеп беру, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттiк қызмет Комитетпен демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен көрсетiледi. Қызмет алу үшiн алдын ала жазылу талабы жоқ. Жедел қызмет көрсету тәртiбi қарастырылмаған. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрлiктер үйi, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс.
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар туралы ақпарат www.mci.gov.kz., www.reginfo.kz. Интернет-ресурстарында орналастырылады немесе (87172) 51-81-08 телефоны арқылы алуға болады.
9. Мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмi:
тексеру нәтижесi оң болған жағдайда, тұтынушы Тiзiлiмге енгiзу үшiн белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма алты жұмыс күнiн құрайды;
депозитке беру өтiнiмi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда тұтынушы Тiзiлiмге енгiзу үшiн белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма бiр жұмыс күнiн құрайды.
10. Осы Регламенттiң 14-тармағында көрсетiлген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын бермеу Комитеттiң тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуына негiз болады.
11. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
1) 1-кезең – Комитеттiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң (бұдан әрi – ҚҚҚ) жұмыскерлерi қосымша берiлген өтiнiм және нормативтiк-техникалық құжаттама материалдары мен ықшам-дискiлерi бар кiрiс корреспонденцияны (бұдан әрi – материалдар) қабылдау, ашу, iрiктеу және тiркеу журналына тiркеудi жүргiзедi;
2) 2-кезең – Комитет басшысының кiрiс корреспонденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Комитет басшылығының тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшiн тiркеу журналында қол қоюмен лауазымдық тұлғаға жолданады;
3) 3-кезең – Комитеттiң лауазымдық тұлғасының қосымша берiлген өтiнiм және материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қарауы, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым мекенжайына қосымша берiлген материалдары бар iлеспе хат дайындауы;
4) 4-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның ҚҚҚ жұмыскерлерi қосымша берiлген өтiнiм және материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қабылдау, ашу, iрiктеу және тiркеу журналына тiркеудi жүргiзедi;
5) 5-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым басшысының кiрiс корреспонденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым басшылығының тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшiн тiркеу журналында қол қоюмен орындаушыға жолданады;
6) 6-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым лауазымдық тұлғасының құжаттар мазмұны мен ресiмделуiнiң Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн тексеруi;
7) 7-кезең – тексеру нәтижесi оң болған жағдайда ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның лауазымдық тұлғасы Комитетке депозиттеу объектiлерiн депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлайды;
8) 8-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның лауазымдық тұлғасы депозитке салынған бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттама туралы мәлiметтердi Депозитке салынған бағдарламалық өнiмдер тiзiлiмiне енгiзедi;
9) 9-кезең – өтiнiм берiлген депозитке салу объектiлерiнiң сәйкессiздiгi немесе депозитке беру өтiнiмi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның лауазымдық тұлғасы қайтару себептерiн көрсетумен өтiнiмдi Комитетке қайтарады;
10) 10-кезең – Комитеттiң лауазымдық тұлғасы қайтару себептерiн көрсетумен өтiнiмдi тұтынушыға қайтаруды жүргiзедi.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тұтынушының құжаттарын қабылдау Комитеттiң жұмыс кестесiне сәйкес жұмыс күнi iшiнде бiр тұлғамен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-қимылдар
(өзара iс-қимылдар) тәртiбiн сипаттау
13. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн Комитетке қосымшаларын көрсетумен iлеспе хатты ұсынады, ол Комитеттiң ҚҚҚ қызметкерiмен iлеспе хатта көрсетiлген тiзiм бойынша қабылдап алынады. Комитеттiң ҚҚҚ қызметкерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлген iлеспе хатты тiркеуi тұтынушының барлық қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайды.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мыналарды:
1) ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беруге арналған өтiнiмдi;
2) авторлық құқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенiң бастапқы бағдарламалық кодтарын;
3) депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмдi орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттерiн, депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмнiң құрастырылған модульдерiн (құрауыштарын) қамтитын ақпараттық жүйелердiң инсталляциялық пакетiн;
4) қажет болған жағдайда тұтынушы айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз етудi;
5) ақпараттық жүйенiң аннотациялық немесе жарнамалық сипаттамасын;
6) нормативтiк-техникалық құжаттама – ақпараттық жүйенiң ерекшелiгiн, сипаттамасын, сынақ бағдарламасы мен әдiстемесiн, мыналарды:
депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмнiң ерекшелiгiн;
техникалық тапсырманы (бағдарламалық өнiмдi дамытудың барлық кезеңдерiн);
формулярды (негiзi сипаттамалары, жинақтылық және депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмдi пайдалану туралы мәлiметтер);
бағдарламалық өнiмнiң сипаттамасы (жұмыстың және өзара iс-қимылдың схемасы мен диаграммасын қоса алғанда, бағдарламалық өнiмнiң қисынды құрылымы мен жұмыс iстеуi туралы мәлiметтер);
түсiндiрме жазбаны (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнiмнiң алгоритмiнiң және (немесе) жұмыс iстеуiнiң жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешiмдердiң негiздемесi);
қолданылу сипаттамасын (бағдарламалық өнiмнiң мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдiстер, шешiлетiн мiндеттердiң сыныбы, қолдану үшiн шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгi конфигурациясы туралы мәлiметтер);
орнату жөнiндегi нұсқаулықты;
әкiмшiнiң нұсқаулығын;
пайдаланушының нұсқаулығын;
техникалық тапсырма бойынша талап етiлетiн басқа құжаттарды қамтитын пайдалану құжаттамасын;
7) тұтынушының қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттарды ұсынады.
15. Ақпараттық қауiпсiздiк бойынша талаптар «Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысына сәйкес әзiрленген және бекiтiлген.
16. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктердi тiзбелеу және сипаттау (бұдан әрi – ҚФБ):
ҚФБ 1 – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттандыру және байланыс комитетi;
ҚФБ 2 – «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
17. Әр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекетi дәйектiлiгiнiң кестелiк сипаттамасы әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекетiнiң орындалу мерзiмiн көрсетумен осы Регламентке 1-қосымшада берiлген.
18. ҚФБ мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттiң қисындық өзара байланысын бейнелейтiн схема осы Регламентке 2-қосымшада берiлген.
19. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну нысаны мәлiметтер мен депозитке беруге ұсынылған объектiлерге депозитарлық нөмiрлерiн меншiктеп беру, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымдық
тұлғалардың жауапкершiлiгi
20. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiне шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты № А772 кабинет, (87172) 74-06-85 телефоны бойынша Комитеттiң лауазымды адамынан алуға болады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiне: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А739 кабинет, телефон (87172)74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс кестесi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, оның iшiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымды тұтынушы Комитетке: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А772 кабинет, телефон (87172) 74-06-85 мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс кестесi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, оның iшiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
Шағым ерiктi түрде, екi данада ресiмделедi, оның бiреуi жасалған шағымға жауап алатын мерзiм мен орын, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлiп, тұтынушыға берiледi.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген тәртiппен қаралады.
Қабылданған шағым заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi. Шағымның екiншi данасы не көшiрмесi шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдап алған адам жасалған шағымға жауап алатын мерзiм мен орынды және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерiн көрсетедi.
Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mci.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 74-03-54 телефоны арқылы алуға болады.
«Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық
өнiмдердi, бағдарламалық кодтар
мен нормативтiк-техникалық
құжаттаманы депозитарийге депозитке
салу» мемлекеттiк қызмет Регламентiне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы
Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беру
№
|
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Комитеттiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң жұмыскерi
|
Комитет басшылығы
|
Комитеттiң ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы
|
Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң жұмыскерi
|
Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның басшылығы
|
3
|
Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Қосымша берiлген өтiнiм мен материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қабылдау, ашу, iрiктеу
|
Кiрiс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау
|
Қосымша берiлген өтiнiм және материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қарау, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым мекенжайына қосымша берiлген материалдары бар iлеспе хат дайындау
|
Қосымша берiлген өтiнiм мен материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қабылдау, ашу, iрiктеу
|
Кiрiс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)
|
Кiрiс корреспонденцияны тiркеу журналында тiркеу
|
Басшылықтың тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшiн тiркеу журналында қол қоюмен жолданады
|
Iлеспе хат
|
Кiрiс корреспонденцияны тiркеу журналында тiркеу
|
Басшылықтың тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшiн тiркеу журналында қол қоюмен жолданады
|
5
|
Орындау мерзiмдерi
|
15 минут
|
1 жұмыс күнi
|
2 жұмыс күнi
|
15 минут
|
2 жұмыс күнi
|
1-кестенiң жалғасы
№
|
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментiнiң лауазымдық тұлғасы
|
Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментiнiң лауазымдық тұлғасы
|
Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментiнiң лауазымдық тұлғасы
|
Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментiнiң лауазымдық тұлғасы
|
Комитеттiң ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы
|
3
|
Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Құжаттардың мазмұны мен ресiмделуiнiң Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн тексеру
|
Тексеру нәтижесi оң болған жағдайда Комитетке депозиттеу объектiлерiн депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлау
|
Депозитке салынған бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттама туралы мәлiметтердi Депозитке салынған бағдарламалық өнiмдер тiзiлiмiне енгiзу
|
Өтiнiм берiлген депозитке салу объектiлерiнiң сәйкессiздiгi немесе депозитке беру өтiнiмi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда қайтару себептерiн көрсетумен өтiнiмдi Комитет мекенжайына қайтару
|
Қайтару себептерiн көрсетумен өтiнiмдi тұтынушыға қайтару
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)
|
Бағдарламалық кодтар мен нормативтiк- техникалық құжаттаманың стандарт талаптарына сәйкестiгiн тексеру қорытындысы
|
Iлеспе хат
|
Ұсынылған депозиттеу объектiлерiне депозитарлық нөмiрлер меншiктеу
|
Iлеспе хат
|
Iлеспе хат
|
5
|
Орындау мерзiмдерi
|
15 жұмыс күнi
|
3 жұмыс күнi
|
5 жұмыс күнi
|
13 жұмыс күнi
|
3 жұмыс күнi
|
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi үдерiс.
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)
|
Комитет
|
Уәкiлеттi ұйым
|
1. Қосымша берiлген өтiнiм мен материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қабылдау, ашу, iрiктеу
|
4. Қосымша берiлген өтiнiм мен материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қабылдау, ашу, iрiктеу
|
2. Кiрiс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау
|
5. Кiрiс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау
|
3. Қосымша берiлген өтiнiм және материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қарау, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым мекенжайына iлеспе хат дайындау
|
6. Құжаттардың мазмұны мен ресiмделуiнiң Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн тексеру
|
10. Қайтару себептерiн көрсетумен өтiнiмдi тұтынушыға қайтару
|
7. Тексеру нәтижесi оң болған жағдайда Комитетке депозиттеу объектiлерiн депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлау
|
|
8. Депозитке салынған бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттама туралы мәлiметтердi Депозитке салынған бағдарламалық өнiмдер тiзiлiмiне енгiзу
|
|
9. Өтiнiм берiлген депозитке салу объектiлерiнiң сәйкессiздiгi немесе депозитке беру өтiнiмi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда қайтару себептерiн көрсетумен өтiнiмдi Комитет мекенжайына қайтару
|
«Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық
өнiмдердi, бағдарламалық кодтар
мен нормативтiк-техникалық
құжаттаманы депозитарийге
депозитке салу» мемлекеттiк қызмет
Регламентiне
2-қосымша
«Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық
кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беру»
мемлекеттiк қызметiн көрсету үдерiсi
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрiнiң
2011 жылғы 19 тамыздағы
№ 252 бұйрығына 2-қосымша
«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi
электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық
жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу» мемлекеттiк
қызметiнiң регламентi
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу» регламентiнде (бұдан әрi - Регламент) мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе - ақпараттық процестердi iске асыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты ұсыну және беру, тарату, iздеу, өңдеу, сақтауға арналған жүйе (бұдан әрi - АЖ);
2) құрылымдық-функционалдық бiрлiк (ҚФБ) - мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын мүдделi органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелерi немесе олардың кiшi жүйелерi (бұдан әрi - ҚФБ);
3) мемлекеттiк қызмет - жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған, бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру аясында мемлекеттiк органдар, өзге де мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет;
4) тұтынушы - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң иесi немесе меншiк иесi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
5) iшiнара автоматтандырылған қызмет - құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керiсiнше нысанға өзгерту қажет болған кезде қызмет көрсету үдерiсiнде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесу қызметi;
6) электрондық ақпараттық ресурс - қолданыстағы заңнамаға және белгiленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған, ақпараттық жүйелердегi құжаттандырылған ақпараттың жиынтығы (бұдан әрi АР);
7) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмi - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тiзбе.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1403 қаулысына сәйкес әзiрлендi (бұдан әрi - стандарт).
3. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттандыру және Байланыс комитетi (бұдан әрi - Комитет) көрсетедi.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
5. Мемлекеттiк қызмет "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабы және "Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және депозитарийдi жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде (бұдан әрi - АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмi) тiркеу және қағаз тасығышта ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу туралы куәлiк (бұдан әрi - Куәлiк) беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттiк қызмет Комитетпен демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен көрсетiледi. Қызмет алу үшiн алдын ала жазылу талабы жоқ. Жедел қызмет көрсету тәртiбi қарастырылмаған. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрлiктер үйi, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс.
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi және мемлекеттiк қызметтi көрсету барысы туралы ақпаратты тұтынушылар 74-06-85 телефоны арқылы Комитеттен ала алады.
9. Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және Куәлiк беру үшiн тұтынушы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 43 жұмыс күнiн құрайды. Мемлекеттiк қызметтiң уақыт бойынша шектеу мерзiмi:
1) Комитет тiркеу өтiнiмдерiн алған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде олардың дұрыс және толық толтырылуын тексередi;
2) тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделген жағдайда Комитет 5 жұмыс күнi iшiнде АР мен (немесе) АЖ тiркеудi жүргiзедi және тiркеу нөмiрiн тағайындайды;
3) Комитет тiркеу өтiнiмдерiнiң көшiрмелерiн тiркелген сәттен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына(бұдан әрi - «ТСТСТО» РМК) АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмiне мәлiметтер енгiзу үшiн жолдайды;
4) «ТСТСТО» РМК 5 жұмыс күнi iшiнде АР мен (немесе) АЖ туралы тиiстi мәлiметтердi АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзедi;
5) Комитет АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмiнде АР мен (немесе) АЖ тiркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде Куәлiк бередi;
6) тiркеу өтiнiштерi Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылғы 16 қыркүйекте № 6497 тiркелген, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттык жүйелердi тiркеу туралы өтiнiштердiң нысандарын бекiту туралы» бұйрығымен (бұдан әрi - Бұйрық) бекiтiлген нысандарға сәйкес келмеген жағдайда, Комитет оларды алған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде тiркеу өтiнiмдерiн қайтару себептерiн көрсетумен тұтынушыға қайтарады;
7) тұтынушы қайтарылған тiркеу өтiнiмдерiн алған сәттен бастап ескертулердi жояды және оларды тiркеу үшiн Комитетке қайтадан тапсырады;
8) тұтынушының тiркеу өтiнiмдерiн қайталама қарау осы Регламенттiң 9-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларымен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады;
9) АР мен АЖ тiркеу кезiнде тiркеу мәлiметтерiнiң мазмұнын немесе құрамын нақтылау үшiн Комитет тұтынушыдан АР мен АЖ туралы қосымша ақпарат сұратады;
10) тiркеу үшiн қажеттi, АР мен (немесе) АЖ туралы қосымша ақпарат ұсыну туралы сұрау алған кезде, тұтынушы тиiстi сұрауды алған сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде толық жауап ұсынады.
11) Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын тапсырмау Комитеттiң тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуына негiз болады.
11. «Электрондық акпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу» мемлекеттiк қызметiн көрсету кезеңдерi:
1) 1-кезең - қосымша берiлген құжаттары мен материалдары бар iлеспе хатты Комитеттiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнде (бұдан әрi - ҚҚҚ) қабылдау және тiркеу;
2) 2-кезең - Комитет басшысының кiрiс корреспенденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Басшылықтың тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшiн тiркеу журналында қол қоюмен лауазымдық тұлғаға жолданады;
3) 3-кезең - Комитеттiң лауазымдық тұлғасының тiркеу өтiнiмдерiнiң толықтығы мен олардың дұрыс толтырылуын тексеруi;
4) 4-кезең - Комитеттiң лауазымдық тұлғасының ақпараттық ресуртар мен (немесе) ақпараттық жүйелердi тiркеу нөмiрiн меншiктеумен тiркеуi;
5) 5-кезең - Комитеттiң лауазымдық тұлғасының тiркеу өтiнiмдерiнiң көшiрмелерiн «ТСТСТО» РМК мекенжайына жiберудi жүзеге асыруы;
6) 6-кезең - «ТСТСТО» РМК ҚҚҚ-да тiркеу өтiнiмдерi қоса берiлген құжаттарды қабылдауы;
7) 7-кезең - «ТСТСТО» РМК басшысының лауазымдық тұлғаны анықтауы;
8) 8-кезең - «ТСТСТО» РМК лауазымдық тұлғасының АР мен (немесе) АЖ туралы мәлiметтердi АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзуi;
9) 9-кезең - «ТСТСТО» РМК лауазымдық тұлғасының АР мен (немесе) АЖ туралы мәлiметтердiң АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуi туралы Комитет мекенжайына хабарлама жiберуi;
10) 10-кезең - Комитеттiң лауазымдық тұлғасының тұтынушыға Куәлiктi дайындауы және жiберуi;
11) 11-кезең - тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда Комитеттiң лауазымдық тұлғасы қайтару себептерiн көрсетумен тiркеу өтiнiмдерiн тұтынушыға қайтарады.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тұтынушының құжаттарын қабылдау Комитеттiң жұмыс кестесiне сәйкес жұмыс күнi iшiнде бiр тұлғамен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-қимылдар (өзара iс-қимылдар) тәртiбiн сипаттау
13. Кiрiс (оның iшiнде электрондық) хат-хабарларды тiркеу және тұтынушының мемлекеттiк қызметтi көрсетуге сұрауын (өтiнiмiн) қабылдау (тiркеу) туралы ақпарат алу тәртiбi:
1) қажеттi құжаттары мен материалдары жолданады;
2) құжаттар мен материалдарды қабылдауды Комитеттiң кеңсесi мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А781 кабинет, телефоны: (87172) 74-03-64.
3) мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлетiн күнiнiң көрсетiлуiмен Комитет ҚҚҚ-да iлеспе хаттың тiркелуi тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайды.
14. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынатын қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) тұтынушымен қол қойылған және расталған, Бұйрықпен бекiтiлген нысан бойынша өтiнiмнiң түпнұсқасы;
2) өтiнiмнiң қағаз және электрондық тасығыштардағы көшiрмелерi.
15. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге талаптар «Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 Қаулысына сәйкес әзiрленген және бекiтiлген.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысады:
ҚФБ1 - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттандыру және байланыс комитетi;
ҚФБ2 - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
17. Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-қимылдардың бiрiздiлiгiн мәтiндiк кестелiк сипаттау әрбiр әкiмшiлiк iс-қимылдың орындалу мерзiмiн көрсетумен Регламентке 1-қосымшада берiлген.
18. ҚФБ мен мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-қимылдардың логикалық бiрiздiлiгi арасындағы өзара қарым-қатынасты сипаттайтын сызба Регламентке 2-қосымшада берiлген.
19. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне сәйкес ұсынылатын Куәлiк нысаны Регламентке 3-қосымшада берiлген.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымдық тұлғалардың
жауапкершiлiгi
20. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы бойынша наразылықтар туындаған жағдайда мемлекеттiк қызмет нәтижелерiне шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты № А772 кабинет, (87172) 74-03-24 телефоны бойынша Комитеттiң лауазымды адамынан алуға болады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiне: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi" әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А739 кабинет, телефон (87172)74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс тәртiбi: сағат 9.00-ден 18.30-ға 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
22. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсету мэселелерi бойынша шағымды тұтынушы Комитетке: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А739 кабинет, телефон (87172) 74-03-24 мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс тәртiбi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, оның iшiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
23. Шағым ерiктi түрде, екi данада ресiмделедi, оның бiреуi жасалған шағымға жауап алатын мерзiм мен орын, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлiп, тұтынушыға берiледi.
«Электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердi
электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердiң
мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу»
мемлекеттiк қызмет
Регламентiне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы.
АР мен АЖ-ны АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу және
куәлiктер беру.
№
|
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Комитеттiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң жұмыскерi
|
Комитет басшылығы
|
Комитеттiң ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы
|
Комитеттiң ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы
|
Комитеттiң ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы
|
«ТСТСТО» РМК құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң жұмыскерi
|
3
|
Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Қосымша берiлген тiркеу өтiнiмдерi бар кiрiс iлеспе хатты Комитеттiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнде (бұдан әрi - ҚҚҚ) қабылдау
|
Кiрiс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау
|
Тiркеу өтiнiмдерi бар кiрiс корреспонденцияны қарау, олардың толықтығы мен дұрыс толтырылуын тексеру
|
Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделген жағдайда, электрондық АР мен (немесе) АЖ тiркеудi өткiзу
|
«ТСТСТО» РМК атына iлеспе хат дайындау
|
Қосымша берiлген өтiнiмдерi бар кiрiс корреспонденцияны қабылдау, ашу, iрiктеу
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)
|
Кiрiс корреспонденцияны тiркеу журналында тiркеу
|
Басшылықтың тапсырмасына (бұрыштама) сәйкес, қосымша берiлген тiркеу өтiнiмдерi бар хат орындау үшiн тiркеу журналында қол қоюмен жолданады
|
Электрондық АР мен (немесе) АЖ-ны АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу туралы шешiм
|
Тiркеу нөмiрiн меншiктеу
|
Қосымша берiлген тiркеу өтiнiмдерiнiң көшiрмелерiн iлеспе хатпен уәкiлеттi ұйым мекенжайына жiберу
|
Кiрiс корреспонденцияны тiркеу журналында тiркеу
|
5
|
Орындау мерзiмдерi
|
15 минут
|
2 жұмыс күнi
|
13 жұмыс күнi
|
5 жұмыс күнi
|
3 жұмыс күнi
|
15 минут
|
1-кестенiң жалғасы
№
|
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
2
|
ҚФБ атауы
|
«ТСТСТО» РМК басшылығы
|
«ТСТСТО» РМК ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментiнiң лауазымдық тұлғасы
|
«ТСТСТО» РМК ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментiнiң лауазымдық тұлғасы
|
Комитеттiң ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы
|
Комитеттiң ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы
|
3
|
Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның)
атауы және оның сипаттамасы
|
Кiрiс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау
|
Мемлекеттiк тiркелiмге электрондық АР мен (немесе) АЖ туралы тиiстi мәлiметтердi енгiзу
|
АР мен (немесе) АЖ туралы мәлiметтердiң АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуi туралы Комитет мекенжайына тиiстi хабарлама жiберу
|
АР мен (немесе) АЖ Мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу туралы куәлiктi дайындау
|
Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда оларды қайтару себептерiн көрсетумен тұтынушыға қайтару жүргiзiледi
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер,
құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк
шешiм)
|
Басшылықтың тапсырмасына (бұрыштама) сәйкес, қосымша берiлген тiркеу өтiнiмдерi бар хат орындау үшiн тiркеу журналында қол қоюмен жолданады
|
АР мен (немесе) АЖ мемлекеттiк тiркелiмiндегi мәлiметтер
|
АР мен (немесе) АЖ туралы мәлiметтердiң мемлекеттiк тiркелiмге енгiзiлуi туралы хабарлама- хат
|
АР мен (немесе) АЖ-ны Мемлекеттiк тiркелiмде тiркеу туралы куәлiк беру
|
Тұтынушы мекенжайына тiркеу өтiнiмдерi бар iлеспе хат жiберу
|
5
|
Орындау мерзiмдерi
|
2 жұмыс күнi
|
5 жұмыс күнi
|
3 жұмыс күнi
|
10 жұмыс күнi
|
15 жұмыс күнi
|
2-кесте. Пайдалану нұсқалары.
АР мен АЖ-ны АР мен АЖ мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу үдерiсi
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)
|
Комитет
|
«ТСТСТО» РМК
|
1. Қосымша берiлген өтiнiмдерi бар кiрiс корреспонденцияны қабылдау, ашу, iрiктеу
|
6. Қосымша берiлген өтiнiмдерi бар кiрiс корреспонденцияны қабылдау, ашу, iрiктеу
|
2. Кiрiс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау
|
7. Кiрiс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау
|
3. Орындаушының тiркеу өтiнiмдерi бар кiрiс корреспонденцияны қарауы, олардың толықтығы мен дұрыс толтырылуын тексеруi
|
8. Мемлекеттiк тiркелiмге АР мен (немесе) АЖ туралы тиiстi мәлiметтер енгiзу
|
4. Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделген жағдайда, АР мен (немесе) АЖ-ны тiркеу нөмiрiн меншiктеумен тiркеу
|
9. АР мен (немесе) АЖ туралы мәлiметтердiң Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзiлуi туралы Комитет мекенжайына тиiстi хабарлама жiберу
|
5. Қосымша берiлген тiркеу өтiнiмдерiнiң көшiрмелерi бар iлеспе хатты дайындау және уәкiлеттi ұйым мекенжайына жiберу
|
|
10. Тiркеу туралы куәлiктi дайындау және беру
|
|
11. Өтiнiм тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда оларды қайтару себептерiн көрсетумен тұтынушыға қайтару
|
|
«Электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердi
электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердiң
мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу»
мемлекеттiк қызмет
Регламентiне
2-қосымша
Функционалдық өзара iс-қимылдар сызбасы
«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi
электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң
мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету
үдерiсi
«Электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердi
электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердiң
мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу»
мемлекеттiк қызмет
Регламентiне
3-қосымша
Куәлiктiң нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛIГI
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДI ТIРКЕУ ТУРАЛЫ
К У Ә Л I К
Астана қаласы № _______ 20___ж. «____» _____________
Осы куәлiк "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен бекiтiлген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және депозитарийдi жүргiзу ережелерiне сәйкес берiлдi.
_____________________________________________________________________
(ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер иесiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң атауы)
ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң Мемлекеттiк тiркелiмiне ұсынылған
_____________________________________________________________________
(ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң атауы)
_____________________________________________________________________
(бағдарламалық өнiм мәртебесiнiң атауы)
20 __ жылғы «___» ___________ № _________ нөмiрiмен тiркелдi.
Вице-министр
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |