«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет53/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

табыс критерийлеріне сай тапсырма дайындаған кезде ресурс пен 
тапсырмаларды іріктеп, кесте түрінде саралап беруге де болады. Қалыптастырушы бағалауға 
арналған тапсырмаларда саралау деңгейлі тапсырма түрінде қамтылады. Қалыптастырушы 
бағалау тапсырмасы – біріншіден, оқушының оқуын қолдауға бағытталған қалыптастырушы 
бағалау жүргізуге (ұйымдастыруға), екіншіден, мұғалім үшін сабақ мақсатына жеткен/жет-
пегендігін айқындауы үшін маңызды болып табылады. Төмендегі тапсырмалар мысалында 
алып қарайық. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісін қолдана отырып, мәтінмен жұмыс мынандай 
ретпен жүзеге асады: 
1-
қадам: Жұптаса отырып ақпараттармен танысады (үлестірмелі материал түрінде 
беріледі),біреуі 1-баған, екіншісі 2-бағандағы ақпарат бойынша сұрақ қоя отырып өзара 
талдайды.
2-
қадам: Бірлесе отырып,Осман империясының дағдарысқа ұшырауының 4 себебін жазады 
(ХVІІІ ғ.-2 себеп, ХІХғ.- 2себеп). 
3-
қадам: Жеке жұмыс.«Шығыс мәселесі» саясатының 2 мәнін анықтайды.
1.Жұптаса отырып кестедегі ақпараттарды салыстырып бір-бірлеріңе түсіндір:
 
ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы оқиғалар 
Жылы Жылы ХІХ ғасырдағы оқиғалар 
1.Осман империясы Еуропа, соның ішінде 
Ресей үшін аса қатерлі болды. Түрік 
әскерлері Венаға және басқа еуропалық 
қалаларға жорықтар жасады. 
2.Осман империясына қарсы «Қасиетті 
Лига» коалициясы құрылды, оған Австрия, 
Польша, Мальта, Ресей кірді. 
3. І Петр Азов бекінісін түріктерден 
тартып алды 
ХVІІғ. 
аяғы 
1684ж. 
1696ж. 
1828-
1829жж. 
1832ж. 
1833ж. 
1853-
1856жж. 
1856ж. 
1.Орыс-түрік соғысынан кейін Грекия, 
Сербия мен Дунай ұлыстары империя 
шеңберінде өзін-өзі басқару құқығына ие 
болды. 
2. ІІ Махмұд сұлтанның сәтсіз 
соғыстарының бірі – Мысыр билеушісі 
Мұхаммед Әлимен болды.
3. ІІ Махмұд орыс патшасы І Николайдан 
көмек сұрауға мәжбүр болды. 


95 
4. Карловыдағы келісімшарт бойынша 
Осман империясы еуропадағы жерлерінен 
(Венгрия, Трансильвания, Словения 
т.б.)айырылды. 
5.Үкіметтің бұйрығымен өте жоғары салық 
енгізіліп, бұл қала халқының наразылығын 
туғызды. Осы жылы Патрон Халил 
бастаған қала кедейлерінің көтерілісі 
болды 
6
.Орыс-түрік соғысында Осман 
империясы жеңіліске ұшырады. Соғысқа 
итермелеген Франция көмек көрсетпеді.
7. Түрік үстемдігіне қарсы Балқанда, араб 
елдерінде, Кавказда ұлт-азаттық 
көтерілістер басталды 
8.Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде 
күшейіп кетуінен қауіптенген Англия мен 
Франция ІІ Екатеринаның саясатына қарсы 
шығып, Осман империясының тұтастығын 
қорғауға мәжбүр болды. 
9.Батыс елдері «Осман мұрасын» бөлісу 
мәселесін күн тәртібіне қоя бастады 
1697ж. 
1730ж. 
1768-
1774ж. 
ХVІІІғ. 
ІІж. 
1876ж. 
1888ж. 
4. Ресей, Англия, Франция Таяу Шығыс 
нарығына үстемдік ету мақсатымен саяси 
бәсекелестік күресін жандандырды. 
5. Ресей патшасы І Николай Осман 
империясының құрамындағы 
православиелік халықтарды орыс ықпалына 
алуды көздеп, нәтижесінде орыс-түрік 
немесе Қырым соғысына әкеліп соқты. 
6. Париж келісімі шеңберінде Англия, 
Франция Осман империясының тұтастығы 
мен тәуелсіздігіне кепілдік берді. Түркия 
бұл елдерден көп мөлшерде несие алды. 
7. Англия, Франция, Австро-Венгрия егер 
Осман империясы толық күйрейтін болса, 
Ресейдің ықпалы күшейіп, славян 
мемлекеттері мен Қара теңіз бұғазын өз 
бақылауына алады деп қауіптенді. 
8. ІІ Абдул Хамид Германиямен тығыз 
байланыс орнатуға бет бұрды.
9. Билікке ІІ Вильгельмнің келуі 
Германияны Осман империясымен 
жақындатты 
2. Себептерін көрсет: 
1) 
ХVІІІғ.Осман империясының 2) ХІХғ.Осман империясының дағдарысқа ұшырауының 
дағдарысқа ұшырауының
2 себебін көрсетіңіз: 2 себебін көрсетіңіз: 
3. «Шығыс мәселесі» саясатының 2 мәнін анықта: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет