Білім берудегі менеджмент кафедрасы



Дата06.12.2022
өлшемі81.2 Kb.
#466600
ПЕДАГОГИКА.Бузаубакова Бөпетаева С. ТЕСТ 2022-2023 КАЗ


М.Х. Дулати атындағы тараз өңірлік университеті


__________________Білім берудегі менеджмент_______________________кафедрасы


/кафедра атауы/


Тест тапсырмасы


_________________________________Педагогика_______________________________________пәнінен
___2______курс______Барлық мамандықтарға ______________________________________
/шифр және атауы / код және атауы/
____________________мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін


Пән: Педагогика
Кредит саны: 5
Тест саны: 300
Мамандықтар: Барлық педагогикалық мамандықтар үшін
Тест авторлары: п.ғ.д., профессор К.Д.Бузаубакова
аға оқытушы С.Ж. Бупетаева
Кафедра: Педагогика

1. Адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының және т.б. жиынтығы – бұл:


A) білім
B) мәдениет
C) өнер
D) тәрбие
E) интеллект

2. Жеке тұлғаның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту, өзін-өзі тану және өздігінен білім алуды тиімді қамтамасыз ететін әлеуметтік құндылықтың белсенділігін қалыптастыру – бұл білім берудің ... .


A) мақсаты
B) міндеті
C) формасы
D) әдісі
E) мазмұны

3. Ранжирлеу әдісі– бұл:


A) зерттеу объектілері немесе құбылыстары нақтыланған бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастыру
B) зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу
C) педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау
D) заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу
E) мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау

4. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс – бұл ... технологиясының кезеңдері.


A) сын тұрғысынан ойлау
B) модульдік оқыту
C) жобалау
D) ынтымақтастық
E) қашықтан

5. «Білім беру» ұғымын құндылық, жүйе, процесс, нәтиже аспектілерінде қарастырған білім беру философиясының белгілі маманы:


A) Б.С.Гершунский
B) В.А.Сластенин
C) П.И.Пидкасистый
D) И.Г.Пестолоцци
E) Я.А.Коменский

6. Білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас – бұл:


A) педагогикалық парадигма
B) педагогикалық процесс
C) нәтиже
D) құндылық
E) білім беру

7. Американдық физик, философ Т.Кун бойынша, «қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін (білімін) анықтайтын алғышарттардың (қағидалардың) жиынтығы» – бұл:


A) парадигма
B) процесс
C) нәтиже
D) құндылық
E) білім беру

8. Ш.Амонашвили білім берудің ... парадигмасын ұсынды.


A) ізгілікті
B) жаңашыл
C)жеке тұлғаға бағытталған
D) нәтижеге бағытталған
E) бағдарлы

9. Парадигманы когнетивтік (интеллектуалды даму) және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратып көрсеткен ғалым:


A) Е.А.Ямбург
B) Ш.Амонашвили
C) Б.С.Гершунский
D) П.И.Пидкасистый
E) Е.Якиманская

10. Қазақстан Республикасында Ғылым мен білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарын атаңыз:


A) білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру
B) білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту
C) білім берудің әдістемелік мазмұнын жаңарту
D) білім сапасын бағалаудың критериалдыжүйесін құру
E) білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру

11.Оқушылардың жеке қабілетін дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді:


A) ақпараттық коммуникативтік технология (АКТ)
B) инновациялық технология
C) ізгілендіру технологиясы
D) тұлғалық-бағдарлық оқыту
E) қашықтан оқыту

12. Білім беру жүйесінің базалық бөлігі және білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуетін функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі:


A) жалпы орта білім беру
B) 12 жылдық білім беру
C) жоғары білім беру
D) орта білімнен кейінгі білім беру
E) арнайы білім беру

13.Адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы – бұл:


A) функционалдық сауаттылық
B) педагогикалық парадигма
C) процесс
D) нәтиже
E) білім

14. Оқушылардың танымдық, шығармашылық, теориялық, тәжірибелік іскерлігін басқару жүйесі, ойлау процесі заңдылықтары білімді меңгеру жағдайына, танымдық қабілеттің дамуына негізделген оқыту түрі:


A) проблемалық оқыту
B) қашықтан оқыту
C) модульдік оқыту
D) саралап оқыту
E) оқытудың жобалау технологиясы

15. Оқушылар саны аз және оқу сабақтарын ұйымдастыру түрлері ерекше болып келетін жалпы білім беретін мектеп:


A) ШКМ-шағын комплектілі мектептер
B) колледж
C) институт
D) Академия
E) инклюзивті мектептер

16. Оқушылардың оқу процесінде алған білімдерінің берік әрі тиянақты болуы принципі:


A) оқытудағы білімнің беріктігі
B) мақсаттылық
C) түсініктілік
D) педагогикалық процестің бағыттылығы
E) білім, іскерлік, дағдыны меңгеру беріктілігі

17.Баланың мүмкіншілігінің шектеулі болғанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы орта білім беретін мектептерде толықтай білім алуын қамтамасыз ету – бұл:


A) инклюзивті білім беру
B) жалпы орта білім беру
C) 12 жылдық білім беру
D) жоғары білім беру
E) орта білімнен кейінгі білім беру

18. Инклюзивті білім берудегі оған қатысатын әрбір адамның бойында қалыптасатын құндылықтар:


A) теңдік
B) еркіндік
C) батылдық
D) қабілеттілік
E) төзімділік

19.Оқу-тәрбие процесінде оқушыларды достыққа үйрете отырып, белсенділік пен шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді:


A) ойын сабақтары
B) жарыс сабақтары
C) ой қорыту сабақтары
D) қоғамдық білім байқауы
E) сынақ сабағы

20.«Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» деп өсиет қалдырған педагог:


A) Я.А.Коменский
B) И.Г.Пестолоцци
C) В.Ратке
D) Ы.Алтынсарин
E) К.Д.Ушинский

21. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар кешенін көрсетіңіз:


A) жалпы адамзаттық, кәсіби-педагогикалық касиеттері, арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары
B) мінез-құлқы, мәдениеті, жалпы адамзаттық, кәсіби-педагогикалық касиеттері
C) арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы
D) мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны
E) адамның инттелектуалдық, эмоционалдық, физикалық дамуы

22. Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің біліктілік сипаттамасы:


A) жас маман, тәжірибелі мұғалім, шығармашыл мұғалім, жаңашыл мұғалім, зерттеуші мұғалім, креативті мұғалім
B) үздік маман, тәжірибелі маман, озат тәжірибелі маман, жаңашыл маман, зерттеуші мұғалім, креативті маман
C) атақты мұғалім
D) беделді мұғалім
E) танымал мұғалім, ізденуші, зерттеуші, креативті мұғалім

23. Педагогикалық еңбек өтілі 1-3 жыл болатын, еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалім – бұл:


A) жас маман
B) тәжірибелі маман
C) шығармашыл мұғалім
D) жаңашыл мұғалім
E) креативті мұғалім

24. Педагогикалық еңбек өтілі 3-5 жыл болатын, өзіндік тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалім:


A) тәжірибелі маман
B) жас маман
C) шығармашыл мұғалім

D) жаңашыл мұғалім


E) креативті мұғалім

25.Педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруда жоғары нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы мұғалім – бұл:


A) озат тәжірибелі мұғалім
B) жас маман
C) шығармашыл
D) жаңашыл мұғалім
E) креативті мұғалім

26. Өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген, алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді шебер әрі шығармашылықпен қолдана алатын шебер мұғалім – бұл:


A) шығармашыл мұғалім
B) жас маман
C) креативті мұғалім
D) жаңашыл мұғалім
E) озат тәжірибелі мұғалім

27. Шебер ретінде өз іс-тәжірибесін жаңа әдістермен, жаңа технологиялармен байытып отыратын шығармашыл мұғалім – бұл:


A) жаңашыл мұғалім
B) жас маман
C) креативті мұғалім
D) шығармашыл мұғалім
E) озат тәжірибелі мұғалім

28. Өзінің авторлық технологиясын ұсынатын жаңашыл мұғалім – бұл:


A) ізденуші мұғалім
B) жас маман
C) креативті мұғалім
D) шығармашыл мұғалім
E) озат тәжірибелі мұғалім

29. Өзі ұсынған авторлық технологиясының басқа мектепте, аудан (қала), облыс, республика көлемінде қалай өтуіне байланысты зерттеу жүргізетін, зерттеу жұмысына диагностикалық мониторинг жүргізе алатын мұғалім – бұл:


A) зерттеуші мұғалім
B) жас маман
C) креативті мұғалім
D) шығармашыл мұғалім
E) озат тәжірибелі мұғалім

30. Өзінің авторлық технологиясын ғылыми тұрғыдан негіздей алған, іс-тәжірибесі республика көлемінде танылған, насихатталған ұдайы ізденістегі жаңашыл, шебер мұғалім – бұл:


A) креативті мұғалім
B) зерттеуші мұғалім
C) шығармашыл мұғалім
D) озат тәжірибелі мұғалім
E) жас маман

31.Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаты және жеке мамандығына қатысты В.А.Сластенин ұсынған мұғалім профессиограммасы талаптары:


A) мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы, мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар
B) педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы, арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы
C) болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық дағдылар жүйесі
D) адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқару
E) жеке тұлға рухани әлемінің негізін қалыптастыру

32. Адам белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруін және оған сәйкес қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы:


A) кәсіп
B) мамандық
C) мұғалім
D) тәрбиеші
E) стандарт

33. Өскелең ұрпақтың интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі – бұл:


A) мұғалім
B) кәсіп
C) мамандық
D) стандарт
E) тәрбиеші

34. Г.И.Шукина бойынша оқытудың әдістері:


A) ақпараттық-дамыту; эвристикалық (іздену); білім, білік, дағдыны жетілдіру мен бекіту әдістері
B) оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру әдістері, өзін-өзі бағалау әдістері
C) оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері
D) оқу-танымдық бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
E) түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік әдіс

35.Педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіріп отыратын, рухани жағынан дамыған, шығармашыл креативті тұлға – бұл:


A) білікті педагог
B) кәсіп иесі
C) мамандық иесі
D) тәрбиеші
E) жас маман

36. Адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның алғашқы әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбаны – бұл:


A) мұғалім
B) дәрігер
C) психолог
D) әлеуметтанушы
E) отбасы

37. « ...Ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздық қадірін кетіреді ...» сөз жолдарының авторы:


A) әл- Фараби
B) Демокрит
C) Аристотель
D) Сократ
E) Ж.Баласағұни

38. К.Д.Ушинский « ... сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істердің бірі» деп атап көрсетті:


A) мұғалім мамандығы
B) психолог мамандығы
C) тәрбиеші
D) әлеуметтанушы
E) тарихшы

39.Диагностикалық болжау; нәтижелік; тиімділік; жоспарлау; біртұтастық; басқарушылық; түзетушілік; оңтайлылық; қайталанушылық – бұл ... сапалық қасиеттері:


A) педагогикалық технологияның
B) сын тұрғысынан ойлау технологиясының
C) оқытудың микротоптық жүйесінің
D) Дальтон жоспарының
E) мұғалім мамандығының

40. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Бұл адамтану, күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу» деп атап көрсеткен мамандық:


A) мұғалімдік мамандық
B) психолог
C) әлеуметтанушы
D) тарихшы мамандығы
E) тәрбиеші

41. Орыс алфавитіне негіздеп, қазақ алфавитін шығарушы, мектеп жұмысын сабақ уақытымен ғана шектеп қойған жоқ, сабақтан тыс сағатты енгізген қазақтан шыққан тұңғыш көрнекті ағартушы-педагог:


A) Ы.Алтынсарин
B) М.Жұмабаев
C) А.Байтұрсынов
D) Ш.Уалиханов
E) С.Торайғыров

42. Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин бойынша оқыту әдістері жіктемесін көрсетіңіз:


A) сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, практикалық әдіс
B) түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік әдіс
C) проблемалы баяндау; ішінара баяндау
D) түсіндіру, әңгіме, пікірталас
E) сөздік әдіс, кітаппен жұмыс, бейнетаспа әдістер тобы

43. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасының авторларын атаңыз:


A) Н.Д.Хмель, Н.В.Кузьмина, И.И.Цыркун, Ш.Т.Таубаева
B) Н.В.Кухарев, П.В.Худоминский
C) М.А.Құдайқұлов, С.И.Архангельский
D) Н.А.Әбишев
E) Ю.К.Бабанский, В.И.Журавлев

44. «Жаңа тұрпатты мұғалім» тұжырымдамасы авторын атаңыз:


A) М.Н.Сарыбеков
B) М.Н.Скаткин
C) К.Д.Бузаубакова
D) Н.В.Кузьмина
E) Н.А.Әбишев

45. «Креативті мұғалім» тұжырымдамасы авторын атаңыз:


A) К.Д.Бузаубакова
B) М.Н.Сарыбеков
C) М.Н.Скаткин
D) Н.В.Кузьмина
E) Н.А.Әбішев

46. Педагогтың кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық даярлығы мен қабілеттерінің бірлігі – бұл:


A) кәсіби құзыреттілік
B) жауапкершілік
C) біліктілік
D) кәсіби даярлық
E) сапа
47. Эксперимент әдісі– бұл:
A) арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда объектінің өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес зерттелетін процестің барысына белсенді, әрі мақсатты түрде араласу
B) зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу
C) педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау
D) заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу
E) мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау

48. В.А.Сластенин бойынша біліктілік сипаттамасын, психологиялық-педагогикалық білім көлемін, болашақ мұғалімге қажет педагогикалық, әдістемелік іскерлік, дағды жүйесін көрсететін мамандық құжаты – бұл:


A) мұғалім профессиограммасы
B) сертификат
C) біліктілік санаты
D) разряд
E) озық тәжірибе

49. Педагог профессиограммасы қамтитын сапаларды атаңыз:


A) психологиялық және педагогикалық дайындық; мамандық бойынша кәсіби дайындық, ұстаздың жеке басының тұлғалық сапалары
B) өз білімін көтеру бойынша дайындық сапалары
C) мұғалімнің қоршаған ортамен, отбасымен қатынасына қойылатын талаптар саплары
D) мамандық бойынша кәсіби дайындық, ұстаздың жеке басының тұлғалық, санитарлық-гигиеналық талаптар
E) мұғалімнің жеке басына қойылатын этикалық талаптар сапалары

50. Оқушыны өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету – бұл педагогтың кәсіби ... .


A) міндеті
B) парызы
C) мақсаты
D) қағидасы
E) борышы

47. Тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын қабілет, іскерлік – бұл:


A) құзыреттілік
B) парадигма
C) құндылық
D) білім беру
E) руханилық

48. Мұғалім, тәрбиешінің идеалды үлгісі, моделі, эталоны – бұл:


A) профессиограмма
B) сертификат
C) біліктілік санаты
D) разряд
E) озық тәжірибе

49.Нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және оқушылар, ата-аналар мен педагогтер үшін түсінікті, білім мазмұнына және мақсатына сәйкес процесс– бұл:


A) критериалды бағалау
B) бақылау
C) сұрыптау
D) сараптау
E) педагогикалық диагностика

50. Педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жоғары нәтижеге қол жеткізетін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі – бұл мұғалімнің ... .


A) құзыреттілігі
B) озық тәжірибесі
C) жеке қабілеттері
D) эмоционалдық дамуы
E перцептивті қабілеті

51.П.Ф.Каптерев бойынша педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі болып табылатын мұғалімнің тұлғалық сапаларын сипаттаңыз:


A) мақсатқа ұмтылу
B) шығармашылық
C) жоғары мәдениеттілік
D) сауаттылық, білім, іскерлік, дағды
E) толеранттық, коммуникативтілік

52. Педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, дамуының оңтайлы жағдайын тудыруға өзін еркін шығармашылықта көрсету мүмкіндігін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет – бұл:


A) педагогикалық қызмет
B) сауықтыру қызметі
C) педагогикалық мәдениет
D) педагогикалық шеберлік
E) әлеуметтану

53.Оқытушы мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеу барысында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен қабілеттерін арттыратын оқыту тәсілдерін атаңыз:


A) оқыту әдістері
B) оқыту заңдылықтары
C) оқыту ұстанымдары
D) оқыту формасы
E) оқыту құралдары

54.Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету – бұл оқытудың ... принципі.


A) оқытуда теория мен практиканың байланыста болуы
B) мақсаттылық
C) түсініктілік
D) педагогикалық процестің бағыттылығы
E) білім, іскерлік, дағдыны меңгеру беріктілігі

55.Жеке тұлғаны дамытуға, қоғамдағы әлеуметтік орнын анықтау үшін адамзаттың жинақтаған өмірлік тәжірибесін, мәдениетін аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекетінің бір түрі – бұл:


A) педагогикалық іс-әрекет
B) сауықтыру қызметі
C) педагогикалық мәдениет
D) педагогикалық қызмет
E) педагогикалық құзіреттілік

56. Оқушы мен ұстазға қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыруда бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі – бұл:


A) педагогикалық технология
B) педагогикалық іс-әрекет
C) педагогикалық мәдениет
D) педагогикалық қызмет
E) педагогикалық құзіреттілік

57. Кәсіби маңызды, интегративті сапа: эмоциялық тұрақтылық, аяғына дейін тыңдай білу қабілеті, қуаттай білу іскерлігі, сыпайылық, тілдік шеберлігі – бұл педагогтың ... құзіреттілігі.


A) коммуникативтік
B) ақпараттық
C) реттеушілік
D) интеллектуалдық
E) операциялық

58. Педагогтың жаңа ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті, оқушылар мен олардың ата-аналары жайлы ақпараттар жинай алуы, оны талдай алуы – бұл педагогтың ... құзіреттілігі.


A) ақпараттық
B) коммуникативтік
C) реттеушілік
D) интеллектуалдық
E) операциялық

59. Мұғалімнің өз іс-әрекетін басқара алу іскерлігі; нәтижені болжай алуы және жоспарлауы, тұрақты белсенділік танытуы; нәтижені бағалай алуы; педагогикалық рефлексия жасай алуы – бұл педагогтың ... құзіреттілігі.


A) реттеушілік
B) коммуникативтік
C) ақпараттық
D) интеллектуалдық
E) операциялық

60. Жеке, жеке-жұптық, жеке-топтық; өзара бірлесіп оқыту, саралап оқыту, бригадалық оқыту, Винетка-жоспар, Трамп-жоспар, оқытудың микротоптық жүйесі, Белл-Ланкастер жүйесі, Дальтон жоспар – бұлар:


A) оқытудың формалары
B) оқыту мазмұны
C) оқыту құралдары
D) оқыту әдістері
E) оқыту сапасы

61. Жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы – бұл:


A) сынып
B) ұжым
C) сабақ
D) орта
E) топ

62.Бағдарламаның сабаққа қатысты бөлімін ұғыну; осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып білу; сабақтың мақсатын анықтау; оқыту әдістерін таңдау; сабақ құрылымын жобалау – бұлар:


A) мұғалімнің сабаққа дайындығы
B) сабақ жоспары
C) тәрбиелік іс-шараға дайындығы
D) ұйымдастыру жұмыстары
E) шеберлік

63.Мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыру; өз мінез-құлқын ұйымдастыру; балалар іс-әрекетін ұйымдастыру; оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білуі – бұл мұғалімнің ... .


A) ұйымдастырушылық іс-әрекеті
B) конструктивтік іс-әрекеті
C) коммуникативтік іс-әрекеті
D) гностикалық іс-әрекеті
E) академиялық іс-әрекеті

64.Мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының саласын қамтитын мұғалімнің іс- әрекеті – бұл:


A) коммуникативтік іс-әрекет
B) конструктивтік іс-әрекет
C) ұйымдастырушылық іс-әрекет
D) гностикалық іс-әрекет
E) академиялық іс-әрекет

65. Оқушылар оқыту процесінде берілетін ғылыми білімдерді меңгеруде жаттандылық пен енжарлық көрсетпей, керісінше саналы әрі белсенді түрде оларды терең және ойларына берік тоқуымен сипатталатын принцип:


A) оқытудағы саналылық пен белсенділік
B) мақсаттылық
C) түсініктілік
D) педагогикалық процестің бағыттылығы
E) білім, іскерлік, дағдыны меңгеру беріктілігі

66.Мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі; мұғалімнің өз пәнін өскелең өмір талабына сай білуі, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуімен сипатталатын қабілет түрі:


A) академиялық
B) дидактикалық
C) перцептивті
D) экспрессивті
E) коммуникативті

67. Оқушыларға оқу материалын түсінікті жеткізу, олардың білім дәрежесі, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамыту – бұл ... қабілет.


A) дидактикалық
B) академиялық
C) перцептивті
D) экспрессивті
E) коммуникативті

68. Оқушының ішкі дүниесін тани білу; қабілетті мұғалімнің оқушыларда ауық-ауық болатын психологиялық жағдайды (ренжу, қобалжу және т.б.) бірден байқауы – бұл ... қабілет.


A) перцептивті
B) академиялық
C) дидактикалық
D) экспрессивті
E) коммуникативті

69. Тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу – бұл ... қабілет.


A) экспрессивті
B) академиялық
C) дидактикалық
D) перцептивті
E) коммуникативті

70. Тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады – бұл ... педагогикалық талдау.


A) қорытынды
B) параметрлік
C) тақырыптық
D) толық
E) кешенді

71. Педагогикалық процесс; педагог-мұғалім және тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері – бұл мұғалім іс-әрекетінің ... .


A) объектісі
B) пәні
C) құралдары
D) формалары
E) қағидалары

72. Оқушыларды тек бір-бірінен даралайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау – бұл:


A) жеке тұлғаға бағдарланған оқыту
B) нәтижеге бағытталған оқыту
C) қабілетіне қарай оқыту
D) көптілді білім беру
E) білім сапасы

73. Әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технология:


A) мультимедиалық технология
B) инновациялық технология
C) ізгілендіру технологиясы
D) тұлғалық-бағдарлық оқыту
E) қашықтан оқыту

74. Арнайы кәсіби білім; нәтижеге бағытталған мақсаттың болуы; оқыту, білім беру, тәрбиелеу мазмұнының нақтылығы; педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесін бағалай алуы; баланы педагогикалық қолдауы – бұл кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің ... .


A) негізгі белгілері
B) мақсаты
C) міндеттері
D) бағыттары
E) сапалық қасиеттері

75. Оқыту барысында әдіс, амал, құралдар, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болатын оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті:


A) оқыту формасы
B) оқыту мазмұны
C) оқыту құралдары
D) оқыту әдістері
E) оқыту сапасы

76. Оқылатын тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын ояту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақты дәләлдеуі үшін қолдануы – бұл көрнекілік принципінің ... .


A) мақсаты
B) міндеттері
C) белгілері
D) қасиеті
E) ережелері

77. Ю.К.Бабанский бойынша оқыту әдістері жіктемесі:


A) оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру; ынталандыру; бақылау және өзін-өзі бақылау
B) түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік әдіс
C) көрнекілік әдіс, демонстрация, иллюстрация
D) практикалық, әңгіме, пікірталас; кітаппен жұмыс, бейнетаспа әдістер тобы
E) проблемалы баяндау; ішінара баяндау; зерттеу әдістер тобы

78. Зияткер, дене бітімі және рухани дамыған азамат қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту– бұлар:


A) білім беру жүйесінің мақсаты
B) білім беру жүйесінің міндеттері
C) білім беру жүйесінің тенденциялары
D) білім беру жүйесінің қағидалары
E) білім беру жүйесінің мазмұны

79. Белгілі уақытта тақырыпты, тарауды үйрену соңында оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін анықтау – бұл:


A) жиынтық бағалау
B) қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау (ОүБ)
C) қорытынды бағалау
D) аралық бағалау
E) ағымдық бағалау

80. Болашақ мұғалім тұлғасының жеке - дара, психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің деңгейі – бұл:


A) педагогикалық шеберлік
B) педагогикалық ізденіс
C) педагогикалық мамандық
D) педагогикалық дағды
E) педагогикалық білік

81. Мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыратын тұлға қасиеттерінің жиынтығы – бұл:


A) кәсіби шеберлік
B) кәсіби ұтқырлық
C) кәсіби білім
D) кәсіби білік
E) кәсіби мамандану

82. Құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл маман – бұл:


A) кәсіби мұғалім
B) кәсіби маман
C) кәсіби шебер
D) кәсіби психолог
E) әлеуметтік педагог

83. Адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, аға ұрпақтың келер жас ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру – бұл ... процесі.


A) тәрбиелеу
B) оқыту
C) білім беру
D) өзін-өзі тәрбиелеу
E) қайта тәрбиелеу

84. Қоғамдық ұйымдарда, білім беру ұйымдарында мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс – бұл:


A) тәрбие
B) оқыту
C) білім беру
D) өзін-өзі тәрбиелеу
E) қайта тәрбиелеу

85.Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады:


A) мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық
B) педагогикалық, әлеуметтік, тұлғалық
C) психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық
D) жалпыадамзаттық, мемлекеттік, ұлттық
E) физиологиялық, әлеуметтік,ұлттық

86. Табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі, оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі; оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін, жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс – бұл:


A) білім беру
B) оқыту
C) тәрбиелеу
D) дамыту
E) қалыптастыру

87. Қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлескен әрекеті – бұл:


A) тәрбие процесі
B) оқыту процесі
C) дамыту процесі
D) білім беру процесі
E) бағыт-бағдар беру

88. Оқушы мен мұғалім арасында жүйелі жүргізілетін мақсатты әрекет жасау нәтижесінде оқушының білім, іскерлік, дағдысы, танымдық шығармашылық белсенділігінің қалыптасу процесі – бұл:


A) оқыту
B) білім беру
C) тәрбиелеу
D) қалыптастыру
E) дамыту

89. Ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі – бұл:


A) жеке адамның дамуы
B) жеке адамның қалыптасуы
C) өзін-өзі тәрбиелеуі
D) жеке адамның әлеуметтенуі
E) жеке адамның іс-әрекеті

90. Адамның өзінің жеке басының қасиеттерін шыңдау, жақсарту мақсатында бағытты, жүйелі, саналы іс-әрекеті:


A) өзін-өзі тәрбиелеу
B) даму
C) қалыптасу
D) қайта тәрбиелеу
E) әлеуметтену

91. Адамгершілік бағыттылық; балаларға деген махаббаты; педагогикалық мәдениет; қабілеттілік; жоғары интеллектуалдық деңгейі; құндылық бағдар; бәсекеге қабілеттілік; өз пәнін жетік білуі – бұл:


A) креативті педагогтың кәсіби сапалары
B) креативті педагогтың кәсіби шеберлігі
C) креативті педагогтың кәсіби дағдысы
D) креативті педагогтың кәсіби бағыттары
E) креативті педагогтың кәсіби іскерлігі

92. Адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы; адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге бағытталған білім түріне ауысу болып табылатын білім беру түрі:


A) үздіксіз білім беру
B) қосымша білім беру
C) міндетті білім беру
D) көппрофильді білім беру
E) гуманитарлық білім беру

93. Коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну, өзара әсер ету процесі – бұл:


A) педагогикалық қарым-қатынас
B) педагогикалық мәдениет
C) педагогикалық ізденіс
D) педагогикалық қабілеттілік
E) педагогикалық сауаттылық

94. Сөздің жүйелі, түсінікті болуы, дауыс күшінің сақталуы; дыбыстардың дұрыс айтылуы, сөздің оқушының жас ерекшелігіне сай құрылуы; сөйлеу әдебінің сақталуы, мазмұндық құрылымын сақтау - бұл мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын ... .


A) талаптар
B) ережелер
C) сапалар
D) қағидалар
E) заңдылықтар

95. Өзіңді-өзің сендіру, өзіңді-өзің иландыру, өзіңді-өзің бақылау, өзіңді-өзің талдау, өзіңді-өзің сынау, өзіңді-өзің қолдау – бұл өзін-өзі тәрбиелеу ... .


A) әдістері
B) қағидалары
C) сапалары
D) ережелері
E) тәсілдері

96. Адамның өзінің ішкі жан дүниесіне, тәжірибесіне, өмірлік іс-әрекетіне сүйенуі және білім берудің алдыңғы қатарлы жаңашыл тәжірибесінде пайдаланылатын мақсатқа жету құралы – бұл:


A) рефлексия
B) мотивация
C) акселерация
D) интеграция
E) андрогогика

97. Тұтас педагогикалық процесс теориясын жетілдіруді талдауды зерттеген ғалым:


A) Н.Д.Хмель, М.Н.Сарыбеков
B) Ю.А.Конаржевский
C) Н.В.Кузьмина, Н.В.Кухарев
D) В.В.Краевский, Я.С.Турбовской,
E) Б.А.Тұрғынбаева, К.Д.Бузаубакова

98. Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді; кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік беретін бағалау– бұл:


A) қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау (ОүБ)
B) жиынтық бағалау
C) қорытынды бағалау
D) аралық бағалау
E) ағымдық бағалау

99.Ғалым К.Д.Бузаубакованың зерттеуі бойынша іс-әрекет сапасының артуы, интеллектуалды даму, ерік-күшін жігерлендіру, жаңаға деген ерекше құлшыныс – бұл:


A) инновациялық өзін-өзі дамыту
B) өзін-өзі бақылау
C) өзін-өзі тәрбиелеу
D) өзіндік мотивациялау
E) педагогикалық ізденіс

100. Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін мотивтерді атаңыз:


A) шығармашылық, жаңалыққа құлшыныс, материалдық ынталандыру, бәсекелестік, ізденіс– бұл:
B) өзіне-өзі ие бола білу, жетістікке жету
C) ынталылық, табыстылық, тілектестік
D) эмпатия, перцептивтілік
E) ашықтық, өзін-өзі жетілдіру

101. Тиіс білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілген рәсім– бұл:


A) білім алушыларды қорытынды аттестаттау
B) білім алушыларды аралық аттестаттау
C) білім алушыларды ағымдық аттестаттау
D) кешенді тестілеу
E) білім алушыларды тоқсандық аттестаттау

102. Білім беру жүйесінің базалық бөлігі және білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуетін функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі – бұл:


A) жалпы орта білім беру
B) 12 жылдық білім беру
C) жоғары білім беру
D) орта білімнен кейінгі білім беру
E) инклюзивті білім беру

103. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасына қойылатын талаптардың межесін сақтау, оқу және оқудан тыс уақыттарда олармен дұрыс қатынастың бабын таба білу білігі– бұл:


A) педагогтік әдептілік
B) педагогикалық қажеттілік
C) сабыр
D) төзім
E) ым, ишара

104. Педагогикалық тәртіп, педагогикалық әділдік, педагогикалық бедел, кәсіби ар-намыс, кәсіби педагогикалық борыш – бұл педагогтың ... .


A) кәсіби этикасы
B) кәсіби міндеті
C) кәсіби борышы
D) жауапкершілігі
E) парызы

105. Рухани және материалдық құндылықтар, адамзаттың шығармашылық педагогикалық әрекетінің тәсілдері сақталған жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі – бұл:


A) педагогикалық мәдениет
B) педагогикалық кәсіп
C) педагогикалық шеберлік
D) педагогикалық іскерлік
E) педагогикалық борыш

106.Мұғалім оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді; оқушы таным міндеттерін жете түсініп, білім, іскерлік, дағдыны игереді, өмірде қолданады – бұл екі жақты, біртекті процесс:


A) оқыту
B) тәрбиелеу
C) дамыту
D) өзін-өзі тәрбиелеу
E) қайта тәрбиелеу

107. Басшылық бөлінетін, басшылыққа оқушылар да қатыстырылатын, жауапкершілік бөлінетін басшылық түрі:


A) демократиялық (жариялылық)
B) либералдық
C) авторитарлық
D) дәстүрлі
E) мотивациялық

108. Мұғалімнің іс-әрекеті аздау, ал оқушылар өз шешімдерін қабылдауда толық еркіндік алатын басшылық түрі:


A) либералдық
B) демократиялық (жариялылық)
C) авторитарлық
D) дәстүрлі
E) мотивациялық

109. Мұғалім әрбір оқушының іс-әрекетін тек өзі анықтап, ал оқушылар оны бұлжытпай орындауға міндетті болатын мұғалімнің жеке басының үстемдігіне негізделген басшылық түрі:


A) авторитарлық
B) демократиялық (жариялылық)
C) либералдық
D) дәстүрлі
E) мотивациялық

110.Білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім – бұл:


A) білім алушыларды аралық аттестаттау
B) білім алушыларды қорытынды аттестаттау
C) кешенді тестілеу
D) білім алушыларды ағымдық аттестаттау
E) білім алушыларды тоқсандық аттестаттау

111. М.Левитан бойынша мұғалімнің тұлғалық сапалары:


A) өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білім; өз білімін оқушыларға жете жеткізе білуі; талап қойғыштық пен педагогикалық әдеп
B) табыстылық; креативтілік; балаға деген жүрек жылуы; бәсекеге қабілеттілік; ізденімпаздық
C) мақсаттылық; табыстылық; мотивациялық
D) қабілеттілік, перцептивтік; шығармашылық; өз пәнін жетік білуі;
E) мамандығына деген сүйіспеншілік

112. Өз бетінше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі – бұл мұғалімнің ... .


A) педагогикалық білімін көтеруі
B) өзін-өзі тәрбиелеуі
C) табысқа жету жолы
D) шығармашылық жұмысы
E) біліктілік санатын арттыруы

113.Жеткіліксіз білімді ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше оқып үйренуін; танымдық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалануына; жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау – бұл ... технологиясы.


A) жобалап оқыту
B) модульдік оқыту
C) қашықтан оқыту
D) ізгіліктік
E) ынтымақтастық

114.Тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана емес, тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық:


A) мұғалім мамандығы
B) әлеуметтік педагог
C) психолог
D) менеджер
E) дәрігер

115. А.С.Макаренко анықтаған жалған бедел түрлерін атаңыз:


A) тәкаппарлық, басшылдық, қашық, сүйіспеншілік бедел
B) жақын, арзан бедел, қашық, сүйіспеншілік бедел
C) өктемшілдік, жалған бедел
D) абыройлы бедел
E) мансапқорлық, тәкаппарлық бедел

116.Үнемі өз қызметімен орынсыз ерсіну, өзінің жетістіктеріне басқалардың ынтасын аударып отыру және осылардың негізінде қасындағыларға, қызметтестеріне менмендік көрсету – бұл:


A) тәкаппарлық бедел
B) сүйіспеншілік бедел
C) басшылдық бедел
D) қашық бедел
E) арзан бедел

117.Мазмұны бойынша портфолио негізгі 3 түрге бөлінеді: құжаттар портфолиосы; жұмыстар портфолиосы; ... .


A) пікірлер портфолиосы
B) өмір-дерек портфолиосы
C) оқушы портфолиосы
D) мұғалім портфолиосы
E) шығармашылық портфолиосы

118.Американдық және Еуропалық білім беруде «оқушы жұмысының жетістігі мен озықтығын көрсететін коллекция» ретінде анықталған оқушының жеке жетістігін жинақтау және бағалау тәсілі – бұл:


A) портфолио
B) құжат
C) есімхат
D) топтама
E) мәлімет

119.Толықтыруды қажет ететін тест; еске алушы; балама жауаптары бар; таңдамалы; сәйкестік; реттілік-бірізділікке негізделген; толықтыруды қажет ететін, құрама тест – бұл тестің ... .


A) түрлері
B) формалары
C) белгілері
D) өлшемдері
E) сапасы

120.Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу – бұл:


A) қарым-қатынас
B) іс-тәжірибе
C) мәдениет
D) іскерлік
E) табыстылық

121. Бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі – бұл ... қарым-қатынас.


A) вербальды
B) вербальсыз
C) интерактивті
D) перцептивті
E) мотивациялық

122. Мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас – бұл ... қарым-қатынас


A) вербальсыз
B) вербальды
C) интерактивті
D) перцептивті
E) мотивациялық

123.Адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі – бұл:


A) мимика
B) аксиалды
C) ым-ишара (жест)
D) пантомимика
E) вербальды қатынас

124. Қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары – бұл:


A) ым-ишара (жест)
B) аксиалды қатынас
C) мимика
D) пантомимика
E) вербальды қатынас

125. Қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы – бұл:


A) пантомимика
B) аксиалды қатынас
C) мимика
D) ым-ишара (жест)
E) вербальды қатынас

126. Жұғысу, адамдар ара-қатынасының түрі, адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай – бұл:


A) әдеп( такт)
B) сабыр
C) төзім
D) ым, ишара
E) сүйіспеншілік

127. Тест, бақылау жұмысы, емтихан, сынақ, мемлекетаралық бақылау, олимпиада, байқаулар – бұл бақылау ... .


A) құралдары
B) әдістері
C) формалары
D) өлшемдері
E) түрлері

128.Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда қолданылатын бақылау түрлері: күнделікті; тақырыптық; ... .


A) жалпылай
B) апталық
C) ағымдық
D) тоқсандық
E) үздіксіз

129. Педагогикалық тәртіп, педагогикалық әділдік, педагогикалық бедел, кәсіби ар-намыс, кәсіби педагогикалық борыш – бұл педагогтың кәсіби ... .


A) этикасы
B) міндеті
C) борышы
D) жауапкершілігі
E) парызы

130. Көрнекті педагог К.Д.Ушинский «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, ... қыр-сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді» деп атап көрсетті.


A) педагогикалық әдептің
B) педагогикалық щеберліктің
C) өз пәнінің
D) өз мамандығының
E) өз кәсібінің

131. Педагогикалық әдеп талаптарын атаңыз:


A) жеке тұлғаның қадір-қасиетін құрметтеу; ықпал жасау шамасы; тиімді шешім жасау; көңілін қалдырмау
B) ілтипаттылық, сенім білдіру; әділдік, төзім мен сабыр сақтау; шынайы зиялылық, мәдениеттілік, іскерлік
C) жоғары жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік
D) жоғары кәсіби шеберлік, сындарлы ойлау, шығармашылық
E) әлеуметтік белсенділік; көңіл аударушылық

132.Оқу-тәрбие процесінің жоғары нәтижелігін, тиімділігін қамтамасыз ететін шығармашылықтың, жаңашылдықтың жоғары деңгейі– бұл:


A) педагогикалық шеберлік
B) педагогикалық құзіреттілік
C) педагогикалық біліктілік
D) педагогикалық сауаттылық
E) білім сапасы

133. Еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби рөлдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның әлеуметтену процесі – бұл:


A) кәсіби даму
B) кәсіби қалыптасу
C) кәсіби шеберлік
D) кәсіби ізденіс
E) кәсіби дағды

134. Дағдыны дамыту үшін жоспарланған нәтижеге жетудің сипаттамасы – бұл:


A) бағалау критерийлері
B) бағалау сапасы
C) бағалау өлшемі
D) бағалау ережесі
E) бағалау нәтижесі

135.Өзіңді-өзің сендіру, өзіңді-өзің иландыру, өзіңді-өзің бақылау, өзіңді-өзің талдау, өзіңді-өзің сынау, өзіңді-өзің қолдау – бұл:


A) өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
B) өзін-өзі тәрбиелеу қағидалары
C) өзін-өзі тәрбиелеу сапалары
D) өзін-өзі тәрбиелеу ережелері
E) өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері

136.«Тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, адами құндылықтарды жетілдіру» деген ежелгі ойшылды атаңыз:


A) Сократ
B) Платон
C) Аристотель
D) Квинтиллиан
E) Демокрит

137. Тәрбиенің мақсаты – жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білген ежелгі ойшыл:


A) Аристотель
B) Платон
C) Сократ
D) Квинтиллиан
E) Демокрит

138. Баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнері ретінде түсіндірілетін, бүгінде «баланы өмірге жетелеу» өнері ретінде қабылдайтын ғылым:


A) Педагогика
B) Философия
C) Психология
D) Кибернетика
E) Әлеуметтану

139. Джон Локк қай еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлген, баланы «таза тақтаға» теңеген?


A) «Тәрбие туралы ойлар»
B) «Педагогикалық поэма»
C) «Ұлы дидактика»
D) «Менің атым Қожа»
E) «Қайырымды қала тұрғындары»

140. Білім мазмұнын игерудің және оқушылардың оқу процесінің түрлі кезеңдерінде өздерінің жеке мүмкіндіктері, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес дамуының белгілі бір деңгейі – бұл:


A) оқыту сапасы
B) тәрбиелеу сапасы
C) құндылықты сезіну
D) білім беру сапасы
E) дайындық өлшемі

141.Ю.К.Бабанский бойынша оқыту әдістері жіктемесі: оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру әдістері; оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері; ... .


A) оқу-танымдық бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
B) түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік әдіс
C) зерттеу әдістер тобы
D) көрнекілік әдіс
E) проблемалы баяндау; ішінара баяндау

142. Кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдаған педагог:


A) Н.К.Крупская
B) К.Д.Ушинский
C) А.С.Макаренко
D) В.А.Сухомлинский
E) В.А.Сластенин

143. Жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін ұсынған көрнекті педагог:


A) А.С.Макаренко
B) К.Д.Ушинский
C) Н.К.Крупская
D) В.А.Сухомлинский
E) В.А.Сластенин

144. И.П.Подласый бойынша оқыту әдістері жіктемесі: практикалық; көрнекілік, демонстрация, иллюстрация; ... .


A) сөздік, түсіндіру, әңгіме, пікірталас; кітаппен жұмыс, бейнетаспа әдістер тобы
B) түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік әдіс
C) зерттеу әдістер тобы
D) көрнекілік әдіс
E) проблемалы баяндау; ішінара баяндау

145. Адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелеу – бұл педагогиканың ... .


A) міндеті
B) мақсаты
C) зерттеу пәні
D) зерттеу нысаны
E) ерекшеліктері

146. Тәрбие мен білім беру – бұл педагогиканың ... .


A) зерттеу нысаны
B) зерттеу пәні
C) мақсаты
D) міндеттері
E) қағидалары

147. Педагогикалық процесс – бұл педагогиканың ... .


A) зерттеу пәні
B) зерттеу нысаны
C) мақсаты
D) міндеттері
E) қағидалары

148. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин бойынша оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік; проблемалы баяндау; ішінара баяндау; ... .


A) зерттеу әдістер тобы
B) сөздік
C) көрнекілік
D) практикалық
E) көрнекілік, демонстрация, иллюстрация

149. Оқытушы мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеу барысында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен қабілеттерін арттыратын оқыту тәсілдері:


A) оқыту әдістері
B) оқыту заңдылықтары
C) оқыту ұстанымдары
D) оқыту формасы
E) оқыту құралдары

150. Педагогиканың атқаратын қызметтері – бұл:


A) теориялық, технологиялық (практикалық)
B) кибернетикалық
C) ақпараттық
D) тәрбиелік
E) білімділік

151. Білікті мұғалімдер, профессорлар 100-150 адамға дәріс оқиды; 10-15 адамнан тұратын топтар материалды талдап пікірсайыс өтеді. Дәріске – 40%, сабаққа – 20%, жеке жұмысқа – 40% оқу уақыты жұмсалады – бұл:


A) Трамп жоспар
B) Бригадалық оқыту
C) Оқытудың микротоптық жүйесі
D) Дальтон жоспар
E) Жеке

152. Педагогиканың негізгі ұғымдары:


A) тәрбие, білім беру, оқыту
B) дамыту, өзін-өзі дамыту
C) педагогикалық процесс, тұлға
D) жетелеу, іс-әрекет
E) қарым-қатынас, шығармашылық

153. Жеке, жеке-жұптық, жеке-топтық; өзара бірлесіп оқыту, саралап оқыту, бригадалық оқыту; Винетка-жоспар, Трамп-жоспар, оқытудың микротоптық жүйесі, Белл-Ланкастер жүйесі, Дальтон жоспар – бұл:


A) оқытудың формалары
B) оқыту мазмұны
C) оқыту құралдары
D) оқыту әдістері
E) оқыту түрі

154.Баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болған, қатаң таяқ тәртібіне қарсы «еркін тәрбие» идеясын ұсынған философ:


A) Жан-Жак Руссо
B) Джон Локк
C) М.Монтень
D) Ф.Рабле
E) В.Фельтре

155. А.С.Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектерін атаңыз:


A) «Педагогикалық поэма», «Мұнара үстіндегі тулар»
B) «Павлыш орта мектебі», «Мектептің жас директорымен сырласу»
C) «Ұжымның құдіретті күші», «Балаға жүрек жылуы»
D) «Тәрбие туралы ойлар»
E) «Ұлы дидактика»

156. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерін көрсетіңіз:


A) «Мектептің жас директорымен сырласу», «Балаға жүрек жылуы»
B) «Педагогикалық поэма», «Мұнара үстіндегі тулар»
C) «Ұжымның құдіретті күші», «Ұстаздық әдеп»
D) «Тәрбие туралы ойлар», « Ата-аналар, Сіздер үшін»
E) «Ұлы дидактика», «Баллалар! Қалай тұрасыздар?»

157. М.И.Махмутов бойынша сабақтың жіктемесі: жаңа білімді меңгеру сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау, жүйелеу сабағы, аралас сабақ; ... .


A) бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы
B) аралас сабақ; жаңа оқу материалымен танысу сабағы
C) пысықтау; қайталап жинақтау, қорыту сабағы
D) оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы
E) қайталау, қорыту, тексеру, білім сапасын бағалау сабағы

158. Педагогика ғылымының ерекшелігін көрсетіңіз:


A) әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру қажеттілігінен туындаған ғылым
B) адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін ғылым
C) жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне сай физиологиялық дамуын зерттейтін ғылым
D) қоғамдық әлеуметтік ортамен қарым-қатынасты зерттейтін сала
E) жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне сай гигиеналық дамуын зерттейтін ғылым

159.Б.П.Есипов бойынша сабақтың жіктемесі: аралас сабақ; жаңа оқу материалымен танысу сабағы; пысықтау; қайталап жинақтау, қорыту сабағы; ... .


A) оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы;
білімді сынау сабағы
B) алғашқы сабақ; қорытынды сабақ
C) пысықтау, жаттығу, тәжірибелік сабақ
D) қайталау, қорыту, тексеру, білім сапасын бағалау сабағы
E) қайталап жинақтау, қорыту сабағы

160. С.В. Иванов бойынша сабақтың жіктемесі: кіріспе сабақ; меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы; оқу материалымен алғашқы рет танысу; жаңа білімді меңгеру сабағы; ... .


A) дағдылану сабағы; қайталау, пысықтау және қорыту сабағы; бақылау сабағы
B) алғашқы сабақ; қорытынды сабақ
C) пысықтау, жаттығу, тәжірибелік сабақ
D) қайталау, қорыту, тексеру, білім сапасын бағалау сабағы
E) қайталап жинақтау, қорыту сабағы

161. М.Жұмабаев бойынша « ... кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз».


A) тәрбие
B) білім беру
C) оқыту
D) дамыту
E) жеке тұлға

162. Адамзаттың жеке тұлға ретінде толысуы, тұрақтануы, жетілуі – бұл:


A) қалыптасу
B) дағды
C) ептілік
D) әлеуметтену
E) қайта тәрбиелеу

163. Психологиялық қасиеттері мен физиологиялық даму ерекшеліктері, даралығы қалыптасқан жан иесі – бұл:


A) жеке тұлға
B) индивид
C) адамзат
D) субъект
E) объект

164. Адамның қоршаған орта мен қоғамның құндылықтарын, нормаларын қарым-қатынасқа түсу арқылы бойына сіңіруі:


A) әлеуметтену
B) қалыптасу
C) дағды
D) ептілік
E) жеке тұлға

165. Тәрбие мен оқыту мақсатының оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеттері арқылы жүзеге асу процесі – бұл:


A) педагогикалық процесс
B) психологиялық процесс
C) әлеуметтік процес
D) қоғамдық процесс
E) тарихи процесс

166.И.Н.Казанцев бойынша сабақтың жіктелуі: алғашқы сабақ; қорытынды сабақ; пысықтау, жаттығу, тәжірибелік сабақ; ... .


A) қайталау-қорыту, тексеру, білім сапасын бағалау сабағы
B) кіріспе сабақ; білімді сынау сабағы
C) оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы
D) меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы
E) дағдылану сабағы, бақылау сабағы

167.Түсіндіру, диагностикалау, болжамдау, жобалау, түрлендіру, рефлексивтік және түзетушілік, тәрбиелік – бұл педагогика ғылымының ... .


A) қызметтері
B) мақсаты
C) міндеттері
D) қағидалары
E) салалары

168.Сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу – бұл:


A) сабақ классификациясы (жіктелуі)
B) сабақ түрлері
C) сабақ элементтері
D) сабақ құрылымы
E) сабақ кезеңдері

169. Топтау (ассосация), ой қозғау; тірек конспектілерімен жұмыс;венн диаграммасы, ой-толғау; сұрақ-жауап; кубизм – бұл бұл сын тұрғысынан ойлау технологиясының ...:


A) әдістері
B) мазмұны
C) формасы
D) түрлері
E) өлшемдері

170.Өндірістік, әскери, дәрігерлік, кибернетикалық, заңгерлік, инженерлік, авиациялық, мәдени-ағартушылық, әлеуметтік, салыстырмалы, коррекциялық – бұл ... педагогика ғылымының саласы.


A) кәсіби
B) арнайы
C) жасаралық
D) жалпы
E) жеке

171.Дефектология, Сурдопедагогика, Тифлопедагогика, Олигофрено-педагогика, Логопедия – бұл педагогика ғылымының ... саласы.


A) арнайы
B) кәсіби
C) жасаралық
D) жалпы
E) жеке

172. Ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейтін педагогика саласы – бұл:


A) Олигофренопедагогика
B) Сурдопедагогика
C) Тифлопедагогика
D) Логопедия
E) Деонтология

173. Саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы – бұл:


A) Сурдопедагогика
B) Олигофренопедагогика
C) Тифлопедагогика
D) Логопедия
E) Деонтология

174. Көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы – бұл:


A) Тифлопедагогика
B) Олигофренопедагогика
C) Сурдопедагогика
D) Логопедия
E) Деонтология

175. Тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы – бұл:


A) Логопедия
B) Олигофренопедагогика
C) Сурдопедагогика
D) Тифлопедагогика
E) Деонтология

176. Пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылатын педагогика саласы – бұл:


A) Кәсіптік педагогика
B) Жас ерекшелік педагогикасы
C) Дефектология
D) Педагогика тарихы
E) Әскери педагогика

177. Әдістер туралы ілім – бұл:


A) әдіснама
B) мотивация
C) инновация
D) іс-тәжірибе
E) танымдық іс-әрекет

178. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин бойынша оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер:


A) түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік; проблемалы баяндау; ішінара баяндау; зерттеу әдістер тобы
B) сөздік
C) көрнекілік, демонстрация, иллюстрация
D) практикалық
E) сөздік, түсіндіру, әңгіме, пікірталас; кітаппен жұмыс, бейнетаспа әдістер тобы

179. Ғылыми әдіснаманың негізін салушы:


A) Гегель
B) Ф.Ф.Королев
C) Я.А.Коменский
D) А.Дистервег
E) Жан-Жак Руссо

180. Әдіс термині гректің «мetodos» деген сөзінен алынған, ол ... дегенді білдіреді.


A) «Білімге жол ашу»
B) «Мектепке жол»
C) «Тәрбиелі болу»
D) «Танымның ғылыми әдісі жайындағы ілім»
E) «Әдіс туралы ғылым»

181. М.Е.Вайндорф-Сысоева, Л.П.Крившенко бойынша, «педагогикалық ақиқаттың қалыптасуы мен таным процесі, формалары, прнициптері туралы ілім» – бұл:


A) педагогикалық әдіснама
B) инновация
C) мотивация
D) іс-тәжірибе
E) танымдық іс-әрекет

182. Әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік, ... .


A) прескриптивтік
B) концептуалдық
C) танымдық
D) эмпирикалық
E) акселерациялық

183. Инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттарының негізгі түрлерін көрсетіңіз:


A) жаңашылдық
B) гносеологиялық
C) дүниетанымдық
D) мотивациялық
E) танымдық

184.Ғылыми-зерттеушілік негізде білім берудің жаңа мазмұнын, жаңа формасы мен әдістерін, ғылыми идеялардың мағыналы байланыстары тұрғысынан жүзеге асыру – бұл ... іс-әрекеттің түрі.


A) инновациялық
B) өнертапқыштық
C) жаңашылдық
D) гносеологиялық
E) шығармашылық ізденістері

185.Педагогикадағы инновациялық процестердің теориясын жан-жақты қарастырып, инновациялық процестерді сипаттайтын ұғымдар мен принциптерді ашады – бұл:


A) педагогикалық инноватика
B) бәсекеге қабілеттілік
C) педагогикалық ізденіс
D) табыстылық
E) мотивация

186.Алғаш peт ХІХ ғасырдың ортасында пайда болып, обьектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым – бұл:


A) құндылық
B) инноватика
C) педагогикалық ізденіс
D) табыстылық
E) бәсекеге қабілеттілік

187.«Құндылық» ұғымына алғаш рет философиялық тұрғыдан түсініктеме берген ғалымдар:


A) Р.Ротце, Г.Коген
B) У.Томас
C) Н.М.Анисимов, М.С.Каган
D) В.А.Ядов
E) Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель

188. Құндылық теориясы, құндылық табиғаты жайлы, оның өмірдегі алатын орны, яғни жеке тұлғаның құрылымы мен әлеуметтік жеке мәдени факторлары арасындағы әртүрлі құндылық байланыстары жайлы ілім:


A) Аксиология
B) Неология
C) Праксиология
D) Методология
E) Классификация

189. Педагогикалық құндылық тұрғысынан оқыту – бұл:


A) педагогикалық аксиология
B) педагогикалық неология
C) педагогикалық праксиология
D) педагогикалық методология
E) педагогикалық инноватика

190. «Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі, адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы» деп көрсеткен ғалым:


A) Т.М.Баймолдаев
B) Ю.А.Конаржевский
C) К.П.Вазина
D) Ю.Н.Петрова
E) С.А.Ұзақбаева

191.Тиімділігін арттыруға бағытталған білім процесін басқарудың технологиялық тәсілдері, ұжымдық формасы, әдісі, қағидаларының кешені – бұл:


A) педагогикалық менеджмент
B) педагогикалық инноватика
C) педагогикалық мотивация
D) педагогикалық құзіреттілік
E) табыстылық

192. Анализ, синтез, абстракциялау, талдап қорыту, жекелеп бөлу, индукция, дедукция, модельдеу – бұл ... зерттеу әдісінің түрлері.


A) теориялық
B) эмпирикалық
C) әдіснамалық
D) академиялық
E) талдамалық

193.Педагогикалық заңдылықтарды тәжірибеде, іс жүзінде қолдануды білдіретін педагогикалық зерттеу әдісінің түрі:


A) эксперименттік-эмпирикалық
B) теориялық
C) әдіснамалық
D) академиялық
E) талдамалық

194.Әңгіме-сұхбат, сұхбат-әңгіме, сауалнама (анкета); интервью; тест жүргізу; педагогикалық құжаттармен танысу; оқушылардың жазбаша, шығармашылық, графикалық жұмыстарын тексеру әдісі– бұл:


A) сұрақ-жауап
B) бақылау-зерттеу
C) ретроспективті бақылау
D) салыстыру
E) ұқсастыру (аналогия)

195. Білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға, тәрбиеге ықпалын анықтау; оқыту принциптерін тиімді қолдану; тиімді әдіс, тәсіл, құралдарын таңдау, оларды ынталандыру – бұл қазіргі сабаққа қойылатын ... .


A) дидактикалық талаптар
B) психологиялық талаптар
C) гигиеналық талаптар
D) тәрбиелік талаптар
E) техникалық талаптар

196. Тікелей, жанама, тұтас, ашық, жабық, үзік, үздіксіз, дискретті, монографиялық, бір бағытты – бұл ... әдісінің түрлері.


A) бақылау
B) өлшеу
C) бағалау
D) практикаға нәтижені ендіру
E) нақты мәліметтерді жинақтау

197.Арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптары варианттарының қатал логикалық құрылысы, құрастырушы ұсынған алдын-ала бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұратын әдіс:


A) сауалнама жүргізу
B) дискретті (үзік-үзік) бақылау
C) ізденісті бақылау
D) сұхбат-әңгіме
E) педагогикалық құжаттармен танысу

198. Оқушының жеке ісі, дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс хаттамалары, жазба жұмыстарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру практикасында ақпараттармен қаруланатын әдіс түрі:


A) педагогикалық құжаттармен танысу
B) тест (сынақ) жүргізу
C) ізденісті бақылау
D) сұхбат-әңгіме
E) интервью алу

199. Оқушылардың тәртібі мен мінез-құлқын және басқа да қасиеттерін бағалауды білікті мамандар береді– бұл:


A) педагогикалық консилиум
B) оқушылардың жазбаша, шығармашылық, графикалық жұмыстарын тексеру
C) мәліметтерді өңдеу әдістері
D) бағалау әдістері
E) практикаға нәтижені ендіру әдістері

200. Педагогикалық зерттеу әдістері – бұл:


A) педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған факті мен білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері
B) деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжау
C) зерттелуге тиіс проблема, тақырып, зерттеудің өзектілігі, нысаны, пәні, мақсат-міндеттері
D) болжамы, қорғалуы тиіс идеялар, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы
E) педагогикалық зерттеу белгілері

201. Құбылыстар мен процестерді сипаттап, түсіндіреді, олардың өзара байланыстылық даму заңдылықтары мен тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін айқындайды – бұл ... зерттеулер.


A) іргелі
B) қолданбалы
C) болжам-жобалау(Талдамалық)
D) теориялық
E) талдау

202. Қолданбалы зерттеулер практикалық іс-әрекеттердің заңдылықтарын, қолдану тәсілдерін анықтайды – бұл ... зерттеулер.


A) қолданбалы
B) іргелі
C) болжам-жобалау (Талдамалық)
D) теориялық
E) талдау

203. Адамның бойындағы әлеуметтік қасиеттер, сапалар, белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға өзінің қатынасын мойындайтын, дара ерекшеліктері бар нақты адам, қоғамның саналы мүшесі – бұл:


A) тұлға
B) индивид
C) жекелік
D) ешбір қасиеті ескерілмеген тіршілік иесі
E) өкіл

204. Әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі ретіндегі индивид – бұл:


A) жеке тұлға
B) тұлға
C) жекелік
D) ешбір қасиеті ескерілмеген тіршілік иесі
E) өкіл

205. Индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы – бұл:


A) әлеуметтік бейімделу
B) әлеуметтік кемелдену
C) әлеуметтік жетілу
D) әлеуметтік қарым-қатынас
E) әлеуметтік сипат

206. Өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі – бұл:


A) әлеуметтік кемелдену
B) әлеуметтік бейімделу
C) әлеуметтік жетілу
D) әлеуметтік қарым-қатынас
E) әлеуметтік сипат

207. И.П.Подласый бойынша оқыту әдістерінің жіктемесі:


A) практикалық, көрнекілік, демонстрация, иллюстрация, сөздік, түсіндіру, әңгіме, пікірталас; кітаппен жұмыс, бейнетаспа әдістер тобы
B) түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік
C) көрнекілік, демонстрация, иллюстрация
D) практикалық
E) проблемалы баяндау; ішінара баяндау; зерттеу әдістер тобы

208. Сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай жіктеген ғалым:


A) И.Н.Казанцев
B) С.В.Иванов
C) М.А.Данилов
D) Б.П.Есипов
E) М.И.Махмутов

209. Ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі – бұл:


A) тұқым қуалаушылық
B) тәрбие
C) қоршаған орта
D) жетілу
E) ұқсастық

210. Түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы – бұл:


A) табиғи орта
B) әлеуметтік орта
C) тәрбие
D) тұқым қуалаушылық
E) жетілу

211. Жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері – бұл:


A) әлеуметтік орта
B) табиғи орта
C) тәрбие
D) тұқым қуалаушылық
E) жетілу

212. Адамға әсер ететін түрлі жағдайлар – бұл:


A) қозғаушы күш
B) кедергі
C) қарама-қайшылық
D) түрткі
E) себеп, ықпал ету

213. Космос, неосфера, планета, әлем; басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді – бұлар:


A) мегафакторлар
B) макрофакторлар
C) мезофакторлар
D) микрофакторлар
E) тәрбие

214. Ел, мемлекет, этнос, қоғам; белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындардың әлеуметтендіру жағдайына әсер етеді – бұлар:


A) макрофакторлар
B) мегафакторлар
C) мезофакторлар
D) микрофакторлар
E) тәрбие

215. Тұрғылықты жерде халықтың болмыс-түрі, әртүрлі субьмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтеңдіру жағдайы – бұлар:


A) мезофакторлар
B) мегафакторлар
C) макрофакторлар
D) микрофакторлар
E) тәрбие

216. Ұстаз бен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум, белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер – бұлар:


A) микрофакторлар
B) мегафакторлар
C) макрофакторлар
D) мезофакторлар
E) тәрбие

217. Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері – ойын, оқу, ... .


A) еңбек
B) білім
C) табыс
D) адамгершілік
E) ізденіс

218. Белгілі бір бала дамуының кезеңдеріне тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктер – бұл:


A) жас ерекшеліктері
B) өзгешеліктері
C) қабілеті
D) даралығы
E) акселерация

219. 2-ге дейінгі жас – дене тәрбиесі; 12-ге дейінгі жас – мектепке дайындық; 15-ке дейінгі жас – ақыл-ой, дене әрекеті; 18-ге дейінгі жас – сезім тәрбиесі, отбасын құруға дайындық – бұл ... бойынша баланың жас кезеңдері.


A) Ж.Ж.Руссо
B) Д.Б.Эльконин
C) А.Н.Леонтьев
D) Л.С.Выготский
E) Я.А.Коменский

220. Жеке тұлғаның ойы, талап-тілектері, іс-әрекетінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қағидалар мен заңдар, рухани дүние мен материалдық жағдай арасындағы қарама-қайшылық – бұл:


A) жалпы қарама-қайшылық
B) ішкі қарама-қайшылық
C) сыртқы қарама-қайшылық
D) тікелей қарама-қайшылық
E) әлеуметтік қарама-қайшылық

221. Жеке тұлғаның ойы қоршаған ортамен, табиғатпен байланыспағанда туындайтын қарама-қайшылық – бұл:


A) ішкі қарама-қайшылық
B) жалпы қарама-қайшылық
C) сыртқы қарама-қайшылық
D) тікелей қарама-қайшылық
E) әлеуметтік қарама-қайшылық

222. Білім берудің белгілі бір нормалар мен стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері мен қажеттіліктеріне сай болуы – бұл:


A) білім беру сапасы
B) тәрбиелеу сапасы
C) құндылықты сезіну
D) оқыту сапасы
E) дайындық өлшемі

223. Балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі – бұл:


A) акселерация
B) мотивация
C) темперамент
D) дарындылық
E) интеграция

224. Бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту – бұл:


A) даму
B) қалыптасу
C) жетілу
D) өзін-өзі тану
E) өзін-өзі анықтау

225. 1904 жылы ғылымға П.Ф.Каптерев алғаш рет енгізген ұғым – бұл:


A) педагогикалық процесс
B) педагогикалық әдістеме
C) педагогикалық шеберлік
D) дидактика
E) педагогикалық құзіреттілік

226. Қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы – бұл:


A) педагогикалық процесс
B) педагогикалық менеджмент
C) әлеуметтену
D) кибернетика
E) ұжым

227. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық, психологиялық, ... .


A) әдістемелік
B) философиялық
C) әлеуметтік
D) ұйымдастырушылық
E) бағыттаушылық

228. Мақсат – принциптер – мазмұн – әдістер – құралдар – форма – бұл педагогикалық процестің педагогикалық ... .


A) құрылымы
B) ерекшелігі
C) мазмұны
D) сипаттамасы
E) белгілері

229. Педагогикалық процестің ерекшеліктерін көрсетіңіз:


A) мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан процесс
B) тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі
C) тəрбиеленушіні сауаттандыру
D) тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу
E) тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары

230. Тəрбиеленушіні сауаттандыру – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.


A) ақпараттық
B) дамытушылық
C) тәрбиелік
D) әлеуметтендіру
E) аксиологиялық

231. Тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.


A) тәрбиелік
B) дамытушылық
C) ақпараттық
D) әлеуметтендіру
E) аксиологиялық

232. Тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.


A) дамытушылық
B) тәрбиелік
C) ақпараттық
D) әлеуметтендіру
E) аксиологиялық

233.Тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.


A) аксиологиялық
B) тәрбиелік
C) ақпараттық
D) әлеуметтендіру
E) дамытушылық

234. Тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.


A) әлеуметтендіру
B) тәрбиелік
C) ақпараттық
D) аксиологиялық
E) дамытушылық

235. Ұстаз бен шәкірттің тәрбие, оқу, үйрену процесін жүргізу барысында істің нәтижесін білуі – бұл:


A) педагогикалық диагностика
B) педагогикалық процестің мазмұны
C) педагогикалық процесті ұйымдастыру және басқару
D) педагогикалық процестің нәтижесін бағалау
E) педагогикалық процестің қоршаған ортамен байланысы

236. Педагогикалық процестің негізгі принциптерін көрсетіңіз:


A) педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық-нысаңдық бағыттылығы
B) оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады
C) педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы: қоғамның мақсатын айқындайды
D) педагогикалық процесс – екі жақты процесс
E) оқушылардың шығармашылық белсенділігі – мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекеттің нәтижесі

237. Біртұтас педагогикалық процестің даму кезеңдерін көрсетіңіз: дайындық кезең, негізгі кезең, ... .


A) қорытынды кезең
B) өтпелі кезең
C) ауыспалы кезең
D) ағымдық кезең
E) шартты кезең

238. Оқушылардың игерген білім, білік, дағдыларды игеру деңгейін бағалау бөлінеді:


A) жинақтаушы, қалыптастырушы
B) ұйымдастырушы, нұсқаушы
C) құрастырушы
D) дамытушы, жинақтаушы
E) бағдарлаушы

239. Нәтиже талқыланатын педагогикалық процестің кезеңі:


A) қорытынды
B) негізгі
C) ауыспалы
D) ағымдық
E) дайындық

240.Қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, сезімі мен дене күші мығым, белсенді, өмірлік позициясы айқындалған креативті жеке тұлғаны қалыптастыру – бұл:


A) тәрбиенің мақсаты
B) тәрбиенің мазмұны
C) білім мазмұны
D) оқыту мақсаты
E) құндылық

241. Тәрбиенің негізгі міндеттерін көрсетіңіз:


A) ішкі ар бостандығын дамыту: өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі басқара білу, өз беделін кез-келген ортада, кез-келген жағдайда сақтап, қорғай білу
B) педагогикалық процестің әлеуеті оның өмір сүруі оған қатысушылардың іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады
C) педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы
D) «Ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы
E) оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады

242.А.С.Макаренко бойынша, тәрбиенің іс-әрекеттік сипатта болуы; тәрбиенің дамуы мен өзгеруі; қарама-қайшылықты сипаты; басқарылуы – бұл ... ерекшеліктері.


A) тәрбие процесінің
B) білім беру процесінің
C) оқытудың
D) дамытудың
E) қалыптастырудың

243. «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – деп тәрбиенің мәніне ерекше тоқталған ағартушы:


A) әл-Фараби
B) К.Д.Ушинский
C) Я.А.Коменский
D) Джон Локк
E) И.Гербарт

244. Жеке тұлғаның, ұжымның даму динамикасын көруге, нәтижесін кезең-кезеңмен өлшеуге болатын, тұлға дамуына мүмкіндік жасайтын теориялық білімнің педагогикалық процестегі реттелген іс-әрекет жиынтығы– бұл:


A) педагогикалық технология
B) жаңашылдық
C) педагогикалық іскерлік
D) педагогикалық шеберлік
E) педагогикалық ізденіс

245. Педагогтің кәсіби қызметтегі құқықтары; педагогтің міндеттері мен жауапкершілігі ... анықталады.


A) ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңында
B) ҚР «Білім туралы» Заңында
C) ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында
D) ҚР-да Ғылым мен білім беруді дамытудың 2020-2025жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында
E) ҚР «Ғылым туралы» Заңында

246. Тәрбиелеудің тұлғаға бағдарланған технологияларын жақтаушылар:


A) Ш.А.Амонашвили, Е.В.Бондаревская, И.С.Якиманская
B) Н.М.Анисимов, М.С.Каган, В.А.Ядов
C) Р.Ротце, Г.Коген
D) У.Томас
E) К.П.Вазина, Ю.Н.Петрова, Қ.Д.Белиловский

247.Тұлғаның дара ерекшеліктерін есепке алу; ізгіліктік-тұлғалық қарым-қатынас; қалыптастыру функцияларын анықтау (ізгіліктік, мәдениеттілік, әлеуметтік) – бұл ... бойынша тұлғаға бағытталған тәрбие беру парадигмасы:


A) Е.В.Бондаревская
B) Ш.А.Амонашвили
C) М.Н.Берулава
D) Ю.И.Турчанинова
E) И.С.Якиманская

248. Қоғамдық сананың ең жоғарғы деңгейі – бұл:


A) ғылыми дүниетаным
B) құндылық
C) ізгіліктік
D) адамгершілік
E) жауапкершілік

249. Тест, бақылау жұмысы, емтихан, сынақ, мемлекетаралық бақылау, олимпиада, байқаулар – бұл бақылау ... .


A) құралдары
B) әдістері
C) формалары
D) өлшемдері
E) түрлері


250. Критериалды бағалау жүйесін енгізу – бұл бағалаудың ... мақсаты:
A) оқудағы қиындықтарды анықтау
B) кері байланыс
C) уәж
D) болжау және сұрыптау
E) стандарттарды бақылау және орындау

251. Ақиқатты дүниеге, ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына, өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, осы көзқарастар арқылы қалыптасқан ұстанымдары, наным-сенімі, мақсат- мұраттары – бұл:


A) дүниетаным
B) құндылық
C) іс-әрекет
D) білім
E) идеал

252. Оқушы мен мұғалімнің жетістікке жеткендігін көрсету – бұл бағалаудың ... мақсаты. A) кері байланыс


B) оқудағы қиындықтарды анықтау
C) болжау және сұрыптау
D) стандарттарды бақылау және орындау
E) уәж

253. Білім беруді ізгілендіру технологиясының ерекшеліктерін атаңыз:


A) ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру, оза оқыту технологиясы
B) жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, оза оқыту технологиясы
C) ойын технологиясы, жобалау технологиясы
D) модульдік оқыту технологиясы
E) ынтымақтастық, қашықтан оқыту технологиясы
254. Адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен қорыту, жағдаяттарды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру – бұл ғылыми дүниетанымның ... сапалық белгісі.
A) сындарлы ойлау
B) адамгершілік сана
C) ерік-жігер
D) адамгершілік сезім
E) қайрат

255. Қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғамы, дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған зияткер тұлғаны қалыптастыру – бұл:


A) тәрбиенің мақсаты
B) оқытудың мақсаты
C) тәрбиенің жүйесі
D) тәрбиенің ерекшеліктері
E) тәрбиенің міндеттері

256. Сынып жетекшісінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда тұлғаға жасаған ықпалы және мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруы– бұл:


A) тәрбие жұмысы
B) оқыту
C) оқу
D) білім беру
E) әлеуметтендіру

257.Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене, эстетикалық, құқықтық, патриоттық, экологиялық, экономикалық – бұл:


A) тәрбиенің түрлері
B) тәрбиенің сапалық көрсеткіштері
C) тәрбиенің белгілері
D) оқытудың түрлері
E) тәрбиенің мазмұны

258.Еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық игілікті жасауға деген жеке тұлғаның әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі – бұл:


A) еңбек тәрбиесі
B) ақыл-ой тәрбиесі
C) адамгершілік тәрбиесі
D) эстетикалық тәрбие
E) экономикалық тәрбие

259. Мамандық таңдаудағы жеке икемділігі, қызығушылығы, кәсіптік ынтасы, қоғамдық деңгейдегі кәсіби біліктіліктің және әртүрлі мамандық кадрларына сұранысымен жасөспірімдерді дайындауға бағытталған іс-әрекет – бұл:


A) кәсіптік бағдар
B) насихат
C) кеңес
D) үлгі
E) ақыл беру

260. Рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма жат болса да, қабылдаймын дегенді білдіреді – бұл:


A) толеранттылық
B) азаматтылық
C) бәсекеге қабілеттілік
D) коммуникабельділік
E) көшбасшылық

261.Тәрбие процесінің сырттай көрінісі; тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралар жиынтығы; ұжымдық, жеке, дара іс-әрекеттерді ұйымдастыру – бұл:


A) тәрбие формасы
B) тәрбие мазмұны
C) тәрбие ерекшелігі
D) тәрбие ұстанымдары
E) тәрбие заңдылықтары

262.Жеке-дара (тәрбиеші-тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші-оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші-бірнеше топ) формалары – бұл тәрбие жұмыстары формаларын ... қарай топтастыру.


A) қатысушылар санына
B) тәрбиеленушілер қызметтерінің түріне
C) уақыт ұзақтығына
D) жалпы тұжырым жасау тәсіліне
E) нәтижеге

263.Әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері; ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы заттар – бұл:


A) тәрбие құралдары
B) тәрбие формалары
C) тәрбие белгілері
D) тәрбие нәтижесі
E) тәрбие әдістері

264.Тәрбие жұмыстарының қызметтерін көрсетіңіз: ұйымдастырушылық, реттеушілік, ... .


A) ақпараттық
B) құрастырушылық
C) болжамдылық
D) жобалаушылық
E) шығармашылық

265.Тәрбиешінің тәрбиеленушілердің бойында қоғамдық көзқарасты және мінез-құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы– бұл:


A) тәрбие әдістері
B) тәрбие құралдары
C) тәрбие формалары
D) тәрбие қағидалары
E) тәрбие ерекшелігі

266. Ю.К.Бабанский бойынша тәрбие әдістерін көрсетіңіз: тұлға санасын қалыптастыру әдістері; іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері; ... .


A) іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру, мотивациялау әдістері
B) тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері
C) бақылау, өзін-өзі бақылау
D) тәрбиеде өзіне-өзі баға беру әдістері
E) бақылау әдістері

267. Оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру, жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен еркіне жан-жақты әсер ету – бұл:


A) сендіру
B) пікірталас
C) түсіндіру
D) этикалық әңгімелер
E) педагогикалық талап әдісі

268.Баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын терең зерттеп, қоғамдық белсенділігін басқару, жалпы адамзаттық, адамгершілік қасиетінің дамуына, мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдіс – бұл:


A) тапсырма беру
B) үйрету
C) жаттығу
D) педагогикалық жағдаят
E) қоғамдық пікір

269.Оқушылардың қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылатын әдіс– бұл:


A) ынталандыру әдістері
B) үйрету
C) жаттығу
D) тапсырма беру
E) педагогикалық жағдаят

270.Баланың жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін түсіндіру, оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейтін әдіс:


A) жазалау
B) мадақтау
C) жарыс
D) тапсырма беру
E) педагогикалық жағдаят

271.Оқушылардың тәртібін, міне-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолын нұсқайтын ынталандыру әдісі:


A) мадақтау
B) жазалау
C) жарыс
D) тапсырма беру
E) педагогикалық жағдаят

272. Сынып жетекшісінің әрбір тәрбиеленуші мен сынып ұжымының тәрбиелілігі жайында ақпарат алатын зерттеу жұмысы – бұл:


A) тәрбиелілік диагностика
B) тәрбиешілердің тәрбиелік деңгейі
C) тәрбиеленушілердің өмірлік жоспарлары, құндылық бағдарлары
D) көрсеткіш
E) тәрбие іс-әрекетіндегі мониторинг

273.Сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы – бұл сабақтың ... .


A) құрылымы
B) мазмұны
C) жоспары
D) мақсаты
E) сапасы

274.Қоғамның ең маңызды әлеуметтік институты, онда жаңа өмір өсіп-өнеді, дамиды, баланың жеке басы қалыптасады, мәдени, адамгершілік-рухани, азаматтық қалыптасуы жетіледі – бұл:


A) отбасы
B) мектеп
C) жұртшылық
D) әлеуметтік орта
E) қоғамдық пікір

275.Оқылатын оқу материалдарын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір оқушының саналы меңгеруін қарастыратын оқыту принципі – бұл:


A) оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі
B) мақсаттылық
C) түсініктілік
D) педагогикалық процестің бағыттылығы
E) білім, іскерлік, дағдыны меңгеру беріктілігі

276.Отбасының əр мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау; отбасы ұжымының мүшелеріне жеке-дара ықпал жасау; өмірлік тəжірибе, тəртіптер, адамгершілік құндылықтарға баулу – бұл отбасының ... қызметі.


A) тəрбиелеу
B) қарым-қатынас құру (коммуникативті)
C) шаруашылық-экономикалық
D) қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру
E) қайта қалыпқа келу (рекреативті)

277. Білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы – бұл:


A) дидактика
B) тәрбие теориясы
C) педагогиканың әдіснамалық негіздері
D) мектептану
E) педагогика тарихы

278. «Дидактика» терминін ең алғаш «оқыту өнері» мағынасында ашып, енгізген неміс педагогы:


A) Вольфганг Ретке
B) А.Дистерверг
C) Я.А.Коменский
D) Г.Кершенштейнер
E) В.Лай

279. «Дидактика» терминінің жан-жақты мағынасын 1657 жылы Амстердамда шығарған «Ұлы дидактика» еңбегінде «Бәрі, барлығына оқытудың әмбебеп өнері» мағынасында сипаттаған чех педагогы:


A) Я.А.Коменский
B) А.Дистерверг
C) Вольфганг Ретке
D) Г.Кершенштейнер
E) В.Лай

280. Оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері – бұл дидактиканың:


A) зерттеу пәні
B) зерттеу нысаны
C) зерттеу базасы
D) зерттеу кезеңдері
E) компоненттері

281.«Білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс-əрекет» – бұл:


A) оқу процесі
B) оқыту
C) тәрбие процесі
D) тәрбиелеу
E) құндылық

282. Дидактика ... деген сұрақтарға жауап береді.


A) «Қалай оқыту?», «Не үшін оқыту?»
B) «Не себепті оқыту?»
C) «Кіммен оқыту?»
D) «Нені оқыту?»
E) «Қай кезде оқыту?», «Немен оқыту?»

283. Оқыту процесінің заңдылықтарын атаңыз:


A) оқытудың мақсат-міндеттері қоғам талабынан туындайды
B) оқыту процесінде дидактикалық принциптерді дұрыс таңдауы
C) оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеру
D) оқытудың мазмұны, ұйымдастыруы және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесі
E) мұғалім оқыту процесіне байланысты дидактикалық принциптерді білуі

284. Я.А.Коменский ұсынған оқыту принциптерін көрсетіңіз:


A) көрнекілік, жүйелік, бірізділік
B) мақсаттылық
C) түсініктілік
D) педагогикалық процестің бағыттылығы
E) білім, іскерлік, дағдыны меңгеру беріктілігі

285.Ю.К.Бабанский бойынша оқыту заңдылықтары: оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы; оқытудың білім берудің және жеке дамудың өзара байланысына тәуелділік заңдылығы; ... .


A) оқыту процесінде оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы
B) оқушының білімге ынтасына мұғалім әсерінің сәйкестігі
C) оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне мұғалімнің әсерінің сәйкес болуы
D) оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне мұғалім әсерінің сәйкестігі
E) мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің оқытудың техникалық құралдарының мүмкіндіктеріне сәйкестігі

286.Б.Т.Лихачев бойынша оқыту заңдылықтары: оқушының білімге ынтасына мұғалім әсерінің сәйкестігі; оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне мұғалімнің әсерінің сәйкес болуы; ... .


A) оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне мұғалім әсерінің сәйкестігі
B) оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы
C) оқытудың білім берудің және жеке дамудың өзара байланысына тәуелділік заңдылығы
D) оқыту процесінде оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы
E) оқыту процесінің міндеті, мазмұны, формалары және әдістерінің өзара байланыс заңдылығы

287.Оқытудың мазмұны, ұйымдастыруы және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар – бұл:


A) оқыту принциптері
B) оқыту заңдылықтары
C) оқыту формасы
D) оқыту түрі
E) оқыту әдістері

288.Оқылатын оқу материалдарын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір оқушының саналы меңгеруін қарастыратын оқыту принципі– бұл:


A) оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі
B) мақсаттылық
C) түсініктілік
D) педагогикалық процестің бағыттылығы
E) білім, іскерлік, дағдыны меңгеру беріктілігі

289.Оқыту процесінде іске асатын педагогикалық процестің қызметтерін көрсетіңіз:білімділік; тәрбиелік; ... .


A) дамытушылық
B) ақпараттық
C) коммуникациялық
D) инновациялық
E) мотивациялық

290.Оқушыларда білім, дағды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыру – бұл оқытудың ... қызметі.


A) білімділік
B) тәрбиелік
C) дамытушылық
D) ақпараттық
E) коммуникациялық

291.Білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері – мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқыту нәтижесі – бұл:


A) дидактика ұғымдары
B) дидактика ерекшеліктері
C) дидактика көрсеткіштері
D) дидактика белгілері
E) сипаттамасы

292. Іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда тиімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті – бұл:


A) іскерлік
B) дағды
C) таным
D) ізденіс
E) даму

293.Іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді; алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің қайталап жаттығу нәтижесінде автоматтандырылуы – бұл:


A) дағды
B) іскерлік
C) таным
D) ізденіс
E) даму

294.Оқудағы сабақтастық – спиралды тұғыр; пәндер интеграциясы; көптілді білім беру, тілді үйренудегі коммуникативтік; оқытудағы іс-әрекеттік тұрғы; оқыту нәтижесін анықтаудағы таксономиялық тұғыр– бұл:


A) оқу бағдарламасын құруға қойылатын талаптар
B) оқу бағдарламасын құруға қойылатын міндеттер
C) оқу бағдарламасын құрудың басым жақтары
D) оқу бағдарламасын құрудың ерекшеліктері
E) оқу бағдарламасын құруға қойылатын ереже

295.Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жүктемесі минимумына, әртүрлі деңгейдегі оқу бағдарламаларын жасауға қажетті және білім туралы құжаттардың эквиваленттілік талаптарын тағайындайды – бұл:


A) мемлекеттік стандарт
B) бағдарлама
C) оқулық
D) оқу жоспары
E) оқу-әдістемелік кешен

296.Оқу бағдарламасына сәйкес болу; оқу материалының ғылыми деңгейінде түсінікті болуы; оқу материалының оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі; оқушылар үшін ұғымды, қысқа, қызықты болу – бұл:


A) оқулыққа қойылатын талаптар
B) оқулыққа қойылатын міндеттер
C) типтік оқу бағдарламасына қойылатын талаптар
D) оқу бағдарламасына қойылатын талаптар
E) жұмыстық оқу бағдарламасына қойылатын талаптар

297. Мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, интерактивті тақта, т.б. техникалық құралдар, электронды-мультимедиалық оқулықтар – бұл:


A) оқыту құралдары
B) оқыту қағидалары
C) оқыту әдістері
D) оқытудың формасы
E) тәрбие құралдары

298. Ұлы педагог Я.А.Коменский XVII ғасырда оқытудың ... теориялық тағылымын жасады.


A) сыныптық-сабақ жүйесінің
B) Белл-Ланкастерлік жүйенің
C) Дальтон жоспардың
D) микротоптық жүйенің
E) Мангеймдік жүйесінің

299. Я.А.Коменскийдің сыныптық-сабақ жүйесінің мәні: оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау; сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау;сабақты күзде бастау; ... .


A) күніне кем дегенде 4 сабақ өткізу; қоңыраудың соғылуы; бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек
B) оқушыларды мектепке қалаған уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау
C) оқушыларды сыныптарға бөлу; барлық сыныпқа бір бөлме беру
D) күніне кем дегенде 2 сабақ өткізу
E) бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек

300. Жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады– бұл:


A) сыныптық-сабақ жүйесі
B) микротоптық жүйе
C) Белл-Ланкастерлік жүйе
D) Трамп жүйесі
E) бригадалық оқыту


Тест тапсырмасын құрастырған ____________________ К.Д.Бузаубакова

С.Ж.Бупетаева


/қолы/ /аты-жөні/
Тест тапсырмасы _Білім берудегі менеджмент_____________ кафедра мәжілісінде бекітілген
/кафедра атауы/

№ _____ хаттама «_____» ___________________ 20___ ж.




Кафедра меңгерушісі ____________________ __ К.Д._Бузаубакова


/Қолы/ /аты-жөні/

Тест тапсырмасы төлқұжатының №_____


Тест тапсырмасы ТО қабылданды «_____» ___________________ 20___ ж.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет