Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік



Дата23.02.2016
өлшемі352.13 Kb.
#9637
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07 тамыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8678 тіркелді
      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6061 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 251-255 (26100) санында жарияланған);
      2) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6952 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 356-357 (26751) санында жарияланған).
      3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министрдің
      міндетін атқарушы                              М. Орынханов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
___________ Е. Егемберді
2013 жылғы 5 тамыз
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының  
2013 жылғы 7 тамыздағы 
№ 323 бұйрығына 1-қосымша
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленген және педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін тұлғаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын анықтайды.
      2. Бұл Қағидалар аттестаттау «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларына қолданылмайды.
      3. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар - «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдағы тұлғалар.
      4. Аттестаттау міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз ету;
      2) азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыру;
      3) қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыру.
      5. Білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудың негізгі принциптері алқалық, ашықтық, жүйелілік, айқындық, объективтілік болып табылады.
      6. Аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі критерийі аттестатталушының оған жүктелген міндеттерді орындау қабілеттілігі болып табылады.
      7. Аттестаттауға жүкті әйелдерден басқа барлық қызметшілер жатады.
      8. Аттестатталушы аттестаттаудан үш жылда бір рет өтетін білім  және ғылым ұйымдарының басшыларын қоспағанда, атқаратын лауазымында болғанда әрбір бес жыл өткен соң өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.
      Бала күту демалысындағы қызметшілер қызметке шыққаннан кейін алты айдан соң аттестатталады.
      9. Қызметшілерді аттестаттау олардың өтініштері негізінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өткізіледі.
2. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру
      10. Аттестаттау өткізуге дайындықты орган басшысының тапсырмасы бойынша аттестаттау органының кадрлық қызметі ұйымдастырады және мынадай іс-шараларды қамтиды:
      1) аттестатталушыға қажетті құжаттарды дайындау;
      2) аттестаттау өткізу кестесін әзірлеу;
      3) аттестаттау комиссияларының құрамын анықтау;
      4) аттестаттау өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру.
      11. Кадрлық қызмет алты ай ішінде бір рет аттестаттауға жататын қызметшілерді анықтайды.
      12. Ұйым басшысы кадрлық қызметтің ұсынысы бойынша аттестатталатын тұлғалардың тізімі, аттестаттау кестесі мен аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілетін бұйрық шығарады.
      13. Аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, аттестаттау комиссиясының хатшысы және мүшелері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем емес тақ санды құрайды. Аттестаттау комиссиясының мүшелерінен төраға және хатшы тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және қызметіне, қабылдаған шешімдеріне жауапты болады.
      14. Аттестаттау комиссиясының құрамына әртүрлі бөлімшелердің, оның ішінде ұйымдардың кадрлық және заң қызметтерінің басшылары, ұйым қызметкерлерінің өкілі, сондай-ақ басқа да қызметшілер қосылады.
      15. Аттестаттау комиссиясының мүшесі қатыспаған жағдайда орнын алмастыруға жол берілмейді.
      16. Аттестаттау комиссиясының хатшысы кадр қызметінің басшысы анықтайтын кадр қызметінің өкілі болып табылады.
      17. Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдейді. Хатшы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, аттестаттау комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.
      18. Ұйым басшысы лауазымындағы қызметкерді аттестаттауды өткізу үшін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды тұлға құрады.
      19. Аттестаттау комиссиясының мүшесі жалпы негіздегі аттестаттаудан өтеді.
      20. Аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылатын аттестатталушы қызметкер өз кандидатурасын қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
      21. Кадр қызметі қызметкерлерге аттестаттау өткізудің мерзімі туралы ол басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей жазбаша хабарлайды.
      22. Аттестаттауға жататын қызметкердің тікелей басшысы қызметтік мінездемені ресімдейді және оны кадр қызметіне жолдайды.
      23. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметкер қызметінің кәсіби, тұлғалық қасиеттерін және нәтижесін объективті бағалауға негізделеді.
      24. Кадр қызметі қызметкерді оған берілген қызметтік мінездемемен аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш апта мерзімінен кешіктірмей таныстырады.
      25. Қызметкер оған берілген қызметтік мінездемемен келіспеуге  және кадр қызметіне оған мінездеме беретін ақпаратты 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынуға құқығы бар.
      26. Кадр қызметі аттестатталушы қызметкерге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
      27. Кадр қызметі жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына аттестаттау комиссиясының отырысына дейінгі 15 жұмыс күнінің ішінде жолдайды.
3. Аттестаттауды өткізу
      28. Аттестаттау әңгімелесу нысанында өткізіледі. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
      29. Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      30. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі аттестатталушы қызметкерге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағалау парағын толтырады.
      31. Аттестаттау комиссиясының шешімі оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
      32. Аттестаттау комиссиясының мүшелері ерекше пікір білдірген жағдайда жазбаша нысанда баяндалады және комиссия хаттамасына қоса беріледі.
      33. Аттестатталушы комиссияның отырысына дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылады.
      34. Дәлелді себептер мыналар болып табылады:
      1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы;
      2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
      3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы.
      35. Аттестатталушы аттестаттауға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда қайта аттестаттау тағайындалады. Қызметкер қайтадан дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда ол аттестатталмады деп есептеледі.
      36. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды  және аттестатталушымен әңгімелесуді зерделегеннен кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқарып отырған лауазымы сәйкес келеді;
      2) қайта аттестаттауға жатады;
      3) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді.
      37. Комиссия отырыстарын өткізу кезінде бейне немесе аудио жазба жүзеге асырылады.
      38. Аттестаттау комиссиясының атқарып отырған лауазымға сәйкес еместігі туралы шешім қабылдауы аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады.
      39. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыспен қабылданады.
      Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа оның мүшелерінің кемінде 3-тен 2-сі қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      40. Қайта аттестаттау осы Қағидаларда анықталған тәртіпте алғашқы өткізілген аттестаттау сәтінен бастап алты айдан кейін өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткізе отырып, төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
      2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
      41. Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының шешімімен танысады.
      42. Аттестаттау комиссиясының шешімін бір ай мерзімде білім  және ғылым ұйымдарының басшысы бекітеді. Аттестаттау комиссиясының бекіткен шешімі қызметкердің аттестаттау парағына енгізіледі.
      43. Аттестаттаудан өткен қызметкердің аттестаттау парағы, оған берілген қызметтік мінездеме жеке іс қағазында сақталады, бейне немесе аудио жазба кадрлық қызметке сақтауға беріледі. Ұйым басшысы бекіткен аттестаттау комиссиясының шешімі қызметкердің қызметтік тізіміне енгізіледі.
4. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану
      44. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ұйым басшысының аттестаттау комиссиясының шешімін бекіту туралы бұйрығына шағымдануға құқылы.
      45. Осы Қағидаларда бұзушылықтар анықталған жағдайда ұйым басшысы бұйрықтың күшін жояды және қайта аттестаттауды белгілейді.
Білім және ғылым саласындағы 
азаматтық қызметшілерді    
аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шартына 1-қосымша     
Аттестаттауға жататын азаматтық
қызметшіні аттестаттау парағы
 
 
      Аттестаттау түрі: кезекті - ; қайталап -
            (керектісін X белгісімен белгілеу керек)
      1. Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________
      2. Туған күні 19___ж. "___" _________
      3. Білімі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау жөніндегі
мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын тәмамдаған, білімі бойынша
мамандығы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы құжаттар,
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік
санаты (дәрежесі)_________________________________________________
      5. Жалпы еңбек өтілі - _____________________________________
      6. Мемлекеттік және азаматтық лауазымдардағы жалпы жұмыс өтілі
__________________________________________________________________
      7. Аттестаттау комиссиясы мүшелері айтқан ескертулер мен
ұсыныстар: _______________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      8. Аттестатталушының пікірі ________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      9. Аттестатталушының қызметтік мінездемесі бойынша азаматтық
қызметшінің қызметін тікелей басшысының бағалауы _________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының _____ мүшесі қатысты.
      11. Дауыс беру нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының
әрбір мүшесі толтыратын азаматтық қызметшінің қызметін қоса берілетін
бағалау парағына сәйкес бағалау:
      1) атқаратын қызметіне лайықты (дауыс саны)_________;
      2) қайта аттестаттауға жатады (дауыс саны) _________;*
      3) атқаратын қызметіне лайықты емес (дауыс саны)____
      12. Біліктілік санаты (дәрежесі):
      1) _________ (жазумен) біліктілік санатына (дәрежесіне) лайықты
______________________ (дауыс саны)
_________________________________ (әр біліктілік санаты бойынша жеке)
      2) біліктілік санатын (дәрежесін) белгілеуге негіз жоқ (дауыс
саны) _____________.
      Қорытынды бағалау __________________________________________
__________________________________________________________________
(біліктілік санатының (дәрежесінің) сандық белгісі жазумен жазылады)
      13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (дәлелдемелерімен
қоса)_____________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      14. Ескертпелер ____________________________________________
__________________________________________________________________
      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ________________________
                                                   (қолы)
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы:  ________________________
                                                   (қолы)
      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________________
                                                   (қолы)
                                          ________________________
                                                   (қолы)
                                          ________________________
                                                    (қолы)
                                          ________________________
                                                    (қолы)
      Аттестаттау өткізілген күн 200___ж. "__"____________________
      Ұйым басшысының аттестаттау қорытындысы бойынша шешімі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Аттестаттау парағымен таныстым:_____________________________
                            (азаматтық қызметшінің қолы және күні)
Ұйым мөртаңбасының орны
      * қайта аттестаттаудан өту кезінде баға қойылмайды
Аттестаттауға жататын
азаматтық қызметшілерді
аттестаттау парағына 
2-қосымша      
Аттестаттауға жататын азаматтық
қызметшіні аттестаттау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)
      Аттестаттау түрі: кезекті - ; қайталап -
         (керектісін X белгісімен белгілеу керек)
      Т.А.Ә. _____________________________________________________
      Лауазымы ___________________________________________________
      Аттестатталушының бағасы ___________________________________
              (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)
      Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі (төмендегінің бірі:
атқаратын лауазымына сәйкес, қайта аттестаттауға жатады*, атқаратын
лауазымына сәйкес келмейді):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясы мүшелері шешімінің негіздемесі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Біліктілік санатына (дәрежесіне) лайықты _________________________
Біліктілік санатын (дәрежесін) белгілеуге негіз жоқ
__________________________________________________________________
Негіздеме: _______________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Аттестаттау комиссиясының мүшесі ___________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы)
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы __________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы)
      Күні 200___жылғы "__"____________
*қайта аттестаттау өткізу кезінде шығарылмайды
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының  
2013 жылғы 7 тамыздағы 
№ 323 бұйрығына 2-қосымша
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға
теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шартын айқындайды.
      2. Аталған Қағидалар «Мемлекеттік кәсіпорынның басшыларын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысына сәйкес аттестаттау жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорындар басшыларына қолданылмайды.
      3. Аттестаттау педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін оның кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде анықтау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
      4. Аттестаттау міндеттері мыналар болып табылады:
      1) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық құрамының жоғары сапасын қамтамасыз ету;
      2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру саясатымен айқындалатын міндеттерді іске асыруға жеке-кәсіби дайындығын арттыру;
      3) қызметі шеңберінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың үздіксіз білім алуын ынталандыру.
      5. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың негізгі қағидаттары алқалылық, ашықтық, жүйелілік, айқындылық, объективтілік болып табылады.
      6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санаттарын (растау) беру үшін аттестаттау - қызметкердің мамандық бойынша кәсіби қызметті орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттілігін кешенді бағалауды белгілейтін жүйелі әрекеттердің тәртібі;
      2) аттестаттау комиссиясы - аттестаттау рәсімін және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;
      3) біліктілік санаты - қызметкердің жұмысты орындау нәтижелілігін көрсететін біліктілік талаптарының деңгейі;
      4) біліктілік тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген тестілер бойынша педагогикалық қызметкерлерді мезгілінен бұрын аттестаттау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі;
      5) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау - педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және объективті зерделеу негізінде оның кәсіби құзыреттілігін бағалау бойынша іс-шаралар жиынтығы;
      6) біліктілікті арттыру ұйымы - педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
      7) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар - «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымда істейтін тұлғалар;
      8) деңгейлік курстар - 1, 2, 3 деңгейлік бағдарламалар бойынша жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары;
      9) сараптау - педагогтің кәсібилілік деңгейін және педагогикалық қызметінің нәтижелерін кешенді бағалау;
      10) сараптамалық топ - педагог қызметкердің кәсібилілік деңгейін және біліктілік талаптарына сәйкестік дәрежесін бағалау үшін біліктілікті арттыру жүйесінің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінен қалыптастырылған тәуелсіз алқалы орган.
2. Аттестаттау комиссиялары, олардың құрамы мен өкілеттіктері
      7. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу үшін білім беру ұйымдарында, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында аттестаттау комиссиялары құрылады.
      8. Аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, аттестаттау комиссиясының хатшысы және мүшелері енгізіледі. Аттестаттау комиссиясына білім беру ұйымдарының неғұрлым тәжірибелі педагог қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық құрылымдардың, оқу-әдістемелік бірлестіктердің, біліктілікті арттыру жүйесінің, кәсіподақтардың, өндірістік құрылымдардың (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім не алқалық басқарудың басқа нысандары үшін), кадрлық қызметтердің өкілдері, білім беруді басқару органдарының мамандары, Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының өкілдері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін) кіреді.
      9. Аттестаттау комиссиясының мүшелері тақ саннан тұрады. Аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылатын аттестатталушы қызметкер өз кандидатурасын қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
      10. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының құрамын тиісті алқалық орган (мектептің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының педагогикалық кеңесі) анықтайды және білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      11. Білім беруді басқару органының аттестаттау комиссиясының құрамы білім беруді басқару органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      12. Аттестаттау комиссиясының отырыстарын хатшы хаттамаға түсіреді. Хаттамаларда аттестаттау комиссиясының шешімдері және оның мүшелерінің дауыс беру нәтижелері тіркеледі. Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы және отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
      Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа оның мүшелерінің кемінде 3-тен 2-сі қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      13. Облыстық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын  және олардың орынбасарларын аттестаттауды облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиялары өткізеді.
      Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүргізеді, өз ведомствосында білім беру ұйымдары бар басқа да мемлекеттік органдарда тиісті салалардың уәкілетті органдары жүргізеді.
      Білім беру ұйымдарының басшыларын, басшылардың орынбасарларын аттестаттауды аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің аттестаттау комиссиялары өткізеді.
      14. Аттестаттау комиссиялары аттестаттау процесінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) аттестаттаудың барлық кезеңдерін өткізу орындары мен күнін белгілейді;
      2) білім беру ұйымдарының аттестатталатын басшылары, олардың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қызметтерінің қорытындыларын қарастырады және талдайды;
      3) аттестатталушының кәсіби құзыреттілігін объективті түрде бағалайды;
      4) әңгімелесу кезінде заңдылықты сақтайды, ізгілік, әдептілік танытады;
      5) аттестаттауды ұйымдастыруды және өткізуді ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
      15. Тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) процесінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы сараптамалық топтың қорытындысы негізінде екінші біліктілік санатын бекітеді; бірінші және жоғары санатты беру (растау) үшін педагогтердің материалдарын дайындайды;
      2) аудандық (қалалық) білім бөлімінің аттестаттау комиссиясы сараптамалық топтың қорытындысы негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің бірінші біліктілік санатын бекітеді;
      3) облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы сараптамалық топтың қорытындысы негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары педагогтерінің жоғары біліктілік санатын бекітеді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ облыстық бағыныстағы білім беру ұйымдары педагогтерінің бірінші және жоғары санаттарын бекітеді.
      Білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиясы республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің бірінші және жоғары біліктілік санатын бекітеді.
      Салалық мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиясы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің бірінші және жоғары біліктілік санатын бекітеді.
3. Аттестаттауды өткізу
      16. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау педагогикалық қызметкерлер қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау арқылы педагог қызметкерлердің біліктілік лауазымдық сипаттамаларына сәйкес бір кезеңде жүзеге асырылады. Сонымен қатар мыналар анықталады:
      1) білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды орындау;
      2) мәлімденген біліктілік санаттарына сәйкес педагогикалық қызметкердің біліктілік деңгейіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау;
      3) өзінің кәсіби қызметінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындау.
      17. Педагог қызметкерлер біліктілік санатын беру (растау) үшін аттестаттаудан бес жылдан сиретпей бір рет өтеді.
      18. Педагог қызметкерді аттестаттау білім туралы дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәнді оқыту кезінде педагог қызметкерді аттестаттау дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес пәндерді көрсетумен негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.
      19. Педагог қызметкерді аттестаттау білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне тиісті қосымша төлем есептеуге «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы негіздеме болып табылады.
      20. Шағын жинақты мектептің педагог қызметкерлері дипломда көрсетілмеген пәннен сабақ берген жағдайда жеке куәлігі немесе тиісті біліктілік берілген қайта даярлау курсында кәсіби оқу туралы сертификаты негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
      21. Педагог жоғарғы оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пән бойынша сабақ берген жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады, ал аттестаттау біліктілігін арттыру туралы тиісті сертификат болған кезде жалпы негіз бойынша өткізіледі.
      Арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында, арнайы сыныпта (топта) жұмыс істейтін педагог қызметкерлер білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша аттестаттаудан өтеді. Арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында, арнайы сыныпта (топта) білім туралы дипломда көрсетілмеген мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда білім беру ұйымдарында қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алған сертификатының негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
      Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында дипломда көрсетілген пәннен сабақ беретін педагог қызметкерлер сабақ беріп отырған пәні бойынша білім беру ұйымдарында қайта даярлаудан өту нәтижесінде алған сертификаты негізінде аттестаттаудан өткізіледі.
      Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептің педагог қызметкерлері дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және қосымша пәндер (арнайы педагогика, арнайы психология және т.б.) бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі ескеріле отырылып, аттестаттаудан өткізіледі.
      Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.
      22. Білім беру ұйымдарының педагогтері өз еркімен өтініш негізінде мыналар бойынша мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге үміткер болады:
      1) екінші біліктілік санатына:
      жоғары оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
      «Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген  және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
      орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
      өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;
      денгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар;
      2) бірінші біліктілік санатына:
      ЖОО-дан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі және магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар;
      облыстық деңгейдегі кәсіптік конкурстар, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
      облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорт жарыстарының, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтан) қатысушыларын даярлаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
      облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
      деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар;
      3) жоғары біліктілік санатына:
      республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорт жарыстарының, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтан) қатысушыларын даярлаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
      республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтан) қатысушылары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
      облыстық немесе республикалық немесе халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
      аралық аттестаттау кезінде магистр, философия докторы (PhD), сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесін алған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
      ЖОО-дан, біліктілікті арттыру институтынан, техникалық  және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, төрт жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
      магистр, философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі немесе сабақ беретін мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, төрт жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
      деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарда біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар.
      23. Әдістемелік жұмыстан оқытушылық қызметке ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
      Оқытушылық қызметтен әдістемелік жұмысқа ауысу кезінде пән бойынша біліктілік санаты әдіскердің біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
      24. Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер екі кезеңде аттестаттаудан өтеді:
      1) бірінші кезең - біліктілік тестілеу;
      2) екінші кезең - қызмет қорытындыларын талдамалық жинақтау.
      Тестілеу сұрақтарының саны 60-ты құрайды:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу - 20 сұрақ;
      2) педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;
      3) пәндік білім негіздері - 20 сұрақ.
      Тестілеудің жалпы уақыты 150 минутты құрайтын математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерді қоспағанда, жалпы тестілеу уақыты 120 минутты құрайды.
      Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар негізгі пән бойынша кемінде 70%, педагогика және психология негіздері бойынша - 50%, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша - 50% болса оң деп есептеледі.
      Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайта тестілеуден өтеді.
      Дәлелді себептер мыналар болып табылады:
      1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан аспайтын);
      2) жүктілік және бала туу және бала күту демалысында болу;
      3) шетелде мамандық бойынша іссапарда болу.
      Қайта тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
      Тестілеуден өткізу күні тестілеу рәсімін өткізуге 2 апта қалғанда педагог қызметкерге хабарланады.
      Тестілеу 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім саласындағы уәкілетті орган, қарамағында білім беру ұйымдары бар салалық мемлекеттік органдар бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
      25. Білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, білім беру ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әдістемелік қызметкерлер, білім беру бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, қосымша қызмет бойынша сабақ беретін басқа тұлғалар жалпы негізде оқытатын пәні бойынша аттестаттаудан өтеді.
      26. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттары Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бес жыл бойы сақталады.
      Педагогикалық салада Қазақстан Республикасының шегінде жаңа жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлердің қазіргі кездегі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
      27. Келесі оқу жылында аттестаттаудан (кезекті және мерзімінен бұрын) өтуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша, арнайы, түзету, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің педагог қызметкерлері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
      28. Аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру органның алқалық шешімімен жыл сайын 10 маусымға дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ұсынылады.
      29. Өтініш берген біліктілік санатына сәйкестігіне аттестатталатын педагог қызметкерлердің қызмет қорытындысына талдауды сараптама топтары жүргізеді:
      екінші біліктілік санатына - білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік бірлестіктердің, пәндік-циклдік комиссиялардың, кафедралардың өкілдері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагог қызметкерлері, өндірістік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері кіреді;
      бірінші біліктілік санатына - аудан (қала) деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, ауданның (қаланың) тәжірибелі педагог қызметкерлері, біліктілікті арттыру жүйелері, өндірістік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері кіреді;
      облыстық маңызы бар білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің бірінші біліктілік санатына және жоғары біліктілік санатына облыс деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің, біліктілікті арттыру жүйесінің, өндірістік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, облыстың тәжірибелі педагог қызметкерлері кіреді.
      Білім беру саласындағы уәкілетті органның сараптама тобының құрамына (республикалық ведомстволық ұйымдар үшін): әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, біліктілікті арттыру жүйесінің өкілдері, тәжірибелі педагогтер кіреді.
      30. Педагог қызметкердің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтауды жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында сараптама топтары жүргізеді.
      31. Педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) барлық аттестатталатын педагог қызметкерлердің міндетті ұсынуға қажетті құжаттар көшірмелері:
      аттестаттауға өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат;
      білімі туралы диплом;
      еңбек кітапшасы;
      бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік;
      біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар.
      2) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда): педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдары: эссе, шығармашылық есеп, кәсіптік қызметіне өзіндік талдау жасау;
      педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар: ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері;
      педагог қызметкердің кәсіптік құзыретін тәуелсіз бағалау қорытындылары: пікірлер, оқушылар мен тәрбиеленушілерден, ата-аналардан, әріптестер мен әкімшіліктен алынған сауалнамалар нәтижелері; практика базалары, жұмыс берушілер тарапынан пікірлер, ЖОО-ға түсу немесе еңбекке орналасу туралы ақпарат;
      педагогикалық қызметтің нәтижелері: педагог қызметкердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, спорттық, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, байқауларға, жарыстарға, ойындарға қатысуын растайтын құжаттар; педагог қызметкердің наградалық материалдары;
      соңғы үш жылдағы қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелілігінің динамикасы (мерзімінен бұрын аттестаттауда - 1-2 жыл).
      32. Аттестатталатын педагог қызметкердің қызмет қорытындысына талдау сараптама тобының отырысында хаттамамен тіркеледі. Білім беру ұйымының әрбір педагог қызметкері бойынша сараптама тобы қорытынды (аттестаттау үшін ұсыну/ұсынбау) жасайды, ол білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.
      33. Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссияларының қарауына мына құжаттардың көшірмелері ұсынылады:
      1) аттестаттауға өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      3) білімі туралы диплом көшірмесі;
      4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;
      5) еңбек кітапшасының көшірмесі;
      6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);
      7) сараптама тобының қорытындысы.
      34. Білім беру ұйымының әр педагог қызметкері бойынша аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін шығарады:
      біліктілік санаты талаптарына сәйкес; біліктілік санаты талаптарына сәйкес емес.
      35. Педагог қызметкерге біліктілік санатын беруді (растауды) болдырмау туралы шешім толық негіздемемен жеке хаттама арқылы ресімделеді.
      36. Аттестаттау комиссиясы «біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда санат бір деңгейге төмендейді, мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткен жағдайда қазіргі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
      37. Біліктілік санатын төмендету туралы шешім және, тиісінше, еңбекақы аттестаттау комиссиясының шешімдері негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
4. Қорытынды ереже
      38. Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы бұйрықты барлық деңгейдегі басшы келесі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей шығаруы тиіс, ол келесі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
      39. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерді аттестаттау туралы куәліктерді дайындау және беруді аттестаттау комиссиясы жұмыс істеген білім беру ұйымы келесі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей жүзеге асырады.
      Аттестатталған педагог қызметкерлерге біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.
      40. Аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда қызметкер оған сот тәртібінде шағымдана алады.
      41. Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде мынадай жағдайларда екі жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады:
      1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы;
      2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
      3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;
      4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі;
      5) Қазақстан Республикасынан тыс жерге жұмыс орнының ауысуы;
      6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс және жақын шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы.
      42. Зейнеткерлік жасқа дейін 4 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкердің біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады. Егер педагог қызметкер педагогикалық қызметін зейнетке шығуына байланысты тоқтатуға ниетті болса, ол білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына оны кезекті санат беруден (растаудан) босату туралы өтініш береді. Білім беру ұйымының штатында және еңбек шарты бойынша 1 жылдан артық жұмыс істеген зейнет жасындағы педагог қызметкерлер жалпы негізде аттестатталады.
      43. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санатының берілуіне/расталуына сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгіленеді.
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен  
кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін
педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген  
тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары   
мен шартына 1-қосымша            
нысан
_________________________________________________________________
(санаттарды растау/беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының атауы)
_________________________________________________________________
(педагогтың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))
_________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
      ӨТІНІШ
      Мені 20___жылы ______________________________ лауазымы бойынша
біліктілік санатына ______________________________________________
аттестаттауды сұраймын.
      Қазіргі уақытта ______ санаттамын, ол___жылға дейін жарамды
      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын ____________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
              Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:
                               Білімі:



Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық






Жұмыс өтілі:





Жалпы

Мамандық бойынша

Педагогикалық

Осы білім беру ұйымында








      Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған


(берілген) жылын көрсете отырып ________________________________
      Аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстым
20___жылғы «___»__________
__________________________
(Қолы)       
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен  
кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін
педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген  
тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары   
мен шартына 2-қосымша            
нысан
КУӘЛІК Біліктілік санаттарын беру/растау үшін педагог қызметкерді аттестаттау туралы
Осы куәлік _______________________________________________________
      ____________________________________________________ берілді
          (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))
      Біліктілік санаттарын беру/растау жөніндегі аттестаттау
комиссиясының 20__жылғы «__» ___________ шешіміне
және _____________________________________________________________
                     (білім беру ұйымының толық атауы)
20__жылғы «__» _____________ бұйрығына сәйкес ____________________
_________________________ біліктілік санаты берілді/расталды
    (лауазым атауы)
      Комиссия төрағасы ___________________________________  _______
            (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))   (қолы)
      Комиссия хатшысы ____________________________________  _______
            (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))   (қолы)
      Мөр орны
      Тіркеу нөмірі ________
      Берілген күні 20__жылғы «__» ______________
      Беру орны
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен  
кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін
педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген  
тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары   
мен шартына 3-қосымша             
нысан
Біліктілік санаттарын беру/растау туралы куәліктерді тіркеу және беру журналы
_______________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) 



р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазым атауы және берілетін біліктілік санаты

Аттестаттау комиссиясы шешімінің күні

Біліктілік санаттарын беру/растау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі

Куәліктің берілген күні

Алған педагогтың қолы
















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет