Жарияланатын конкурс туралы хабарландыру



Дата16.06.2016
өлшемі67 Kb.
#139496

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 03.09.2015 жыл




«Знамя труда» 03.09.2015 жыл


БОС ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА

ЖАРИЯЛАНАТЫН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:

Е-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-3 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары

Санаты



Қызметтік жалақысы

қызмет атқарған жылдарына байланысты



теңгеден

теңгеге дейін

Е-4

59579

80720

ЕR-4

56376

76235

ЕG-3

53813

72391

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 бөлме, индекс 080200, тел. 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02 электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маман - заңгері, (Е-4 санаты, 1-бірлік, № 01-05-02)


Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі мен әкімдік және ауылдық округ әкімдерінің актілерінің заңдылықтарға сай қабылдануын қамтамасыз етіп, құқықтық сараптаудан өткізу және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу, уақтылы баспасөзде жариялау, мониторингін жүргізу, есебін тапсыру. Аудан әкімі аппаратының мүддесін сот орындарында қорғау. Аудандық жергілікті атқарушы органдармен азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстарының жүргізілуіне жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылық профилактикасы, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының жұмысын жүргізу. Комиссиялардың жұмыстарына қатысты отырыстарын өткізеді, хаттамаларын дайындайды. Аудан әкімінің шешімдері, өкімдері және аудандық әкімдік қаулылары жобаларын дайындайды. Аудан аумағындағы адам саудасына қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіреді, тапсырмалардың орындалуына жауапты. Алқабилікке кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізу. Нотариаттық іс-әрекеттер бойынша жұмыстарды жүргізу. Бөлімше басшының басқа да тапсырмаларын орындау. Сот және құқық қорғау органдарымен, әділет органдарымен және мемлекеттік органдармен, ауылдық округ әкімдерімен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - құқық саласында. Мамандығы – құқықтану.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



2. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, (ER-4 санаты, 1-бірлік, № 06-03)

Функционалдық міндеттері: Мәдениет және тілдерді дамытудың аудандық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Аудандық мәдениет үйі, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің және ауылдық клуб пен кітапханалар жұмысын қамтамасыз ету. Аудан аумағындағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Бөлімнің іс-қағаздарын жүргізу, қызметкерлердің жеке істерін жүргізу. Бөлім бастығының бұйрықтарының жобаларын дайындау. Әкім аппаратының және бөлімнің іс-шаралар жоспарын орындауға қатысу және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. Аудандық мәдениет үйі, орталықтандырылған кітапхана, ауылдық клубтар мен кітапханалардың жұмыстарын бақылау. Мәдениет саласын реттейтін ҚР Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының тиісті әкімшілік аумақта орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті уәкілетті органдармен және округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - білім саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - музыкалық білім немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.


3. Қарой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - іс жүргізушісі, (EG-3 санаты, 1-бірлік, № 12-02)


Функционалдық міндеттері: Аппараттағы іс-қағаздарды, шаруашылық кітаптарын жүргізу. Сайлаушылардың тізімдерін анықтап, тоқсандық есептер дайындау. Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу. Жинақ папкаларымен жұмыс жүргізіп, орындаушылардан уақытында мәліметтер алып, жоғары тұрған органдарға ақпараттардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету. Ауыл әкімі қабылдайтын өкім, шешімдердің жобаларын әзірлеу. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау карточкаларын толтыру, олардың есебін жүргізу. Аппарат қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу. Аппарат жанында құрылған комиссиялардың ісін жүргізу. Әкім аппаратынан берілетін анықтамаларды рәсімдеу. Жоғары органдардың және ауыл әкімінің актілерінің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - білім саласында немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары. Мамандығы – білім саласында (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы).

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.


4. Ақбұлым ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - іс жүргізушісі, (уакытша,негізгі қызметкердің бала күтімі еңбек демалыс уақытына) (EG-3 санаты, 1-бірлік, № 03-01)


Функционалдық міндеттері: Аппараттағы іс-қағаздарды, шаруашылық кітаптарын жүргізу. Сайлаушылардың тізімдерін анықтап, тоқсандық есептер дайындау. Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу. Жинақ папкаларымен жұмыс жүргізіп, орындаушылардан уақытында мәліметтер алып, жоғары тұрған органдарға ақпараттардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету. Ауыл әкімі қабылдайтын өкім, шешімдердің жобаларын әзірлеу. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау карточкаларын толтыру, олардың есебін жүргізу. Аппарат қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу. Аппарат жанында құрылған комиссиялардың ісін жүргізу. Әкім аппаратынан берілетін анықтамаларды рәсімдеу. Жоғары органдардың және ауыл әкімінің актілерінің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - білім саласында немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары. Мамандығы – білім саласында (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы).

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



5. Айша бибі, Ақбастау, Аса, Бесағаш, Жамбыл, Қаратөбе, Қызылқайнар, Пионер, Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппараттарының ветеринария ісі жөніндегі бас маманы, (EG-3 санаты, 9-бірлік, №1-05, №2-04, №4-08, №05-06, №8-07, №11-06, №13-06, №15-04, №17-04)

Функционалдық міндеттері: Ветеринария саласын реттейтін ҚР Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының тиісті әкімшілік аумақта орындалуын қамтамасыз ету. Жануарлар арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды жою жөнінде ветеринария саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, іс-қимыл жасау, жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныстар енгізу. Тиісті әкімшілік бірліктің аумағында жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Ветеринария саласындағы мәселелер бойынша халық арасында ағарту-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Тиісті уәкілетті органдарға ұсынылатын есептіліктерді жасау. Әкім аппаратының іс-шаралар жоспарын орындауға қатысу және басқа да тапсырмаларын орындау. Ветеринария саласын реттейтін ҚР Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының тиісті әкімшілік аумақта орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті уәкілетті органдармен және округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары. Мамандығы – ветеринария (жалпы) немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі - Қағида); 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаттың немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

Сертификат алу үшін келесі тестілеу бағдарламалары қарастырылған:



Е-4, E-R-4, E-G-3 - санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге, мемлекеттік тілді білуге және логикаға арналған тестілерді қамтиды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі 123 үй (2 қабат) мекен-жайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.



Конкурстық комиссияның үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет