Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі190 Kb.
#205103
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 02.04.2014 10:51:17
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығы

(2013.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі бекітілсін.

2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Қалабаев Н.Б.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

4. «Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте № 2477 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылғы, № 31-36, 870-құжатпен, Заң газетінде 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 160-161 (894-895) сандарында жарияланған, «Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 252 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 3633 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы шілдеде, № 31-36, 870-құжатпен жарияланған, «Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 тамыздағы № 543 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3795 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы қазанда, № 19, 163-құжатпен жарияланған, «Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 6 ақпандағы № 58 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4093 тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 10 наурыздағы № 42-43 (1022-023) сандарында жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) күші жойылды деп танылсын.



5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

Қазақстан Республикасы



Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 10 қаңтардағы

8 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Осы Ереже басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, клиникалық ординатура, резидентура, адъюнктура) туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш білдіруші), сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаларға көрсетіледі.

Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) алған тұлғалар берілген білімнің деңгейіне және даярлау бейіне сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу мақсатында тану және нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

2. Білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын оның иесіне білім алу және/немесе кәсіби қызметке рұхсат алу мақсатында («Еуропалық өңірдегі кәсіптік жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы, бұдан әрі - Лиссабон Конвенциясы) уәкілетті органның ресми растауы.



Білім туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған азаматтарға берілген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.

3. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.



Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктерді беру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды сәйкес құжат берумен қатар тану және нострификациялау бойынша мемлекеттік саясатты орындауды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіптегі функциясында жүзеге асырады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Тану және нострификациялау рәсімін «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 5-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)



5-1. Тану және нострификациялау рәсімін жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау және беру Орталық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

6. Уәкілетті орган білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімді тиісті бұйрықпен ресімдейді.

7. Уәкілетті органның төрағасы тану және нострификациялау туралы куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөрімен растайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру білім туралы құжат иесінің, сондай-ақ сенімхаты негізінде өтініш берушінің мүддесін білдіретін тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырылады.

9. ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10. ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері - Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ танылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктер қатаң есептілік бланкілері болып табылады, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жасалады, есептік нөмірі және сериясы болады.

 

 

2. Білім туралы құжаттарды тану тәртібi



 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



13. Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:

Орталыққа:

1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);

3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.

5) білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);

6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредитеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты - алушының өкілі жүгінген кезде;

8) төлем туралы түбіртек.

ХҚО-ға:

1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);

3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.

5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);

6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты - алушының өкілі жүгінген кезде;

8) төлем туралы түбіртек.

Өтінішті ХҚО арқылы беру кезінде өтініш білдіруші ақпаратты жүйелерде сақталатын заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша түрде келісім береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді ХҚО уәкілетті тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында ХҚО ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

Өтініш, білім туралы құжат және оның қосымшасы, білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, неке туралы куәлік, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігі, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпарат, төлемдер туралы түбіртек, оқу орны туралы мұрағаттық анықтама, уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын куәлігі немесе паспорты және алушының өкілі жүгінген кезде өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электронды көшірмелер нысанында өтінішке қоса тіркеледі.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпарат жүйелеріндегі мәліметтермен және құжаттардың электронды көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаны өтініш білдірушіге немесе сенімхаты негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаға кері қайтарады.

Осы Ереженің 13-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ХҚО қызметкері өтініш берілген сәттен бастап бір күн ішінде Орталыққа жібереді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Өтініш осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді тіркейтін арнайы журналда немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚО ЫАЖ) базасына тіркеледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15. Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап төрт айды құрайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 15-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)



15-1. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың өтініш білдірушінің білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша ресми түрде жолдаған өтінішіне жауап бермеген жағдайда, білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 1 айға ұзартылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



16. Еуропа өңірінде жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы Конвенцияға (Лиссабон Конвенциясы) қатысушы елдердің білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасында осы Ережеде белгіленген тәртіппен куәлік беру арқылы танылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



17. Тану рәсіміне жататын білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі - ҚР МЖБС) сәйкестігін анықтау үшін сараптаудан өтпейді. Ішкі сараптау комиссиясы шешімі негізінде Орталық уәкілетті органға білім туралы құжаттарды тану туралы ұсыныс енгізеді. Ішкі сараптау комиссиясы уәкілетті органның келісімі бойынша Орталық қызметкерлері қатарынан құралады және Орталық директорының бұйрығымен бекітіледі.

18. Ұлттық аккредиттеу орталығы білім туралы құжатты тану туралы шешімнің негізінде осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша куәлік ресімдейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.09.10. № 416 бұйрығымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19. Уәкілетті органның білім туралы құжатты тану туралы шешімі негізінде Орталық осы Ереженің



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет