Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №37 баспасөзрелиз І



Дата23.02.2016
өлшемі109.22 Kb.
#11591


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

37 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І



2011 жылғы 9 қараша
Қаржы нарығындағы ахуал туралы

  1. Инфляция

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2011 жылғы қазанда 0,2% (2010 жылғы қазанда – 0,9%) деңгейде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,1% (өсуі – 1,3%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,4% (өсуі – 0,6%) және ақылы қызмет көрсету 0,3% (өсуі – 0,7%) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда көп дәрежеде жұмыртқа – 3,7%, ет және ет өнімдері – 1,8%, оның ішінде жылқы еті – 2,6%, сиыр еті – 2,3%, қой еті – 1,9%, сүт өнімдері – 1,3% қымбаттады. Жарманың бағасы 4,6% төмендеді. Жемістер мен көкөністер 3,8%, қант – 8,4% арзандады.

Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметке ақы төлеу 0,4% өсті. Бұл ретте қоқыс жинауға тарифтер – 6,9%, кәріз – 2,0%, суық су – 1,2% ұлғайды. Ақылы қызмет көрсету арасындағы барынша елеулі өсу жоғары білім беру үшін ақы төлеудің 2,1%-ға көтерілуіне байланысты білім беру қызметі 1,7% болды.

2011 жылғы 10 айда инфляция 6,5% (2010 жылғы қаңтар-қазанда – 6,2%) болды.

2011 жылғы қаңтар-қазанда инфляция қарқынының біршама ұлғаюы азық-түлік тауарларының қымбаттауына себепші болды, олардың бағасы осы кезеңде 8,0% (2010 жылғы қаңтар-қазанда – 7,4%), және ақылы қызмет көрсету – 6,7% (6,2%) өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 4,4% (4,5%) қымбаттады (1-график).
1-график

2010 және 2011 жж. қаңтар-қазандағы инфляция және оның құрамдас бөліктері

2011 жылғы қазанда инфляция жылдық көрсетуде 8,0% (2010 жылғы желтоқсанда – 7,8%) болды. Азық-түлік тауарлары 10,7% (10,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,4% (5,5%), ақылы қызмет көрсету – 7,2% (6,8%) қымбаттады.
2. 2011 жылғы 9 айдағы төлем балансы (алдын-ала нәтижелер)

Төлем балансын алдын ала бағалау бойынша ағымдағы операциялар шотының профициті 2010 жылғы 9 айдағы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 3 есеге жуық (188,7%) ұлғая отырып, 2011 жылғы 9 айда 9,3 млрд. АҚШ долл. болды.

Ағымдағы операциялардың оң балансының айтарлықтай ұлғаюы тауар экспорты құнының энергия тасымалдауыштардың әлемдік бағаларының жоғары деңгейі аясында өсуімен қамтамасыз етілді. Орта есеппен алғанда 2011 жылғы 9 ай үшін brent сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 111,5 долл. АҚШ болды, бұл оның 2010 жылғы 9 айдағы орташа деңгейінен 44,3% (бір баррель үшін 77,25 АҚШ долл.) жоғары. Сонымен бірге 2011 жылғы 3-тоқсанда мұнайдың орташа әлемдік бағасы өткен тоқсандағы деңгеймен (2011 жылғы 2-тоқсанда бір баррель үшін 117,1 АҚШ долл.) салыстырғанда 4,1% төмендеп, бір баррель үшін 112,5 АҚШ долл. болды. Нәтижесінде тауарлар экспорты 2010 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 38,1% ұлғайды және Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 61,8 млрд. АҚШ.долл. болды.

Тауарлар импортының көлемі айтарлықтай өсіп (32,9%), 29,4 млрд. АҚШ долл. (2010 жылғы 9 айда 22,2 млрд. АҚШ долл.) асты. Нәтижесінде 2011 жылғы 9 айдағы сауда балансы Ұлттық Банктің бағалауы бойынша халықаралық қызмет көрсетулермен және инвестициялық кірістермен операциялар бойынша ресурстардың нетто-ағынын өтей отырып, 32,4 млрд. АҚШ долл. (2010 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 22,6 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда өсуі 43,3%) оң сальдомен қалыптасты.

Қызмет көрсету балансының дефициті, алдын ала бағалау бойынша 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 19,6% төмендей отырып, 2011 жылғы 9 айда 3,8 млрд. АҚШ долл. құрады. Қызмет көрсетудің теріс дисбалансының қысқаруы қызмет көрсету импортының 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 9,6% азаюымен қамтамасыз етілді.

Тауарлар экспортынан түсетін түсімдердің ұлғаюы салдарынан экономиканың тиісті салаларының шетелдік тікелей инвесторлары кірістерінің өсуі жалғасып отыр. Шетелдік тікелей инвесторларға төлемдер алдын ала 17,4 млрд. АҚШ долл. деп бағаланды, бұл 2010 жылғы 9 айдағы осындай көрсеткіштен (12,5 млрд. АҚШ долл.) 39,4% жоғары. Тікелей инвестициялау қатынастарымен байланысты емес кредиторларға сыйақы төлемдері де 2011 жылғы 9 айда 2,3 млрд. АҚШ долл. аса отырып, 19,9% ұлғайды. Нәтижесінде инвестициялық кірістер балансының теріс сальдосы, алдын ала бағалау бойынша 2010 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 13,2 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 18,2 млрд. АҚШ долл. құрады.

Алдын ала бағалау бойынша 2011 жылғы 9 айда қаржы шоты бойынша нетто-ағын 2011 жылғы 2 және 3-тоқсандардағы операцияларға негізделіп 4,9 млрд. АҚШ долл. мөлшерінде қалыптасты. Шет елге тікелей инвестициялар бойынша 3,7 млрд. АҚШ долл. нетто-ағын акционерлік капиталдың өсуімен қамтамасыз етілді. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) таза түсуі 2010 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 8,7 млрд. АҚШ долл. қарағанда 10,0 млрд. АҚШ долл. жетті. Нәтижесінде тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс 2011 жылғы 9 айда 6,3 млрд. АҚШ долл. құрады.

Портфельдік инвестициялар бойынша нетто-ағын алдын ала деректер бойынша 7,1 млрд. АҚШ долл. болды. Портфельдік инвестициялар балансы Ұлттық қордың шетелдік активтерінің 7,5 млрд. АҚШ долл. астам ұлғаюымен сипатталады. Сондай-ақ 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте банктердің шетелдік шоттардағы активтерінің өсуіне негізделген (2011 жылғы 2 және 3-тоқсандардағы операциялардың есебінен) олардың шетелдік активтерінің ұлғаюы да, сонымен қатар банктердің негізінен несиелер мен заемдар бойынша міндеттемелерінің азаюынан да байқалады. Нәтижесінде 2011 жылғы 9 айда банктердің операциялары бойынша нетто-әкету алдын ала деректер бойынша 2,5 млрд. АҚШ долл. асты.



3. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2011 жылғы қазанда Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі байқалды. Олардың өсуіндегі негізгі фактор негізінен әлемдік нарықтарда оның бағасының өсуі нәтижесінде алтындағы активтердің 10,2%-ға өсуі себепші болды.

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 0,4%-ға 32,6 млрд. АҚШ долл. дейін өсті (жыл басынан бері – 15,4% өсті). Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 0,5% өсті және 32,1 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері – 15,7% өсті). Ішкі валюта нарығында валюта сату, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттық қордың активтерін алтынвалюта резервтері шоттарынан толықтыру Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен және банктердің Ұлттық Банктегі шетелдік валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюымен бейтараптандырылды. 2011 жылғы қазанда таза валюталық активтер 0,8% азайды.

2011 жылғы қазанда елдің халықаралық резервтері, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса тұтастай алғанда (алдын ала деректер бойынша 42,4 млрд. АҚШ долл.) 3,5% өсті және 75,0 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері – 26,6% өсті).

2011 жылғы қазанда ақша базасы 6,3%-ға кеңейді және 3064,0 млрд. теңге болды (жыл басынан бері –19,1% кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есепке алмағандағы ақша базасы 9,7%-ға 2874,9 млрд. теңгеге дейін кеңейді.

2011 жылғы қыркүйекте ақша массасы 3,2%-ға 9820,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бері – 15,8% өсті). Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 0,5%-ға өсіп, 1260,7 млрд. теңге болды (жыл басынан бері – 9,8% өсті). 2011 жылғы қыркүйекте банк жүйесіндегі депозиттер 3,6%-ға 8560,3 млрд. теңгеге дейін өсті (жыл басынан бері – 16,7% өсті). Ақша массасы құрылымындағы депозиттердің үлесі айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттердің өсу қарқынының алда болуы салдарынан 2011 жылғы тамыздағы 86,8%-дан 2011 жылғы қыркүйекте 87,2%-ға дейін ұлғайды.

Ақша мультипликаторы 2011 жылғы тамыздағы 3,30-дан 2011 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша 3,41-ге дейін өсті, бұған 2011 жылы қыркүйекте белгіленген ақша базасының аз ғана тарылуы аясында ақша массасының өсуі себепші болды.
4. Валюта нарығы

2011 жылғы қазанда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 147,54–148,36 теңге ауқымында ауытқыды. 2011 жылғы қазанда теңге 0,1% нығайды және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір доллар үшін 147,77 теңге болды.

2011 жылғы қазанда Қазақстанның Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді ескергенде 2011 жылғы қыркүйектегімен салыстырғанда 30,1% азайды және 4,9 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 33,2% азайды және 2,2 млрд. АҚШ долл. болды.

Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 31,1% азайды және 7,1 млрд. АҚШ долл. құрады. 2011 жылғы қазанда Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында негізінен шетел валютасын нетто-сатушы болды.


5. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2011 жылғы қазанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион болды. Оларда 12 айлық МЕККАМ (1,6 млрд. теңге), 2 жылдық МЕОКАМ (21,7 млрд. теңге), 14 және 16 жылдық МЕУКАМ (тиісінше 14,7 млрд. теңге және 15,3 млрд. теңге), 7 жылдық МЕУЖКАМ (16 млрд. теңге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 12 айлық МЕККАМ бойынша – 1,60%, 2 жылдық МЕОКАМ бойынша – 2,01%, 14 және 16 жылдық МЕУКАМ бойынша – тиісінше 5,15%, 5,30%, 7 жылдық МЕУЖКАМ бойынша инфляция деңгейінен 0,01% жоғары болды.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 2,2%-ға ұлғайып, 2011 жылғы қазанның аяғында 1958,6 млрд. теңге болды.



Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары.

Ұлттық Банк ноттары эмиссиясының көлемі 2011 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 10,3 есе азайып, 2011 жылғы қазанда 23,8 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (12,9 млрд. теңге) және 9 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (10,9 млрд. теңге) өтті.

Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік 3 айлық ноттар бойынша 1,01%, 9 айлық ноттар бойынша 1,75% құрады.

Айналыстағы ноттардың көлемі 2011 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 12,7%-ға төмендеп, 2011 жылғы қазанның аяғында 648,3 млрд. теңге болды.
6. Банкаралық ақша нарығы

2011 жылғы қыркүйекте орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда 8,7%-ға ұлғайып, баламасы 2475,0 млрд. теңге болды.

Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттердің көлемі 18,3%-ға өсіп, 1067,1 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 43,1%) болды. Бұл ретте орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы қыркүйекте 0,71%-дан 0,66%-ға дейін төмендеді.

Ұлттық Банктің банктерден тартқан депозиттерінің көлемі 2011 жылғы қыркүйекте 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда 21,3%-ға 1016,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2011 жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда доллармен орналастырылған депозиттердің көлемі 3,8%-ға азайып, 7,8 млрд. АҚШ долл. (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 46,1%) құрады. Доллармен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы қыркүйекте 0,15%-дан 0,16%-ға дейін өзгерді.

2011 жылғы қыркүйекте еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі 0,9 млрд. еуроны құрап, 48,4%-ға (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 7,2%) ұлғайды. Еуромен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 0,74%-дан 0,77%-ға дейін өсті.

Ресей рублінде орналастырылған депозиттердің көлемі 2011 жылғы қыркүйекте 18,3 млрд. рубльді құрап, 33,5%-ға (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 3,6%) өсті. Рубльмен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 3,24%-дан 3,63%-ға дейін көтерілді.

Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі 2011 жылғы қыркүйекте орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 60,4%-дан 56,9%-ға дейін азайды. Резидент емес банктерде орналастырылған шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 59,4%-дан 55,2%-ға дейін төмендеді.


7. Депозит нарығы

2011 жылғы қыркүйекте депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 8560,3 млрд. теңгеге дейін 3,6% өсті (жыл басынан 16,7%-ға өскен). Заңды тұлғалардың депозиттері 5989,7 млрд. теңгеге дейін 4,3% өсті, жеке тұлғалардың салымдары 2570,6 млрд. теңгеге дейін 2,2% өсті.

2011 жылғы қыркүйекте шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2815,7 млрд. теңгеге дейін 8,5% ұлғайды, ұлттық валютада 5744,6 млрд. теңгеге дейін 1,4% өсті. 2011 жылғы қыркүйекте теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда 68,6%-дан 67,1%-ға дейін төмендеді.

2011 жылғы қыркүйекте банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді есепке алғанда) 2604,8 млрд. теңгеге дейін 2,1% өсті (жыл басынан өсуі 15,8%). Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 1512,7 млрд. теңгеге дейін 1,0% өсті, шетел валютасындағы депозиттер 1092,1 млрд. теңгеге дейін 3,6% өсті. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 58,7%-дан 58,1%-ға дейін төмендеді.

2011 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 3,0% болды (2011 жылғы тамызда 2,7%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,6% (8,3%) болды.

8. Кредит нарығы

2011 жылғы қыркүйекте банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 1,7% өсіп, 8420,8 млрд. теңге құрады (жыл басынан өсуі 10,9%).

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 5325,0 млрд. теңгеге дейін 3,2% өсті, шетел валютасында 3095,8 млрд. теңгеге дейін 0,8% төмендеді. 2011 жылғы қыркүйекте теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда 62,3%-дан 63,2%-ға дейін өсті.

2011 жылғы қыркүйекте ұзақ мерзімді кредиттеу 6954,3 млрд. теңгеге дейін


1,8%-ға өсті, қысқа мерзімді – 1466,5 млрд. теңгеге дейін 1,0% өсті. 2011 жылғы қыркүйектегі ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда 82,5%-дан 82,6%-ға дейін өсті.

2011 жылғы қыркүйекте заңды тұлғаларға кредиттер 1,7% өсіп, 6157,9 млрд. теңге құрады, жеке тұлғаларға – 2262,9 млрд. теңгеге дейін 1,7% өсті. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы тамыздағы деңгейде қалып, 2011 жылғы қыркүйекте 26,9% болды.

2011 жылғы қыркүйекте шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1355,0 млрд. теңгеге дейін 1,1% артты, бұл экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 16,1% құрайды.

Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20,3%), өнеркәсіп (11,5%), құрылыс (17,9%), көлік (4,6%) және ауыл шаруашылығы (3,7%) сияқты салаларға тиесілі.

2011 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 11,3% құрады (2011 жылғы тамызда – 11,8%), жеке тұлғаларға – 19,2% (19,9%) болды.
9. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындары мониторингінің 2011 жылғы 3-тоқсандағы нәтижелері туралы
2011 жылғы қазанда 2011 жылғы 3-тоқсан бойынша экономиканың нақты секторындағы ахуалды бағалау мақсатында кәсіпорындардың кезекті мониторингі жүргізілді. Ел экономикасының негізгі салаларын білдіретін мониторингке қатысушы кәсіпорындардың саны 2011 жылғы 2-тоқсан бойынша пікіртеріммен салыстырғанда 2259-дан 2372-ге дейін, оның ішінде орташа және ірілері – 1368-ден 1444-ке дейін ұлғайды.

2011 жылғы 3-тоқсанда шаруашылық қызметіне теңге бағамының еуроға және Ресей рубліне қатысы бойынша өзгеруі теріс әсер еткен кәсіпорындардың үлесі (тиісінше 2011 жылғы 2-тоқсандағы 12,7%-дан және 14,7%-дан 2011 жылғы 3-тоқсанда 10,5%-ға және 11,4%-ға дейін) азайды. Теңге бағамының АҚШ долларына қатысты өзгеруіне байланысты теріс салдарлары бар кәсіпорындардың саны (13,6%-дан 14,7%-ға) шамалы ұлғайды. Ал кәсіпорындардың көпшілігі (еуроға қатысы бойынша – 63%, Ресей рубліне қатысы бойынша – 60,7% және АҚШ долларына қатысты – 60,4%) бұрынғысынша, теңге бағамының қарастырылып отырған валюталарға әсеріне ұшыраған жоқ.

Банктердің кредиттік ресурстары қолжетімділігінің белгілі бір өсуі байқалды, оған теңгемен кредиттер бойынша пайыздық ставканың төмендеуі (2011 жылғы 2-тоқсандағы 13,4%-дан 2011 жылғы 3-тоқсандағы 13,2%-ға дейін) және банкке кредит алу үшін өтініш білдірген, бірақ оны ала алмаған кәсіпорындар санының (2011 жылғы 2-тоқсандағы 4,5%-дан 2011 жылғы 3-тоқсандағы 3,9%-ға дейін) төмендеуі куә. Осының салдары ретінде кәсіпорындардың, әсіресе саудада, өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыста инвестициялық және кредиттік белсенділік елеулі жақсарды. Бұл ретте кредиттерін айналым қаражатын (2011 жылғы 2-тоқсандағы 17,2%-дан 2011 жылғы 3-тоқсанда 19%-ға дейін) және инвестицияларды (2011 жылғы 2-тоқсандағы 5,1%-дан 2011 жылғы 3-тоқсандағы 5,5%-ға дейін) қаржыландыру үшін пайдаланатын кәсіпорындардың саны ұлғайды. Инвестицияларды қаржыландырмаған кәсіпорындардың үлесі (2011 жылғы 2-тоқсандағы 39,2%-дан 2011 жылғы 3-тоқсандағы 35,3%-ға дейін) едәуір төмендеді.

Нақты сектордың (ауыл шаруашылығынан басқа) барлық салаларында анағұрлым баяу қарқынмен болса да кәсіпорындардың өніміне деген сұраныстың өсуі жалғасты. Өсу қарқыны өніміне деген сұраныс 25,3%-ға дейін (2011 жылғы 2-тоқсанда 29,1%) өскен кәсіпорындар үлесінің азаюы есебінен төмендеді.

Кәсіпорындардың дайын өніміне бағаның өсу қарқыны 2011 жылғы 3-тоқсанда 2011 жылғы 2-тоқсанмен салыстырғанда бағаның 8,4%-ға (2011 жылғы 2-тоқсанда 5,8%) дейін төмендеуін атап өткен кәсіпорындар санының ұлғаюы есебінен төмендеді. Дайын өнімге баға өсуі қарқынының төмендеуі, олардың ұлғаюы байқалған «жылжымайтын мүлікпен операцияларды, жалдау және кәсіпорындарға қызметтер» саласынан басқа, экономиканың барлық салаларында байқалды. Баға өсуі қарқынының анағұрлым төмендеуі өңдеуші және өндіруші өнеркәсіпте байқалды. 2011 жылғы 4-тоқсанда баға өсуі қарқынының бұдан әрі төмендеуі күтілуде.

2011 жылғы 3-тоқсанда өсудің баяулауына қарамастан, шикізат пен материалдардың бағасы жоғары болып қалды. Тұтастай алғанда, іріктеу бойынша шикізат пен материалдар бағасының өсуін атап өткен кәсіпорындардың саны 52,7%-ды құрады және кәсіпорындардың 2,9%-ы ғана бағаның төмендеуін атап өтті. 2011 жылғы 4-тоқсанда баға өсуі қарқынының бұдан әрі елеулі баяулауы күтілуде.



Нақты сектордың қаржылық ахуалы орташа рентабельділігі бар кәсіпорындар санының (44,9%-ға дейін) ұлғаюы есебінен жақсарды, тиісінше шығынды және рентабельділігі төмен кәсіпорындар үлесі 24,3%-ға дейін төмендеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет