«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: ХҚО-ға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) айдан аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: ХҚО-ға: 1) білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш; 2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады); 3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшаның түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда); 4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады; 5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады); 6) білім туралы құжатты (оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжат берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет; 7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде; 8) төлем туралы түбіртек.
Достарыңызбен бөлісу: |