«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызметі. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»



Дата17.07.2016
өлшемі22.15 Kb.
#205105
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызметі.
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті  және Астана қ., орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді, сондай-ақ баламалы негізде  халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға сондай-ақ сенімхат негізінде мемлекеттік қызметті алушының мүддесін білдіретін адамдарға көрсетіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 4 ай.

 Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету құны кеткен шығындарды ескере отырып анықталады және оны орталық директоры бекітеді. Ақы төлеу қолма-қол ақшасыз баға көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі.

Банк деректемелері:

 Мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  өтініш;

2) білім туралы құжат (қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

3) білім туралы құжаттың: өткен оқу пәндері мен практикасы (бар болса) сағатының көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және бітіру кезіндегі біліктілік жұмыстары, оқу процесін құрайтын басқа да ақпараттар бар қосымшасы (қажет болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

4) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының мемлекеттік және/немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы;

5) білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, растау құжаттарының (неке туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет;

6) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда, білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы лицензияның және/немесе куәліктің көшірмесі . Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігі болмаған жағдайда, білім беру ұйымы туралы қажетті ақпаратты беру (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) қажет;

7) төлем туралы түбіртек;

8) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлік немесе паспорт) және алушының өкілі өтініш берген кезде қызметті уәкілдікке өкілеттілігін куәландыратын құжат.

 Білім беру ұйымы берген білім туралы диплом немесе оның қосымшалары апостильденген және ресмилендірілген болуы тиіс не алушы оқу орнынан өзінің оқығандығын растайтын мұрағаттық анықтаманы ұсынуы қажет.


«ХҚКО» РМК-ның Қарағанды облысы бойынша Приозерск қаласындағы бөлімінің инспекторы Е.Қ.Қосаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет