Білімділік: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару, осы тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау



Дата27.06.2023
өлшемі275.09 Kb.
#475418
түріСабақ
Бір айнымалысы бар сызықтың теңдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару, осы тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік: топпен жұмыс істеуді қалыптастыру, өзара көмектесуді дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:

Бекіту сабағы


Сабақтың жабдықталуы:
  • Технологиялық карталар
  • Компьютерлік оқу құралдар
  • Слайдтар
  • Жұмыс дәптері

Сабақтың құрылымы:

  • Ой қозғау
  • Іздену іс-әрекет
  • Ой жинақтау
  • Қорытынды
  • Үйге тапсырма
  • Бағалау

Сабақтың эпиграфы:

“Адамның басшысы-ақыл, шолушысы -ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны –арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақсысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі –сыйластық!”

Төле би

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау

а) “Миға шабуыл”

Өзара тексеру парағы бойынша жұмыс.

ә) Есептерді тексеру

3. “Қарлы кесек” ойыны

4. Сәйкестендіру тесті

5. Деңгейлік тапсырмалар

6. Тірек-сызба. Сабақты қорытындылау

7. Үйге тапсырма. Кроссворд “Математика”

Үй тапсырмасын тексеру

“Миға шабуыл”. Өзара тексеру парағы бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
  • Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
  • Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
  • Егер болса, бір айнымалысы бар сызықтың теңдеудің түбірі қалай табылады?
  • Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер?

Есептерді тексеру:

2х+17=22+3x 18+3x=x+14

2x-3x=22-17 3x-x=14-18

-x=5 2x=-4

x=-5 x=-2

13x+70=2x+15 5x-8=2x+1

13x-2x=15-70 5x-2x=1+8

11x=-55 3x=9

X=-5 x=3

“Қарлы кесен” ойыны

Сынып оқушылары үш топқа –А. Б. В. бөлінеді. Әр үстелде үш оқушыдан А1, А2, А3; Б1, Б2, Б3; В1, В2, В3 болады. Әр оқушының маршрут қағазы болады. Сол арқылы әр үстелге жүре отырып, өз қызметін атқарады.

I кезең.

Әр оқушы парақта берілген сұраққа жауапты кітаптан оқып, берілген есепті шығарады. Әр топқа тапсырмалар беріледі.

II кезең.

Дайындалып болған соң оқушылар келесі тәртіппен орындарын алмастырады.

№1 үстел басына А1, Б1, В1

№2 үстел басына А2, Б2, В2

№3 үстел басына А3, Б3, В3

Жиналған жаңа топта әрбір алғашқы топ өкілі өз тақырыбын және есептің шығарылуын талдайды. Әр оқушыға 2-3 минут беріледі. Тыңдаушылары сызба немесе жоспар түрінде есептің шығарылуын жазып алады. Осы уақытта А3, Б3 тақтаға шығады.

III кезең.

5 минут. Оқушылар алғашқы орындарына отырады. Ал А3, Б3 ойыншылары тақтада өз есептерінің шығарылуын талдап, қорғап шығады. Компьютерден есептерінің жауабын өздері тексереді. Мұғаліммен басқа оқушылар оқу материалын қаншалықты меңгергенің нақты сауатты баяндалғанын бақылап отырады.

ах=в теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар:

ах=в теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар:

  • , болса түбірі болады
  • , ох=b теңдеудің түбірі болмайды
  • , ох=o теңдеуінің түбірі кез келген
  • сан болады

Кроссворд “Математика”







2

а












е



4




м




 5

а




т



 6



и





к











2. Тақ цифрлармен аяқталатын сандар 3. Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдік 4. Бөлгіштерінің саны еніден көп сандар 5. 1-ге және өзіне бөлінетін сандар 6. Шеңбердің бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді 7. бөлшектің...

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет