«Білім»тобындағы мамандықтар бойынша



Дата13.06.2016
өлшемі75.18 Kb.
#131857




«БЕКІТЕМІН»

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры

______________________ С.Ж.Пірәлиев
«____»_____________________2009 ж.



«Білім»тобындағы мамандықтар бойынша

ҚР БҒМ РОӘС Оқу-әдістемелік секциясының (ОӘС) грифін беруге ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбасын дайындау туралы

Нұсқаулық

1 Жалпы ережелері
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, ҚР МЖБС 5.03.007-2006. «ҚР Білім беру жүйесі. Білім беру- кәсіптік бағдарламалар. Негізгі ережелер». ҚР МЖБС 5.03.10-2006. Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор, білім беру ұйымдарында және сәйкес инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмыстарға жетекшілік етуді және ұйымдастыруды жүзеге асыруға арналған «29» қараша 2007 ж. Білім және ғылым министрлігі № 583 бұйрықпен бекіткен оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелеріне, ҚР мемлекеттік стандарт ретінде тікелей қызмет атқаруға 01.07.2005 ж. бастап енгізген Халықаралық стандарт ГОСТ 7.60-2003. «Ақпарат, кітапханалық және басылым ісі бойынша стандарттар жүйесі. Басылым. Негізгі түрлер. Терминдер мен анықтамалар», ҚР МЖБС 5.04.19 – 2008. «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелерге» сәйкес дайындалған. «Негізгі ережелер» ҚР БҒМ №325 05.07.2008ж. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен жинақтарды баспадан шығаруға, сараптама жасауға дайындау жұмысын ұйымдастырудың нұсқауларын бекіту туралы ҚР БҒМ-ң №284.06.05.2005жылғы бұйрығы. «Қазақстан Республикасында білімді ұйымдастыру үшін оқу әдебиеттерін жазуға кепілдемелерді бекіту туралы».

Нұсқаулық университеттің профессор-оқытушылар құрамымен дайындаған оқу-әдістемелік құралдарды дайындауға қойылатын талаптарды бірыңғайлайды.



2 Терминдер және анықтамалар

2.1 Оқу және оқу-әдістемелік әдебиет – оқытудың мақсаты мен мәселелеріне, білім алушыларды тәрбиелеу мен тұлғалық дамуына жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жиынтығы.

Жоғары мектепке арналған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеті студенттердің мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары/ жоғары оқу орнынан кейінгі мамандық стандартында қарастырылған ғылыми көзқарасын шынықтыруды қалыптастыруы, жүйелендірілген материалды, тура және тексерілген ережелерді қамтуы, оларды түсінікті формада баяндауы, студенттер білімді, дағдыны және біліктілікті шығармашылық және белсенді меңгеруді қамтамасыз етуі керек.

Оқу басылымы – ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы жүйелендірілген мәліметтерді қамтитын, оқытушы зерделеуге ыңғайлы болатындай да, әр түрлі деңгейдегі білімі бар білім алушыларға да есептелген формада баяндалған басылым.

2.1.1 Оқулық – ресми түрде басылымның осы түрі ретінде бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының қойылатын талаптарына, типтік оқу жоспарына, типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламасына сәйкес ғылымның белгілі бір бөлігінің білімдерінің негізі баяндалатын, оқу пәнінің (оның ең көлемді бөлімінің) жүйелендірілген мазмұны бар, ҚР БҒМ және ОӘС-ң грифін алған және арнайы басылым ретінде бекітілген кітап.

2.1.2 Оқу құралы – ресми түрде басылымның осы түрі ретінде бекітілген толықтыратын немесе оқулықты ішінара/толығымен айырбастайтын, ОӘС-ң грифін алған және арнайы басылым ретінде бекітілген оқу басылымы .


2.1.3 Оқу-әдістемелік құрал – оқу пәнін, оның бөлімін, бөлігін оқыту, үйрету немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша материалдарды қамтитын оқу басылымы.

2.1.4 Жұмыс дәптері – оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік туғызатын ерекше дидактикалық аппаратты қамтитын оқу басылымы.

2.1.5 Хрестоматия – оқылатын оқу пәнінің оқыту нысанын жасақтайтын әдеби-көркем, тарихи және де басқа шығармашылықтарды немесе олардың үзінділерін қамтитын оқу басылымы.

2.1.6 Практикум – практикалық тапсырмаларды және жаттығулар мен олардың шығарылуларын қамтитын оқу басылымы.

2.1.7 Жаттығулар/есептер жинағы – практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды қамтитын оқу басылымы.

2.1.8 Зертханалық практикумдар, есептеу мысалдары, карталар мен сұлбалардың альбомдары, конструкциялардың атластары, арнайы курстар мен типтік немесе жұмыс оқу бағдарламасындағы пәндердің кейбір маңызды және қиын бөлімдері және т.т. да оқу-әдістемелік әдебиет болып табылады.

2.2 Сөздік, энциклопедия, көрсеткіш, бума, жол сілтегіш анықтамалық басылымдар болып табылады.

2.3 Әдістемелік ұсыныстар –білім алушылардың/оқытушылардың/ мамандардың оқу/практикалық қызметінде оларға көмек ретінде бағытталған, ресми басылым болып саналмайтын, оларға авторлық құқық үлестірілмейтін нұсқаулық басылым.

2.3.1 Әдістемелік әдебиет – пәнді оқып үйренуге, өзіндік жұмыстарды, курстық және дипломдық жобаларды, зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік жетекшілік, семинар сабақтарының жоспарларын, есептеу-графикалық тапсырмалардың нұсқаулары, пәндер бойынша безендірілген материалдар және т.т.

2.3.2 Силлабус білім алушыларға арналған ақпараттық құжат, ол оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды, ОӘС-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.

2.3.3 Мамандықтың оқу-әдістемелік кешені – нақты мамандық бойынша білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар мен материалдар жинағы, ол оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды, ОӘС-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.

2.3.4. Бақылау -өлшеу материалдары – білім алушылардың ағымдық, рубеждік, аралық және қорытынды білімдерін бақылауды ұйымдастыруға арналған материалдар, соның ішінде: бақылау жұмыстары, тапсырмалар, тесттер, билеттер және тапсырмалардың басқа түрлері, оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды, ОӘС-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.

2.4 Монаграфия – ғылыми немесе әйгілі арнайы басылым. Бір немесе бірнеше автор жазатын, бір мәселені немесе тақырыпты зерттеудің мазмұнын көрсететін басылым. Оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды. ОӘС-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.

3. Оқу әдебиеттерінің негізгі түрлерін даярлаудың басты

талаптары

3.1. Жоғары оқу орнына арналған оқу әдебиеттері білім алушылардың ғылыми ой-өрісін дамытуға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтардың жалпыға міндетті білім беру стандарты қарастырғандай жүйеленген материалдардан, нақты және тексерілген ережелерден, түсінікті етіп жеткізе алатын, студенттердің білімін белсенді және творчестволық түрде меңгеруіне біліктілік пен білімділік болу керек.

Оқу әдебиеттері оқу өрбісінің қортындысына, ойлаудың логикалық, творчествалық дамуына, білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға және қалыптастыруға бағытталуы керек.

Оқу әдебиеттері басылымның мынандай негізгі түрлерінен тұрады: оқулықтар, оқу құралдары, хрестоматиялар, жаттығулар мен есептер жинағы, анықтамалар, сөздіктер, атластар-бұлар авторлық құқығы бар, арнайы басылымдар.

3.2. Оқулық-негізгі оқу кітабы, бұл мамандықтың типтік оқу жоспарындағы пәндердің типтік оқу бағдарламасының теориялық бөліміне толық сай келетін, жоғары идеямен ғылыми және әдістемелік деңгейде жазылған кітап.

Оқу құралы-мамандықтың типтік жұмыс жоспарына, оқу бағдарламасына толық немесе жартылай сай келетін жоғары идеямен ғылыми және әдістемелік деңгейде жазылған оқу кітабы.

Оқулық оқу құралы мына төмендегідей негізгі талаптар мен қағидаларға жауап беруі керек:

а)жазылатын оқу материалдарын артық нәрселермен толтырмай таңдаған ғылым саласының негізіне сай келетін жағын көрсетуге;

б) оқудың күндізгі, сырттан және дистанционды оқу түрлерін басшылыққа алуға;

в) ҚР Білім және ғылым Министрлігі бекіткен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтарға сай келетін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және пәннің типтік оқу бағдарламасына сай болуға;

г) Анықталған ғылыми шолулардың негізінде құрастырылады және қазіргі заманға отандық және бүкіл әлемдік ғылымның, инновациялық технологиялар мен техникалардың жетілуін жабдықтаудан тұрады. Оқулықта курстың систематикалық және ретін сақтау мазмұны қазіргі заманғы ғылыми деңгейде, ғылыми зерттеулердің жаңа әдістерімен жабдықталған болуы керек;

д) Мазмұнының қысқа да, анық болуымен, қарастырылған мағұлматтар толық және айқын көрсетілуімен ерекшеленуі керек;

е)ғылыми ережелер мен анық жинақталған қорытындыларды, заңдарды, ережелерді, типтік есептерді, мысалдар мен есептерді шешу әдістерін, иллюстрацияларды, схемаларды, сызбаларды, таблицаларды, диаграммаларды, ғылым мен техника дамуының тарихының сұрақтарын қамту керек;

ж) Кредиттік технология бойынша оқуға сай, әрбір параграфтың соңында, білім алушылардың өзін-өзі тексеру үшін бақылау сұрақтары, өзіндік жұмыстарға мысал есептер кітаптың соңында- тест тапсырмалары болуы керек. (30-120)тестер

з) Отандық және әлемдік әдебиеттердің сілтемесін қазақ, орыс, және шет ел тілінде, сонымен қатар пәннің алдағы уақыттан терең оқытылуы және өздік жұмысы үшін интернет- ресустары болуы керек,

3.3. Оқулықтың негізгі құрылымдық компоненттері мына төмендегілер болып табылады:

1)Кіріспе;

2)Мәтін (негізгі, қосымша, айқындайтын), Бөлімге, тарауға, тақырыпқа бөлінген;

3)иллюстрациялы –көмекші материалдар;

4)Білімді меңгеру аппараты (сұрақтар, тапсырмалар, тестер, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін материалдар)

5)Бағыттау аппараты (алғысөз, шартты белгілер-символдар, көрсеткіштер, тараулар)

Оқулықтар мен оқу құралдарының көлемі типтік немесе жұмыс оқу жоспарында көрсетілген пәнге берілген (сағат) кредитке байланысты болады, кем дегенде 2-баспа табақ болуы керек.

3.4.ОӘС-да қарастыруға, оқулықтың немесе оқу құралының макеті және сонымен бірге бірнеше құжаттар:

-екі сын-пікір, пікір берушілер еңбек ететін ұйымның мөрі басылған болуы тиіс.

- Кафедра меңгерушісі қол қойған, кафедра отырысының хаттамасынан көшірме және мөрі басылған сын-пікірді тіркеу керек;

Оқулықты немесе оқу құралын шығаруға рұқсат берген

-ЖОО-ның факультет кеңесінде баспадан шығаруға рухсат берілген, факультет деканының қолы қойылған, мөрі ұрылған факультет кеңесінің хаттамасынан көшірме;

ЖОО-ң кеңесі баспадан шығаруға рұқсат еткен, Кеңестің ғылыми хатшысы қол қойған, мөрі ұрылған, кеңес отырысының хаттамасынан көшірме;

3.5.Оқулықтар мен оқу құралдары сараптама жасалу үшін, «Білім» тобындағы мамандықтардың ОӘС-ң ғылыми-әдістемелік кеңесіне немесе ғылыми-әдістемелік секциясына жіберіледі. Монография әдеби танымал кітаптар ОӘС-да қарастыруға қабылданбайды.

3.6. Қолжазбалар мен бірге келген құжатттарды қарап, ОӘС-ның сараптамашылары мынадай шешім шығарады: оқулықтарды немесе оқу құралдарын баспадан шығаруға кепілдеме береді, сонымен қатар Білім және ғылым Министрлігінің грифін немесе «Білім» тобындағы мамандықтардың оқу-әдістемелік бірлестігінің грифі тағайындалады. Грифте оқулық немесе оқу құралы жоғары оқу орнының қандай мамандық студенттеріне арналғаны көрсетіледі.

Гриф берілгеннен кейін, қолжазбаның мазмұнына гриф берген мекеменің рұқсатынсыз өзгертулер енгізуге болмайды.

3.7.Гриф мәтіні оқулықтың немесе оқу құралының сыртқы бетінің ішкі жағына жазылады гриф мәтінін баспада өзгертуге болмайды.

Қолданыста жүрген МНСТ-қа сәйкес оқулық немесе оқу құралының сыртқы бетінің ішкі жағында қолжазбаға дұрыс пікір берген пікір жазушылардың аты-жөні көрсетіледі. Ғылыми редакторды кітаптың редакторының фамилиясының алдына жазады.

3.8. Кітапты баспадан шығару, кітап авторлары-оқытушылар жұмыс істейтін жоғары оқу орындарында іске асырылады, Қазақстан Республикасының өкіметі бекіткен № 1158, 31 қазан 2002жылғы қаулысына сай, мекемелерде товарларды мемлекеттік сатып алу және ұйымдастыру шаралары жүргізеді.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет