«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі» ММ
Ашық сабақ
Оқу құралдары
5 сынып
Мұғалім: Қабдырашова А.Қ.
Қостанай – 2012
Күні: 9.03.2012
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары
Сабақтың мақсаты:
1. Оқу құралдары туралы түсінік алу, олардың қызметімен танысу; антоним, синоним, омонимді қайталау; әр түрлі тапсырмаларды орындау
2.Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;
3.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын сауатты, таза ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау, қорытындылау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбанұсқа, үлестірмелі кеспелер
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
оқушылармен амандасу, Гимн орындау, кезекшімен сұхбат
-
Үй тапсырмасын тексеру:
25-бет, 1-тапсырма
"Мектеп" мәтіні
-
Білімді жан-жақты тексеру:
1. "Мектеп" деген сөз қандай тілден шыққан?
2. "Мектеп" деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
3. Мектептек қандай ереже бар?
4. Барлық ережені орындаған оқушы қандай болады?
5. Сен нешінші мектепте оқисың?
6. Мектеп қай көшеде орналасқан?
7. Мектеп қандай?
8. Мектепте қандай кабинеттер бар?
9. Сендерге қандай мұғалімдер сабақ береді?
10. Сендердің сынып жетекшілерің кім?
11. Антоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
12. Синоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
13.Омоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
5.Жаңа сабақ
-Жаңа сабақты сөзжұмбақтарды шешу арқылы, сабақтың тақырыбын ашамыз.
Бірге мектепке барасың,
мектептен келесің
Бар заттар, ішінде. Ол не?
Ақ қағазға жазып,
Қалдырасын жазып.
Ол не?
Жыртылған қағазды,
Жабыстырар, ол не?
Саласын суретті,
Бояйсын суретті.
Ол не?
Сызасын түзу,
Керек құрал, ол түзу.
Ол не?
Жазбай қалса сен оны,
Жаздырасың онымен.
Ол не?
Қате жазсаң кешіреді,
Сүртіп-сүртіп өшіреді.
Ол не?
Портфель Қалам
Қарындаш
Өшіргіш
Желім Ұштағыш
5.Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Сөздермен сөйлем құраңдар.
Қалам, сызғыш, ұштағыш, желім, өшіргіш, күнделік.
2-тапсырма. Өлеңді Мәнерлеп оқып, аударыңдар
-
Жол Өлең стратегиясы
1.
2.
3.
4.
5.
7.Бекіту: тест
1. Мағыналары қарама-қарсы сөздер - ...
а) антоним ә) синоним б) омоним
2. Айтылуы бір, мағыналары бөлек сөздер - ...
а) антоним ә) синоним б) омоним
3. Синонимді тап
а) жақсы, жаман ә) мұғалім, ұстаз б) жаз, қыс
4. оқу құралын тап
а) дәптер ә) адам б) оқушы
5. "Мой дневник" аудармасын тап
а) менің дәптерім ә) менің қаламым б) менің күнделігім
Тест жауаптары
1.а
2.б
3.ә
4.а
5.б
8.Үйге тапсырма
- 33-бет, 2-тапсырма. Өздеріңе
ұнаған 3 шумақты жаттау (ауызша);
- 34-бет, 3-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беру (жазбаша)
9.Бағалау.
Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!
Мұғалімнің өзін-өзі талдауы.
Мұғалім: Қабдырашова А.Қ.
Ашық сабақ
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 5 «А»
Бұл сынып тобында барлығы 12 оқушы. Сабаққа 10 оқушы қатысты, 2 оқушы белгілі бір себептермен болған жоқ. Сыныпта 4 пен 5-ке оқитын белсенді – 6 оқушы бар. Сыныпта барлық оқушылар қазақ тілі сабағына белсенді қатысады, берілген үй тапсырмасын, қосымша шығармашылық жұмыстарды және ізденіс жұмыстарын өз уақытында тапсырып отырады. Сынып – ұйымшыл.
Сабақтың тақырыбы: «Оқу құралдары». Антоним, синоним, омоним. (қайталау)
Сабақтың мақсаты:
Оқу құралдарының пайдасымен танысып, білімдерімізді кеңейту;
- грамматикалық тапсырмалар орындау;
- сөз мағыналарын қайталау.
Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, сауаттылыққа, тазалыққа, оқу құралдарын таза ұстауға, өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, проблемалық сұрақ, ой толғау, қорытындылау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбанұсқа, үлестірмелі кеспелер, нақыл сөздер;
Қолданылған әдебиеттер: Қазақ тілі. Орыс тілінде оқитын негізгі жалпы мектептің 5 сынып оқулығы. Алматы «Атамұра», 2010 ж. Отцы «Драгоценных слов». Издательство «Аруна», 2002 г.
Сабақтың барысы:
-
Мұғалім оқушылармен амандасып, Гимн орындайтындарын айтты.
-
Гимн орындалды.
-
кезекшімен бүгін сабақта кім жоқ, сабаққа дайындықтары туралы сұхбаттасты.
-
Үй тапсырмасы: «Отбасы мүшелері» туралы бірнеше баладан сұрап, тексеріп шықты. Сонымен қатар, оқушылар тақтаға шығып, үйтапсырмасына байланысты тапсырмалар орындады.
-
Білімді жан-жақты тексеру: өткен сабақтағы грамматикалық тақырып – құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін жан-жақты тексерді.
-
Жаңа сабақ: жаңа тақырыпты жұмбақ арқылы шешіп, слайдтар арқылы көрсетіп, жалпы түсінік берді.
-
Жаңа сөздерді мұғалім өзі дауыстап оқып, балалармен бірге қайталап оқып, жаңа сөздермен сөз тіркесі, сөйлем құрастырды.
-
Сабақта мәтінмен жұмыс жасалды.
-
Грамматикаға байланысты әр түрлі тапсырмалар орындалды.
-
«5 жол өлең» тапсырмаларға оқушылар өз ойларын айтып, интерактивті тақтаға толтырды.
-
Сабаққа байланысты және МАБ дайындығына 5 сұрақ тестке оқушылар жауап берді. Интерактивті тақтадан жауаптарын қарап, оқушылар өздерін тексерді.
-
Мұғалім сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылады.
-
Үйге тапсырма беріліп, түсіндірілді.
Мұғалімнің қорытындысы: сабағымды беру барысында алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Сабақ барысында жоғарыда айтылған барлық кезеңдер бойынша жұмыс жасалды.Сабақты бекіту барысында жоспарым бойынша тест сұрақтарын оқушылар өз бетінше тексерді.Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерім сабаққа сай пайдаланылды. Интерактивті тақтада оқушылар жұмыс жасады, ауызша және жазбаша жұмыстар болды. Сондықтанда сабағымды қорытындылай келе, сабағымды «жақсы» деген бағаға бағалаймын
Достарыңызбен бөлісу: |