Биология-география факультеті 5В011300-Биология



Дата14.07.2016
өлшемі126 Kb.
#198165
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 13 факультетте жоғары білімнің 73 мамандығы бойынша, магистратураның 48 мамандығы және докторантураның 6 мамандығы бойынша дайындауды жүзеге асырады.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ келесі факультеттер мен мамандықтарға қабылдау жүргізеді:


БИОЛОГИЯ-ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011300-Биология

Осы мамандықты бітірген түлектер мына мекемелерде жұмыс істей алады:

- оқу орындарында биология пәнінің оқытушысы,

- қосымша білім беруші оқытушылар, әдіскер, мектептен тыс оқу ұйымдарының бөлім меңгерушісі, экологиялық және мектеп өлкетану ұйымдарында қызмет істей алады.

- қорықтарда, зоологиялық және ботаникалық бақтарда, өсімдіктерді қорғау станцияларында, ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік және табиғатты қорғау ұйымдарында, табиғат мұражайларында т.б. биолог маманы қызметін атқара алады.
5В011600-География

Мамандық түлектері келесідей мекемелерде қызмет ете алады:



  • білім беру мекемелерінде география пәнінің оқытушысы;

  • экологиялық және табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлері;

  • қорықшалар мен ұлттық саябақ кызметкерлері;

  • гидрометеостанция мен туристтік фирма қызметкерлері;


5В060700-Биология

«Биология» мамандықтарының түлектері келесідей мекемелерде қызмет ете алады:



  • ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері;

  • жоғарғы оқу орындарында маман және лаборант, инженер, ғылыми-зерттеу институттарында лаборант, санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметкерлері;

  • ұлттық саябақ, қорық, зообақ, ботаникалық бақ, жас натуралисттер станция, іріктемелік және обаға қарсы станция, табиғи мұражай қызметкерлері;

  • ғылыми-өндірістік, жобалық және геоботаникалық ұйымдардың мамандары;

  • экологиялық қызмет пен ұйымдардың қызметкелері;

  • мемлекеттік басқару ұйымдарында, әкімшілік және басқа да мекеме мамандары;


5В060900-География

Мамандық түлектері келесідей мекемелерде қызмет ете алады:



  • жобалық, ғылыми-зерттеу институттарының, бюро қызметкерлері;

  • қоршаған ортаны қорғау инженерлері мен лаборанттары;

  • туристтік фирмаларда экскурсия жетекшісі;

  • табиғатты қорғу органдарында және қоршаған ортаны қорғу Министрлігінің табиғатты пайдалану басқармаларының қызметкерлері;

  • геолого-географиялық, экономикалық-географиялық өндірістік ұйым экспедицияларының мүшесі;

  • аймақтық бақылау және басқару бойынша мамандар;


5В060800-Экология

Бітіруші түлектер қызмет ете алады:



- білім беру мекемелерінде экология пәнінің оқытушысы;

- ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттардың, мемлекеттік және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлері;

- экологиялық Департаментінің экологиялық реттеу мен бақылау мамандары;

- экологиялық лабораториялар мен экобақылау бөлімдерінде инженер-сарапшы;
5В070100 – Биотехнология

Бұл мамандық түлектері ғылыми- зерттеу институттарында және жоғарғы оқу орындарында маман болып; өндірістік зертханаларда технолог болып; биотехнологиялық өндірістерде технолог маман болып; ауыл шаруашылық биотехнологияларында маман болып; тағам өндірістерінің маманы болып; биотехнолог селекционер болып; экологиялық қызметтер мен ұйымдарда маман болып қызмет атқара алады.


ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын, неміс, француз)

Мамандық түлектері шетел тілі мұғалімі болып жұмыс істей алады:



- жалпы білім беру мектептерде;

- арнайы мамандандырылған мектептерде (шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептерде және шетел тілін пән ретінде оқытатын мектепте);

- орта техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде.
5ВО21000- Шетел филологиясы (ағылшын, неміс, француз)

Бұл мамандықты бітірушілер:



  • филологтар (герман, роман, славян, шығыс және т.б. филологиясы);

  • орта кәсіптік және кәсіптік білім беру ұйымдарында шетел тілдері және әдебиеті оқытушылары;

  • аудармашылар;

  • редакторлар; корректорлар; референттер ретінде және т.б. шетелдік елшіліктер және өкілеттіктерде, сонымен қатар шетел тілдерін білетін мамандарды қажет ететін фирмаларда жұмыс істей алады.


5ВО20700 - Аударма ісі

Аударма ісінің бакалавры мынандай лауазымдарда: аудармашы-референт, гид-аудармашы, аударма редакторы және т.б. мәдениет орталықтарында, халықаралық ұйымдарда, әр түрлі ақпараттық-аналитикалық қызметтерде, елшіліктер мен өтілдіктерде, министерліктерде, туристік агенттіктерде, баспаханаларда, аударма бюроларында және т.б. ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істей алады.


ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011400 — Тарих

Түлектер мамандығы бойынша келесідей лауазымдарды атқара алады:

- Қазақстан тарихы және жалпы тарих пәнінен және гуманитарлық бағыттағы білім мекемелерінде оқытушы болып,

- мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерінде маман болып (біліктілікті жетілдіру институтында, баспаларда), фирмаларда кеңесші, оқу орындарында (кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер және т.б.) болып қызмет атқарады


5В020200 — Халықаралық қатынастар

Түлектер мамандығы бойынша келесідей лауазымдарды атқара алады:

- халықаралық қатынастар саласында референттер, эксперттер, сарапшылар, кеңесшілер, сыртқы саяси шолушылар, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінде сәйкесінше шет тілі (тілдер) бойынша аудармашылыр, (аудармашы-референт), мемлекеттік басқарманың түрлі орындарымен әлемдік саясат, сыртқы саяси қатынастар саласындағы ұйымдарда, халықаралық ұйымдарда, трансұлттық корпороцияларда.
5В020300 — Тарих

Түлектер мамандығы бойынша келесідей лауазымдарға ие бола алады:

Архивариюст, кіші ғылыми қызметкер, меммлекеттік мекемелердегі ғылыми институттардағы баспа үйлерінде әкімдіктерде, кітапханаларда, мұрағаттарда, мұражайларда референт кеңесші, мемлекеттік басқармалық сектордағы мемлекеттік қызметкер.
5В020800 — Археология және этнология

Түлектер мамандық бойынша келесідей лауазымдарды атқара алады:

- жалпы білім беретін және арнайы білім мекемелерінде мектептік және мұражайларда өлкетанушылық жұмыстарды ұйымдастырушы;

- ғылыми-зерттеу экспазициондық және қор бөлімдерінің ғылыми қызметкері, гид экскурсовед, мұражайлық мекемелерде негізгі сақтаушы.

- Ғылыми-зерттеу институттарында (орталықтарда) кіші ғылыми қызметкер;

- референт, мәдени және табиғи ескерткіштерді қорғауда тарих және мәдениет саласының бас маманы; эксперт; этникааралық және конфессионалдық қатынастарда және үрдістерде мемлекеттік қызмет органдарының кеңесшісі.


КӘСІБИ КӨРКЕМ СУРЕТ ФАКУЛЬТЕТІ
5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу

Мамандықтың түлегі орта жалпы білім беру мектептерінде гимназияларда, лицейлерде, колледждерде мұғалім; мектептен тыс білім беру мекемелерінде оқытушы; білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырушы; бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша әдіскер; балалардың көркем шығармашылығын ұйымдастырушы; балалар көркем студияларында, жастар бірлестіктерінде сәндік-қолданбалы өнер үйірмелерінің жетекшісі болып қызмет жасай алады.


5В042100 - Дизайн

Түлектер алған мамандықтары бойынша сәулет және аймақтарға құрылыстар салудың қалалық және аудандық қызметтері; сәулеттік, жарнамалық фирмалар, агенттіктер; полиграфиялық кәсіпорындар; сәулеттік жобалау фирмалары; жобалау шеберханалары, галереялық және көрмелік кешендер сияқты мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындарда маман ретінде; орта және орта-арнайы білім беру мекемелерінде оқытушылық қызметпен; жеке жобалау қызметтерімен айналысуыларына болады.


5В012000-Кәсіптік оқыту

Кәсіптік білім бакалавриатының түлектері жалпы білім беретін және жұмыс кәсіптерінің кешені бойынша өндіріс шеберлерін дайындайтын кәсіптік мектептерде, колледждерде, лицейлерде жалпытехникалық пәндердің оқытушылары ретінде қызмет ете алады. Сондай-ақ меншік иелігіне қарамастан орта және жоғарғы кәсіби білім жүйесіндегі өндіріс шеберлері, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі, үйірмелер жетекшісі, бірінші дәрежелі техник, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу ұйымдарының инженерлері, ассоциациялар мен акционерлік қоғамдардың және басқа да кәсіпорын құрылымдарының дизайнерлері, шеберлері (сала бойынша) болып қызмет атқара алады.

Кәсіптік білім бакалаврын дайындау бойынша оқу процесін жоғары білікті мамандар, оның ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары жүргізеді.
5В070300 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары

Көлік бакалавры көлік техникасы мен құрылғыларын өндіретін машина жасау зауыттарында; көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарда; конструкторлық, жобалық және технологиялық ұйымдарда, машина жөндеу кәсіпорындарында, көлікті басқару мекемелерінде мынадай қызметте жұмыс істей алады: техник-лаборант, техник-конструктор, стандарттау технологы (технигі), реттеу және тексеру технологы (технигі), инструменттер технологы (технигі); метрология технигі; еңбек технигі, техник-технолог.


5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Мамандық түлектері көлік кәсіпорындары мен бөлімдерінде, көліктік-экспедиторлық кәсіпорындар мен ұйымдарда, көлікті басқарудың аймақтық органдарында және мемлекеттік көлік инспекциясында жұмыс істей алады.


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Түлектер келесі салаларда: мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, әдіскер, меңгеруші болып; педагогикалық колледждерде, лицейлер мен гимназияларда психологиялық-педагогикалық пәндердің оқытушысы болып; жалпы білім беруші мектептерде, гимназияларда мектепке даярлық сыныбының мұғалімі болып; білім беруді басқару бөлімінде - әдіскер, жетекші маман болып; педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру институттарында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман болып қызмет атқара алады.


5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Мамандық түлектері келесі қызметтерді атқара алады: жалпы білім беретін мектептерде, шағын жинақталған мектептерде, гимназияларда, лицейлардің бастауыш сынып мұғалімі; орта кәсіби оқу орындарында педагогикалық бағыттағы пәндердің оқытушысы; білім беруді басқару бөлімі мен мектептен тыс оқу-тәрбиелік мекемелерде әдіскер.


5В010300 - Педагогика және психология

Түлектер келесі салаларда: педагогикалық колледждерде және басқа да кәсіби оқыту ұйымдарында педагогика және психология оқытушысы болып; білім беру ұйымдарында, орта жалпы білім беретін мектептерде, мектеп-интернаттарда, гимназияларда, лицейларде, мектептен тыс оқыту-тәрбиелеу ұйымдарында әдіскер болып; кәсіптендіру ғылыми-зерттеу ұйымдарында маман болып қызмет атқара алады.


5В010500 - Дефектология

Мамандық түлектері келесі қызметтерді атқара алады: олигофренопедагог; көмекші мектептің бастауыш, орта және жоғары сынып мұғалімдері; сурдопедагог; естуі бұзылған балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі; есту жұмысы бойынша мұғалім; мектеп және мектепке дейінгі мекеменің логопеді; тифлопедагог; көруі бұзылған балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі; ерте көмек көрсету бойынша маман.



ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ
5В010800 - Дене мәдениеті және спорт

Мамандық түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады: дене тәрбиесі мұғалімдері және жалпы орта білім беру мектептері мен колледждерде ұйымдастырушы, дене тәрбиесінің оқытушылары, БЖСМ, ЖШСМ, спорт командалары, спорт клубтарында бапкер, өндірістік ұжымдарда, туристік-экскурсиялық мекемелерде нұсқаушы, санаторий-курорт және емдік мекемелерде емдік дене тәрбиесі бойынша маман ретінде.


5В010400- Бастапқы әскери дайындық

Мамандық түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады:

Жалпы орта білім беру мектептерінде, мектеп-интернаттарда, гимназиялар мен лицейлерде, арнайы орта білім беру мекемелерінде бастапқы әскери дайындық оқытушылары; білім берудің әкімшілік ұйымдарында; азаматтық қорғаныс және тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастырушы; қауіпсіздік қыземттерінде нұсқаушы; сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісім-шарттық жүйе бойынша және офицерлер құрамында әскери қызметші, Ішкі істер министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік Компитетінде және Төтенше жағдайлар Министрліктерінде қызмет.
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТАҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
5В010900 – Математика

Мамандық түлектері орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, орта мамандандырылған оқу мекемелерінде математика мұғалімі, математика және информатика мұғалімі қызметінде жұмыс жасай алады.


5B011100-Информатика

Мамандық түлектері орта мектептерде, орта-мамандандырылған оқыту ұйымдарында, гимназияларда, лицейлерде, ғылыми-зерттеу институттарында, математика, информатика, педагогика, психология және математиканы оқыту әдістемесі орталықтарында; білім беру басқармаларында; математикалық әдістер мен компьютерлерді қолданатын әртүрлі жеке меншік ұйымдарда жұмыс істей алады.


5В060100 - Математика

Түлектер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:



  • маман, жетекші маман, жетекші математик;

  • инженер, математик-программист, математик-экономист, ұйымдық-басқару құрылымдарында математик-актуария;

  • ғылыми-зерттеу иституттарында және орталықтарында кіші ғылыми қызметкер;

  • орта мектептерде, орта-мамандандырылған оқыту ұйымдарында, гимназияларда, лицейлерде және басқа да білім беру үйымдарында математика, информатика, математика және информатика оқытушысы.



5B060200-Информатика

Түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:



  • компьютерлік дизайн облысында маман, программист, объектілі-бағытталған программалау обылысында (UML & Java) маман, WEB - программиста, басқару ұйымдарында және бизнес-құрылымдарында, есептеуіш және компьютерлік орталықтарды деректер қорын жобалаушы;

  • компьютерлік цикл пәндерінен информатик оқытушы, білім беру мекемелерінде математик;

  • жұмыс берушілердің талаптарына сай квалификациясы сәйкес кәсіби қызметте IT–технологияны қолданумен байланысты басқа лауазымдар.


5В060300 – Механика

Аталған мамандықтың түлегі механика, математика, программалау білімдерімен байланысты қызметтерде, экономиканың әртұрлі салаларында математик, инженер,-программист және т.б. лауазымдарында жұмыс істей алады.


5B070300-Ақпараттық жүйелер

Мамандықтың түлектері келесі лауазымдармен адамзат қызметіндегі әртүрлі облыстарда ақпараттық жүйелерді қолданатын және енгізетін әртүрлі формадағы жеке меншік ұйымдарда, кәсіпорындарда жұмыс істей алады:



  • жоғарғы деңгейлі квалификациялы маман;

  • техник-программист;

  • компьютерлік желілердің жүйелік-программисті, жүйелік администраторы.


5B070500-Математикалық және компьютерлік моделдеу

Түлектер келесі лауазымдарда қызмет жасайды:



  • ұйымдыө-басқару мекемелерінде маман, жетекші маман, жетекші инженер, инженер-программист;

  • ғылыми-зерттеу иституттарында кіші ғылыми қызметкер;

  • физикалық-химиялыө және технологиялыө процестерді математикалық моделдерді жобалаушы ретінде жетекші инженер немесе математик-программист, ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер ретінде;

  • жобалаушы ұйымдарда математикалық және компьютерлік моделдерді жобалаушы ретінде, математик-программист;

  • ұйымдық-технологиялық мекемелерде инженер-математик, математик-программист, математикалық және компьютерлік моделдерді жобалаушы немесе информатика бойынша маман;

  • кәсіпорындық-басқару ұйымдарында математик-программист және информатика бойынша маман ретінде;

  • Компьютерлік желілердің жүйелік программисті, жүйелік администраторы.


ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011000 – ФИЗИКА (білім беру)

Мамандық түлектері орта және орта арнайы оқу орындарында физика пәнінің мұғалімі, ғылыми- зерттеу институттарында ғылыми қызметкер болып жұмыс істей алады.


5В060400 – ФИЗИКА (жаратылыстану ғылымдары)

Бітіруші түлек өндірістік-технологиялық процестерін, сонымен қатар өндірістік-басқару процестерін қамтамасыз ету мақсатында институттар мен зертханаларда, кәсіпорындары мен бірлестіктерде, фирмалар мен компанияларда кіші ғылыми қызметкер, аға лаборант, I, II және жоғары санатты маман болып жұмыс істей алады.



5В072300ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА

Түлектер техник, техник-конструктор, бірінші және екінші санатты сынау және жөндеу технигі, ғылыми –зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және жобалау ұйымдарының лаборант немесе технигі ретінде істей алады.


5В071600 – ПРИБОРЛАР ЖАСАУ

Түлектер техник, техник-конструктор, бірінші санатты сынау және жөндеу технигі, ғылыми – зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және проектілік ұйымдарының лаборантты немесе технигі ретінде басшы қызметтерде істей алады.


5В071700 - ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКА

Түлектер техник, техник-конструктор, бірінші категориялы инженер және жөндеу технигі, ғылыми - зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және проектілік ұйымдарының лаборантты немесе технигі қызметтерде істей алады.



5В071900-РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР

Түлектер келесі лауазымдарында техниктердің бастапқы қызметтерінде, кіші ғылыми қызметкерлері, инженер-лаборантар, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері тағы да басқа қызметтерде, олардын еңбек стажына қарамастан, жұмыс істей алады.


5В073100 - ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Мамандық түлектері табиғи құрамдас, техногендік, әлуметтік, ақпараттық жүйелеріне және олардың құрауыштарына; су, жер, биотикалық және басқа да ресурстарына; қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін анықтайтын факторларға; технологиялық жүйелер мен желілерді енгізу және пайдалану, өңдеу, сонымен қатар төтенше жағдайларда қорғау жұмыстарымен айналысатын факторларға; жобалы-іздеу институттары мен фирмаларда және т.б. әр түрлі меншік формаларында өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа да қауіптерді алдын алуға мүмкіндік беретін факторларға әсер ететін мекеме орындары мен ұйымдарда жұмыс істей алады.


ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
5В020100 - Философия

“Философия” мамандығын бітірушілер жұмыс істей аламыз:



  • референт, эксперт, мемлекеттік басқару органда арнайы құрылымындағы қызметкер, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қызметкері;

  • мәдениет, саясат, гуманитарлық білімді беру ұйымдары, бөлімдер, лаборатория, ғылыми – зерттеу орталықтарының қызметкері;

  • гимназия, лицей, колледж, орта мектепте әлеуметтік – гуманитарлық пәндер оқытушысы.


5В020400 – Мәдениеттану

“Мәдениеттану” мамандығын бітірушілер мына төмендегідей лауазымды атқарады:



  • ұлттық қауіпсіздік пен іщкі істер органдарында қызметкер, эксперт, референт;

  • мәдени – ағартушының мекеме қызметкері; БАҚ жүйесінде мәдени процесстерін шолушы;

  • мәдени құндылықтарды бағалау бойынша эксперт; мәдени қызмет саласфында кеңес беруші;

  • имиджеолог; қоғам істерімен байланыс бойынша маман, мәдени саясат бойынша маман.


5В020600 – Дінтану

Мамандық бойынша жұмыс істеу салалары:

Жоғарғы оқу орындарында, колледждер мен мектептерде сабақ беруде, қалалық және аудандық мекемелерде, әкімшілікте және діни қауымдарда, әр түрлі заңдық қауымдарда осы алған білімді қолдануға болады.

«Дінтану» білімі халықаралық «адамның құқын» - сақтау қауымдарында жұмыс істеуге болады. Сізге жоғарғы жетістіктерге жету жолында үлкен мүмкіндіктерге жол ашылады.


5В050100 - Әлеуметтану

Мамандық түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады:

- зерттеулік әлеуметтік орталықтарында әлеуметтанушы;

- мемелекеттік қызмет және ҚР қарулы күштеріндегі әлеуметтанушы-аналитик;

- орта оқу орындарындағы қоғамдық және әлеуметтік пәндердің оқытушысы;

- ғылыми - зерттеулік орталықтарындағы, ғылым академиясының салаларындағы әлеуметтанушы - зерттеуші;

- еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің маманы;

- әкімшіліктегі әлеуметтік бөлімдердің жетекшісі, маманы;

- білім ұйымдарында әлеуметтанушы;

- ірі фирмаларда әлеуметтанушы-консультант;

- өндірістік, жекеменшік және консалтингті компанияларында маркетолог;

- қосымша білім алудағы өндірістік ұйымдардың менеджері;

- миграция және демография бөлімдерінде демограф;

- үкіметтік емес ұйымдарда, әкімшілікте, еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің департаменттерінде әлеуметтік жұмыскер;

- әлеуметтік қызметінің басшысы;

- сайлау кампаниялары мен сайлау технологиялары орталығының маманы;

- Public Relations саласындағы маман.

5В050200 - Саясаттану

Мамандық түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады:



  • әкімшілк, маслихат, Президент аппараты секілді мемлекеттік мекемелерде психолог ретінде қызмет атқару;

  • орта оқу орындарында қоғамдық және әлеуметтік пәндердің оқытушысы;

  • мемлекеттік орындарда және аудандық, қалалық, облыстық және республикалық басқармалардың саяси кеңесшісі, нұсқаушысы, сарапшысы;

  • имиджмейкер;

  • саяси партиялардың технологы;

  • үкіметтік емес ұйымдарда байланыс маманы;

  • аналитикалық орталықтарда сыртқы саясат және халықаралық маман;

  • PR саласындағы маман



5В050300 - Психология

Мамандықтың түлектері келесі лауазымдар бойынша қызмет атқара алады:

- білім беру орындарындағы (мектепке дейінгі мекмелер, мекемелер, колледждер) психолог;

- қалалық және республикалық жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарындағы, кәсіби бағдар мен кәсіби оқытумен айналысатын психолог;

- спорт ұйымдарындағы психолог;

- өндіріс орындарындағы психолог (қызметкерлермен жұмыс жасайтын менеджер);

- қоғамдық ой мен саяси технологияларды қарастыратын орталықтардағы психолог;

- медициналық және емдік-профиластикалық мекемелердегі психолог;

- құқық қорғау органдарындағы және пенитенциарлы мекемелердегі және педагогикалық қараусыз қалған жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен реабилитациялық орталықтардағы психолог;

- ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы ғылыми қызметкер.


5В021300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Түлектер білім жүйесінде әлеуметтік педагог, бала құқығын қорғау және жұмыссыздар мен жағдайы төмендерді әлеуметтік қолдайтын басқа да ұйымдарда, мемлекеттік құрылымдарда (ҚР БҒМ бала құқығын қорғау комитеті, бала құқығын қорғаудың облыстық департаменттері), түрлі типтегі оқу орындарда; қоғамдық ортада өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту мәселелерімен байланысты мекемелерде; баланың бос уақытын ұйымдастыру мен балалардың шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың тұлғалық дамуының толықтай әлеуметтендірумен байланысты ұйымдарда маман қызметін атқара алады.


5В090500 - Әлеуметтік жұмыс

Түлектер халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен мекемелерінде, әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту орталықтарда, отбасы мен балаларға көмек көрсету орталықтары, пенитенциарлық жүйеде, жасөспірімдер ісі бойынша инспецияларда, әлеуметтік баспаналарда, мәдени тынығу қызметтерде, әлеуметтік-өндірістік салада әлеуметтік қызметтерде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді.


5В090600 - Мәдени-тынығу жұмыс

Түлектер келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады: мәдениет пен шығармашылық саласында ұжымның көркемдік жетекші; бұқаралық мерекелік қойылымдардың режиссер-қоюшы, сценарист; мектептік және мектептен тыс мекемелерде тәрбиелік жұмысты басқаратын ұйымдарда маман; арнайы ұйымдарда педагог-ұйымдастырушы.

.
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800 - Орыс тілі және әдебиеті

Бітіруші-түлекке «Қазақ (орыс) тілі мен әдебиетінің бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.



5В012100 - Қазақ тілі мен әдебиетінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

5В012200 - Орыс тілі және әдебиетінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Түлектер университетті бітірген соң мамандық бойынша мынадай қызметтерде жұмыс істей алады:

- жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік орта білім беретін мектеп, мекемелер, гимназия, лицей, колледждердегі қазақ (орыс) тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

- зерттеуші-мұғалім;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жетекші қызметкер;

- мемлекеттік тілді оқыту курстарында оқытушы;

- мемлекеттік тілді дамытуда жетекші қызметкер;

- хатшы-референт;

- офис–менеджер;

- архив қызметкері.


5В020500 – Қазақ/орыс филологиясы

Түлектер университетті бітірген соң мамандық бойынша мынадай қызметтерде жұмыс істей алады:

- кәсіптік орта білім беретін мектеп, мекемелер, гимназия, лицей, колледждер, ЖОО оқытушы;

- зерттеуші-мұғалім, шығармашылық және басқа да жоба қызметкері;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жетекші қызметкер,

- музей қызметкері, кітапханашы, корректор, архив қызметкері;

- мемлекеттік тілді оқыту курстарында оқытушы;

- редактор-аудармашы, корректор;

- білім бөлімінің жетекші қызметкері;

- секретарь-референт; офис–менеджер.


5В050400 - Журналистика

Түлектер университетті бітірген соң мамандық бойынша мынадай қызметтерде жұмыс істей алады:

- отандық және шетелдің БАҚ-да журналист;

- мемлекеттік және тәуелсіз ақпараттық агенттіктердің журналисті;

- отандық және шетелдің мемлекеттік, тәуелсіз және қоғамдық ұйымдардың қызметкері;

- баспасөз қызметінің, радио, телевидение маманы;

- Қазақстан Республикасы елшілігінде баспасөз-атташе;

- жарнама агенттіктерінің қызметкері;

- редактор-аудармашы, корректор;

- білім бөлімінің жетекші қызметкері.


5В051400 - Қоғаммен байланыс

Түлектер университетті бітірген соң мамандық бойынша мынадай қызметтерде жұмыс істей алады:

- Жарнама және маркетинг бөлімінің менеджері

- баспасөз хатшысы:

- тілші;

- қоғаммен байланыс қызметкері;

- масс-медиа менеджері;

- баспасөз қызметінің маманы;

- Қазақстан Республикасы елшілігінде баспасөз-атташе;

- имиджмейкер;

- продюсер;

- жарнама агенті;

- бизнес-журналистикасындағы сараптаушы.
ХИМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

5В011200 – Химия

Түлектер оқу-тәрбие орындарында, жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс және білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарында химия пәнінің оқытушысы, лаборант инженер, кіші ғылыми қызметкер, әкімшілік қызметкері, оқу және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары, үйірме жетекшісі және т.б. болып қызмет жасай алады.


5В060600 – Химия

Түлектер аналитикалық, экологиялық, кедедік, санитарлы-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханаларында, химиялық, мұнай-химиялық, экологиялық, металлургиялық фармацевтік профильдегі ғылыми-зерттеу мекемелерінде (институттар, зертханалар), жалпы білімдік мекемелер мен білім беру бөлімдерінде жұмыс істей алады.


5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Түлектер кен байыту комбинаттарында; минералды шикізатты өңдеу кәсіпорындарында; бейорганикалық қышқылдарды, негіздерді, тұздар мен минералды тыңайтқыштарды өндіру кәсіпорындарында; металлургиялық өнеркәсіп комбинаттарында; құрылыс, керамика, композициялық материалдарды өндіру зауыттарында; электрохимиялық өндіріс, плазмохимиялық үрдістер кәсіпорындарында, нанотехнология бойынша жұмыс жасайтын зауыттарда; зауыт, цех және ғылыми-зерттеу зертханаларында қызмет ете алады.

Технолог, инженер, химик-технолог, инженер-технолог, маман лауазымдарын атқара алады.
5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы.

Түлектер органикалық заттарды өндіру, мұнай, газ, көмір және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын, оқ-дәрі дәрмек, қатты және сұйық ракета отындарын өңдеу кәсіпорындарында; көмірсутекті шикізаттарды алу, дайындау мен тасымалдау және оларды тиімді пайдалану кәсіпорындарында; ғылыми-зерттеу жобалау салалық институттарында; қорғаныс мекемелерінде жұмыс істей алады. Ғылыми-зерттеу институттарының, конструкторлық және жобалау мекемелерінде бірінші дәрежелі техник, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, инженер лауазымдарын атқара алады.


5В074800 – Фармацевтік өндірістің технологиясы

Түлектер химиялық-фармацевтік кәсіпорындарында, медициналық препараттарды және медициналық мақсатта тағайындалған бұйымдарды өндіру кәсіпорындарында, биотехнологиялық және парфюмерлік-косметикалық өндірістерде, техникалық бақылау бөлімдерінде, орталық-зауыттық зертханаларда, дәрілік затттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханаларында, стандарттауды, сертификациялауды және лицензиялауды басқару ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында қызмет жасай алады.


ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
5В011500 - Құқық және экономика негіздері

Мамандық бітірушілер келесі келесі мамандықтарда жұмыс істей алады: орта мектептардегі, лицейдегі, гимназиядағы, колледждегі және өзге орта мен орта арнайы оқу орындарындарында құқық және экономика негіздерінің, экономикалық білімдер негіздерінің, мемлекет және құқық теорияларының оқытушылары; мемлекеттік жәнемемлекеттік емес ұйымдарда (біліктілікті жоғарылату институттарында, баспаларда) білім беру әкімшілік органдарының мамандары; ғылыми қызметкерлер, білім беру жүйесіндегі менеджерлер; кеңес фирмаларындағы, оқу орындарда мамандар (лаборант, кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер т.б.)


5В050600 - Экономика

Мамандық бітіргендер индустрия және сауда министрлігінде, ҚР бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігінде және ведомстваларында, трансұлттық корпорациялар және ұлттық компанияларында, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктердің және өнеркәсіпті экономика және бюджеттік жоспарлау Департаменттерінд, кәсіпорындар, фирмалар, жекеменшіктегі әртүрлі ұйымдардың экономика және жоспарлау бөлімдерінде, еңбек және еңбекақы бөлімдерінде, мемлекеттік және комерциялық банктерде, сақтандыру компанияларында, кеден басқармаларында, статистикалық агенттіктерде және т.б. мекемелерде экономист, аналитик маман болып жұмыс істей алады.


5В050700 - Менеджмент

Мамандық бойынша бітірушілер тұрғындар мен жұмыс бойынша ұйымдастыру деңгейінде республика облыс, аудан, қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша мемлекеттік және муниципалды қызмет бөлімдерінде еңбек министрлігінде тұрғындарды әлеуметтік қорғауда және келесі қызметтерді атқара алады: орталық және жергілікті басқару органдарында экономист; мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, өндірістік компаниялар, холдингтер, қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорындарда менеджер; әлеуметтік сфера саласында экономика бойынша мамандар.


5В050800 - Есеп және аудит

Мамандық түлектері келесідей лауазымдарға ие бола алады: компаниялар, банктер және басқа да шаруашылық субъектілердің бухгалтерлері, министрліктер, ведомстволар, фирмалардың есеп, есептілік және аудиторлық жұмыс әдістемелері бойынша экономист, қаржы-мемлекеттік бақылау органдарының, аудиторлық фирмалардың аудиторы, жоғары және кәсіби орта білім беретін мекемелерде бухгалтерлік есеп, жедел-экономикалық басқару, шаруашылық қызметті талдау, аудит пәндері бойынша оқытушы,


5В050900 - Қаржы

Мамандықтың түлектері республикалық, аймақтық, жергілікті дәрежедегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржылық және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, мемлекеттік емес зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарда, түрлі деңгейдегі әкімшіліктердің қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, барлық меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы бөлімдерінде қызмет атқара алады.

Келесі лауазымдарды иеленеді: қаржы бойынша бас және жетекші маман; қаржы директоры, коммерциялық менеджер; қаржы аналитигі, аудитор және ревизор; сыртқы экономикалық қызмет бойынша маман; салық инспекторы, салық полициясының және кеден комитетінің маманы.
5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

Мамандық бойынша бітірушілер тұрғындар мен жұмыс бойынша ұйымдастыру деңгейінде республика, облыс, аудан, қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша мемлекеттік және муниципалды қызмет бөлімдерінде еңбек министрлігінде тұрғындарды әлеуметтік қорғауда және келесі қызметтерді атқара алады: орталық және жергілікті басқару органдарда экономист; мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, өндірістік компаниялар, холдингтер, қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорындарда менеджер; әлеуметтік сфера саласында экономист бойынша мамандар.


5В051100 - Маркетинг

Талапкерлер өндірістік кәсіпорындар мен бірлестіктерде, әр түрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі коммерциялық ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде, коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істей алады, сонымен қатар маркетинг; жарнама; өткізу; қоғаммен байланыс; сауда менеджерлері; логистика бойынша бренд-менеджер; сапа бойынша эксперт-менеджер; менеджер-тауартанушы бола алады.


5В051300 - Әлемдік экономика

Мамандық бітірушілері түрлі деңгейлерде мемлекеттік органдарда, өндірістік және несие-банктік сала кәсіпорындарында, қаржылық, консалдингтік, сақтандыру және аудиторлық компанияларда, инвестициялық қорларда, сонымен бірге халықаралық келісімдерді жүргізетін шетел компанияларында қызмет ете алады. Олар экономикалық қызметтердегі, экспортты-импортты комерциялық бөлімдердегі басқарушы лауазымдарына бағытталған.


5В090200 - Туризм

Мамандық талапкерлері туризмді ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдарында (министрліктер, әкімдіктер және олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары); туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компанияларда; туристік бағыттағы консалтингтік компанияларда; туристік кәсіпорындардың маркетингтік бөлімдерінде; туризм дамуының проблемаларын шешумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдарында; туристік қызметтерді ішкі және сыртқы нарыққа жылжытумен айналысатын жарнамалық агенттіктерде жұмыс істей алады.


5В090400 - Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету

Мамандық талапкерлері көңіл көтеру, сауда, қонақ үй шаруашылығы, қоғамдық тамақтану және т.б. әлеуметтік-мәдени сервис саласының мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істей алады.


5В090800 - Бағалау

Мамандық түлектері сарапшы-бағалаушы, жылжитын және жылжымайтын мүлікті, жерді, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды, машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын, жаңа технологиялар мен жаңалықтарды, материалдық емес активтерді және зияткерлік меншікті, бизнесті бағалау бойынша кеңесші, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейімдегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми қызметкері, әртүрлі салалар мен меншік нысандағы кәсіпорынның, фирмалардың және ұйымдардың жоғары және орта буын маманы.


ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

5B030100 - Құқықтану

Мамандықтың түлектері кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, жеке ұйымдардың заңдық бөлімдерінде әр түрлі лауазымдарды иеленеді. Біздің түлектер судья, соттардың мамандары, соттар мен сот мәжілісінің хатшылары, прокурорлар және прокурорлардың көмекшісі, тергеуші, қауіпсіздік қызметінің мамандары, кәсіпорындардың заң бөлімдерінің бастығы, заңдық қызмет көрсететін ұйымдардың директорлары, заң кеңесшілері және кәсіпорындардың алдыңғы заң кеңесшісі, қазынашылықтың мамандары, АХАЖ органдарының мамандары, адвокаттар, салық қызметінің мамандары, сот приставтары-орындаушылары, полиция қызметкерлері, Әкімияттардың заңдық бөлімдерінің қызметкерлері болып қызмет атқарады.


5B030200 – Халықаралық құқық

Мамандық түлектері келесідей лауазымдарды иелене алады:

- заңгер-сарапшы;

- халықаралық құқық саласының кеңесшісі (ҚР министрліктері мен агенттіктерінде, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде);

- заңгер кеңесші;

- адвокат (сыртқы экономикалық және сыртқы саяси қызмет мәселелері бойынша);

- құқық қорғау органдарының және ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері;

- жергілікті мемлекеттік басқару органдары аппараттарының мамандары және басқалары.


5В030400 – Кеден ісі

Мамандық түлектері келесідей жерлерде қызмет атқара алады:

- ҚР Қаржы Министрлігінің кедендік бақылау комитетінде және оның аумақтық бөлімшелерінде;

- құқық қорғау органдарында;

- Қаржы министрлігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде;

- Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде ;

- ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінде;

- Орталық және жергілікті атқарушы билік органдары жүйесінде;

- Сауда – өнеркәсіп палатасында.
Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университетіне

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРМУ

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ


МЕКЕН-ЖАЙЫ:

100028, Қарағанды қ., Университет к-сі, 28

Жұмысқа орналастыру және мансап орталығы,

№ 111, 113 каб.


Тел.: 8 (7212) 77-03-85

Жүретін авт. :№ 4, 70, 40, 118э, 145э, 146э;



бағытты таксилер № 02, 04, 07, 13, 023.

Университет сайты: www.ksu.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет