Л.Т.Балгазиева, А.Т.Калиева Ақтөбе гуманитарлық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары Ақтбе облысы, Ақтөбе қаласы Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкіртердің талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Қазақ әдебиеті сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Біз, ұстаздар қауымы, қандай да болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз анық. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін білеміз және қашан да қолдануға тырысамыз. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін кеңейту, шығармашылығын дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Мектептерде қазақ әдебиетінен сабақ беруде оқушының ойлауы мен тілін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын мәлім. Олар сабақ барысында әдіс-тәсілдерді түрлендіре пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін, соның ішінде диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастыру, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға төселдіру, дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілетіне жол ашу.
Осы мақсатқа жету үшін ұсынылып отырылған мақалада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғаласы жетекшілерінің бірі, белгілі түріктанушы ғалым А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай жалпы білім беретін орта мектептерде А.Байтұрсынов шығармаларын оқыту барысында тиімді әдіс- тәсілдерді пайдалану жолдары туралы сөз қозғалмақ.
Алдымен жалпы білім беретін орта мектептерде А.Байтұрсыновтың төмендегідей шығармалары ғана оқытылатындығына тоқталғымыз келеді: