Биология және биотехнология факультеті «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы



Дата29.02.2016
өлшемі41.28 Kb.
#32237

Биология және биотехнология факультеті
«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың

халықаралық ғылыми конференциясы
14-15 сәуір 2015 ж.
Құрметті студенттер және жас ғалымдар!
Сіздерді 2015 жылдың сәуір айының 14-15 күндері өткізілетін «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары шақырылады.


Конференцияның негізгі мақсаттары және міндеттері:

1) студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру;

2) студенттерді және жас ғалымдарды қазіргі таңдағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру;

3) студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

4) студенттердің зияткерлік қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.
Конференцияның негізгі бағыттары:


  • Секция 1. Биофизика, физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері

  • Секция 2. Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың қазіргі заманауи мәселелері

  • Секция 3. Генетика, молекулалық биология және экологияның қазіргі замануи мәселелері

  • Секция 4. Биотехнологияның қазіргі заманауи мәселелері

Халықаралық конференцияның өткізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу формасы: ауызша баяндама, қабырғалық баяндама, баяндамасыз қатысу.

Ұйымдастыру комитетіне түскен материалдар конференцияның жиынтық кітабында және ҚазҰУ-нің арнайы сайтында жарық көреді.


2015 жылдың сәуір айының 13 жұлдызында «Фараби әлемі» халықаралық конференциясына қатысушы қонақтардың қарсы алу және «Шамшырақ» қонақ үйіне орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Тіркелу биология және биотехнология факультетінде өткізіледі.

2015 жылдың 14 сәуірінде конференция аймағында өткізілетін шаралар:

1. Ашық есік күні

2. Мастер-класс

3. Фото көрме «Мен және қоршаған орта»

4. Атақты ғалымдармен кездесу

Конференция материалдары бойынша тезистер әртүрлі білім саласы бойынша жеке жиынтықтар түрінде баспада жарияланады.

Конференция университет ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлының қатысуымен ашылады, студенттердің және жас ғалымдардың СҒЗЖ төрайымы, ЖҒК төрайымы сөз беріледі, сонымен қатар, концерттік бағдарлама және марапаттау жоспарланып отыр.

Конференцияға қатысушылар келесі өтініш формасын толтырады:
Қатысушының тіркелу формасы:
Аты-жөні (толығымен):_______________________________________________________

Оқу немесе жұмыс орны: _____________________________________________________

Қызметі (студенттер үшін - курс), ғылыми дәреджесі, атағы: ________________________________

Байланыс телефондары: ______________________________________________________

Электронды пошта (E.mail): ___________________________________________________

Сізге басып шығарылған материалды жіберуге болатын пошта индексі: _____________

Конференция секциясы: ______________________________________________________

Ауызша баяндама немесе қабырғалаық баяндама: ______________________________________

Баяндаманы көрнекілеуге қажетті техникалық құралдар: ___________________________

Студенттер үшін - ғылыми жетекшінің аты-жөні, ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі

Өтініштер мен тезистер 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін қағаз және электронды түрде конференция хатшылары қабылдайды.
Тезистер келесі түрде рәсімделу керек:


  • Көлемі 1 бетке дейін

  • Windows 98/2000/XP; Microsoft Word 2003 бағдарламасы

  • Бет параметрлері: жоғарғы жағы - 2 см, төменгі жағы - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см.

  • Times New Roman, KZ Times New Roman шрифті; шрифт мөлшері - 12pt

  • Қатар аралық интервал біреу; азат жол - 1 см; кітаптық ; колонтитулсіз және бетті көрсетпеу керек; текст көлемі бойынша түзуленген;

  • Тезис мазмұнында сызба, суреттер немесе кестелер болмау керек;

  • Тезиске қосымша ретінде автор жөнінде мәліметтер болу қажет (тіркелу формасы);

  • Файл бірінші автордың аты-жөнімен аталуы керек.

Ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттарды қамтымаған және жоғарыда келтірілген рәсімделу талаптары орындамаған тезистерді қабылдамауға және баспаға шығармауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті тезистердің мазмұнына жауап бермейді.

Бір автордан үштен артық тезис қабылданбайды.


Қосымша ақпаратты төменде келтірілген мекен-жайлар бойынша және www.kaznu.kz сайтынан алуға болады.

Ұйымдастыру комитететінің мекен-жайы және байланыс телефондары: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Тел.: +7 (727)3773267 (ішкі 1161 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің СҒЗЖ төрайымы Өміралиева Гауһар).

Биология және биотехнология факультеті бойынша тезистер келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.



1 секция хатшысы - Швецова Е.В. e-mail: Yelena.Shvetsova@kaznu.kz

2 секция хатшысы - Нурмуханова А. e-mail: akmaral_1976@mail.ru

3 секция хатшысы - Қожахметова А.Н. e-mail: Aizada.Kozhahmetova@kaznu.kz

4 секция хатшысы - Бөлекбаева А. e-mail: Ayaulym.Bolekbaeva@kaznu.kz
Байланыс тел.: +7 (727) 377-33-34 (ішкі 12-13 – факультеттің СҒЗЖ төрайымы – Жаркова Ирина Маратовна (Irina.Zharkova@kaznu.kz, ұялы тел. +7 705 543 65 52), ішкі 12-06 – факультеттің ЖҒК төрайымы Токубаева Анар Адильхановна (Anara.Tokubayeva@kaznu.kz, ұялы тел. +7 707 430 19 59).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет