Биология кафедрасы


Баланың қимыл-қозгалыстарының дамуы



бет10/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#133662
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Баланың қимыл-қозгалыстарының дамуы

Баланың қимыл-қозғалысы. Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге жене еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Соның нәтижесінде нәресте көзіне түскен затты ұстай алады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру жөне қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Бұл күрделі жүйенің пайда болып дамуы ұзақ уақытқа созылады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші сигнал жүйесінің дамуы қозғалысты реттеуші жүйенің пайда болып, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдары қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.

Кеңістікте белсенді қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін қимылын локомоция деп атайды. 1 жаста жалған локомоция немесе локомоторлы архаизм (тарихи даму жолын қайталау) деп аталатын е ң б е к т е у қабілетіне байланысты дамыған шын локомоция пайда боладыі Қозғалыстың даму тірек-қимыл жүйесі мен жүйке жүйесшің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, жүгіру, секіру, шапқылау т.б күрделі қимылдар және оларды дұрыс бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы және 1-2-ші сынып оқушыларының қозғалысын дұрыс үйлестіру механизмдері еркін жетіле қоймайды. Бірақ олар күнделікті тіршілікке қажетті қимылдарды, жазу, сызу, сурет салу т.б. қозғалыс әрекеттерін игеріп үлгереді. Тұрақты жаттығу арқылы балаларда үйлесімді қозғалу дамиды.

Қозғалудың дамуы біркелкі емес, гетерохронды түрде болады. Қозғалудың ең күшті дамуы 3-6 жаста байқалады. Мысалы, жүмыс істеу үзақтығы 3 жаста - 80 сек, 5 жаста-120 сек, ал 10 жаста- 200 сек болады. Жұмысқа төзімділіктің артуы және мүшелердің бұлшық еттерінің жұмыс мерзімі көбейіп, демалыс мерзімінің азаюынан болады. 6-7 жаста синхронды (грек. синхронос - бірнеше құбылыстың уақыт жағынан сәйкестігі) еңбек реттеледі.

болуынан. Біздің және шет елдердің ғалымдарының айтуынша үйлесімді қозғалыстың дамуы қозғалыс кезіндегі коррекциялау (лат. коррекция - түзету, жөндеу) қабілетінің дамуына байланысты. Мүндай жөндеу шеттегі жағдайға байланысты қимыл жоспарын салыстыру арқылы жасалады. Бұларға қоса орталық жүйке жүйесіне басқа рецепторлардан (көру, вестибулярлық, тактильдік, дыбыс) келген импульстердің маңызы зор.



Сонымен, қозғалысты реттеуші механизмдерге ми қыртысындағы қүрылымдар, эфференттік және эфференттік кері байланыс жолдары жатады.

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары балаларда г и п о -динамияның(қараңыз: лат. гипо + динамика-қозғалыс) белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бүлшық еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бүзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, тыныс т. б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минуттан кейін-ақ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе үзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттен артық тік тұрғызуға болмайды.

Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдылану қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдылағанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.

Бақылау сұрақтар?

  1. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы және құрылысы қандай?

  2. Бала сүйектерінің өсіп-жетілу ерекшеліктері қандай?

  3. Белсенді қозғалыс жүйесіне не жатады?

  4. Баланың қимыл-қозғалыстарының даму ерекшеліктері қандай?

  5. Баланың дамуына қимыл-қозғалыс қалай әсер етеді?

6.Тірек-қимыл жүйесінің кемшіліктерінің алдын алу гигиенасы қандай?

Лекция № 7

Ас қорыту органдары, оның жас ерекшекліктері. Зат пен энергияның алмасулары.Тамақтану гигиенасы.

Жоспары:

1.Ас қорыту оргындарының құрылысы мен қызметі.

2.Ауыз қуысындағы ас қорыту. Сілекей бездері.

3.Тістер. Тістің алмасуы.

4.Зат пен энергия алмасуы –организмнің тіршілік әрекетінің негізі.

5. Витаминдердің қажетті мөлшері.

6.Энергия алмасуының жас ерекшеліктері.

Лекция мақсаты: Ас қорыту оргындарының құрылысы, қызметі мен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1.Ауыз қуысы, ондағы мүшелер жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, ток ішек, бауыр, ұйқы безі, асқорыту мүшелері болып табылады. Бұл мүшелердің атқаратын қызыметі: асты шайнау, қорыту, ұсақтану, сору, сіңіру. Ас қорыту мүшесі бас, мойын, көкірек, құрсақ, жанбас бөліктері жатады. Адамның бас және мойын бөлігінде ауыз қуысы, жұтқыншақ өңештің біраз бөлігі орналасқан, ал қалған бөлігі көкірек бөлігіндегі өңештің негізгі бөлігі, ол құрсақта асқазан, ұлтабар, құрсақ қуысында ас ішек, бауыр, ұйқы безі, ол жамбас қуысында тік ішек орналасады.

Ауыз қуысы - ас қорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз (грекше stoma) осындай стомотология деген ұғым білдіреді. Ауыз қуысының қабырғалары сүйекті және бұлшық еттерінен құралған. Ауыз қуысының жоғарғы жағын таңдай, төменгі жағын тіл және жақ сүйек бұлшық еттері, екі бүйірінен ұрт бұлшықеттері, алдыңғы жағынан ауыз қуысының саңылауын жабатын ерін, ол арт жағынан жұтқыншақ қуысы немесе тамақ тесігі шектейді.

Ерін – шеңберлі ауыз бұлшық еттері ол астыңғы және үсті ерін болып бөлінеді. Қан тамыры өте жиі және беткі бөліктерін. Анық көрінетіндіктен ерін қызарып тұрады.

Ұрт- сырт жағы терімен, іш жағынан сір қабатпен қаптаулыц боллады. Бұлардың аралығында ұрт бұлшық еттері орналасқан тері мен ұрт бұлшық еттер аралығында май заттары жиналады.

Таңдай – алдыңғы бөлігі қатты, ол артқы бөлігі жұмсақ болып келеді.

Қатты таңдай – бас сүйектегі таңдай сүйек. Қатты таңдай қалың, тығыз, сір қабатпен қапталып, сүйек қабығына тұтасып кетеді.

Жұмсақ таңдай – бұлшық еттер негізінде түзіліп оны сір қабатпен қаптайды. Жұмсақ таңдайдың ротаңғы бөлігінде салбырап көрінетін “кішкене тіл” және артқы жағында “таңдай пердесі” болады. Адам жұтынған кезде жұмсақ таңдайдың бұлшық еттері жиырылып таңдай процесі жоғары көтеріледі де жұтқыншаққа жабысып, жұтқыншақ пен мұрын жұтқыншақ арасын бөледі. Бұл тамақ жентегі ауы қуысыныцң өңешке қарай өтеді.

Тіл – қимылдап тұратын бұлшық етті мүше. Тіл шайнаған кезде тамақты қозғап дәм сезу немесе сөйлеу қызыметін атқарады. Тіл де 3 бөлікке бөлінеді.

1.Артқы бөлігі көмейге бекінген – тілдің түбірі.

2.Ортаңғы бөлігі – денесі.

3.Алдыңғы бөлігі – тілдің ұшы және жоғарғы бетінің тілді үсті деп атайды.

Тілдің үстіңгі бетін майда бүрлер немесе емізектер қаптайды. Емізектер тілдің үстінде және екі бүйірінде өте көп. Емізектер 4 түрге бөлінеді.

А) жіп тәрізді – бұл тілдің алдыңғы бөлігінде орналасқан.

ә) Саңырау құлақ тәрізді - тілдің жиегінде орналасқан.

Б) Буылдық тәрізді- тіл бөлігінің аралығында орналасқан.

В)жапырақ тәрізді – тілдің айнала жиегінде орналасқан. Бұлардың 3 –і дәм сезу, жіп тәрізді - жалпы сезу қызыметін атқарады.

2. Сілекей бездер – майда және ірі бездер болып бөлінеді. Ірі бездердің өзі 3 түрге бөлінеді.

1.Тіл асты сілекей безі –ауыз қуысы түбірінде, тілдің астында жатады. Оның салыстырмалы 5 гр, сілекей жолдары тілдің астына және тілдің асты қатпарына майда тесіктер арқылы ашылады.

2.Алқым сілекей безі немесе жақ асты безі - майының жоғарғы ьбөлігінде жақ асты шұңқырында, жақ тіл асты бұлшық еттерін қоршай орналасады. Салмағы 15 гр без.

3.Шықшыт сілекей безі – ең ірі бездің салмағы 30гр пішіні үшбұрыш. Бұл құлақ қалқанының алдында тері астында, ұртқа қарай созылып жатады, ол шайнау бұлшық еттерінің біраз бөлігін жауып тұрады. Бездің сыртынан қатты шандыр қаптайды, ұзындығы 5-6 см.

Ауыз қуысындағы үлкенді кішілі бездер қызметі барынша 3 топқа бөлінеді:

1.Сір бездері (шықшыт) – сұйықтық бөледі.

2.Сілекей безі (таңдай тіл арты) таза сілекей бөледі.

3.Аралас безі (ерін, ұрт, азу, тіл алды, тіл асты, жақ асты) аралас сұйықтықтар бөледі.

Нәрестенің ауыз қуысы кішкентай, оның кіре берісі иек арқылы ғана бөлінеді. Нәрестенің еріні қалың болады, оның ішкі кілегей қабатында өзіне сорылып жабыстыра алатын емізік шіріні орналасады. Сондықтан нәрестенің аузынан анасының емшегі оңай шыға қоймайды. Нәрестеде таңдайы анық көрінеді ал 1 жаста шықырынан шығып тұрады да 16 жасқа келгенде толық жетіледі.Нәрестелерде тілі қысқа, жалпақ, қалың, баяу қозғалады.Сондықтан тілі аузына толық тұрады. Нәрестенің ему кезеңінде сүт тістері жарып шығады.Нәрестенің сілекей бездері нашар жетіледі. 4-айдан кейін ғана тез өсіп екі жасқа жеткенше ұзағынан көлденеңіне қарай шығады.

3. Тіс –ауыз қуысындағы үстінгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тіс ұяларында орналасады.Тістің даму кезі 7-аптадан бастап эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады. Тістің сүйектен айырмашылығы тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады. Тіс сүйек тәрізді бұлшықетпен жалғаспайды тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады. Тістің атқаратын қызметі тістеп, үзіп алу, қырқу, жырту, шайнау, кеміру сондай-ақ сөз сөйлеугеде қатысады. Тістер сүт тісі және тұрақты тіс болып екіге бөлінеді.

Тұрақты тіс 32 болады,оның жоғарғы жақ сүйекте16, төменгі жақ сүйекте16 тіс орналасады. Тіс қатарында аттарына қарай 8-тіс олардың 2-і күрек, 2-сүйір, 2-ші кіші азу, 3-ші үлкен азу тіс деп аталады.



Оның формуласы сынадай болады:

Жалпы алғанда 8-күрек тіс, 4-сүйір тіс, 8-кіші азу тіс, 12-үлкен азу тіс барлығы 32 азу тіс.

Үлкен азу тістің 3-сін “ақыл тіс ” дейді.Ол тістердің ең соңында 12-26 жас аралығында шығады. Кей –кейде ақыл тістер мүлде шықпай қалады. Бұл кезде адам тістерінің біртіндеп азайып бара жатқанын аңғартады. Бала тіссіз туады. 6-айға толғанда тіс жара бастайды ал екі жасқа толғанда толық жетіледі.

Сүт тістер- бірінші шықққан 26 тісті сүт тістер деп атайды. Оның 2-күрек тіс, 1-сүйір тіс, 2-азу тіс болады.Бұл жерде кіші азу тіс және ақыл тістердің жоқтығын байқаймыз.Себебі, 6жастан-13 жас аралығында сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері өсіп шығады.

4. Зат және энергия алмасу дегеніміз — бұл организмге сыртқы ортадан әрі түрлі заттардың келіп түсуі, олардың қорытылуы және өзгеруі, құралған ыдырау өнімдерінің шығарылуы. Мұның үстіне организмде оның тіршілік қызметін сипаттайтын көптеген әр түрлі химиялык, электрлік, термикалық және механикалық құбылыстар байқалады. Зат алмасу мен энергияның пайда болуы бірінен-бірі бөлек алынып қаралмайды. Өйткені олар белгілі материя мен энергияның сақталу заңы бойынша жүреді.

Балаларда зат алмасу ересектерге қараганда әрқашанда жоғары болады, әрі бұның өзі бір топтағы балалардың өзінде де тұрақты болмайды, өйткені ол организмнің өсуі мен дамуына және нерв жүйесінің жай-күйіне тығыз байланысты.

Зат алмасудың күшейетін және баяулайтын кезі болады, ол жылдың әр мезгілінде -өсу процесінің арту және баяулауына байланысты. Жаңа туған нәрестелерде зат алмасу қарқынды түрде өтеді, ал төменгі класс оқушыларында ол әлдеқайда баяу, бірақ бұл процесс жыныстық кемелдену кезеңінде күрт артады. Ересектердегі зат алмасу дене күшінің жұмсалуына, сондай-ақ денсаулықтың жай-күйне байланысты өзгеріп отырады. Зат алмасудың реттелуі. Организмдегі зат алмасу екі жолмен жүреді: нервтік және гуморалдық. Аралық мида (гипоталамус) белок, май, көміртегі және су-тұз алмасуды басқаратын учаске болады.

Зат алмасудың гуморальдық жолын қарын асты безінен қан алып келген инсулиннің әсерімен глюкозаның гликогенге айналу мысалынан көруге болады.

Қалқанша бездің ауруы зат алмасуын бұзады, ал жануардың ойдағыдай жұмыс істеп тұрған безін алып тастау зат алмасуды күрт төмендетеді, организмді ауыр зардаптарға ұшыратады.

Эндокринді бездер қызметінің күшеюі немесе нашарлауы мидың-эфферентті импульстеріне байланысты болып келеді яғни, заталмасудың гуморальдық реттелуі орталық нерв жүйесі арқылы қадағаланады. Мәселен, шартты түрдегі қоздырғыштармен тәжірибе жасағанда оттегін пайдалану 100—150% артады, ал өкпенің ауа айналымы тыныштық кездегіден екі есе көбейеді.

Зат алмасудың шартты рефлекс арқылы реттелуіне жарыс өткенге дейінгі (бірнеше сағат, кейде бірнеше тәулік бұрынғы) спортшының жай-күйі мысал бола алады. Организмде бірқатар өзгерістер байқалады, оттегін пайдалану мен көмір қышқыл газын бөлу артады, дененің температурасы көтеріледі.Белок алмасу. Балалардағы азоттың оң балансы.Организмде белоктар клетканың басты құрылыс материалы болып табылады. Ферменттер мен гормондарды құрай отырып олар организмде өтіп жататын процестерді реттейді, қорғаныш қызметін атқарады, организмнің түрі мең өзіндік айырмашылығын анықтайды.

Организмде белоктар энергетикалық роль атқарады (1 г белок 4,1 ккал береді). Олардың полипептид және амин қышқылдарына бөлшектенуі, сондай-ақ сіңуі және организммен шығарылуы (несеп, нәжіс түрінде) үздіксіз жүріп отырады. Сондықтан организм (әсіресе, дамып келе жатқаны) белокпен үздіксіз қамтамасыз етуді талап етеді.

Организмге түсетін белоктың мөлшеріне денсаулық, дененің дамуы және жұмысқа деген қабілеттілік тығыз байланысты, сондай-ақ жас балалардың ақыл-ойының дамуы да тікелей белокқа байланысты болып келеді. Организмңің белокпен жеткіліксіз камтамасыз етілуі ауыр зардаптар мен сырқаттарға душар етеді. Әдебиеттерде балалардың белокқа деген сұранысы туралы біріңғай пікір жоқ болса да, СССР Медицина Ғылымдары Академиясының Тамақ институтының мәліметтері бойынша белоктық тәуліктік нормасы 4—7 жастағы баланың 1 кг салмағына 3,5 г, 8-ден 12-дейін — 3 г, 12-ден жоғарыдағыларға — 2—25 г құрауға тиіс.

Организмге түскен және шығарылған азоттың қатынасына карап, азот балансы (тепе-теңдігі) туралы тұжырым жасауға болады.Егер организмге түскен азот организмнен шығарылған азоттан гөрі көп болса онда бұл байланыс дұрыс деп есептелінеді. Осындай белок синтезінің ыдыраудан көбірек болуы балалық шақта байқалады (туылғаннан оганизмнің өсуі тоқталғанға дейін). Егер де шығарылған азот түскен азоттан көп болса, яғни организмдегі бөлінген белок синтезделгеннен көп болса, онда азоттың теріс байланыста болған ол кейбір сырқаттар кезінде, ашыққанда, сондай-ақ құнарлылығы кем асты пайдаланғанда кездеседі.

Организмнің азотты пайдалануы әрқашанда тағамның сипатына (қатты, жұмсақ, ыстык, суық), ондағы белоктың санына және сапасына (сүт, ет, өсімдік) тәуелді болады.

Құрамына организмге кажетті барлық амин қышқылдары, былайша айтқанда, алмаспайтын амин қышқылдары лейцин, изолецин, валин, метионин, лизин, фенилаланин, гистреонин, триптафан және басқалар кіретін белоктар бағалы белоктар деп аталады. Тағамда осы амин қышқылдарының бірі болмаса айналулар мен ауытқуларға әкеп соғады. Мәселен, тәжірибе жасалынып жүрген жануарлардың рационында лизин жоқ бол­са, онда олардьщ өсуі токтап, салмағы тәмендейді, валин бол­маса, нерв жүйесінде жүретін процесстер тепе-теңдігі бұзылады: триптофан болмаған жағдайда өсу мен зат алмасу процестері бұзылады.

Құнарлы белоктар жануарлар өнімдерінен алынған азықтарда (ет, сүт, балық, жұмыртқа) болады. Құнарсыз белоктарда организмге кажетті амин қышқылдары болмайды. Оларға мәселен, өсімдік белоктарының көпшілігі, жануарлар белогынан — желатин жатады. Бұл белоктарда амин қышқылдарын алмастыратын заттар бар, яғни олар организмде түзіле алады. Мәселен, тирозин фенилаланинды алмастыра алады.

Құнарсыз белоктардан тұратын өсімдік өнімдері бала орга­низмі үшін өте кажет. Сондықтан құнарсыз белоктарды оқушылар тағамынан шығарып тастауға болмайды. Мектеп жасында жануарлар және өсімдіктер белогының арақатысы — 3:1, ересектер үшін 1:1.



Балалардағы май алмасудың ерекшеліктері.Майлар организмде негізінен энергиялық материал ретінде пайдаланылады, сондай-ақ организмнің аса маңызды тіршілік процестеріне қатысады, иммунитеттің жай-күйінің ойдағыдай болуын қамтамасыз етеді. Олар А, Д, Е, К витаминдерінің көзі болып табылады. 1 грамм май бөлшектенген кезде 9,3 ккал энер­гия береді. Ішекке сіңген кез келген май негізінен лимфаға және өте аз мөлшерде қанға түседі.

Жануарларды таңбаланған көміртегі және фосфор арқылы емдеу тәжірибесі олардың тікелей тері астындағы май тканіне (клетчаткаға), бауырға, шарбы майға және организмнің басқа да деполарына түсетінін керсетті. Егер организмге, әсіресе, балалар организміне май түспейтін болса, олардың организмі энергетикалық материалдарға көбірек мұқтаж болғандықтан бұл деполар арықтап кетеді. Мәселен, өмірінің бірінші жылын-да нәресте тәулігіне денесінің 1 кг салмағына 7 г, ал 4 жаста — 3,5—-4 г дейін, төменгі класта оқыған кезде — 2,5—2 г, 10 — 12 жаста 1,5 г, ересек кезде — 1 г май алуға тиіс.

Бала тамағындағы май сапасының ерекше маңызы бар, жалпы балалар үшін сүт майын тұшытылмаған сары май) пайдаланған жөн. Бір жасқа дейін емшек сүтінің майы 94— 38% дейін, ал қолдан тамақтандырғанда 85% дейін сіңеді.Артық майды организм пайдаланбайтындықтан ол қанның және басқа сүйықтардың қышқылдылығын арттырады, тәбетті төмендетеді, семіртеді, ал кейде ішек-қарын жолының бұзылуына себепкер болады. Сондықтан оны нормаға сай берген дұрыс. Балаларға өсімдік майын бермей қоюға болмайды. Оларда өсуге, терінің, қызметін жақсартуға, кандағы холестринді азайтуға ерекше жағдай жасайтын қанықпаған жоғары май қышқылдары (линол, линолен және арахид) болады.Қандағы холестериннің аз болуы орта жас пен қартайған шақта атеросклероздың алдын алу үшін аса маңызы зор.Өсімдік майлары сары майлар сияқты 97—98% сіңіріледі. Организмде майдың кез келген түрінің шамадан тыс көп болуы май деполарында жинақталады.Организмдегі майдың қышқылдануы («күюі») көміртегінің мөлшеріне тікелей байланысты. Көміртегі жетімсіз болса про­цесс аяғына дейін жүрмейді де, толық қышқылданбаған май организмге пайда келтірмейді.

Балалардағы көміртегінің алмасуы: Көміртегінің — энергияның негізгі көзі (Г г 4,1 ккал береді) және организмдегі пластикалық материал болып саналады. Олар ас қорыту жолында көптеп бөлшектенеді де 90—98% сіңіріледі.

Көміртегіне деген сұраныс тәулігіне 1—3 жаста — 157 г, 7— 11 жаста — 297 г, 15—18 жаста — 470 г. Бұл ересектің нормасына (500 г) жакын. Орта есеппен дене салмағының 1 килограмына 10—15 гр келеді.Төменгі класс оқушыларының қанындағы глюкозаның мөлшері — 0,8—01%, яғни ересек адамның нормасына тең дерлік.Бірақ астағы қанттың аса мол болуы оның қандағы құрамын
50—70, тіпті 100% дейін көбейтеді. Бұл алиментарлық (тағамдық) молаю немесе гликемия деп аталады. Бұлардың сәбилерге онша зияны жоқ. Себебі оларда көміртегі алмасуы жоғары бо­лып келеді.

Ересектердегі 0,15—0,16% көлеміндегі гликемия глюкозоурия туындатып, несепте қанның пайда болуына әкеліп соғады.

Бөлшектенбеген және ащы ішекке сіңбеген қанттың біраз бөлігі тоқ ішекке өтеді де, онда ол аши бастайды, Мұндай жағдайда ашу көміртегінін қосындысына байланысты: егер онда екі түрлі көміртегі болса (мысалы сүт пен қызылша қанты немесе картоп крахмалы мен қара бидай көміртегі) онда ашу процесі баяулайды, Мұны балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде есте ұстау керек.

Балалар (оның ішінде-мектеп оқушылары да) тамақпен бірге тек кана жеңіл сіңірілетін көміртегінің: глюкоза, қант крахмалды ғана емес, сонымен бірге бөлшектенбейтін — клетчатканы да алуға тиіс. Егер алғашқылар энергия көзі ретінде қажет болса, клетчатка ішектің жиырылып-созылуын күшейтуші ретінде қажет.

Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар

Су алмасу. Су мен минералды заттар (тұздар, қышқылдар, сілтілер) энергия көзі болып табылмайды. Өзара тығыз байланысқан олар организмде өтетін көптеген физиологиялық процестерде ерекше орын алады. Су барлық химиялық өзгерістер өтетін орта болып табылады. Қан мен тканьдер сұйықтығының осмотикалық қысымын ұстап тұруда судың (электролиттердің құрамдас бөлігі ретінде) ролі өте зор.

Сонымен бірге су мен онда еріген минерал тұздар тканьдерді өсу процесінде заттарды синтездеуге белсене қатысады.

Судың негізгі мөлшері организмдегі клеткалардың ішінде, ішінара — клеткааралық кеңістікте және қан плазмасында болады. Клетка ішіндегі су мен клетка сыртындағы судың ара-қатынасы 3:1 құрайды. Төменгі класс оқушысы организмінің суға деген сұранысы салмағының 1 кг-на — 50—60 мл-ден ке леді, яғни жалпы 1350—1400 мл. Орта есеппен мектеп жасында бұл цифр 1600—1700 мл дейін ұлғаяды да ересектер нормасына сәйкестенеді. Мұның үстіне дененің салмағы мен жыныстың да


маңызы бар (ұлдардың суға деген сұранысы қыздарға карағанда жоғары).

Организмге түскен су тері астындағы май кабатында, бұлшық еттерде және бауырда — яғни, организмнің су «деполарын­да» сақталады. Бауыр суды қандағы су деңгейін реттеп отыратын лимфатикалық жүйеге аударады. Организмнің суға деген сұранысы тамаққа байланысты. Қабылданған судың мөлшері артқан сайын оны бүйректің, терінің, тыныс алу кезінде өкпенің шығаруы жоғарылайды. Жоғары калориялы ас және ауа температурасының көтерілуі де тері мен өкпе арқылы суды шығаруды көбейтеді.

Суды аз мөлшерде қабылдау организмдегі клеткааралық алмасуды бұзады, терінің түрі мен көзге көрінетін кілегейлі қабықшалардың түсін өзгертеді, баланы тез шаршатып, шөліркетеді.Су алмасу гипоталамус (аралық ми), эндокринді бездер (ги­пофиз, бүйрек үсті безі) және түтікше капиллярлар жүйесі арқылы реттеледі, олардың жұмысын ми қабығының үлкен жарты шаралары үйлестіріп отырады.

Организмдердегі тұздардың мөлшері, олардың түзілуі және шығарылуы тамақпен бірге пайдалануға ғана емес, сондай-ақ олардың судағы құрамына да байланысты. Организмдегі мине­ралды тұздардың тепе-теңдігіне балалардың жасы мен жеке баcының жылдың әр мезгіліндегі ерекшеліктері де әсер етеді.Организм үшін химиялық элементтердің (фосфор, күкірт, хлор, калий, натрий, магний), микроэлементтердің кобальт, йод, бром, фтор, никель, марганец және басқалар), сондай-ақ организмге аспен бірге енетін витаминдердің де маңызы аса зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет