«Биология пәнін оқытуда модельдеу әдісінің тиімділігі»



бет2/4
Дата06.06.2024
өлшемі25.99 Kb.
#502360
1   2   3   4
Биология пәнін оқытуда модельдеу әдісінің тиімділігі

Модель дегеніміз – танып, білу, зерттеу процесіндегі объект- оригиналдың орнына ұсынылатын, оның маңызды қасиеттерін сақтайтын, материалдық немесе ой түріндегі объекті, үлгі.
Бұл объектілерді процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін немесе макетін құру. Модель немесе модельдеу әдісімен түпнұсқаны зерттеу мүмкін емес, қиын болғанда не түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Биологиядан нені модельдеуге болады
1-шіден объектілерді;
2-шіден биологиялық құбылыстарды;
3-шіден биологиялық үрдістерді моделдеуге болады
Оқытуда қолданылатын кейбір материалдық модельдер түрін тәжирбеде жасалу үлгісін бейнероликтен көруге болады Ол үшін ермексаз, пластикалық ыдыстар, акварель бояуы, шар, моншақ, түрлі түсті қағаздар, полиетиленді пакеттер пайдаланылады.
Біздер күнделікті биология сабағында нақты дайын моделдерді мысалы:ДНК – ның моделі, кірпікшелі кебісшенің (инфузарияның) моделі, STEAM технологиясы бойынша адам қаңқасының 3Д моделі, тістің құрылысы тақырыбында тістің моделі, сонымен қатар, адам ағзасының ішкі құрылысының моделі (бездер мен мүшелердің орналасу ретінің моделі - ас қорыту, тыныс алу , зәр шығару, жүйке жасушасының, т.с.с.), қоректік тізбек, жасушаның моделі, құстың ішкі құрылысы релифтік таблицасы сияқты молельдің түрлерін күнделікті сабақта қолданып жүрмін Мысалы: қатырма қағаздан жасалған гүлдің генетаривті мүшесінің бірі аналық және аталықтың модельдері. Мұнда өздеріңіз көріп отырғандай өзен шаянының қатырма қағаздан қиылған моделі және жай және күрделі жапырақтрдың модельдері және кірпікшелі кебісшенің (инфузорияның) моделі. Осы инфузорияның макетін жасау үшін кәдімгі ұлтарақты алып ішін маркермен бояп, айналасындағы кірпікшелерін қара жіппен тігу керек. Жіптің ұзындықтарын бірдей мөлшерде қию керек. Акварел бояуы немесе краскамен үлкен, кіші ядросын, асқорыту, жиырылғыш вакуольдерін, қылаулатқыштарды жасауға болады. Осы арқылы кірпікшелі кебісшенің ішкі құрылысын толық меңгеріп алады
Сол сияқты 8 сыныпта тіс моделін оқушылармен бірлесе отырып жасадық. Ол үшін түрлі - түсті ермексазды пайдаланамыз. Мына суретте оқушылар тіс моделін жасауда. Ал, мына видероликте жасаған тіс моделдерінің жасалу жолы мен тістің түрлері жайлы мағлұмат беріп өтті. (Видеоролик «Тістің құрылысы») яғни оқушылар өз қолдарымен модельдеуге қатысқаннан кейін олардың пәнге деген қызығушылығы артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет