Биология пәнінен олимпиада тапсырмалары
II тур
1-тапсырма
Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.Максималды 20 ұпай
1Камбий - тірі бөлінуге қабілетті жасуша қабаты және басқа ұлпа жасушаларын түзеді.
2.Дара жарнақты өсімдік тұқымы тұрады бүршіктен және тұқымжарнағының бір ұрық жапырағынан
3.Артериядан артерия қаны ағады.
4.Қосалқы тамыр негізгі тамырдан шығады.
5.Картоптың түрі өзгерген өркенін қорекке пайдаланады.
6.Асқабақтың гүлі қосжынысты.
7.Крокодилдің тісі жақ ұяшығында орналасқан.
8.Митохондрияның негізгі қызметі тотығу, тотықтыру
9.Нәруыз синтезі рибосомада жүреді.
10.ОЖЖ ми мен жұлын эпителий ұлпасының қорғаныш қабатымен жабылған.
2-тапсырма
Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-10 /әр дұрыс жауапқа 1ұпай/
1.Жануарлардың белгісіне қарап қай классқа жататынын сәйкестендір
Жануарлардың белгілері
|
Класс
|
А.Алғашқы нағыз құрлық жануарлары
Б.Көпшілігінің көбеюі суда жүреді
В.Терісі жұмсақ, жалаңаш, шырыш бөлетін бездері бар
Г.Жұмыртқасы жұмсақ қабықты, сары уызға бай
Д.Метаморфозды дамиды..
|
1.Қосмекенділер
2.Жорғалаушылар
|
2.Бездердің бұзылуынан түзілетін ауруларды сәйкестендір
Ауру түрлері
|
Бездер
|
А.Алыптық
Б.Базед
В.Микседема
Г.Акромегалия
Д.Кретинизм.
|
1.Гипофиз
2.Қалқанша без
|
3-тапсырма
Биологиялық терминдерге түсініктеме беріңдер: максималды 10 ұпай
А) Орнитология – Е) Гельминтология –
Б) Герпетология – Ж) Маммалогия-
В) Микология – З) Физиология -
Г) Зоология – К) Лихенология-
Д) Цитология - У) Бриология –
4-тапсырма
Берілген гормондарды тиісті бездерге сәйкес бөліңіз.
1. кальцитонин 6. тимозин
2. глюкагон 7. адреналин
3. инсулин 8. кортизон
4. соматотропин 9. эстрагены
5. тироксин 10. вазопрессин
Гипофиз
|
Ұйқы безі
|
Бүйрек безі
|
Жыныс
|
Қалқанша
|
Тимус
|
|
|
|
|
|
|
5-тапсырма
Қай химиялық элемент жетіспеуінен немесе тым көп болуынан өсімдіктерде қандай өзгерістер өтеді?
өсімдіктердің дамуы тежеледі, жапырақтары сарғайып түседі ---- өсімдіктердің бойлап өсуі тежеледі, сабағы, жапырағы нашар дамиды ---- жеміс түзілуі тежеледі, салмағы аз болады ---- шеткі бүрлер және тамырдың зақымдануы мен өлуі --- жапырақ түссізденеді -----
азот, калий, фосфор, магний, кальций
Орындаған: Бақтан Ақманар, Шайхуллаева Алия. ХБ-31 топ студенттері
Достарыңызбен бөлісу: |