р/с
№
|
Жобада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 1025 Жарлығына сәйкес
|
3.
|
Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
|
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Қажет емес
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
|
Осы жобаны қабылдау генетикалық ресурстарды сақтау және орнықты пайдалану саласында тиімді басқаруды қамтамасыз етуге, Биологиялық әралуандық туралы БҰҰ Конвенциясының сан қырлы қатысушысы ретінде Қазақстанның халықаралық беделін күшейтуге жәрдемдесетін болады.
Нагоя хаттамасы бойынша ұлттық тетікті анықтау.
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
Жоқ
|
7.
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Қажет емес
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері
|
Жоқ
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
|
Рұқсат етіледі
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz. интернет-ресурсында орналастырылды
|
12.
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz сайтында орналастырылды
|
13.
|
Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)
|
Қажет емес
|