«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы



Дата22.02.2016
өлшемі22.13 Kb.
#1256






«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 1025 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы

«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 1025 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі: генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығы;

өсімдіктер, оның ішінде ормандар, жануарлар дүниесінің, ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының генетикалық ресурстары саласында генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері жөніндегі құзыретті ұлттық орган;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі микроорганизмдердің генетикалық ресурстары (штамдары) саласында генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану, сондай-ақ генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерге қол жеткізу мәселелері жөніндегі құзыретті ұлттық орган болып тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1) тиісті ведомстволық бағынысты ғылыми және жобалау ұйымдары ішінен генетикалық ресурстарды пайдалану мониторингін жүзеге асыруды және ашықтығын жоғарылатуды қамтамасыз ететін бақылау пункттерін тағайындасын;

2) «Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасынан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Биологиялық әралуандық туралы конвенция Хатшылығын Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хабардар етуді және тиісті құжаттарды беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесіне жүктелсін. 

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет