Биологиялық химия Кафедрасы


Бақылау студенттердің билеттерге, блиц-сұраққа, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары бойынша жүргізіледі. Тесттік тапсырмалар



бет60/226
Дата19.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#481095
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   226
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

7.Бақылау студенттердің билеттерге, блиц-сұраққа, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары бойынша жүргізіледі.
Тесттік тапсырмалар:
1. Күрделі белоктардың құрылысы:
А. Бірдей амин қышқылдарынан;
Б. Әр түрлі амин қышқылдарынан;
В. Циклді амин қышқылдарынан;
Г. Жай белоктан және простетикалық топтан;
Д. Простетикалық топтан тұрады.
2. Күрделі белоктарға жататындар:
А. фосфопротеиндер;
Б. Нуклеопротендтер;
В. Гликопротеиндер;
Г. Склеропротеиндер;
Д. Хромопротеиндер.
Сәйкес комбинацияны табыңыз:

  • А - 1,2,3,4

  • Б - 1,2,3,5

  • В - 1,3,4,6

  • Г - 2,3,4,5

  • Д - 2,3,4,6

3. Хромопротеиндер-күрделі белоктар, простетикалық тобы ретінде болады:
А. Амин қышқылдары;
Б. Фосфор ышқылының қалдығы;
В. Боялған заттар;
Г. Глюкоза;
Д. Кальций.
4. Организмде тыныс алу белоктары:
А. протондар мен электрондарды тасымалдауға қатысады;
Б. оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдауға қатысады;
В. катализдік функция атқарады
Г. АТФ-тің түзілу реакцияларына қатысады
Д. тіректік функция атқарады
5. Гемоглобин молекуласы тұрады:
А. бір гемнен және бір полипептидтік тізбектен
Б. бір гемнен және төрт полипептидтік тізбектен
В. төрт гемнен және төрт полипептидтік тізбектен
Г. үш гемнен және төрт полипептидтік тізбектен
Д. бір гемнен және екі полипептидтік тізбектен
6. Гемоглобин гемінің рационалды аты:
А. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының порфині
Б. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-диэтил, 6,7-дипропион қышқылының порфині
В. 1,2,5,8-тетраметил, 3,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині
Г. 1,3,4,8-тетраметил, 2,5-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині
Д. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині
7. Гемоглобин қатысады:
А. бүйректің қалыпты функциясын сақтауға
Б. газдарды тасымалдауға
В. қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті сақтауға
Г. Минерал заттардың алмасуына
Д. гидролитикалық процестердің жылдамдығын реттеуге
Сәйкес комбинацияны табыңыз:
*А - 1, 2
* Б - 2, 3
* В - 3, 4
* Г - 4, 5
* Д - 5, 1
8. Ағзада нағыз гликопротеиндер:
А. гормондардың рецепторлары
Б. май қышқылдарын тасымалдауға қатысады
В. қан тобын анықтайды
Г. қорғаныш функциясын атқарады
Д. энергия көзі болып табылады
Сәйкес комбинацияны табыңыз:
*А - 1, 2, 3
* Б - 1, 3, 4
* В - 1, 3, 5
* Г - 2, 3, 4
* Д - 2, 3, 5
9. Нағыз гликопротеиндердің молекуласы шамамен болады:
А. 50% жай белок және 50% простетикалық тобы
Б. 80% жай белок және 20% жүйесіз көмірсулар
В. 20% жай белок және 80% жүйесіз көмірсулар
Г. 100% аминқышқылдардың қалдықтары
Д. 10% белок және 90% белок емес бөлік
10. Нуклеопротеиндер организмде:
А - қорғаныштыққызмет атқарады
Б – жасушалар мен жасушааралық зат аралығында су мен электролиттер алмасуын қамтамасыз етеді
В – жасушалар мен тіндердің құрылысы мен қасиеттерінің арнайылығын қамтамасыз етеді
Г – құрылымдық қызмет атқарады
Д – тасымалдау қызметін атқарады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет